Return to Video

«Бұлттағы мектепті» құрайық

  • 0:01 - 0:07
    Оқытудың болашағы қандай?
  • 0:07 - 0:09
    Менің жоспарым бар
  • 0:09 - 0:12
    алайда оны айтпас бұрын
  • 0:12 - 0:15
    сіздерге істің барысын түсіндіретін
  • 0:15 - 0:18
    шағын әңгімеден бастайын.
  • 0:18 - 0:20
    Мен мектептердегі қазіргі
  • 0:20 - 0:23
    оқыту жүйесі қайдан пайда
  • 0:23 - 0:25
    болғандығын түсінуге тырыстым.
  • 0:25 - 0:28
    Өткенге көз жүгіртуге болады,
  • 0:28 - 0:32
    алайда, қазіргі оқыту жүйесіне үңілсек
  • 0:32 - 0:35
    оның қайдан шыққанын анықтау қиын емес.
  • 0:35 - 0:39
    Ол шамамен 300 жыл бұрын
  • 0:39 - 0:41
    ғаламшардағы соңғы және ең үлкен
  • 0:41 - 0:44
    империяда [Британия] пайда болды.
  • 0:44 - 0:47
    Елестетіп көріңізші сіз бәрін басқарудасыз
  • 0:47 - 0:49
    компьютерсіз, телефонсыз
  • 0:49 - 0:53
    кемелермен тасымалданған
  • 0:53 - 0:57
    және қағаздарда жазылған
  • 0:57 - 1:01
    мәліметтермен ғаламшарды басқарудасыз.
  • 1:01 - 1:03
    Бұл Викториандықтардың қолынан келді.
  • 1:03 - 1:06
    Олардың жасағандары таңғажайып болатын.
  • 1:06 - 1:09
    Олар адамдардан тұратын
  • 1:09 - 1:12
    әлемдік компьютер жасады.
  • 1:12 - 1:14
    Ол әлі күнге дейін жұмыс істеуде.
  • 1:14 - 1:20
    Біз оны бюрократиялы
    әкімшілік машина дейміз.
  • 1:20 - 1:23
    Мұндай машина жұмыс істеуі үшін
  • 1:23 - 1:27
    өте көп адам қажет.
  • 1:27 - 1:31
    Сондықтан осындай адамдар дайындайтын
    тағы бір машина ойлап тапты. Ол —
  • 1:31 - 1:34
    мектеп.
  • 1:34 - 1:37
    Мектеп соңында осы
  • 1:37 - 1:41
    бюрократиялы әкімшілік машинаның бөлігі
  • 1:41 - 1:44
    болып табылатын адамдарды шығарады.
  • 1:44 - 1:48
    Олар бір-біріне ұқсас болуы керек.
  • 1:48 - 1:50
    Олар үш нәрсені білу қажет
  • 1:50 - 1:54
    жақсы жаза білу керек,
    себебі барлық мәліметтер жазылады;
  • 1:54 - 1:56
    оқи білуі керек;
  • 1:56 - 1:58
    ойша көбейтуді, бөлуді,
  • 1:58 - 2:02
    қосуды және алуды білулері керек.
  • 2:02 - 2:05
    Олардың бірдей болғаны сонша
    егер Жаңа Зеландиялық адамды
  • 2:05 - 2:07
    Канадаға әкелсе,
  • 2:07 - 2:12
    өз міндетін бірден орындай беруі керек.
  • 2:12 - 2:14
    Викториандықтар тамаша инженерлер еді.
  • 2:14 - 2:18
    Олар құрған жүйенің мықты болғаны соншалық
  • 2:18 - 2:20
    біз әлі күнге дейін оны пайдаланып
  • 2:20 - 2:24
    жұмыс істеуін тоқтатқан
  • 2:24 - 2:29
    мәшине үшін бірдей адамдар дайындаудамыз.
  • 2:29 - 2:32
    Империя құлады
  • 2:32 - 2:35
    бірдей адамдарды шығарушы
  • 2:35 - 2:37
    бұл құрылғымен не істейміз
  • 2:37 - 2:40
    және егер біз бұл құрылғымен
  • 2:40 - 2:44
    бір нәрсе жасағымыз келсе,
    ары қарай не істеуіміз керек?
  • 2:44 - 2:46
    [Біз білетін мектептер ескірді].
  • 2:46 - 2:48
    Бұл өте батыл жасалған тұжырым болатын.
  • 2:48 - 2:52
    Мен біз білетін мектептер ескірді
    деп айттым.
  • 2:52 - 2:53
    Олар қирап қалды деген жоқпын.
  • 2:53 - 2:56
    "Білім беру жүйесі жарамсыз" дегенді
    қазір де көп естиміз.
  • 2:56 - 3:00
    Ол жарамсыз емес.
    Ол жақсы жабдықталған.
  • 3:00 - 3:06
    Жай ғана ол бізге енді қажет емес.
    Ол тек ескірген.
  • 3:06 - 3:09
    Бүгінде қандай лауазымдар сұранысқа ие?
  • 3:09 - 3:11
    Кеңсе қызметкерлері мен компьютерлер.
  • 3:11 - 3:13
    Олар әр кеңседе мыңдап кездеседі.
  • 3:13 - 3:16
    Өзінің кеңселік жұмысын атқару үшін осы
  • 3:16 - 3:19
    компьютерлерді басқаратын адамдар бар.
  • 3:19 - 3:22
    Бұл адамдарға әдемі жаза білу қажет емес.
  • 3:22 - 3:25
    Оларға ойша есептеу де қажет емес.
  • 3:25 - 3:27
    Олар оқи білу керек.
  • 3:27 - 3:32
    Түйсініп оқи білулері керек.
  • 3:32 - 3:35
    Алайда ол бүгінгі жағдай, бірақ біз
  • 3:35 - 3:37
    болашақта қай мамандыққа сұраныс
    болатынын білмейміз.
  • 3:37 - 3:40
    Адамдар қайдан, қашан, қалай таңдаса да
  • 3:40 - 3:43
    қалағанынша жұмыс істей алатынын білеміз.
  • 3:43 - 3:47
    Бүгінгі мектеп оларды осы әлемге
  • 3:47 - 3:50
    қалай дайындай алады?
  • 3:50 - 3:55
    Мен бұл жобаға кездейсоқ кірісіп кеттім.
  • 3:55 - 3:58
    14 жыл бұрын Нью Делиде
    компьютер бағдарламаларын
  • 3:58 - 4:00
    жазуға үйрететінмін.
  • 4:00 - 4:04
    Жұмысымның қасында кедей аудан болатын.
  • 4:04 - 4:06
    Сондағы балалар компьютер
    бағдарламаларын жазуды
  • 4:06 - 4:09
    үйрене алар ма екен деп ойлайтынмын.
  • 4:09 - 4:12
    Әлде қажет емес пе?
  • 4:12 - 4:15
    Солай бола тұра
    бізде көптеген ата-аналар
  • 4:15 - 4:17
    компьютерлері бар
    бай адамдар болды
  • 4:17 - 4:20
    және олар маған
    «Сіз білесіз бе, менің ойымша,
  • 4:20 - 4:22
    балам өте дарынды
  • 4:22 - 4:25
    өйткені компьютерде
    таңғаларлық заттарды жасайды.
  • 4:25 - 4:29
    Ал менің қызым —
    әрине ол өте ақылды» деп айтатын еді.
  • 4:29 - 4:31
    Осылай жалғаса береді. Бірде мен ойладым
  • 4:31 - 4:33
    неліктен барлық бай адамдардың
  • 4:33 - 4:35
    балалары айрықша талантты?
  • 4:35 - 4:37
    (Күлкі)
  • 4:37 - 4:40
    Кедейлердің кінәсі не?
  • 4:40 - 4:43
    Менің кеңсемнің жанындағы
  • 4:43 - 4:45
    лашық қабырғасынан тесік жасадым да
  • 4:45 - 4:48
    ағылшынша мүлде білмейтін,
    интернетті түсінбейтін
  • 4:48 - 4:51
    балаларға оларда ешқашан
    болмауы мүмкін компьютер берсе
  • 4:51 - 4:54
    не болатынын көру үшін
    ол жерге компьютерді орналастырдым.
  • 4:54 - 4:55
    Балалар ұшып келді.
  • 4:55 - 4:57
    Биіктікте тұрған «Не?» деп сұрады.
  • 4:57 - 5:00
    Мен «Мынау ма? Білмеймін» дедім.
  • 5:00 - 5:02
    (Күлкі)
  • 5:02 - 5:05
    «Оны неге осы жерге қойдыңыз?» деп сұрады.
  • 5:05 - 5:06
    «Жай әшейін» дедім.
  • 5:06 - 5:09
    «Ұстап көруге бола ма?» деді.
    «Ұстағың келсе, өзің біл» дедім.
  • 5:09 - 5:12
    Кетіп қалдым.
  • 5:12 - 5:13
    Сегіз сағаттан соң олар
  • 5:13 - 5:16
    бір-біріне Интернетті қолдануды
    үйретіп отырды.
  • 5:16 - 5:19
    «Бұл мүмкін емес!
  • 5:19 - 5:22
    Бұл қалай болуы мүмкін.
    Олар ештеңе білмейді ғой» деп ойладым.
  • 5:22 - 5:25
    Ал менің әріптестерім
    «Жоқ, бұл өте қарапайым.
  • 5:25 - 5:28
    Сіздің бір студентіңіз қастарынан
    өтіп бара жатып
  • 5:28 - 5:30
    тінтуірді қолдануды көрсетіп кеткен» деді.
  • 5:30 - 5:32
    «Солай болуы мүмкін» дедім.
  • 5:32 - 5:35
    Тәжірибені қайталадым.
    Делидан 300 шақырымдағы
  • 5:35 - 5:37
    ауылға бардым.
  • 5:37 - 5:40
    Ол жерде компьютер білетін инженер
  • 5:40 - 5:45
    жүруі екіталай. (Күлкі)
  • 5:45 - 5:48
    Сол жерде мен тәжірибемді қайталадым.
  • 5:48 - 5:50
    Қонатын жер болмаған соң,
    компьютерді қойып,
  • 5:50 - 5:52
    кетіп қалдым,
    бірнеше айдан соң қайта оралсам
  • 5:52 - 5:54
    балалар ойын ойнап отыр.
  • 5:54 - 5:55
    Олар мені көргенде
  • 5:55 - 5:57
    «Бізге жылдам процессор,
    жақсы тінтуір керек» деді.
  • 5:57 - 6:01
    (Күлкі)
  • 6:01 - 6:05
    «Сендер оны қайдан білесіңдер?» дедім.
  • 6:05 - 6:07
    Олар өте бір қызық нәрсені айтты.
  • 6:07 - 6:09
    Олар ашулы түрмен
  • 6:09 - 6:11
    «Сіз ағылшынша компьютер беріпсіз содан
  • 6:11 - 6:18
    пайдалану үшін ағылшынша
    үйренуге тура келді» деді. (Күлкі)
  • 6:18 - 6:20
    Мұғалім бола тұра
  • 6:20 - 6:25
    "өз бетінше үйрену" дегенді
    күнделікті сөз ретінде алғаш естуім болды.
  • 6:25 - 6:28
    Міне өткенімнен бірнеше естелік үзінділер.
  • 6:28 - 6:31
    «Қабырғадағы компьютер» жобасының
    бірінші күні.
  • 6:31 - 6:33
    Оң жағымда сегіз жасар бала.
  • 6:33 - 6:39
    Оның сол жағында оның оқушысы. 6 жаста.
  • 6:39 - 6:42
    Ол оны ғаламторды пайдалануға үйретуде.
  • 6:42 - 6:46
    Кейін елдің басқа бөліктерінде
  • 6:46 - 6:48
    тәжірибені бірнеше рет қайталадым да
  • 6:48 - 6:51
    тура осындай нәтижеге ие болдым.
  • 6:51 - 6:55
    [«Қабырғадағы компьютер» фильмі 1999 ж.]
  • 6:55 - 7:00
    8 жасар бала әпкесіне үйретуде.
  • 7:04 - 7:10
    Соңында кішкентай қыз марати тілінде
    мұның не екендігін түсіндіріп
  • 7:10 - 7:14
    «Ішінде процессор бар» дейді.
  • 7:14 - 7:17
    Мен бұл жайында мақалалар жаза бастадым.
  • 7:17 - 7:19
    Мақалаларым жарияланды.
    Бәрін бағалап отыратынмын да
  • 7:19 - 7:22
    баланы тоғыз ай компьютермен
    қалдырсаңыз
  • 7:22 - 7:24
    батыстағы кеңсе хатшысының
  • 7:24 - 7:29
    деңгейіне жете алады дедім.
  • 7:29 - 7:33
    Нәтижені қайта-қайта бақылап отырдым.
  • 7:33 - 7:36
    Олар тағы не істей алуы мүмкін
  • 7:36 - 7:38
    деген сұрақ мені қызықтырды.
  • 7:38 - 7:41
    Басқа да пәндерді қоса бастадым.
  • 7:41 - 7:44
    Сөздерді дұрыс дыбыстауды тексердім.
  • 7:44 - 7:46
    Оңтүстік Үндістанда ағылшынша
    өте нашар сөйлейтін
  • 7:46 - 7:49
    балалар тобы бар.
    Ал оларға жақсы сөйлеу керек.
  • 7:49 - 7:53
    Өйткені дұрыс сөйлесе, жақсы жұмыс табады.
  • 7:53 - 7:57
    Оларға сөзді мәтінге айналдыратын
    бағдарламаны ұсындым да
  • 7:57 - 8:00
    «Мәшине айтқандарыңды жазбайынша
    сөйлей беріңдер» дедім.
  • 8:00 - 8:05
    (Күлкі)
  • 8:05 - 8:10
    Қараңыздаршы олар оны жасай алды.
  • 8:10 - 8:15
    Компьютер «Танысқаныма қуаныштымын».
    Балалар «Танысқаныма қуаныштымын».
  • 8:15 - 8:18
    Мына қызға тоқтаған себебім,
  • 8:18 - 8:21
    Оның жүзі көпшілікке таныс деп ойлаймын.
  • 8:21 - 8:25
    Қазір ол Хайдрабадта
    жұмыс істейді
  • 8:25 - 8:30
    және таза ағылшын акцентімен
    несие карталарыңыз бен
  • 8:30 - 8:34
    есепшоттарыңыз туралы
    хабарласып мазаларыңызды алады.
  • 8:34 - 8:39
    "Бұл зерттеудің шегі бар ма?
  • 8:39 - 8:40
    Қай жерден тоқтайды?" деп сұрады.
  • 8:40 - 8:44
    Өз болжамымды
  • 8:44 - 8:46
    жоққа шығаруға шешім қабылдадым.
  • 8:46 - 8:50
    Күлкілі бір болжам ұсындым.
  • 8:50 - 8:52
    "Тамил — бұл оңтүстік үнді тілі.
  • 8:52 - 8:55
    Оңтүстік үнді ауылындағы тамил балалар
  • 8:55 - 8:58
    ДНҚ-ның пайда болу биотехнологиясын
  • 8:58 - 9:00
    ағылшынша оқып үйрене ала ма?" дедім.
  • 9:00 - 9:03
    Оларды бағалаймын деп айттым.
  • 9:03 - 9:06
    Бірнеше ай бірге болып,
    бірнеше ай жеке қалдырамын.
  • 9:06 - 9:08
    Қайтып келгенде олар тағы да 2 алады.
  • 9:08 - 9:12
    Сосын: «Бізге мұғалім керек» деймін.
  • 9:12 - 9:16
    Оңтүстік Үндістаннан Калликуппам дейтін
    ауыл таптым.
  • 9:16 - 9:19
    «Қабырғаға компьютер» орналастырдым да
  • 9:19 - 9:23
    өзім де түсінбейтін ДНҚ репликациясы
    жайындағы барлық
  • 9:23 - 9:26
    қолжетімді ақпаратты көшіріп қойдым.
  • 9:26 - 9:29
    Балалар жүгіріп келіп, «Бұл не?» дейді.
  • 9:29 - 9:34
    «Бұл өте маңызды.
    Алайда бәрі ағылшынша» дедім.
  • 9:34 - 9:37
    Олар «Ағылшын сөздерін,
    диаграмманы және химияны
  • 9:37 - 9:39
    қалай түсінеміз?» деп сұрады.
  • 9:39 - 9:42
    Ойлап тапқан жаңа педагогикалық тәсілімді
  • 9:42 - 9:45
    пайдаландым. «Түсінсем бұйырмасын» дедім.
  • 9:45 - 9:48
    (Күлкі)
  • 9:48 - 9:51
    «Қалай болғанда да мен кетіп барамын».
  • 9:51 - 9:56
    (Күлкі)
  • 9:56 - 9:59
    Сөйтіп оларды бір-екі айға тастап кеттім.
  • 9:59 - 10:02
    Оларға тест бергенде 0 алған.
  • 10:02 - 10:03
    Екі айдан соң келгенде
  • 10:03 - 10:06
    балалар айналама жиналып:
    «Ештеңе түсінбедік» деді.
  • 10:06 - 10:09
    Мен «Күткенім сол еді» деп ойладым.
  • 10:09 - 10:13
    «Ештеңе түсінбегендеріңді білуге
  • 10:13 - 10:15
    қанша уақыт кетті?» деп сұрадым.
  • 10:15 - 10:17
    Олар «Біз тырыстық. Біз
  • 10:17 - 10:19
    мұны күнде қарап жүрдік» деп жауап берді.
  • 10:19 - 10:22
    «Қалайша? Ештеңе түсінбесеңдер де
  • 10:22 - 10:24
    екі ай бойы көріп отырдыңдар ма?
    Не үшін?»
  • 10:24 - 10:27
    Қазір ғана көрсеткен кішкентай қыз
  • 10:27 - 10:30
    қолын көтеріп, тамил аралас ағылшынша
  • 10:30 - 10:32
    «Біз ДНҚ молекулаларының бұрыс
  • 10:32 - 10:35
    репликациясы ауру тудыратынынан
  • 10:35 - 10:38
    басқа ештеңе түсінбедік» деді.
  • 10:38 - 10:43
    (Күлкі) (Қол соғылады)
  • 10:43 - 10:47
    Мен тест жүргіздім.
  • 10:47 - 10:51
    Олардан оншақты жыл ілгері кеткен
  • 10:51 - 10:53
    затты жасай отырып өздері білмейтін тілде
  • 10:53 - 10:56
    күн ыстығында, тал астында компьютермен
  • 10:56 - 10:59
    екі айда 0% дан 30% ға дейін нәтиже алдым.
  • 10:59 - 11:05
    Мүмкін емес! Викториан стандарты бойынша,
  • 11:05 - 11:08
    30 % бұл сәтсіздік.
  • 11:08 - 11:11
    Жақсы нәтиже үшін не істеуім керек?
    Оларға 20% жинау керек.
  • 11:11 - 11:16
    Мен мұғалім таба алмадым.
    Алайда мен олардың досы
  • 11:16 - 11:18
    осы уақытқа дейін олармен бірге ойнаған
  • 11:18 - 11:21
    22 жасар бухгалтер қызды таптым.
  • 11:21 - 11:23
    Қыздан
    «Оларға көмектесесің бе?» деп сұрадым.
  • 11:23 - 11:25
    Ол: «Әрине жоқ.
  • 11:25 - 11:28
    Мектепте оқымадым. Олардың күні бойғы
  • 11:28 - 11:33
    тал астындағы ісінен хабарсызбын.
    Көмектесе алмаймын» деді.
  • 11:33 - 11:37
    Мен «Әжеңіздің әдісін пайдаланыңыз» дедім.
  • 11:37 - 11:39
    Ол: «Бұл не?» деп сұрады.
  • 11:39 - 11:40
    Мен: «Олардың артында тұрып,
  • 11:40 - 11:42
    олар бір нәрсе жасағанда жай ғана
  • 11:42 - 11:45
    “Мәссаған, мұны қалай істедіңдер?
  • 11:45 - 11:48
    Ары қарай не болады? Сендердей кезімде
    қолымнан келмейтін” деңіз
  • 11:48 - 11:51
    «Әжелер қандай екенін білесің ғой» дедім.
  • 11:51 - 11:53
    Ол екі ай көлемінде солай етті.
  • 11:53 - 11:56
    Бағалар 50%ға дейін жоғарылады.
  • 11:56 - 11:57
    Калликуппам
  • 11:57 - 11:59
    биотехнологиядан дипломы бар мұғалімдер
  • 11:59 - 12:03
    жұмыс істейтін жекеменшік мектеп
    Нью Делидегі мектебіммен теңесті.
  • 12:03 - 12:08
    Графикті көріп, екі ойын алаңын теңестіру
    әдісі бар екенін түсіндім.
  • 12:08 - 12:10
    Бұл Калликуппам.
  • 12:10 - 12:18
    (Балалар айтуда) Нейрондар...коммуникация.
  • 12:18 - 12:22
    Камера басқа тұстан түсіруде.
    Алайда, бұл әлі балалық деңгей
  • 12:22 - 12:25
    оның айтқаны өздеріңіз түсінгендей,
  • 12:25 - 12:27
    нейрон жайында, ал қолдары
    былай айқасып тұрды да
  • 12:27 - 12:31
    "нейрондар мәлімет алмасады" деді.
  • 12:31 - 12:34
    12 жаста.
  • 12:34 - 12:37
    Сонымен болашақта жұмыс қандай болады?
  • 12:37 - 12:39
    Біз бүгінгісін білеміз.
  • 12:39 - 12:42
    Ал оқыту ше?
    Біз оның қандай екенін білеміз
  • 12:42 - 12:45
    мобильді телефондарға қызығатын балалар
  • 12:45 - 12:49
    бірақ оқулықтармен
    мектепке ынтасыз баратын балалар.
  • 12:49 - 12:53
    Ал ол ертең қалай болмақ?
  • 12:53 - 12:57
    Мектепке бару мүлде қажетсіз боп қалар?
  • 12:57 - 13:01
    Бәлкім бір нәрсе білу керек болса
  • 13:01 - 13:04
    оны бірнеше минутта таба аласыз ба?
  • 13:04 - 13:08
    Мүмкін болашақта білім
  • 13:08 - 13:11
    аса маңызды болмайтын шығар
    немесе «біз сол уақытқа қарай
  • 13:11 - 13:14
    кетіп бара жатырмыз ба?»
    деп Николас Негропонте
  • 13:14 - 13:18
    сұрақ қойған болатын.
  • 13:18 - 13:20
    Алайда бұл ақылға сыймайтын нәрсе.
    Біз - адамбыз.
  • 13:20 - 13:24
    Маймылдардан ерекшелейтін нәрсе - білім.
  • 13:24 - 13:26
    Бұған басқаша қарап көріңіздерші.
  • 13:26 - 13:28
    Табиғатқа маймылды тік тұрғызып
  • 13:28 - 13:31
    «ақылды адам» жасау үшін
  • 13:31 - 13:33
    100 млн жыл қажет болды.
  • 13:33 - 13:36
    Бізге білімді қажетсіз етуімізге
    бар болғаны 10 мың жыл жеткілікті болды.
  • 13:36 - 13:39
    Қандай жетістік.
  • 13:39 - 13:43
    Алайда біз оны болашағымызға
    бейімдеуіміз қажет.
  • 13:43 - 13:46
    Мадақтау негізгі өзегі болуы мүмкін.
  • 13:46 - 13:47
    Егер Куппамға қарасаңыз,
  • 13:47 - 13:50
    жүргізген барлық тәжірибе
    нәтижелеріне зер салсаңыз,
  • 13:50 - 13:57
    оқытуды алға жылжытатын бір ғана
    қарапайым «мәссаған» деген сөз болды.
  • 13:57 - 13:59
    Нейропсихологияда дәлелдер бар.
  • 13:59 - 14:02
    Миымыздың ортасындағы рептилді бөлігі
  • 14:02 - 14:06
    қатер төнгенін сезгенде
    барлық басқа бөліктерді өшіріп тастайды.
  • 14:06 - 14:10
    Ол оқуға жауапты
    префронталды қабатты өшіреді
  • 14:10 - 14:12
    осының барлығын ол өшіреді.
  • 14:12 - 14:17
    Жазалау мен емтихан - қауіп.
  • 14:17 - 14:20
    Біз балалардың миларын «өшіріп» алып
  • 14:20 - 14:23
    содан кейін «істеңдер» дейміз.
  • 14:23 - 14:26
    Олар неліктен мұндай жүйені құрды?
  • 14:26 - 14:28
    Себебі ол қажет болды.
  • 14:28 - 14:31
    Империя дәуірінде қауіп-қатер төнгенде
  • 14:31 - 14:35
    өмір сүруін жалғастыра алатын адамға
    қажеттілік туындаған уақыт болды.
  • 14:35 - 14:37
    Сіз окопта жалғыз қалып, сау шықсаңыз
  • 14:37 - 14:41
    барлығы жақсы.
    Сынақтан мүдірмедіңіз.
  • 14:41 - 14:44
    Егер керісінше болса сынақтан сүрінгенің.
  • 14:44 - 14:47
    Алайда империя дәуірі аяқталды.
  • 14:47 - 14:50
    Шығармашылық қандай күйде?
  • 14:50 - 14:54
    Бізге керісінше қауіп-қатерден
  • 14:54 - 14:57
    рақаттануға ауысу керекпіз.
  • 14:57 - 15:01
    Англияға оралып,
    британ әжелерін іздедім.
  • 15:01 - 15:04
    Төмендегідей хабарландыру бердім
  • 15:04 - 15:07
    «Егер британдық әже болсаңыз және интернет
    пен веб камераңыз болса
  • 15:07 - 15:11
    аптасына бір сағатыңызды
    маған тегін сыйлауыңызды өтінемін».
  • 15:11 - 15:13
    Алғашқы аптада мен 200 адам жинадым.
  • 15:13 - 15:18
    Жер бетінде британ әжелерін
    жақсы танитын менен асқан ешкім жоқ(Күлкі)
  • 15:18 - 15:21
    Олар «Әже бұлты» деп аталды.
  • 15:21 - 15:23
    «Әже бұлты» интернетте өмір сүреді.
  • 15:23 - 15:27
    Егер кішкентай балада қиындық туындаса
    біз оған әжені жібереміз.
  • 15:27 - 15:31
    Ол скайпқа шығып, барлық мәселені шешеді.
  • 15:31 - 15:35
    Мен бұның бір-бірінен 600 км аралықтағы
  • 15:35 - 15:37
    Англияның Диггис ауылында
  • 15:37 - 15:40
    және Үндістандағы Тамил Наду ауылында
  • 15:40 - 15:42
    қалай іске асып жатқандығын көрдім.
  • 15:42 - 15:46
    Ол оны бір ғана ишаратпен жасайды.
  • 15:46 - 15:48
    «Шшш».
  • 15:48 - 15:50
    Иә?
  • 15:50 - 15:52
    Мынаны қараңыз.
  • 15:52 - 15:56
    Әже: «Қуып жете алмайсың. Енді сен».
  • 15:56 - 16:00
    «Қуып жете алмайсың».
  • 16:00 - 16:03
    Балалар: «Қуып жете алмайсың».
  • 16:03 - 16:08
    Әже: «Мен Имбир адамымын».
    Балалар «Мен Имбир адамымын».
  • 16:08 - 16:13
    Әже: «Жарайсыңдар! Өте жақсы».
  • 16:13 - 16:15
    СМ: Бұның маңызы неде?
  • 16:15 - 16:17
    Мынаған назар аударуымыз керек.
  • 16:17 - 16:20
    Үйренуді, білім алуды
  • 16:20 - 16:24
    өзіндігінен ұйымдасқан білім өнімі
    деп тануымыз керек.
  • 16:24 - 16:27
    Егер оқыту процесіне өз бетінше
    ұйымдасуға мүмкіндік берсек
  • 16:27 - 16:30
    үйрену пайда болады.
  • 16:30 - 16:32
    Мәселе оқыту жүйесін құруда емес.
  • 16:32 - 16:34
    Оған дамуға мүмкіндік беру керек.
  • 16:34 - 16:37
    Мұғалім үдерісті іске қосады да
  • 16:37 - 16:40
    содан кейін шетке шығып тұрып
  • 16:40 - 16:43
    оқудың қалай жүріп жатқандығын бақылайды.
  • 16:43 - 16:45
    Барлық тәжірибе
    осыны көрсетеді деп ойлаймын.
  • 16:45 - 16:48
    Алайда біз оны қалай білеміз?
    Біз білімді қалай аламыз?
  • 16:48 - 16:50
    Өздігінен ұйымдастырылатын
  • 16:50 - 16:53
    Оқыту Кеңістіктерін құрғым келеді.
  • 16:53 - 16:57
    Бұл ғаламтор арқылы бірге жүреді
  • 16:57 - 16:59
    әрі жігерлендіріп тұрады.
  • 16:59 - 17:01
    Біраз мектепте қолданып көрдім.
  • 17:01 - 17:04
    Бүкіл әлем бойынша сынақ
    жүргіздім де, ал мұғалімдер
  • 17:04 - 17:07
    бұған күмәнданып:
    «Бәрі өздігінен бола ма?» деп сұрады.
  • 17:07 - 17:10
    «Иә өздігінен» деп жауап бердім.
    «Ал оны қайдан білесіз?»
  • 17:10 - 17:14
    «Сіздер мұны айтқан балаларға әрі
    олардың қай жақтан
  • 17:14 - 17:17
    екендеріне сенбейсіздер» дедім.
  • 17:17 - 17:19
    ӨҰОК тобының жұмысы.
  • 17:19 - 17:26
    (Балалар сөйлесуде)
  • 17:26 - 17:32
    Бұл Англияда.
  • 17:32 - 17:36
    Олар тәртіпті,
  • 17:36 - 17:44
    себебі сыныпта мұғалім жоқ.
  • 17:46 - 17:50
    «Электрон саны протон санына тең емес.»
    СМ Бұл Австралия.
  • 17:50 - 17:57
    Қыз «… соңында теріс электр зарядын бер.
  • 17:57 - 18:00
    Ион заряды иондағы протон санына тең
  • 18:00 - 18:04
    одан электрондар саны алынған».
  • 18:04 - 18:07
    Ол өз қатарластарынан озып кеткен.
  • 18:07 - 18:10
    ӨҰОК бізге ғаламдық мәселелері
    бар жоспар қажет деп ойлаймын.
  • 18:10 - 18:12
    Сіздер бұны естігенсіздер.
    Не екенін білесіз.
  • 18:12 - 18:16
    Тас ғасырында адамдар алып аспанға қарап
  • 18:16 - 18:18
    «Жылт-жылт еткен жарық не?»
  • 18:18 - 18:20
    деп сұраған кездері болған шығар.
  • 18:20 - 18:25
    Олар оқыту бағдарламасын жасады.
    Қазір осындай керемет сауалдар жоқ.
  • 18:25 - 18:29
    Біз бұрыштың тангенсіне әкеліп тіредік.
  • 18:29 - 18:33
    Алайда бұл мүлде қызық емес.
  • 18:33 - 18:36
    Он жасар балаға осыны түсіндіру үшін
  • 18:36 - 18:39
    «Жерге метеорит жақындаса соғысатынын
  • 18:39 - 18:43
    не соғыспайтынын
    қалай анықтар едің?» дейді.
  • 18:43 - 18:45
    Егер ол «А? Не? Қалай?» деп сұраса
  • 18:45 - 18:48
    сіз «Сиқырлы сөз бар.
    Бұл бұрыш тангенсі» дейсіз.
  • 18:48 - 18:51
    Сөйтіп жалғыз қалдырыңыз.
    Сол кезде ол тапсырманы шеше алады.
  • 18:51 - 18:55
    Міне ӨҰОК сабақтарынан бірнеше сурет.
  • 18:55 - 19:01
    Мен тоғыз жастағы балаларға
  • 19:01 - 19:05
    «Ғалам қашан пайда болды?
    «Ол қашан тоқтайды?» деген
  • 19:05 - 19:07
    ғажап сұрақтар қойып көрдім.
  • 19:07 - 19:10
    Бұл демалғанда ауада не болатыны туралы.
  • 19:10 - 19:15
    Балалар ересектердің көмегінсіз жасады.
  • 19:15 - 19:18
    Мұғалім тек сұрақ қояды да,
  • 19:18 - 19:21
    бір шетте берілген жауапқа сүйсініп тұрады
  • 19:21 - 19:25
    Сонымен мен нені қалаймын?
  • 19:25 - 19:27
    Мен оқытудың
  • 19:27 - 19:32
    болашағын жасауды қалаймын.
  • 19:32 - 19:34
    Біз үлкен адами компьютерге
  • 19:34 - 19:36
    қосалқы бөлшек болғымыз келмейді.
    Солай емес пе?
  • 19:36 - 19:40
    Сондықтан оқытудың болашағын
    өзіміз жасауымыз керек.
  • 19:40 - 19:41
    Менің арманым — кідіре тұрыңыздар
  • 19:41 - 19:44
    қазір сөзбе-сөз оқып шығамын
  • 19:44 - 19:47
    себебі бұл өте маңызды екені мәлім.
  • 19:47 - 19:49
    Әлемдегі балаларды қолдап, оларға бірлесе
  • 19:49 - 19:51
    жұмыс істеудің мүмкіндіктері мен
  • 19:51 - 19:54
    ғажайып тылсымын игеруі үшін
    оқыту болашағын жасағым келеді.
  • 19:54 - 19:56
    Маған мектеп құруға көмектесіңіздерші.
  • 19:56 - 20:00
    Ол «Бұлттағы мектеп» деп аталады.
  • 20:00 - 20:05
    Балалар маңызды сұрақтармен арпалысып,
  • 20:05 - 20:09
    медиаторлар көмегімен жауап іздейді.
  • 20:09 - 20:11
    Мұны іске асыру үшін
  • 20:11 - 20:15
    мен алдымен оқыта алатын
    нысан тұрғызғым келеді.
  • 20:15 - 20:18
    Бұл нысан іс жүзінде толығымен
    автоматтандырылған болады.
  • 20:18 - 20:20
    Қауіпсіздікке жауап беретін
  • 20:20 - 20:22
    бір ғана әже бар.
  • 20:22 - 20:24
    Басқасы «бұлттан» шығады.
  • 20:24 - 20:26
    Ол жарықты қосады әрі өшіреді
  • 20:26 - 20:28
    және тағысын тағы.
    «Бұлтпен» басқарылады.
  • 20:28 - 20:31
    Алайда сіздерге мақсатын айтайын.
  • 20:31 - 20:34
    Сіз ӨҰОК-ты үйде, мектепте
  • 20:34 - 20:39
    мектептен тыс жерде, клубта құра аласыз.
  • 20:39 - 20:41
    Мұны жасау өте оңай.
    TED оны қалай жасауға
  • 20:41 - 20:43
    болатынын түсіндіретін
    құжат жариялады.
  • 20:43 - 20:46
    Егер мүмкіндіктеріңіз болса
  • 20:46 - 20:48
    оны барлық бес құрлықта жасап,
  • 20:48 - 20:51
    мәліметтерді жіберіңіздерші.
  • 20:51 - 20:54
    Содан кейін оларды өңдеп
    «Бұлттағы мектепке» орналастырамын да
  • 20:54 - 20:57
    оқытудың болашағын жасаймын.
  • 20:57 - 20:59
    Менің арманым осы.
  • 20:59 - 21:01
    Тағы бір айтарым,
  • 21:01 - 21:03
    мен сіздерге Гималайдың шыңын көрсетемін.
  • 21:03 - 21:06
    Биіктігі 12 000 метрдегі ауасы таза жерде
  • 21:06 - 21:09
    «Қабырғадағы компьютер» жобасымен
    екі компьютер орнатып едім
  • 21:09 - 21:11
    айналасына балалар жиналыпты.
  • 21:11 - 21:14
    Артымнан үнемі қалмай жүрген
    кішкентай қыз болды.
  • 21:14 - 21:19
    Оған «Барлығыңа компьютер бергім келеді.
  • 21:19 - 21:21
    Бірақ қалай берерімді білмеймін» дедім.
  • 21:21 - 21:25
    Оны жасырын суретке түсіріп алғым келді.
  • 21:25 - 21:29
    Бір кезде ол қолын міне былай көтерді де
  • 21:29 - 21:31
    «Тездет!» деді.
  • 21:31 - 21:43
    (Күлкі) (Қол соғу)
  • 21:43 - 21:45
    Мен бұл жақсы кеңес болды деп ойлаймын.
  • 21:45 - 21:47
    Мен оған «құлақ асамын». Мен аяқтадым.
  • 21:47 - 21:51
    Рақмет. Үлкен рақмет.
  • 21:51 - 21:54
    (Қол соғу)
  • 21:54 - 22:03
    Рақмет. Рақмет. (Қол соғылады)
  • 22:03 - 22:09
    Үлкен рақмет. (Қол соғылады)
Title:
«Бұлттағы мектепті» құрайық
Speaker:
Сугата Митра
Description:

TED2013-те сөз сөйлеп тұрып, Сугата Митра TED Prize марапатына ие болу кезінде өзінің батыл арманын паш етті: "Балалар «бұлттардан» алынған дерекқорды пайдаланып, зерттеу жүргізе алатын және бір-біріне үйрете алатын «бұлттардағы мектепті» құруға, Үндістандағы зертхананы салуға көмектесіңіздерші. Оның Өздігінен ұйымдастырылатын Оқу Кеңістіктері (ӨҰОК) туралы ойын тыңдаңыз. Толығырақ tedprize.org сайтынан оқыңыздар.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
22:31
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for Build a School in the Cloud
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Build a School in the Cloud
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Build a School in the Cloud
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Build a School in the Cloud
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Build a School in the Cloud
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Build a School in the Cloud
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Build a School in the Cloud
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Build a School in the Cloud
Show all

Kazakh subtitles

Revisions