Return to Video

OTP Learning сериясы 03: Жұмыс істеу үшін видеоны қалай табасыз

  • 0:06 - 0:10
    [Жұмыс істеу үшін видеоны қалай табасыз? ]
  • 0:10 - 0:13
    Оны табудың екі жолы бар.
  • 0:13 - 0:18
    Арнайы видеодан бастаңыз немесе
    тапсырмаларды қарап шығыңыз.
  • 0:19 - 0:22
    Арнайы видеомен қалай жұмыс істейміз?
  • 0:23 - 0:26
    TEDTalk, TEDxTalk немесе TED-Ed видеосынан
  • 0:26 - 0:28
    өзіңізге қызығын таңдаңыз.
  • 0:28 - 0:30
    Алдымен видеоны көріңіз,
  • 0:30 - 0:33
    видеоның тым қысқа немесе тым ұзақ,
  • 0:33 - 0:36
    тым күрделі немесе оңай
    екеніне көз жеткізіңіз.
  • 0:37 - 0:39
    Таңдау жасағаннан кейін,
  • 0:39 - 0:41
    тақырып не сөйлеуші есімін
  • 0:41 - 0:43
    көшіріп Amara.org сайтына қойып,
  • 0:43 - 0:45
    интерфейс арқылы тауып көріңіз.
  • 0:47 - 0:51
    Бірінші, сайтқа
    TED аккаунтыңызбен кіріңіз.
  • 0:53 - 0:57
    Сонан соң қолданушы атыңызды басып,
  • 0:58 - 1:01
    тізімнен "TED" дегенді таңдаңыз.
  • 1:05 - 1:09
    Топ парақшасынан "Tasks"
    батырмасын таңдаңыз.
  • 1:14 - 1:17
    Сіз көптеген пайдалы фильтірді көресіз,
  • 1:17 - 1:20
    олар видеоны оңай
    таңдауға көмектеседі.
  • 1:23 - 1:26
    Видеолар бірнеше жобаларға бөлінген:
  • 1:28 - 1:35
    TEDTalks, TEDxTalks, TED-Ed,
    OTP Resources және Best of TEDxTalks.
  • 1:36 - 1:38
    Алдымен "TEDTalks" жобасы таңдалып тұрады,
  • 1:38 - 1:42
    бірақ видеоңыз TEDTalk болмаса,
  • 1:42 - 1:45
    тізімнен басқа жобаны таңдаңыз немесе
  • 1:45 - 1:48
    қалаған жерден іздеу үшін
    "any project" дегенді басыңыз.
  • 1:50 - 1:53
    Тізім беті жаңарғаннан кейін,
  • 1:53 - 1:58
    іздеуге сөйлеуші есімін
    не тақырыпты жазыңыз
  • 1:58 - 1:59
    және Enter басыңыз.
  • 2:02 - 2:06
    Өз тіліңіздегі тапсырма
  • 2:08 - 2:11
    шығады. Видеоға барыңыз да
  • 2:12 - 2:15
    "Start now" дегенді басыңыз.
  • 2:16 - 2:18
    Бір құпиямен бөлісейін
  • 2:18 - 2:20
    TEDTalks-ты іздегенде,
  • 2:20 - 2:24
    тек тақырыпты не сөйлеушінің есімін
  • 2:24 - 2:28
    жазыңыз немесе былай істеңіз.
  • 2:29 - 2:32
    Егер тақырыпты қос нүктемен іздесеңіз,
  • 2:32 - 2:37
    жүйе сізге ешқандай нәтиже бермеуі мүмкін.
  • 2:38 - 2:42
    Сіз іздеген видеоға
    ешқандай тапсырма болмаса,
  • 2:43 - 2:46
    бұл басқа адамдар онымен
    жұмыс істеп жатқанын білдіреді.
  • 2:47 - 2:50
    Кетіп қалмаңыз, басқа да
    қызықты видеолар бар!
  • 2:52 - 2:56
    Енді іздеудің басқа жолын қарастырайық,
  • 2:56 - 2:58
    ол дайын тапсырмалармен байланысты.
  • 3:00 - 3:03
    Егер сіздің ойыңызда
    нақты бір видео болмаса,
  • 3:03 - 3:05
    сіз жобалардағы тапсырманы жүктей аласыз.
  • 3:07 - 3:09
    Мына жердегі фильтрді пайдаланып көріңіз.
  • 3:09 - 3:12
    Алдымен, не істегіңіз
    келетініне байланысты,
  • 3:12 - 3:15
    тапсырманың түрін таңдаңыз.
  • 3:15 - 3:18
    Мысалы, "Аударма /Translate" тапсырмасы.
  • 3:21 - 3:24
    Сонан соң жобаны таңдаңыз.
  • 3:24 - 3:26
    Алдымен "TEDTalks" шығады,
  • 3:26 - 3:28
    бірақ одан да басқа қызық нәрселер бар.
  • 3:29 - 3:33
    TEDxTalks және TED-Ed видеоларына қоса,
  • 3:33 - 3:37
    сіз "OTP Resources" бөліміндегі осыған
  • 3:37 - 3:39
    ұқсас видеолармен
    жұмыс істей аласыз
  • 3:39 - 3:43
    немесе "Best of TEDxTalks"-тағы
  • 3:43 - 3:46
    күнде көбейіп келе жатқан TEDxTalks
  • 3:46 - 3:49
    таңдаулы тақырыптарынан іздей аласыз.
  • 3:52 - 3:56
    Жобаны таңдағанда
    көмегіңіз қажет видеолар
  • 3:57 - 3:59
    тізімі шығады. Егер сіз ешқандай
    тапсырма таппасаңыз,
  • 3:59 - 4:02
    тізімнен басқа жобаны таңдаңыз.
  • 4:05 - 4:08
    Сізге аударма жасауда сәттілік тілейміз!
Title:
OTP Learning сериясы 03: Жұмыс істеу үшін видеоны қалай табасыз
Description:

Бұл нұсқаулық Amara интерфейсін қолдану арқылы TEDTalks, TEDxTalks және TED-Ed видеоларын титрлеу, аудару немесе тексеру жолдарын көрсетеді.

Бұл видеоны TED ашық аударма жобасында жұмыс істейтін еріктілер жасап шықты. TED ашық аударма жобасы TEDTalks видеоларын ағылшын тілінде сөйлемейтін әлем елдеріне субтитрлар, интерактивті стенограмма және еріктілерге аударуға мүмкіндік беру арқылы таратады. Толығырақ: http://www.ted.com/pages/287

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TED Translator Resources
Duration:
04:09

Kazakh subtitles

Revisions