Return to Video

Депрессия мен стрессті емдеп жазатын жаңа дәрі

  • 0:01 - 0:05
    ІІ дүниежүзілік соғыстан қалған
    зымыран отынынан
  • 0:05 - 0:08
    алғашқы антидепрессанттар
    жасалды дегенге сену қиын.
  • 0:09 - 0:14
    Әрбір бесінші солдат
    жарақаттан соңғы стресстен,
  • 0:14 - 0:16
    депрессиядан
    немесе екеуінен де зардап шегеді.
  • 0:17 - 0:21
    Бұл дертке солдаттар ғана емес,
  • 0:21 - 0:27
    өрт сөндірушілер, жедел жәрдем
    қызметкерлері, қатерлі ісігі барлар,
  • 0:27 - 0:29
    босқындар, ауыр стресске ұшыраған
    кез келген жан шалдығады.
  • 0:30 - 0:34
    Бұл ауру қаншалықты
    жиі кездессе де,
  • 0:34 - 0:37
    қазіргі емдеу шаралары
  • 0:38 - 0:40
    симптомдарды ғана азайтады.
  • 0:41 - 0:46
    1798 жылы Эдвард Дженнер ең алғашқы
    вакцинаны ойлап тапты.
  • 0:46 - 0:47
    Ол шешекке арналған еді.
  • 0:47 - 0:51
    Дженнер аурудың емін
    тауып қана қойған жоқ,
  • 0:51 - 0:53
    дертті дәрімен емдеуге болатынын
  • 0:53 - 0:56
    дәлелдеп берді.
  • 0:56 - 0:58
    Дегенмен екі ғасырдан аса уақыт бойы,
  • 0:58 - 1:02
    психикалық ауытқуларды
    емдейді дегенге ешкім сенбеді.
  • 1:02 - 1:06
    2014 жылы, әріптестеріммен
  • 1:06 - 1:10
    депрессия мен ЖССБ-ны емдейтін
    жаңа дәріні кездейсоқ тапқанға дейін
  • 1:11 - 1:12
    оны тышқандарға байқап көрдік,
  • 1:12 - 1:16
    енді ол дәрінің адамдарға
    әсерін зерттеудеміз.
  • 1:16 - 1:19
    Профилактикалық психотропты препараттар
  • 1:19 - 1:21
    антидепрессант емес.
  • 1:21 - 1:23
    Олар дәрінің жаңа бір түрі.
  • 1:23 - 1:25
    Ол стресске төзімділікті арттырады,
  • 1:25 - 1:28
    сондықтан оларды стресске қарсы
    деп атаймыз.
  • 1:28 - 1:31
    Жүйкеңізді жұқартқан
    бір оқиғаны еске түсіріңізші.
  • 1:32 - 1:36
    Қоштасу, емтихан тапсыру,
    тіпті ұшаққа кешігіп қалу...
  • 1:36 - 1:39
    Стресстен айығу –
    белсенді биологиялық процесс,
  • 1:39 - 1:42
    ол қайта қалыпқа келуге көмектеседі.
  • 1:42 - 1:45
    Бұл тұмау мен иммундық жүйенің
    күресі сияқты.
  • 1:46 - 1:47
    Қарсы тұра алмасаңыз,
  • 1:47 - 1:50
    депрессия секілді,
  • 1:50 - 1:53
    стресс те
    психиатриялық ауру тудырады.
  • 1:53 - 1:56
    Турасын айтсақ, созылмалы депрессия
  • 1:56 - 1:58
    стресстен басталады.
  • 1:59 - 2:01
    Тышқандарды зерттегенде
    байқағанымыз,
  • 2:01 - 2:05
    стресске төзімділікті күшейтетін
    дәрілеріміз биологиялық факторларға,
  • 2:05 - 2:07
    кемсіту, жалғыздық секілді
  • 2:07 - 2:11
    әлеуметтік-психологиялық
    факторларға да төтеп береді.
  • 2:12 - 2:16
    Тышқандарға үш апта бойы
  • 2:16 - 2:18
    жоғары мөлшердегі стресс гормондарын
    еккен мысалымызды айтайын.
  • 2:19 - 2:23
    Яғни психологиялық әсері жоқ
    таза биологиялық фактор деуге болады.
  • 2:23 - 2:25
    Бірақ ол бәрібір күйзеліс тудырды.
  • 2:25 - 2:29
    Алдын ала үш апта бойы берген
    антидепресанттардың да
  • 2:30 - 2:31
    әсері болмады.
  • 2:32 - 2:38
    Бірақ стресс басталардан апта бұрын
    өзіміз жасаған дәріні бергенде
  • 2:38 - 2:41
    күйзелісті толық емдей алдық.
  • 2:42 - 2:44
    Үш апта бойғы стрестен айықтырдық.
  • 2:44 - 2:47
    Стресстің кері әсерін жоюшы
  • 2:47 - 2:49
    дәрі тұңғыш рет пайда болды!
  • 2:50 - 2:56
    Күйзеліс пен ЖССБ – созылмалы, тіпті өмір
    бойына созылатын клиникалық аурулар.
  • 2:56 - 3:00
    Олар нашақорлық, қаңғыбастық,
  • 3:00 - 3:03
    жүрек ауруы мен Альцгеймер,
    суицид қаупін арттырады.
  • 3:03 - 3:08
    Дүниежүзі күйзеліспен күресте
    жылына үш триллион доллар жұмсайды.
  • 3:09 - 3:13
    Ауыр бір стресске шалдыққан
  • 3:13 - 3:16
    бір адамды білемін деп есептеңіз.
  • 3:16 - 3:19
    Мысалы, Қызыл крест еріктісі
    зілзала болған аймаққа аттанды.
  • 3:20 - 3:22
    Сүзек екпесінен бөлек, сапар алдында
  • 3:22 - 3:25
    оған стресске қарсы дәрі
  • 3:25 - 3:27
    не екпе бересіз.
  • 3:27 - 3:30
    Оны қылмыскерлер немесе одан
    да қауіпті адамдар ұстап алса,
  • 3:30 - 3:34
    қарсы иммунитеті болғандықтан,
    кейін ол оқиғаны еске алып
  • 3:34 - 3:36
    күйзелмейді.
  • 3:36 - 3:39
    Иә, бұл ол стресске
    мүлдем ұшырамайды деген сөз емес,
  • 3:39 - 3:41
    бірақ аурудан тез айығады.
  • 3:41 - 3:43
    Жаңа дәрінінің ерекшелігі де осында.
  • 3:43 - 3:45
    Стресске төзімділікті арттыру арқылы
  • 3:45 - 3:50
    біз еріктінің күйзеліс пен ЖСПАС-қа
    сезімталдығын айтарлықтай төмендетеміз,
  • 3:50 - 3:56
    оның үйінен, жұмысынан, отбасынан,
    өмірден безінбеуіне жағдай жасаймыз.
  • 3:58 - 4:00
    Дженнер шешек вакцинасын ойлап тапқан соң
  • 4:00 - 4:03
    басқа да екпе түрлерін ойлап тапты.
  • 4:04 - 4:06
    Бірақ 150 жылдан кейін ғана
  • 4:06 - 4:08
    туберкулез екпесі кең таралымға шықты.
  • 4:09 - 4:10
    Неге?
  • 4:11 - 4:13
    Себебі, туберкулез адамды
  • 4:13 - 4:18
    сезімтал, талантты, талғампаз етеді
    деген қоғамдық пікір қалыптасқан еді.
  • 4:19 - 4:21
    Екіншіден, дертті биология емес
    жаратылыс жазады деп сенді.
  • 4:23 - 4:26
    Күйзеліс жайлы да дәл осындай
    пікірлер қалыптасқан.
  • 4:27 - 4:30
    Дженнердің жаңалығы жаңа екпелерге
  • 4:31 - 4:33
    жол ашқандай,
  • 4:34 - 4:37
    біз шығарған дәрілер де
    психофармакотерапияның алдын алады да,
  • 4:37 - 4:40
    бұл салаға жаңалық әкеледі.
  • 4:41 - 4:43
    Бірақ ол үшін 15 жыл
  • 4:43 - 4:45
    немесе 150 жыл уақыт кете ме?
  • 4:45 - 4:47
    Оны ғылым ғана емес,
  • 4:47 - 4:51
    қоғам ретіндегі біздің таңдауымыз да
    шешіп береді.
  • 4:51 - 4:53
    Рахмет.
  • 4:53 - 4:56
    (Қошемет)
Title:
Депрессия мен стрессті емдеп жазатын жаңа дәрі
Speaker:
Рэбекка Брахман
Description:

Күйзеліс пен ЖССБ-қа (Жарақаттан соңғы стресстік бұзылыстар) арналған қазіргі заманғы дәрілер симптомдарды басып қана қояды, аурудан айықтыруы да екіталай. Бұл дертті толық емдеп жаза аламыз ба? Нейрофизиолог, TED Fellow бағдарламасының қатысушысы Ребекка Брахман стресстен құлан-таза айықтыратын жаңа дәріні өзінің зерттеу тобымен бірге қалай кездейсоқ ашқанын әңгімелеп береді. Стресске төзімділікті күшейтетін дәрі ақыл-ой ауытқуы ауруларын емдеу бағытын жаңа бағытқа өзгертетінін осы әңгімеден терең түсінесіз.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
05:10

Kazakh subtitles

Revisions