Берушісіз бе, алушысыз ба?
-
0:01 - 0:03Бірер минут айналаңызға көз салыңыз
-
0:03 - 0:06осы бөлмедегі ең күйгелек адамды табыңыз.
-
0:06 - 0:07(Күлкі)
-
0:07 - 0:09Сосын маған сол адамды көрсетіңіз.
-
0:09 - 0:10(Күлкі)
-
0:10 - 0:12Жарайды. Қалжың ғой.
-
0:12 - 0:13(Күлкі)
-
0:13 - 0:15Ұжым психологы ретінде
-
0:15 - 0:17көп уақытымды жұмыс орнында өткіземін.
-
0:17 - 0:20Күйгелек адамды барлық жерде
кездестіремін. -
0:20 - 0:22Бұл әдетте "алушы" адамдарда
жиі кездеседі. -
0:22 - 0:24Алушылар қарым-қатынаста
өз пайдасын ойлайды. -
0:24 - 0:27Оларға сен қалай көмектесетінің
маңызды. -
0:27 - 0:28Алушылар керісінше
-
0:28 - 0:31өзгелерге көмектесу ниетімен
-
0:31 - 0:33қарым-қатынас түзеді.
-
0:33 - 0:36Сіз осының қайсысына
жататыныңызды ойлап көріңіз. -
0:36 - 0:38Бәріміз кейде алушы,
ал кейде берушіміз. -
0:38 - 0:41Қай топқа жататыныңыз
көпшілікпен -
0:41 - 0:42қатынасыңызға
байланысты. -
0:42 - 0:43Дәл қазір шағын тест жасап,
-
0:43 - 0:46өзіңіздің алушы немесе беруші
-
0:46 - 0:47екеніңізді анықтап көріңіз.
-
0:47 - 0:49[Нарциссизмді анықтайтын тест]
-
0:49 - 0:52[1-қадам: Өзіңіз туралы ойлаңыз]
-
0:52 - 0:53(Күлкі)
-
0:53 - 0:55[2-қадам: Екінші қадамға жетсеңіз,
сізде нарциссизм жоқ] -
0:55 - 0:58(Күлкі)
-
0:58 - 1:02Бұл бәлкім, бүгінгі жалғыз жалаң тұжырым болар
-
1:02 - 1:05бірақ неғұрлым суретке күлмей көбірек үңілсеңіз
-
1:05 - 1:07алушы болу мүмкіндігіңіз жоғарылай түседі.
-
1:07 - 1:09(Күлкі)
-
1:09 - 1:11Әрине, алушылардың бәрі өзімшіл емес.
-
1:11 - 1:14Кейбірі – беруден әбден мезі болған.
-
1:14 - 1:17Алушылардың тағы бір түрі бар.
Олар туралы айтпаймыз. -
1:17 - 1:19Олар – психопаттар.
-
1:19 - 1:20(Күлкі)
-
1:20 - 1:23Мұндай қарама-қайшылықтың қаншалықты
жиі кездесетінін білу үшін -
1:23 - 1:26әртүрлі салада істейтін
-
1:26 - 1:2830 мың адаммен сөйлестім.
-
1:28 - 1:30Сөйтсек, адамдардың көбінде
-
1:30 - 1:32алушы да, беруші де сипат бар.
-
1:32 - 1:34Олар "айырбастушы" дейтін
әдісті таңдаған. -
1:34 - 1:37Айырбастаушы болсаңыз,
алу мен беруді тең ұстауға тырысасыз: -
1:37 - 1:41quid pro quo – мен саған, сен маған.
-
1:41 - 1:43Осылай өмір сүрген
тиімді тәрізді. -
1:43 - 1:46Бірақ бұл жақсы ма?
-
1:46 - 1:49Бұл сұрақтың нақты жауабы бар:
-
1:49 - 1:50бәлкім.
-
1:50 - 1:51(Күлкі)
-
1:51 - 1:53Ондаған ұйымның,
-
1:53 - 1:55мыңдаған адамның,
-
1:55 - 1:58инженерлердің жұмыс өнімділігін зерттедім,
-
1:58 - 2:01(Күлкі)
-
2:01 - 2:04дәрігер-студенттердің оқу үлгерімін,
-
2:04 - 2:06тіпті сатушылардың табысын да есептедім.
-
2:06 - 2:07(Күлкі)
-
2:07 - 2:09Нәтижесінде
-
2:09 - 2:12әрбір топтағы ең нашар көрсеткіш
берушілерде болып шықты. -
2:13 - 2:15Алудан гөрі көбірек берген инженерлердің
-
2:15 - 2:17жұмысы өнімсіздеу болып шықты.
-
2:17 - 2:19Өзгелерге көмектесеміз деп жүріп
-
2:20 - 2:23өз ісін аяқтауға уақыты мен күші жетпейді.
-
2:23 - 2:26Мединституттағы үлгерімі ең төмендер
-
2:26 - 2:28"Өзгелерге көмектескенді ұнатамын"
-
2:28 - 2:30дейтіндер болып шықты.
-
2:31 - 2:33Яғни бұл ешкімге көмектесуге ұмтылмайтын
-
2:33 - 2:36дәрігерді іздеу керек дегенді меңзейді.
-
2:36 - 2:37(Күлкі)
-
2:37 - 2:40Сатушыларда да тура солай.
-
2:40 - 2:42Ең ақкөңілдері аз айлық табады.
-
2:42 - 2:44Беруші тобына жататын
-
2:44 - 2:46сатушылардың бірімен сөйлестім.
-
2:46 - 2:48"Неге жолың болмай жүр?"
деп сұрадым. -
2:48 - 2:50Әрине сәл жұмсартып сұрадым.
-
2:50 - 2:51(Күлкі)
-
2:51 - 2:53"Жомарттығыңның құны қанша?"
-
2:53 - 2:57"Маған клиенттерімнің көңілі маңызды
-
2:57 - 2:59сондықтан оларға ешқашан
нашар өнімді сатпаймын" деді. -
2:59 - 3:01(Күлкі)
-
3:01 - 3:02Қызық үшін көрейік.
-
3:02 - 3:05Өзін айырбастаушы не берушіден гөрі
алушы деп санайтын адам бар ма? -
3:05 - 3:06Қолыңызды көтерсеңіз.
-
3:07 - 3:10Дерегімді хабарламай тұрып
сұрасам, қол саны көп болар еді. -
3:11 - 3:14Бұл жерде де ойланатын жайт бар.
-
3:14 - 3:17Берушілер өздерін "құрбан етсе де"
-
3:17 - 3:20өз компаниясының жұмысын жақсартады.
-
3:20 - 3:23Бұған көп дәлеліміз бар.
-
3:23 - 3:27Берушілердің мінезіне арналған
зерттеулердің көбінде -
3:27 - 3:29мекеме немесе ұжымдағы
-
3:29 - 3:32адамдар өзара бір-біріне көмектессе,
-
3:32 - 3:33білгенімен бөліссе,
-
3:33 - 3:36компания жұмысы жақсы жүреді.
-
3:36 - 3:39Табыс та жақсарып, клиенттер де
қанағаттанады. -
3:39 - 3:41Кадр тұрақтылығы сақталып,
шығын азаяды -
3:41 - 3:44Берушілер көп уақытын
өзгеге көмектесіп, -
3:44 - 3:46топты шығаруға талпынады.
-
3:46 - 3:48Бірақ түбінде өздері
ұтылады. -
3:48 - 3:50Берушілер ұтатындай
-
3:50 - 3:53ортаны қалай қалыптастыру керектігін
айтқым келеді. -
3:54 - 3:57Егер берушілер
нашар орындаушы болса, -
3:57 - 3:58үздігі кім?
-
3:59 - 4:02Жақсы хабардан бастайын: алушылар емес.
-
4:02 - 4:06Барлық салада алушылар жылдам
табысқа жетіп, одан жылдам айырылады -
4:06 - 4:08Себебі айырбастаушыларға жолығады.
-
4:08 - 4:11Айырбастаушылар үшін "әлемде
өзара көмек ережесі" бар. -
4:11 - 4:13Алушыны кездестірсеңіз
-
4:13 - 4:15одан бірнәрсе қарпып қалуды
-
4:15 - 4:17парыз санайсыз.
-
4:17 - 4:18(Күлкі)
-
4:18 - 4:19Әділеттілік осылай орнайды.
-
4:20 - 4:22Адамдардың көпшілігі
айырбастаушы. -
4:22 - 4:24Егер сіз алушы болсаңыз,
-
4:24 - 4:26бұл сіздің басыңыздан өтеді.
-
4:26 - 4:27Мың асқанға – бір тосқан.
-
4:27 - 4:29Қисынға салсақ,
-
4:29 - 4:32ең үздіктер айырбастаушылар болуы керек.
-
4:32 - 4:33Бірақ олай емес.
-
4:33 - 4:36Мен зерттеген әрбір компания,
фирма, салада -
4:36 - 4:38ең үздік нәтиже - берушілерге тиесілі.
-
4:40 - 4:42Жүздеген сатушының жұмыс өнімділігі туралы
-
4:42 - 4:44деректеріме назар аударыңыз.
-
4:44 - 4:46Берушілер екі жақта да бағанның шетінде.
-
4:46 - 4:49Ең аз, ең көп табыс табатындардың
-
4:49 - 4:51басым бөлігі солар.
-
4:51 - 4:53Инженерлердің еңбек өнімділігі,
студенттердің үлгерімінде де -
4:53 - 4:54осыны байқауға болады.
-
4:54 - 4:58Сәттілік өлшемінің басында да, соңында да
-
4:58 - 5:00берушілер тұр.
-
5:00 - 5:02Осыдан мынадай сауал туындайды:
-
5:02 - 5:05Берушілердің көпшілігі
үздіктерге айналу үшін не істеу керек? -
5:05 - 5:08Мәселе тек бизнес қана емес,
-
5:08 - 5:10үкіметтік емес ұйымдар, мектептер,
-
5:10 - 5:11тіпті үкіметке де қатысты.
-
5:11 - 5:12Дайынсыз ба?
-
5:12 - 5:13(Қолдаушылар дауысы)
-
5:13 - 5:16Бұны бәрібір де айтқалы тұрғанмын,
қолдауларыңызға рақмет. -
5:16 - 5:18(Күлкі)
-
5:18 - 5:19Ең басты түсінетін нәрсе
-
5:19 - 5:22берушілер ең маңызды
адамдар. -
5:22 - 5:25Бірақ олар ұқыпты болмаса,
өздерін құртады. -
5:25 - 5:27Іштей берушілерді
қорғап жүру керексіз. -
5:27 - 5:31Fortune зерттеуі маған бұдан
қызықты нәрсені көрсетті. -
5:33 - 5:34Мысық емес, еркекке қараңыз.
-
5:34 - 5:36(Күлкі)
-
5:36 - 5:37Есімі - Адам Рифкин.
-
5:37 - 5:40Өте сәтті кәсіпкер.
-
5:40 - 5:42Көп уақытын басқаларға
көмектесуге жұмсайды. -
5:42 - 5:45Басты қаруы –
бес минуттық жәрдем. -
5:45 - 5:48"Беруші болу үшін
Тереза ана немесе Ганди -
5:48 - 5:49болудың қажеті жоқ" дейді
-
5:49 - 5:52Өзгелердің өміріне
үлкен әсер ететін -
5:52 - 5:53кішкентай іс
жасау керек. -
5:53 - 5:55Бұл бар болғаны екі
адамды таныстыру болу мүмкін -
5:55 - 5:57бір-бірімен сәйкес келетін.
-
5:57 - 6:01Бұл жай ғана кеңес беру,
біліміңмен бөлісу болуы мүмкін. -
6:01 - 6:04Немесе жай ғана
-
6:04 - 6:05"Білесің бе,
-
6:05 - 6:07еңбегі ескерілмей қалған адамға
-
6:07 - 6:10уақыт бөлу болуы мүмкін".
-
6:10 - 6:13Сол бес минуттың өзі
берушілерге жақсы көмек. -
6:13 - 6:16Олар өз күшін бағамдап,
өздерін қорғайды. -
6:16 - 6:17Екінші маңызды жайт
-
6:17 - 6:20берушілер мәдениетін
қалыптастырамын десең -
6:20 - 6:22көмек сұрау қалыпты
болатындай орта жасау керек. -
6:22 - 6:24адамдар қысылмай көмек сұрайтын.
-
6:25 - 6:27Кейбіріңіз өзіңізді
танып отырған боларсыз. -
6:27 - 6:29[Сонымен барлық жерде беруші болуың керек пе?]
-
6:29 - 6:31(Күлкі)
-
6:31 - 6:33Жолы болғыш берушілер
-
6:33 - 6:36қабылдауда тұрған
ештеңе жоқ деп біледі. -
6:37 - 6:39Егер ұйымды басқарып отырсаңыз
бұны қалыптастыру оңай. -
6:39 - 6:42Қысылмай көмек сұрайтындай
жағдай жасай аламыз. -
6:42 - 6:44Әріптестеріммен бірге
емханаларды зерттедік -
6:44 - 6:47Кейбір қабатта медбикелер
көп көмек көрсетсе, -
6:47 - 6:50кейбірінде адамдар азырақ көмек сұраған.
-
6:50 - 6:53Сөйтсек көмек көбірек көрсетілетін,
-
6:53 - 6:54жәрдем сұрау қалыпқа айналған
қабатта -
6:54 - 6:58бір медбике тікелей
сонымен айналысқан. -
6:59 - 6:59Мұндай жағдайда
-
6:59 - 7:02медбикелер: "Көмек сұрағанның
-
7:02 - 7:05айыбы жоқ. Осылай болу керек те" деді.
-
7:06 - 7:07Көмек көрсетуге ұмтылу берушілердің
-
7:07 - 7:09сәттілігі мен жағдайын
жақсарту үшін -
7:09 - 7:11ғана маңызды емес.
-
7:11 - 7:13Бұл сондай ақ ұйымда берушілер
санын көбейту үшін керек, -
7:13 - 7:15Себебі дерекке сәйкес,
-
7:15 - 7:18ұйымдағы берушілердің
75 - 90 пайызы -
7:18 - 7:19өтініштен бастайды.
-
7:20 - 7:21Бірақ көп адам сұрамайды.
-
7:21 - 7:23Олар ыңғайсыз жағдайда қалғысы келмейді
-
7:23 - 7:26Олар қайда әрекет ету керектігін білмейді,
біреуді әурелегісі келмейді. -
7:26 - 7:28Ешкім көмек сұрамаса,
-
7:28 - 7:31уайымға түсетін көптеген
берушілеріңіз болуы мүмкін. -
7:31 - 7:33Қадам жасап, үлес қосуға әне-міне дайын
-
7:33 - 7:35тек көмектесу жолын білсе, болды.
-
7:35 - 7:37Бірақ ең маңыздысы,
-
7:37 - 7:39берушілер мәдениетін
жасаймын десең, -
7:39 - 7:42ұжымға кімді қабылдағаныңа мән бер.
-
7:42 - 7:46Еңбек өнімділігі тасыған ұйым
керек десең, -
7:46 - 7:48бір топ берушілерді жина.
-
7:48 - 7:51Бір қызығы, бұным
толықтай бұрыс болып шықты. -
7:52 - 7:54Алушының бір теріс ықпалы сол,
-
7:54 - 7:57ол әдетте, берушінің жасағандарын
еселеп азайтады екен. -
7:58 - 7:59Мысалы былай,
-
7:59 - 8:00бір құмалақ бір қарын
майды шірітеді. -
8:00 - 8:03Бірақ бір жақсы жұмыртқа
он еселенбейді. -
8:04 - 8:06Мұның не білдіретінін білмеймін.
-
8:06 - 8:07(Күлкі)
-
8:07 - 8:08Түсіндіңіз деп ойлаймын.
-
8:08 - 8:11Бір алушыны жұмысқа алып көріңіз.
-
8:11 - 8:14Сонда берушілер
көмектескенді қояды. -
8:15 - 8:18"Айналам жатыпішерлерге толы
-
8:18 - 8:19несіне көмектесемін?" дейді.
-
8:19 - 8:21Алайда бір берушіні топқа алсаңыз,
-
8:21 - 8:23әрине, жомарттықтан басыңыз айналмайды.
-
8:23 - 8:24Бірақ адамдар былай деуі мүмкін:
-
8:24 - 8:27"Тамаша! Бәріміздің жұмысымызды
атқаратын түрі бар" -
8:27 - 8:30Адамдарды саналы таңдап,
топты жасақтау деген -
8:30 - 8:32берушілерді жұмысқа
алу емес, -
8:32 - 8:34алушылардан арылуды
білдірсе керек. -
8:35 - 8:36Осыны жақсы істесеңіз,
-
8:36 - 8:38беруші мен айырбастаушылар қалады.
-
8:38 - 8:39Берушілер – жомарт жандар,
-
8:39 - 8:42себебі салдары туралы уайымдамайды.
-
8:42 - 8:45Айырбастаушылар жағдайға
бейімделгіш келеді. -
8:45 - 8:49Сонымен алушыны қалай
анықтайсыз? -
8:49 - 8:52Негізінде оларды анықтау қиын.
-
8:52 - 8:54Әсіресе, алғашқы сәтте.
-
8:54 - 8:56Адамдарды жаңылыстыратын
мінез бар. -
8:56 - 8:57Көнбістік деген.
-
8:57 - 9:00Барлық мәдениетте кеңінен
кездеседі. -
9:00 - 9:03Көнбіс адамдар ақкөңіл, сыпайы
болып келеді. -
9:03 - 9:05Оларды Канадада көп кездестіресің.
-
9:05 - 9:07(күлкі)
-
9:07 - 9:10Бұл елде ұлттық байқау болып,
-
9:10 - 9:13жаңа канадалықтың ұранын табу үшін
сөйлемді аяқтау керек еді. -
9:13 - 9:15"Канадалық тәрізді..."
-
9:15 - 9:17Жеңімпаздың ұраны мынадай
болар деп ойладым. -
9:17 - 9:19"Алма тосабындай канадалық"
немесе "..хоккей тәрізді" -
9:19 - 9:22Бірақ канадалықтар
басқасына дауыс беріпті. -
9:22 - 9:23Қалжыңсыз.
-
9:23 - 9:26"Қандай жағдай болса да
канадалық болуға тырыс" -
9:26 - 9:29(Күлкі)
-
9:30 - 9:32Егер сіз мұнымен келіссеңіз
-
9:32 - 9:34немесе сізде канадалық сипат болса
-
9:34 - 9:35онда мұны бірден ұғасыз.
-
9:35 - 9:37Мен мынадаймын деп қалай айтам,
-
9:37 - 9:40үнемі адамдардың көңілінен
шыққым кеп жүрсе? -
9:40 - 9:42Көнбейтіндер бұған бармас.
-
9:42 - 9:45Олар сыншыл, скепттик, тосқауылды ұнатады.
-
9:45 - 9:48Басқаларға қарағанда
заңгерлікке көбірек түседі. -
9:48 - 9:49(Күлкі)
-
9:49 - 9:52Шын айтамын. Дәлелденген.
-
9:52 - 9:53(Күлкі)
-
9:53 - 9:56Көнбіс адамдар – беруші,
-
9:56 - 9:58ал көнбейтіндер – алушы
деп ойлайтынмын. -
9:58 - 9:59Бірақ деректер жинақтап,
-
9:59 - 10:02бұның арасында байланыс
жоқ екенін көрдім. -
10:02 - 10:05Себебі, бұлар сырттай араласқанда
-
10:05 - 10:06көрінетін қасиеттер:
-
10:06 - 10:08Сенімен араласу қаншалықты ыңғайлы?
-
10:08 - 10:10Ал алу мен беру ішкі қасиеттер:
-
10:10 - 10:13Нені қатты бағалайсың?
Өзгелерге қатысты көзқарасың? -
10:13 - 10:15Егер адамдарды білгіңіз келсе,
-
10:15 - 10:19осындағы кеңесшілерді күтіп,
-
10:19 - 10:202x2 кестесін сызып беріңізші.
-
10:21 - 10:23(Күлкі)
-
10:26 - 10:28Ақкөңіл берушілерді анықтау оңай.
-
10:28 - 10:31Олар үнемі "иә" дейді.
-
10:32 - 10:34Көнбейтіндерді де ажырату оңай,
-
10:34 - 10:38оларды сәл басқаша атауың мүмкін
-
10:39 - 10:42(Күлкі)
-
10:42 - 10:44Енді екі жайтты қарастыру қалды.
-
10:44 - 10:47Ұжымда көнбейтін
берушілер кездеседі. -
10:47 - 10:49Болмысынан қатал,
түрі сұсты, -
10:49 - 10:52бірақ іштей өзгелерді ойлап тұрады.
-
10:53 - 10:55Инженерлерше айтқанда:
-
10:55 - 10:56Көнбейтін берушілер –
-
10:56 - 11:00бұл интерфейсі нашар, бірақ
операциялық жүйесі мықтылар. -
11:00 - 11:01(Күлкі)
-
11:01 - 11:03Түсінуге көмектессе болды.
-
11:03 - 11:04(Күлкі)
-
11:04 - 11:08Көнбейтін берушілер әдетте
ұжым арасында дұрыс бағаланбайды, -
11:08 - 11:10себебі олар сыни пікір білдіріп,
-
11:10 - 11:13ешкімге жақпағанымен,
керек нәрсені айтады. -
11:13 - 11:15Бұл адамдарды қадірлеу үшін
көп жұмыс істеу керек. -
11:15 - 11:17Оларды танымай жатып
-
11:18 - 11:19оларға "Өзімшіл алушы"
-
11:19 - 11:22деп айдар тақпау керек.
-
11:22 - 11:25Біз ұмытқан келесі тип –
-
11:25 - 11:27көнбіс алушылар.
-
11:28 - 11:30Бұлар бір қарағанда сыпайы
-
11:30 - 11:33болғанымен, тақырға отырғызып кетеді.
-
11:33 - 11:34(Күлкі)
-
11:34 - 11:38Бұларды интервью барысында
анықтау үшін -
11:38 - 11:39мынадай сұрақ қоямын:
-
11:39 - 11:41"Мансап жолын өсіруге үлес қосқан
-
11:41 - 11:44төрт адамның атын атаңызшы?"
-
11:44 - 11:46Алушылар әдетте төрт адамды айтады
-
11:46 - 11:49әрі олардың бәрі өзінен лауазымы
жоғары болып шығады. -
11:49 - 11:53Себебі алушылар жағымпаздануға жақсы.
-
11:53 - 11:56Берушілер болса, өзінен дәрежесі
төмендерді айтады, -
11:56 - 11:58қолында билігі аздарды,
-
11:58 - 12:00олардан пайда көрмесе де.
-
12:00 - 12:02Барлығымыз да адамның
мінезін тани аламыз. -
12:02 - 12:05Мейрамханадағы даяшыға
қарым-қатынасынан -
12:05 - 12:07не Uber жүргізушісінен.
-
12:07 - 12:09Егер осыны дұрыс істесек,
-
12:09 - 12:11алушыларды ұжымнан
алыстатсақ, -
12:11 - 12:13адамдардың өзара көмек
сұрауын оңайлатсақ, -
12:13 - 12:15берушілерді артық
істен құтқарсақ, -
12:15 - 12:18сөйтіп, өз мақсаттарына жетуіне,
-
12:18 - 12:20басқаларға көмектесем деген
ниетін ынталандырсақ, -
12:20 - 12:23адамдардың сәттілік
деген ұғымдары өзгерер еді. -
12:23 - 12:26Ең бастысы сәттілікті бәсекелесті
басып озу дегеннен гөрі -
12:26 - 12:30үлкен іске үлес қосу
деп түсінер еді. -
12:31 - 12:33Менің ойымша, сәттілік –
-
12:33 - 12:35өзгелердің сәтті болуына
көмектесу. -
12:35 - 12:37Егер осы сенімді тарата алсақ,
-
12:37 - 12:39күйгелектікті де оң нәрсеге айналдыра аламыз.
-
12:39 - 12:41Оның ғылыми аты да бар.
-
12:41 - 12:42"Пронойя" деп аталады.
-
12:43 - 12:45"Пронойя" дегеніміз адамдар үнемі
-
12:45 - 12:47сізге жақсылық ойлайды деп ойлау
-
12:47 - 12:51(Күлкі)
-
12:51 - 12:53Олар сіздің айналаңызда жүріп
-
12:53 - 12:56сіз туралы тек жақсы нәрсе
айтатын тәрізді. -
12:58 - 13:01Бір жақсысы берушілер мәдениеті –
-
13:01 - 13:03бұл шындық.
-
13:04 - 13:06Берушілердің жолы болатын әлемде
өмір сүргім келеді. -
13:06 - 13:09Сіздер бұған
көмектесесіздер деп үміттенемін -
13:09 - 13:10Рақмет.
-
13:10 - 13:15(Қол шапалақтау)
- Title:
- Берушісіз бе, алушысыз ба?
- Speaker:
- Адам Грант
- Description:
-
Әрбір жұмыс орнында үш түрлі адам бар: беруші, алушы және айырбастаушы. Ұжым психологиясының маманы Адам Грант осы үш типке тоқталып, жомарттық мәдениетін дамыту тәсілін ұсынады.
- Video Language:
- English
- Team:
- closed TED
- Project:
- TEDTalks
- Duration:
- 13:28
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for Are you a giver or a taker? | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Are you a giver or a taker? | ||
Maqpal Kozhakanova accepted Kazakh subtitles for Are you a giver or a taker? | ||
Maqpal Kozhakanova edited Kazakh subtitles for Are you a giver or a taker? | ||
Maqpal Kozhakanova edited Kazakh subtitles for Are you a giver or a taker? | ||
Maqpal Kozhakanova edited Kazakh subtitles for Are you a giver or a taker? | ||
Maqpal Kozhakanova edited Kazakh subtitles for Are you a giver or a taker? | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Are you a giver or a taker? |