Return to Video

Берушісіз бе, алушысыз ба?

  • 0:01 - 0:03
    Бірер минут айналаңызға көз салыңыз
  • 0:03 - 0:06
    осы бөлмедегі ең күйгелек адамды табыңыз.
  • 0:06 - 0:07
    (Күлкі)
  • 0:07 - 0:09
    Сосын маған сол адамды көрсетіңіз.
  • 0:09 - 0:10
    (Күлкі)
  • 0:10 - 0:12
    Жарайды. Қалжың ғой.
  • 0:12 - 0:13
    (Күлкі)
  • 0:13 - 0:15
    Ұжым психологы ретінде
  • 0:15 - 0:17
    көп уақытымды жұмыс орнында өткіземін.
  • 0:17 - 0:20
    Күйгелек адамды барлық жерде
    кездестіремін.
  • 0:20 - 0:22
    Бұл әдетте "алушы" адамдарда
    жиі кездеседі.
  • 0:22 - 0:24
    Алушылар қарым-қатынаста
    өз пайдасын ойлайды.
  • 0:24 - 0:27
    Оларға сен қалай көмектесетінің
    маңызды.
  • 0:27 - 0:28
    Алушылар керісінше
  • 0:28 - 0:31
    өзгелерге көмектесу ниетімен
  • 0:31 - 0:33
    қарым-қатынас түзеді.
  • 0:33 - 0:36
    Сіз осының қайсысына
    жататыныңызды ойлап көріңіз.
  • 0:36 - 0:38
    Бәріміз кейде алушы,
    ал кейде берушіміз.
  • 0:38 - 0:41
    Қай топқа жататыныңыз
    көпшілікпен
  • 0:41 - 0:42
    қатынасыңызға
    байланысты.
  • 0:42 - 0:43
    Дәл қазір шағын тест жасап,
  • 0:43 - 0:46
    өзіңіздің алушы немесе беруші
  • 0:46 - 0:47
    екеніңізді анықтап көріңіз.
  • 0:47 - 0:49
    [Нарциссизмді анықтайтын тест]
  • 0:49 - 0:52
    [1-қадам: Өзіңіз туралы ойлаңыз]
  • 0:52 - 0:53
    (Күлкі)
  • 0:53 - 0:55
    [2-қадам: Екінші қадамға жетсеңіз,
    сізде нарциссизм жоқ]
  • 0:55 - 0:58
    (Күлкі)
  • 0:58 - 1:02
    Бұл бәлкім, бүгінгі жалғыз жалаң тұжырым болар
  • 1:02 - 1:05
    бірақ неғұрлым суретке күлмей көбірек үңілсеңіз
  • 1:05 - 1:07
    алушы болу мүмкіндігіңіз жоғарылай түседі.
  • 1:07 - 1:09
    (Күлкі)
  • 1:09 - 1:11
    Әрине, алушылардың бәрі өзімшіл емес.
  • 1:11 - 1:14
    Кейбірі – беруден әбден мезі болған.
  • 1:14 - 1:17
    Алушылардың тағы бір түрі бар.
    Олар туралы айтпаймыз.
  • 1:17 - 1:19
    Олар – психопаттар.
  • 1:19 - 1:20
    (Күлкі)
  • 1:20 - 1:23
    Мұндай қарама-қайшылықтың қаншалықты
    жиі кездесетінін білу үшін
  • 1:23 - 1:26
    әртүрлі салада істейтін
  • 1:26 - 1:28
    30 мың адаммен сөйлестім.
  • 1:28 - 1:30
    Сөйтсек, адамдардың көбінде
  • 1:30 - 1:32
    алушы да, беруші де сипат бар.
  • 1:32 - 1:34
    Олар "айырбастушы" дейтін
    әдісті таңдаған.
  • 1:34 - 1:37
    Айырбастаушы болсаңыз,
    алу мен беруді тең ұстауға тырысасыз:
  • 1:37 - 1:41
    quid pro quo – мен саған, сен маған.
  • 1:41 - 1:43
    Осылай өмір сүрген
    тиімді тәрізді.
  • 1:43 - 1:46
    Бірақ бұл жақсы ма?
  • 1:46 - 1:49
    Бұл сұрақтың нақты жауабы бар:
  • 1:49 - 1:50
    бәлкім.
  • 1:50 - 1:51
    (Күлкі)
  • 1:51 - 1:53
    Ондаған ұйымның,
  • 1:53 - 1:55
    мыңдаған адамның,
  • 1:55 - 1:58
    инженерлердің жұмыс өнімділігін зерттедім,
  • 1:58 - 2:01
    (Күлкі)
  • 2:01 - 2:04
    дәрігер-студенттердің оқу үлгерімін,
  • 2:04 - 2:06
    тіпті сатушылардың табысын да есептедім.
  • 2:06 - 2:07
    (Күлкі)
  • 2:07 - 2:09
    Нәтижесінде
  • 2:09 - 2:12
    әрбір топтағы ең нашар көрсеткіш
    берушілерде болып шықты.
  • 2:13 - 2:15
    Алудан гөрі көбірек берген инженерлердің
  • 2:15 - 2:17
    жұмысы өнімсіздеу болып шықты.
  • 2:17 - 2:19
    Өзгелерге көмектесеміз деп жүріп
  • 2:20 - 2:23
    өз ісін аяқтауға уақыты мен күші жетпейді.
  • 2:23 - 2:26
    Мединституттағы үлгерімі ең төмендер
  • 2:26 - 2:28
    "Өзгелерге көмектескенді ұнатамын"
  • 2:28 - 2:30
    дейтіндер болып шықты.
  • 2:31 - 2:33
    Яғни бұл ешкімге көмектесуге ұмтылмайтын
  • 2:33 - 2:36
    дәрігерді іздеу керек дегенді меңзейді.
  • 2:36 - 2:37
    (Күлкі)
  • 2:37 - 2:40
    Сатушыларда да тура солай.
  • 2:40 - 2:42
    Ең ақкөңілдері аз айлық табады.
  • 2:42 - 2:44
    Беруші тобына жататын
  • 2:44 - 2:46
    сатушылардың бірімен сөйлестім.
  • 2:46 - 2:48
    "Неге жолың болмай жүр?"
    деп сұрадым.
  • 2:48 - 2:50
    Әрине сәл жұмсартып сұрадым.
  • 2:50 - 2:51
    (Күлкі)
  • 2:51 - 2:53
    "Жомарттығыңның құны қанша?"
  • 2:53 - 2:57
    "Маған клиенттерімнің көңілі маңызды
  • 2:57 - 2:59
    сондықтан оларға ешқашан
    нашар өнімді сатпаймын" деді.
  • 2:59 - 3:01
    (Күлкі)
  • 3:01 - 3:02
    Қызық үшін көрейік.
  • 3:02 - 3:05
    Өзін айырбастаушы не берушіден гөрі
    алушы деп санайтын адам бар ма?
  • 3:05 - 3:06
    Қолыңызды көтерсеңіз.
  • 3:07 - 3:10
    Дерегімді хабарламай тұрып
    сұрасам, қол саны көп болар еді.
  • 3:11 - 3:14
    Бұл жерде де ойланатын жайт бар.
  • 3:14 - 3:17
    Берушілер өздерін "құрбан етсе де"
  • 3:17 - 3:20
    өз компаниясының жұмысын жақсартады.
  • 3:20 - 3:23
    Бұған көп дәлеліміз бар.
  • 3:23 - 3:27
    Берушілердің мінезіне арналған
    зерттеулердің көбінде
  • 3:27 - 3:29
    мекеме немесе ұжымдағы
  • 3:29 - 3:32
    адамдар өзара бір-біріне көмектессе,
  • 3:32 - 3:33
    білгенімен бөліссе,
  • 3:33 - 3:36
    компания жұмысы жақсы жүреді.
  • 3:36 - 3:39
    Табыс та жақсарып, клиенттер де
    қанағаттанады.
  • 3:39 - 3:41
    Кадр тұрақтылығы сақталып,
    шығын азаяды
  • 3:41 - 3:44
    Берушілер көп уақытын
    өзгеге көмектесіп,
  • 3:44 - 3:46
    топты шығаруға талпынады.
  • 3:46 - 3:48
    Бірақ түбінде өздері
    ұтылады.
  • 3:48 - 3:50
    Берушілер ұтатындай
  • 3:50 - 3:53
    ортаны қалай қалыптастыру керектігін
    айтқым келеді.
  • 3:54 - 3:57
    Егер берушілер
    нашар орындаушы болса,
  • 3:57 - 3:58
    үздігі кім?
  • 3:59 - 4:02
    Жақсы хабардан бастайын: алушылар емес.
  • 4:02 - 4:06
    Барлық салада алушылар жылдам
    табысқа жетіп, одан жылдам айырылады
  • 4:06 - 4:08
    Себебі айырбастаушыларға жолығады.
  • 4:08 - 4:11
    Айырбастаушылар үшін "әлемде
    өзара көмек ережесі" бар.
  • 4:11 - 4:13
    Алушыны кездестірсеңіз
  • 4:13 - 4:15
    одан бірнәрсе қарпып қалуды
  • 4:15 - 4:17
    парыз санайсыз.
  • 4:17 - 4:18
    (Күлкі)
  • 4:18 - 4:19
    Әділеттілік осылай орнайды.
  • 4:20 - 4:22
    Адамдардың көпшілігі
    айырбастаушы.
  • 4:22 - 4:24
    Егер сіз алушы болсаңыз,
  • 4:24 - 4:26
    бұл сіздің басыңыздан өтеді.
  • 4:26 - 4:27
    Мың асқанға – бір тосқан.
  • 4:27 - 4:29
    Қисынға салсақ,
  • 4:29 - 4:32
    ең үздіктер айырбастаушылар болуы керек.
  • 4:32 - 4:33
    Бірақ олай емес.
  • 4:33 - 4:36
    Мен зерттеген әрбір компания,
    фирма, салада
  • 4:36 - 4:38
    ең үздік нәтиже - берушілерге тиесілі.
  • 4:40 - 4:42
    Жүздеген сатушының жұмыс өнімділігі туралы
  • 4:42 - 4:44
    деректеріме назар аударыңыз.
  • 4:44 - 4:46
    Берушілер екі жақта да бағанның шетінде.
  • 4:46 - 4:49
    Ең аз, ең көп табыс табатындардың
  • 4:49 - 4:51
    басым бөлігі солар.
  • 4:51 - 4:53
    Инженерлердің еңбек өнімділігі,
    студенттердің үлгерімінде де
  • 4:53 - 4:54
    осыны байқауға болады.
  • 4:54 - 4:58
    Сәттілік өлшемінің басында да, соңында да
  • 4:58 - 5:00
    берушілер тұр.
  • 5:00 - 5:02
    Осыдан мынадай сауал туындайды:
  • 5:02 - 5:05
    Берушілердің көпшілігі
    үздіктерге айналу үшін не істеу керек?
  • 5:05 - 5:08
    Мәселе тек бизнес қана емес,
  • 5:08 - 5:10
    үкіметтік емес ұйымдар, мектептер,
  • 5:10 - 5:11
    тіпті үкіметке де қатысты.
  • 5:11 - 5:12
    Дайынсыз ба?
  • 5:12 - 5:13
    (Қолдаушылар дауысы)
  • 5:13 - 5:16
    Бұны бәрібір де айтқалы тұрғанмын,
    қолдауларыңызға рақмет.
  • 5:16 - 5:18
    (Күлкі)
  • 5:18 - 5:19
    Ең басты түсінетін нәрсе
  • 5:19 - 5:22
    берушілер ең маңызды
    адамдар.
  • 5:22 - 5:25
    Бірақ олар ұқыпты болмаса,
    өздерін құртады.
  • 5:25 - 5:27
    Іштей берушілерді
    қорғап жүру керексіз.
  • 5:27 - 5:31
    Fortune зерттеуі маған бұдан
    қызықты нәрсені көрсетті.
  • 5:33 - 5:34
    Мысық емес, еркекке қараңыз.
  • 5:34 - 5:36
    (Күлкі)
  • 5:36 - 5:37
    Есімі - Адам Рифкин.
  • 5:37 - 5:40
    Өте сәтті кәсіпкер.
  • 5:40 - 5:42
    Көп уақытын басқаларға
    көмектесуге жұмсайды.
  • 5:42 - 5:45
    Басты қаруы –
    бес минуттық жәрдем.
  • 5:45 - 5:48
    "Беруші болу үшін
    Тереза ана немесе Ганди
  • 5:48 - 5:49
    болудың қажеті жоқ" дейді
  • 5:49 - 5:52
    Өзгелердің өміріне
    үлкен әсер ететін
  • 5:52 - 5:53
    кішкентай іс
    жасау керек.
  • 5:53 - 5:55
    Бұл бар болғаны екі
    адамды таныстыру болу мүмкін
  • 5:55 - 5:57
    бір-бірімен сәйкес келетін.
  • 5:57 - 6:01
    Бұл жай ғана кеңес беру,
    біліміңмен бөлісу болуы мүмкін.
  • 6:01 - 6:04
    Немесе жай ғана
  • 6:04 - 6:05
    "Білесің бе,
  • 6:05 - 6:07
    еңбегі ескерілмей қалған адамға
  • 6:07 - 6:10
    уақыт бөлу болуы мүмкін".
  • 6:10 - 6:13
    Сол бес минуттың өзі
    берушілерге жақсы көмек.
  • 6:13 - 6:16
    Олар өз күшін бағамдап,
    өздерін қорғайды.
  • 6:16 - 6:17
    Екінші маңызды жайт
  • 6:17 - 6:20
    берушілер мәдениетін
    қалыптастырамын десең
  • 6:20 - 6:22
    көмек сұрау қалыпты
    болатындай орта жасау керек.
  • 6:22 - 6:24
    адамдар қысылмай көмек сұрайтын.
  • 6:25 - 6:27
    Кейбіріңіз өзіңізді
    танып отырған боларсыз.
  • 6:27 - 6:29
    [Сонымен барлық жерде беруші болуың керек пе?]
  • 6:29 - 6:31
    (Күлкі)
  • 6:31 - 6:33
    Жолы болғыш берушілер
  • 6:33 - 6:36
    қабылдауда тұрған
    ештеңе жоқ деп біледі.
  • 6:37 - 6:39
    Егер ұйымды басқарып отырсаңыз
    бұны қалыптастыру оңай.
  • 6:39 - 6:42
    Қысылмай көмек сұрайтындай
    жағдай жасай аламыз.
  • 6:42 - 6:44
    Әріптестеріммен бірге
    емханаларды зерттедік
  • 6:44 - 6:47
    Кейбір қабатта медбикелер
    көп көмек көрсетсе,
  • 6:47 - 6:50
    кейбірінде адамдар азырақ көмек сұраған.
  • 6:50 - 6:53
    Сөйтсек көмек көбірек көрсетілетін,
  • 6:53 - 6:54
    жәрдем сұрау қалыпқа айналған
    қабатта
  • 6:54 - 6:58
    бір медбике тікелей
    сонымен айналысқан.
  • 6:59 - 6:59
    Мұндай жағдайда
  • 6:59 - 7:02
    медбикелер: "Көмек сұрағанның
  • 7:02 - 7:05
    айыбы жоқ. Осылай болу керек те" деді.
  • 7:06 - 7:07
    Көмек көрсетуге ұмтылу берушілердің
  • 7:07 - 7:09
    сәттілігі мен жағдайын
    жақсарту үшін
  • 7:09 - 7:11
    ғана маңызды емес.
  • 7:11 - 7:13
    Бұл сондай ақ ұйымда берушілер
    санын көбейту үшін керек,
  • 7:13 - 7:15
    Себебі дерекке сәйкес,
  • 7:15 - 7:18
    ұйымдағы берушілердің
    75 - 90 пайызы
  • 7:18 - 7:19
    өтініштен бастайды.
  • 7:20 - 7:21
    Бірақ көп адам сұрамайды.
  • 7:21 - 7:23
    Олар ыңғайсыз жағдайда қалғысы келмейді
  • 7:23 - 7:26
    Олар қайда әрекет ету керектігін білмейді,
    біреуді әурелегісі келмейді.
  • 7:26 - 7:28
    Ешкім көмек сұрамаса,
  • 7:28 - 7:31
    уайымға түсетін көптеген
    берушілеріңіз болуы мүмкін.
  • 7:31 - 7:33
    Қадам жасап, үлес қосуға әне-міне дайын
  • 7:33 - 7:35
    тек көмектесу жолын білсе, болды.
  • 7:35 - 7:37
    Бірақ ең маңыздысы,
  • 7:37 - 7:39
    берушілер мәдениетін
    жасаймын десең,
  • 7:39 - 7:42
    ұжымға кімді қабылдағаныңа мән бер.
  • 7:42 - 7:46
    Еңбек өнімділігі тасыған ұйым
    керек десең,
  • 7:46 - 7:48
    бір топ берушілерді жина.
  • 7:48 - 7:51
    Бір қызығы, бұным
    толықтай бұрыс болып шықты.
  • 7:52 - 7:54
    Алушының бір теріс ықпалы сол,
  • 7:54 - 7:57
    ол әдетте, берушінің жасағандарын
    еселеп азайтады екен.
  • 7:58 - 7:59
    Мысалы былай,
  • 7:59 - 8:00
    бір құмалақ бір қарын
    майды шірітеді.
  • 8:00 - 8:03
    Бірақ бір жақсы жұмыртқа
    он еселенбейді.
  • 8:04 - 8:06
    Мұның не білдіретінін білмеймін.
  • 8:06 - 8:07
    (Күлкі)
  • 8:07 - 8:08
    Түсіндіңіз деп ойлаймын.
  • 8:08 - 8:11
    Бір алушыны жұмысқа алып көріңіз.
  • 8:11 - 8:14
    Сонда берушілер
    көмектескенді қояды.
  • 8:15 - 8:18
    "Айналам жатыпішерлерге толы
  • 8:18 - 8:19
    несіне көмектесемін?" дейді.
  • 8:19 - 8:21
    Алайда бір берушіні топқа алсаңыз,
  • 8:21 - 8:23
    әрине, жомарттықтан басыңыз айналмайды.
  • 8:23 - 8:24
    Бірақ адамдар былай деуі мүмкін:
  • 8:24 - 8:27
    "Тамаша! Бәріміздің жұмысымызды
    атқаратын түрі бар"
  • 8:27 - 8:30
    Адамдарды саналы таңдап,
    топты жасақтау деген
  • 8:30 - 8:32
    берушілерді жұмысқа
    алу емес,
  • 8:32 - 8:34
    алушылардан арылуды
    білдірсе керек.
  • 8:35 - 8:36
    Осыны жақсы істесеңіз,
  • 8:36 - 8:38
    беруші мен айырбастаушылар қалады.
  • 8:38 - 8:39
    Берушілер – жомарт жандар,
  • 8:39 - 8:42
    себебі салдары туралы уайымдамайды.
  • 8:42 - 8:45
    Айырбастаушылар жағдайға
    бейімделгіш келеді.
  • 8:45 - 8:49
    Сонымен алушыны қалай
    анықтайсыз?
  • 8:49 - 8:52
    Негізінде оларды анықтау қиын.
  • 8:52 - 8:54
    Әсіресе, алғашқы сәтте.
  • 8:54 - 8:56
    Адамдарды жаңылыстыратын
    мінез бар.
  • 8:56 - 8:57
    Көнбістік деген.
  • 8:57 - 9:00
    Барлық мәдениетте кеңінен
    кездеседі.
  • 9:00 - 9:03
    Көнбіс адамдар ақкөңіл, сыпайы
    болып келеді.
  • 9:03 - 9:05
    Оларды Канадада көп кездестіресің.
  • 9:05 - 9:07
    (күлкі)
  • 9:07 - 9:10
    Бұл елде ұлттық байқау болып,
  • 9:10 - 9:13
    жаңа канадалықтың ұранын табу үшін
    сөйлемді аяқтау керек еді.
  • 9:13 - 9:15
    "Канадалық тәрізді..."
  • 9:15 - 9:17
    Жеңімпаздың ұраны мынадай
    болар деп ойладым.
  • 9:17 - 9:19
    "Алма тосабындай канадалық"
    немесе "..хоккей тәрізді"
  • 9:19 - 9:22
    Бірақ канадалықтар
    басқасына дауыс беріпті.
  • 9:22 - 9:23
    Қалжыңсыз.
  • 9:23 - 9:26
    "Қандай жағдай болса да
    канадалық болуға тырыс"
  • 9:26 - 9:29
    (Күлкі)
  • 9:30 - 9:32
    Егер сіз мұнымен келіссеңіз
  • 9:32 - 9:34
    немесе сізде канадалық сипат болса
  • 9:34 - 9:35
    онда мұны бірден ұғасыз.
  • 9:35 - 9:37
    Мен мынадаймын деп қалай айтам,
  • 9:37 - 9:40
    үнемі адамдардың көңілінен
    шыққым кеп жүрсе?
  • 9:40 - 9:42
    Көнбейтіндер бұған бармас.
  • 9:42 - 9:45
    Олар сыншыл, скепттик, тосқауылды ұнатады.
  • 9:45 - 9:48
    Басқаларға қарағанда
    заңгерлікке көбірек түседі.
  • 9:48 - 9:49
    (Күлкі)
  • 9:49 - 9:52
    Шын айтамын. Дәлелденген.
  • 9:52 - 9:53
    (Күлкі)
  • 9:53 - 9:56
    Көнбіс адамдар – беруші,
  • 9:56 - 9:58
    ал көнбейтіндер – алушы
    деп ойлайтынмын.
  • 9:58 - 9:59
    Бірақ деректер жинақтап,
  • 9:59 - 10:02
    бұның арасында байланыс
    жоқ екенін көрдім.
  • 10:02 - 10:05
    Себебі, бұлар сырттай араласқанда
  • 10:05 - 10:06
    көрінетін қасиеттер:
  • 10:06 - 10:08
    Сенімен араласу қаншалықты ыңғайлы?
  • 10:08 - 10:10
    Ал алу мен беру ішкі қасиеттер:
  • 10:10 - 10:13
    Нені қатты бағалайсың?
    Өзгелерге қатысты көзқарасың?
  • 10:13 - 10:15
    Егер адамдарды білгіңіз келсе,
  • 10:15 - 10:19
    осындағы кеңесшілерді күтіп,
  • 10:19 - 10:20
    2x2 кестесін сызып беріңізші.
  • 10:21 - 10:23
    (Күлкі)
  • 10:26 - 10:28
    Ақкөңіл берушілерді анықтау оңай.
  • 10:28 - 10:31
    Олар үнемі "иә" дейді.
  • 10:32 - 10:34
    Көнбейтіндерді де ажырату оңай,
  • 10:34 - 10:38
    оларды сәл басқаша атауың мүмкін
  • 10:39 - 10:42
    (Күлкі)
  • 10:42 - 10:44
    Енді екі жайтты қарастыру қалды.
  • 10:44 - 10:47
    Ұжымда көнбейтін
    берушілер кездеседі.
  • 10:47 - 10:49
    Болмысынан қатал,
    түрі сұсты,
  • 10:49 - 10:52
    бірақ іштей өзгелерді ойлап тұрады.
  • 10:53 - 10:55
    Инженерлерше айтқанда:
  • 10:55 - 10:56
    Көнбейтін берушілер –
  • 10:56 - 11:00
    бұл интерфейсі нашар, бірақ
    операциялық жүйесі мықтылар.
  • 11:00 - 11:01
    (Күлкі)
  • 11:01 - 11:03
    Түсінуге көмектессе болды.
  • 11:03 - 11:04
    (Күлкі)
  • 11:04 - 11:08
    Көнбейтін берушілер әдетте
    ұжым арасында дұрыс бағаланбайды,
  • 11:08 - 11:10
    себебі олар сыни пікір білдіріп,
  • 11:10 - 11:13
    ешкімге жақпағанымен,
    керек нәрсені айтады.
  • 11:13 - 11:15
    Бұл адамдарды қадірлеу үшін
    көп жұмыс істеу керек.
  • 11:15 - 11:17
    Оларды танымай жатып
  • 11:18 - 11:19
    оларға "Өзімшіл алушы"
  • 11:19 - 11:22
    деп айдар тақпау керек.
  • 11:22 - 11:25
    Біз ұмытқан келесі тип –
  • 11:25 - 11:27
    көнбіс алушылар.
  • 11:28 - 11:30
    Бұлар бір қарағанда сыпайы
  • 11:30 - 11:33
    болғанымен, тақырға отырғызып кетеді.
  • 11:33 - 11:34
    (Күлкі)
  • 11:34 - 11:38
    Бұларды интервью барысында
    анықтау үшін
  • 11:38 - 11:39
    мынадай сұрақ қоямын:
  • 11:39 - 11:41
    "Мансап жолын өсіруге үлес қосқан
  • 11:41 - 11:44
    төрт адамның атын атаңызшы?"
  • 11:44 - 11:46
    Алушылар әдетте төрт адамды айтады
  • 11:46 - 11:49
    әрі олардың бәрі өзінен лауазымы
    жоғары болып шығады.
  • 11:49 - 11:53
    Себебі алушылар жағымпаздануға жақсы.
  • 11:53 - 11:56
    Берушілер болса, өзінен дәрежесі
    төмендерді айтады,
  • 11:56 - 11:58
    қолында билігі аздарды,
  • 11:58 - 12:00
    олардан пайда көрмесе де.
  • 12:00 - 12:02
    Барлығымыз да адамның
    мінезін тани аламыз.
  • 12:02 - 12:05
    Мейрамханадағы даяшыға
    қарым-қатынасынан
  • 12:05 - 12:07
    не Uber жүргізушісінен.
  • 12:07 - 12:09
    Егер осыны дұрыс істесек,
  • 12:09 - 12:11
    алушыларды ұжымнан
    алыстатсақ,
  • 12:11 - 12:13
    адамдардың өзара көмек
    сұрауын оңайлатсақ,
  • 12:13 - 12:15
    берушілерді артық
    істен құтқарсақ,
  • 12:15 - 12:18
    сөйтіп, өз мақсаттарына жетуіне,
  • 12:18 - 12:20
    басқаларға көмектесем деген
    ниетін ынталандырсақ,
  • 12:20 - 12:23
    адамдардың сәттілік
    деген ұғымдары өзгерер еді.
  • 12:23 - 12:26
    Ең бастысы сәттілікті бәсекелесті
    басып озу дегеннен гөрі
  • 12:26 - 12:30
    үлкен іске үлес қосу
    деп түсінер еді.
  • 12:31 - 12:33
    Менің ойымша, сәттілік –
  • 12:33 - 12:35
    өзгелердің сәтті болуына
    көмектесу.
  • 12:35 - 12:37
    Егер осы сенімді тарата алсақ,
  • 12:37 - 12:39
    күйгелектікті де оң нәрсеге айналдыра аламыз.
  • 12:39 - 12:41
    Оның ғылыми аты да бар.
  • 12:41 - 12:42
    "Пронойя" деп аталады.
  • 12:43 - 12:45
    "Пронойя" дегеніміз адамдар үнемі
  • 12:45 - 12:47
    сізге жақсылық ойлайды деп ойлау
  • 12:47 - 12:51
    (Күлкі)
  • 12:51 - 12:53
    Олар сіздің айналаңызда жүріп
  • 12:53 - 12:56
    сіз туралы тек жақсы нәрсе
    айтатын тәрізді.
  • 12:58 - 13:01
    Бір жақсысы берушілер мәдениеті –
  • 13:01 - 13:03
    бұл шындық.
  • 13:04 - 13:06
    Берушілердің жолы болатын әлемде
    өмір сүргім келеді.
  • 13:06 - 13:09
    Сіздер бұған
    көмектесесіздер деп үміттенемін
  • 13:09 - 13:10
    Рақмет.
  • 13:10 - 13:15
    (Қол шапалақтау)
Title:
Берушісіз бе, алушысыз ба?
Speaker:
Адам Грант
Description:

Әрбір жұмыс орнында үш түрлі адам бар: беруші, алушы және айырбастаушы. Ұжым психологиясының маманы Адам Грант осы үш типке тоқталып, жомарттық мәдениетін дамыту тәсілін ұсынады.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
13:28
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for Are you a giver or a taker?
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Are you a giver or a taker?
Maqpal Kozhakanova accepted Kazakh subtitles for Are you a giver or a taker?
Maqpal Kozhakanova edited Kazakh subtitles for Are you a giver or a taker?
Maqpal Kozhakanova edited Kazakh subtitles for Are you a giver or a taker?
Maqpal Kozhakanova edited Kazakh subtitles for Are you a giver or a taker?
Maqpal Kozhakanova edited Kazakh subtitles for Are you a giver or a taker?
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Are you a giver or a taker?
Show all

Kazakh subtitles

Revisions