Return to Video

Жақсы көңіл-күйдің жұмысқа деген әсері

  • 0:00 - 0:03
    Мен жетіде, ал қарындасым бес жасында болған кезімізде,
  • 0:03 - 0:06
    бірге екі қабатты төсектің үстіңгі жағында ойнап отырдық.
  • 0:06 - 0:08
    Сол кезде қарындасымнан екі жас ұлы болғанмын –
  • 0:08 - 0:11
    енді, қазіргі уақытта да арамыз 2 жас –
  • 0:11 - 0:14
    бірақ сол кездегі арамыздағы жас айырмашылығымыз мен қалаған барлық нәрсені ол бұлжытпай орындауы тиіс екендігін білдіретін,
  • 0:14 - 0:16
    ал мен дәл сол уақытта соғыс ойынын ойнағым келді.
  • 0:16 - 0:18
    Екеуіміз төсектің екінші қабатында отырмыз.
  • 0:18 - 0:20
    Төсектің бір жағына
  • 0:20 - 0:22
    ойыншық әскерлер мен соғыс техникасын орналастырып қойдым.
  • 0:22 - 0:25
    Ал арғы бетінде кавалериялық шабуылына дайын
  • 0:25 - 0:27
    қарындасымның аттары тұрды.
  • 0:27 - 0:29
    Сол күнде болған оқиғаның бірнеше нұсқасы бар,
  • 0:29 - 0:32
    бірақ бүгін қарындасым осында болмағандықтан
  • 0:32 - 0:34
    мен шындықты айтып беремін -
  • 0:34 - 0:36
    (Күлкі) -
  • 0:36 - 0:38
    қарындасым біраз ебедейсіз.
  • 0:38 - 0:41
    Мен оған еш тиіспесем де, итермесем де,
  • 0:41 - 0:43
    бір уақытта төсектен
  • 0:43 - 0:45
    еденге қарай құлай түсті.
  • 0:45 - 0:47
    Қарындасыма ештеңе болмағанына көзімді жеткізу үшін,
  • 0:47 - 0:50
    астыға қарай қорқынышпен қарасам,
  • 0:50 - 0:52
    оның жерге төрт аяқтап
  • 0:52 - 0:54
    қонғанын көрдім.
  • 0:54 - 0:56
    Тұла бойымды қорқыныш билегеннің себебі
  • 0:56 - 0:58
    әке-шешеміз бізге өте абай және
  • 0:58 - 1:01
    тыныш ойнауымызды айтып кеткен.
  • 1:01 - 1:04
    Бұның себебі, абайсызда мен Эминің қолын сындырып алғанмын
  • 1:04 - 1:06
    бір апта бұрын...
  • 1:06 - 1:10
    (күлкі)
  • 1:10 - 1:12
    ... ойын кезінде оны батырлықпен шетке қарай итеріп,
  • 1:12 - 1:15
    өтірік снайпер оғынан құтқарып алдым.
  • 1:15 - 1:17
    (күлкі)
  • 1:17 - 1:19
    Содан кейін тіпті маған деген алғысын айтты.
  • 1:19 - 1:21
    Бүкіл күшімді салдым –
  • 1:21 - 1:23
    қарындасым ол оқты тіпті көрмеген –
  • 1:23 - 1:25
    бүкіл ынтаммен өзімді жақсы ұстауға тырыстым.
  • 1:25 - 1:27
    Қарындасымның ыза мен ауырудан кейпін кеткенін байқадым.
  • 1:27 - 1:29
    Ол айқай салып жылап бастауға дайын тұрды,
  • 1:29 - 1:31
    және сол жылауын тыныш ұйықтап жатқан ата-анамыз
  • 1:31 - 1:34
    естіп қоюлары мүмкін болды,
  • 1:34 - 1:36
    сол себептен ойыма бірінші келген нәрсені істедім.
  • 1:36 - 1:39
    Менің 7 жасар миім осы оқиғаға шешім тапты.
  • 1:39 - 1:41
    Егер бала-шағаңыз бар болса, осы секілді жағдайларды жиі көретін шығарсыздар.
  • 1:41 - 1:43
    «Эми, күте тұр! Жылама!
  • 1:43 - 1:45
    Қалай құлағаныңды көрдің бе?
  • 1:45 - 1:48
    Бір де адам төрт аяқтап жерге қона алмайды.
  • 1:48 - 1:51
    Эми, мүмкін, сен – жалғыз мүйізсің!»- дедім.
  • 1:51 - 1:54
    (күлкі)
  • 1:54 - 1:57
    Мен өтірік соқтым, өйткені қарындасымның ең қатты қалаған нәрсесі
  • 1:57 - 1:59
    қолы сынған бес жасар Эмиден ғажайып әлеміндегі
  • 1:59 - 2:01
    жалғыз мүйіз Эмиге айналуы еді.
  • 2:01 - 2:04
    Бұрын мұндай таңдауы жоқ болатын.
  • 2:04 - 2:07
    Ал енді болса байғұс Эми
  • 2:07 - 2:09
    қайшылықпен қарсыласты;
  • 2:09 - 2:11
    шын әрі қатты ауыру мен
  • 2:11 - 2:13
    ыза сезімдерін,
  • 2:13 - 2:15
    әлде жалғыз мүйізге айналуының қуанышын таңдау азабында қалды.
  • 2:15 - 2:17
    Соңында екінші таңдауда тоқталды.
  • 2:17 - 2:19
    Жылап бастап, ойынды тоқтатып,
  • 2:19 - 2:21
    барып ата-аналарымызды оятудың орнына,
  • 2:21 - 2:23
    ол күлімсіреп
  • 2:23 - 2:25
    жаңа туған жалғыз мүйіздің сәнділігі мен
  • 2:25 - 2:28
    сынған аяғымен қайтадан төсекке мінді.
  • 2:28 - 2:30
    сынған аяғымен қайтадан төсекке мінді.
  • 2:30 - 2:32
    (күлкі)
  • 2:32 - 2:34
    Сол кезде,
  • 2:34 - 2:36
    нәзік жастарымызда,
  • 2:36 - 2:38
    нәзік жастарымызда,
  • 2:38 - 2:41
    20 жылдан кейін адам психикасына көзқарасымызды өзгертіп,
  • 2:41 - 2:44
    ғылымның озат ойы болып шыға келетін идеяны тапқанымызды түсінбедік.
  • 2:44 - 2:47
    Біз позитивтік психологияның басты ойын таптық.
  • 2:47 - 2:49
    Бұл жерде тұрғанымның да,
  • 2:49 - 2:51
    әр күн сайын оянғанымның да себебі сол.
  • 2:51 - 2:53
    Осы зерттеу жөнінде
  • 2:53 - 2:55
    әртүрлі мектептер мен компаниялардың өкілдерінің алдында айтқан кезімде,
  • 2:55 - 2:57
    ең басынан презентацияны график кестесімен
  • 2:57 - 2:59
    бастамауымды талап етті.
  • 2:59 - 3:01
    Қазір презентациямды графикпен бастаймын.
  • 3:01 - 3:03
    Бұл график зеріктіретін сияқты көрінгенімен,
  • 3:03 - 3:05
    ар атқан таңымда ол мені сергітіп, қайран қалдырады.
  • 3:05 - 3:07
    Бұл графиктің мүлдем мағынасы жоқ тіпті мәліметтер ойдан шығарылған.
  • 3:07 - 3:09
    Шығарған түйініміз:
  • 3:09 - 3:13
    (күлкі)
  • 3:13 - 3:16
    егер қазір сіздерді тестілеуден өткізгеннен кейін осы мәліметтер дәлелденсе, мен өте қуанышты боламын.
  • 3:16 - 3:18
    Осылайша олар қоғамдағы орын алған өзгерістердің дәлелі бола алады
  • 3:18 - 3:20
    және менің жұмысым баспадан шығуы мүмкін.
  • 3:20 - 3:22
    және менің жұмысым баспадан шығуы мүмкін.
  • 3:22 - 3:24
    Мені уайымдататын жалғыз нәрсе де осы. Қисық сызықтың төбесіндегі оғаш қызыл нүктені көріп тұрсыздар ма?
  • 3:24 - 3:26
    Ол осы залда отырған бір оғаш адам –
  • 3:26 - 3:29
    сізді кім екеніңізді білемін, мен сізді баяғыда байқадым.
  • 3:29 - 3:31
    Бұл нүкте онша маңызды рөлді атқармайды.
  • 3:31 - 3:33
    Жалғыз нүкте мүлдем маңызды рөл атқармайды,
  • 3:33 - 3:35
    оны өшіріп тастасақ та болады.
  • 3:35 - 3:37
    Мен оны өшіріп тастасам болады, өйткені анығымен бұл өлшеуде кеткен қателік.
  • 3:37 - 3:39
    Бұл өлшеуде кеткен қателік екенін
  • 3:39 - 3:42
    оның берілген мәліметтеріме қайшы тұрғанынан білеміз.
  • 3:42 - 3:44
    Экономика, статистика, бизнес және психологияның алғашқы сабақтарынан бастап
  • 3:44 - 3:47
    адамдарға статистикалық жолына негізделген шараларды қолдана отырып
  • 3:47 - 3:50
    ерсілігі бар адамдардан құтылуды үйретеміз.
  • 3:50 - 3:52
    Графикте сызық түзу және сәнді болуы үшін,
  • 3:52 - 3:54
    статистикалық ерекшеліктерді қалай алып тастау керек?
  • 3:54 - 3:56
    Таңқаларлық факт
  • 3:56 - 3:59
    "орташа" адамның Адвил дәрісінен нешеу қабылдау керек екенін сұрасақ, екеу деген жауап беріледі.
  • 3:59 - 4:01
    Бірақ егер,мысалы, сіздің потенциалыңыз,
  • 4:01 - 4:03
    қуаныш немесе нәтижелілік,
  • 4:03 - 4:05
    қуат деңгейіңіз қызықтырса,
  • 4:05 - 4:07
    ешкім маған жауап бере алмайды. Ғылым "орташа" адамның түсінігіне табындырды.
  • 4:07 - 4:09
    Егер мен:
  • 4:09 - 4:11
    « Бала сыныпта қай уақыттың ішінде оқып үйрене алады?» –деп сұрасам,
  • 4:11 - 4:13
    ғалымдар маған: «Орташа» бала сыныпта қай уақыттың ішінде оқып үйрене алады?»
  • 4:13 - 4:15
    – деген сұраққа жауап берер еді.
  • 4:15 - 4:17
    Содан соң біз бүкіл сыныпты орташа деңгеймен бірдей теңгереміз.
  • 4:17 - 4:19
    Егер сіздердің мәліметтеріңіз орта сызықтан төмен болса,
  • 4:19 - 4:21
    психологтардың қуанышына шек болмайтын еді,
  • 4:21 - 4:24
    өйткені бұл депрессия немесе жүйке жүйелерінің бұзылуы, немесе,
  • 4:24 - 4:26
    одан да жақсы, екеуі бірге сізде бар екенін білдіреді.
  • 4:26 - 4:28
    Психологтардың бизнесінің негізі және мақсаты :
  • 4:28 - 4:30
    егер тұтынушы сеансқа бір мәселемен келсе,
  • 4:30 - 4:32
    сеанстан кейін мәселелердің саны 10 екеніне сеніп,
  • 4:32 - 4:34
    оның қайта-қайта жаңа сеанстарға келуі.
  • 4:34 - 4:36
    Керек болса оларды балалық шағынан тауып шығамыз.
  • 4:36 - 4:38
    Қорыта келгенде біздің мақсатымыз – сізді дұрыс кейпіңізге келтіру.
  • 4:38 - 4:40
    Алайда әдеттегі дұрыс адам дегеніміз – «орташа» адамды білдіреді.
  • 4:40 - 4:42
    Позитивтік психология шеңберінде егер
  • 4:42 - 4:44
    біз тек «орташа» адамдардың зерттеуімен шектелсек,
  • 4:44 - 4:46
    дамусыз тек орта деңгейде қаламыз.
  • 4:46 - 4:48
    Сол сәтті ерекшеліктерді шығарудың орнына
  • 4:48 - 4:50
    олардың үйіне қонаққа барып:
  • 4:50 - 4:52
    Осы нәтижеге
  • 4:52 - 4:54
    қалай жеттіңіз ?
  • 4:54 - 4:56
    Ақыл,қуат, музыкалық қабілетіңіз,
  • 4:56 - 4:58
    мінез қайраттылығыңыз,стресске қарсы тұрақтылығыңыз,
  • 4:58 - 5:00
    мысқыл сезіміңіз осы жоғары дәрежеге қалай жетті?.
  • 5:00 - 5:03
    Сізді зерттегім келіп тұр,
  • 5:03 - 5:05
    себебі айтып берер әңгімеңізден
  • 5:05 - 5:07
    адам психикасын орта деңгейіне дейін қалай жеткізуді ғана емес,
  • 5:07 - 5:10
    бүкіл дүниежүзіндегі офис пен мектептердің орта деңгейін қалай көтеруге болатынын біле аламыз.»
  • 5:10 - 5:12
    - деп айтуымыз керек.
  • 5:12 - 5:14
    Бұл график мен үшін өте маңызды,
  • 5:14 - 5:16
    себебі жаңалықтар бағдарламасын ашқан кезде,
  • 5:16 - 5:18
    олардың дені көрерменге жағымсыз эмоцияларды жеткізетінін көремін.
  • 5:18 - 5:21
    Олар өлтірушілік,жемқорлық, ауру-сырқаулар мен табиғи ақаулар жөнінде баяндайды.
  • 5:21 - 5:23
    Сол себептен
  • 5:23 - 5:25
    мен әлемдегі жақсы мен жаманның нақты қатынасын осылай қабылдауға өте тез үйреніп қаламын.
  • 5:25 - 5:27
    Яғни жаңалықтар
  • 5:27 - 5:29
    «медик студенттің синдромы» атты нұсқамасын туғызады.
  • 5:29 - 5:31
    Оның мағынасын түсіндіре кетсек,
  • 5:31 - 5:33
    алғашқы оқу жылында медицина саласындағы студент
  • 5:33 - 5:35
    әртүрлі сырқаттардың бүкіл белгілерін оқып алып,
  • 5:35 - 5:37
    олардың барлығын өз бойында тауып алатынын білдіреді.
  • 5:37 - 5:40
    . Менің күйеу балам Бобо – мүлдем басқа жағдай десек болады.
  • 5:40 - 5:43
    Бобо Эми-жалғыз мүйізге үйленді.
  • 5:43 - 5:46
    Бір күні
  • 5:46 - 5:49
    ол маған Иель университетінің медицина факультетінен
  • 5:49 - 5:51
    телефон соғып: ”Шон, менде алапес бар»-, деді.
  • 5:51 - 5:53
    (күлкі)
  • 5:53 - 5:55
    Бұл өте сирек кездесетін ауру, тіпті Иелде.
  • 5:55 - 5:58
    Бірақ Бобоны қалай жұбатарымды білмедім,
  • 5:58 - 6:00
    өйткені біраз уақыт бұрын ол бір апталық менопаузаны басынан өткізді.
  • 6:00 - 6:02
    (күлкі)
  • 6:02 - 6:05
    Демек біздің дүниеге деген көзқарасымыз айналамыздағы әлем арқылы емес,
  • 6:05 - 6:08
    бізге берілген нұсқамалар арқылы қалыптасады,
  • 6:08 - 6:11
    және сол нұсқамаларды өзгертсек тек бақытты емес,
  • 6:11 - 6:14
    бірақ оған қоса бизнес пен білім алуда да жемісті бола аламыз.
  • 6:14 - 6:16
    Мен Гарвардқа арыз бердім, бірақ өтерімді ойламадым.
  • 6:16 - 6:19
    Отбасымыздың мені сол жақта оқытуға қаражаты болмаған.
  • 6:19 - 6:21
    Бірақ екі аптаның ішінде маған әскери шәкіртақысы берілді, және маған сол жаққа оқуыма мүмкіндік туылды.
  • 6:21 - 6:24
    Бұрын мүмкінсіз болып көрінген нәрсе кәзір шындық болып шыға келді.
  • 6:24 - 6:27
    Басқа студенттер де осындай беделді оқу орнында оқуды
  • 6:27 - 6:29
    абырой деп санайды деп ойлайтынмын.
  • 6:29 - 6:31
    Тіпті тобыңда барлығы сенен ақылды болса да,
  • 6:31 - 6:33
    сол жақта болудың өзі ғана үлкен бақыт.
  • 6:33 - 6:35
    Бірақ тапқаным,
  • 6:35 - 6:37
    оған қуанатынын кейбір ғана студенттер екенін көрдім.
  • 6:37 - 6:39
    Төрт жылдан ішінде оқуымды бітіргеннен кейін
  • 6:39 - 6:41
    Гарвардта тағы 8 жыл, әкімшілік өтініші бойынша, студенттермен бірге тұрдым –
  • 6:41 - 6:44
    дұрыс түсінбей қалмаңыз!
  • 6:44 - 6:48
    (күлкі)
  • 6:48 - 6:51
    Мен студенттерге олардың оқуларының 4 жылында консультация бердім.
  • 6:51 - 6:53
    Оларды бақылай отырып, мына бір жайтты байқадым:
  • 6:53 - 6:55
    олар өздерінің көрсетілімдеріне қатты қуанғанымен,
  • 6:55 - 6:58
    екі аптадан кейін
  • 6:58 - 7:01
    олар өздеріне көрсетілген құрметті
  • 7:01 - 7:03
    немесе философия және физиканы емес,
  • 7:03 - 7:05
    олар бәсекені, оқудағы міндеттемені, қиындықтарды -
  • 7:05 - 7:07
    қайғыны, шағымдар туралы жайттарды ойлай бастады.
  • 7:07 - 7:09
    Осы жерге келе саласымен, асханада мені күтіп отырған,
  • 7:09 - 7:12
    менің туған жерім Вакодан, Техас -
  • 7:12 - 7:14
    араларыңызда бұл жерді естігендер бар, келген бірінші курстағы достарыма жүгірдім.
  • 7:14 - 7:16
    . Олар менің хал-жағдайымды білуге келгендер етін.
  • 7:16 - 7:18
    Араларында бірі айналаға көз жүгіртіп, аузына сөз алды:
  • 7:18 - 7:20
    "Мына асхана "Гарри Поттердағы" Хогвартс асханасы секілді!"
  • 7:20 - 7:22
    Мына жер - Хогвартс, ал мына жер - Гарвард.
  • 7:22 - 7:24
    Басқалары бұны байқаған кезде
  • 7:24 - 7:26
    маған сұрақтарын жаудыртты: "Шон, неге сен бақытты іздеп - зерттеп әлек болудасың?
  • 7:26 - 7:28
    Гарвардта білім алатын адам
  • 7:28 - 7:30
    қалай бақытсыз бола алады?"
  • 7:30 - 7:32
    Егер бұл сұраққа үңіліп қарасақ,
  • 7:32 - 7:34
    бақыт сөзінің нені меңзеп отырғанын байқаса болады.
  • 7:34 - 7:36
    Себебі, бұл сұрақ жобалап
  • 7:36 - 7:39
    бақыттың дәрежесі сыртқы әлемге тәуелді екенін түсіндіреді.
  • 7:39 - 7:41
    Шындығына келетін болсақ,
  • 7:41 - 7:44
    бақытты болуымызға сыртқы әлемнің тигізетін үлесі тек қана 10.
  • 7:44 - 7:46
    Ал оның 90 пайызы сыртқы емес,
  • 7:46 - 7:48
    біздің ішкі қабылдау
  • 7:48 - 7:50
    түйсігімізге байланысты.
  • 7:50 - 7:52
    Егер де біз оны,
  • 7:52 - 7:54
    бақыт пен сәттілік формуласын, өзіміздің көз қарасымызды өзгертетін болсақ,
  • 7:54 - 7:56
    ол кезде
  • 7:56 - 7:58
    айналамыздағы нәрселерде өзгеріске ұшырайды.
  • 7:58 - 8:00
    Біз табыстың тек 25% ақыл -
  • 8:00 - 8:02
    парасаттың көмегімен,
  • 8:02 - 8:04
    ал қалған 75%-ы
  • 8:04 - 8:07
    өмірге үмітпен қарай білудің, жаныңдағылардың демеулерінің,
  • 8:07 - 8:10
    қиыншылықтарды өзіне қауіп ретінде емес, шақыру, ынталандыру ретінде қабылдай білуде екенін түсіндік.
  • 8:10 - 8:13
    Мен Жаңа Англияның ең беделді жеке меншік мектептің бастығымен әңгіме құрған етінмін.
  • 8:13 - 8:15
    Ол: "Біз бұл жағдайды жақсы білеміз.
  • 8:15 - 8:18
    Әр жыл сайын денсаулық аптасын өткізіп тұрамыз.
  • 8:18 - 8:21
    Дүйсенбі күні бізге беделді сарапшы келеді,
  • 8:21 - 8:23
    жасөспірімдердің арасындағы жабығу тақырыбында айтады.
  • 8:23 - 8:25
    Сейсенбі күні мектептегі қатыгездік мәселелерін турасында талқылаймыз.
  • 8:25 - 8:27
    Сәрсенбі күні тамақ мәселесі талқыланады.
  • 8:27 - 8:29
    Ал бейсенбі - нашақорды қалай тани аламыз.
  • 8:29 - 8:32
    Жұма күні қауіпті жыныстық қатынас пен бақыттың арасында таңдау жүргіземіз".
  • 8:32 - 8:35
    (Күлкі)
  • 8:35 - 8:37
    Мен: "Бұл таңдауды жұма күні бәрі жасайды" деп тіл қаттым.
  • 8:37 - 8:40
    (Күлкі)
  • 8:40 - 8:43
    (Қол шапалақтаулар)
  • 8:43 - 8:45
    Менің әзілім сіздерге ұнағанына қуаныштымын, алайда олар бұған ренжіп қалды.
  • 8:45 - 8:47
    алайда олар бұған ренжіп қалды.
  • 8:47 - 8:49
    Содан соң мен былай дедім: "Мен сіздердің мектептеріңізде қуана сөз сөйлер едім,
  • 8:49 - 8:52
    бірақ ол кезде денсаулық аптасының орнына ауру апталығы болады.
  • 8:52 - 8:54
    Сіздер тек болып қалу мүмкін деген бүкіл жаман жағдайлар туралы сөз қозғайсыздар,
  • 8:54 - 8:56
    бір жақсы жағдайды мүлде айтпайсыздар."
  • 8:56 - 8:58
    Аурудың болмауы - деннің сау дегені емес.
  • 8:58 - 9:00
    Деніміз сау болуымыз үшін,
  • 9:00 - 9:03
    бақыт пен сәттілік формуласына үңілу керек.
  • 9:03 - 9:05
    Соңғы үш жылда 45 елден болып қайттым,
  • 9:05 - 9:07
    әртүрлі мектептерде
  • 9:07 - 9:09
    және дағдарысқа ұшыраған көптеген компанияларда болып қайттым.
  • 9:09 - 9:11
    Сол кезде байқағаным, серіктестіктер мен мектептердің көбісі
  • 9:11 - 9:13
    келесі жетістік формуласын қолданады екен:
  • 9:13 - 9:15
    Қаншалықты тынымсыз еңбек етсең, соншалықты жетістікке жетесін.
  • 9:15 - 9:18
    Адам қаншалықты табысты болса, соншалықты ол бақытты.
  • 9:18 - 9:20
    Бұл біздің тәрбиеміз бен басқаруымыздың,
  • 9:20 - 9:22
    сонымен қатар өзіміздің жігерлендіруміздің іргетасы болып келеді.
  • 9:22 - 9:25
    Бірақ бұл ақиқат екі себеппен дұрыс емес:
  • 9:25 - 9:28
    Біріншіден, әрқашан сіз бір жетістікке қол жеткізген сайын
  • 9:28 - 9:30
    сізде жаңа мақсаттар пайда болады.
  • 9:30 - 9:32
    Жақсы баға алсаңыз, одан күштісін алғыңыз келеді,
  • 9:32 - 9:34
    жақсы мектепте білім алсаңыз, одан керемет мектепті армандайсыз,
  • 9:34 - 9:36
    жақсы жерде жұмыс істей отырып, одан да жоғарысын қалайсыз,
  • 9:36 - 9:38
    сауда нысанына қол жеткізген соң, одан жоғарысына ұмтыласыз.
  • 9:38 - 9:41
    Егер бақыт жетістіктің артында болса ешқашан да бақытты болмайсыз.
  • 9:41 - 9:43
    Біздің қауым бақыт деген ұғымды
  • 9:43 - 9:46
    әрқашан ой өрістерінен алшақтатып келеді.
  • 9:46 - 9:48
    Біз "алдымен жетістікке жету керек
  • 9:48 - 9:50
    сосын біз бақытты бола аламыз" деп ойлаймыз.
  • 9:50 - 9:52
    Негізінде бәрі керісінше.
  • 9:52 - 9:55
    Егер біз бақытты болсақ,
  • 9:55 - 9:58
    біздің санамыз жағымды қуатқа еге болады,
  • 9:58 - 10:00
    айтайын дегенім, егер сіз өзіңізді бақытты сезінсеңіз,
  • 10:00 - 10:02
    онда жаман немесе алаңдаулы күйден
  • 10:02 - 10:04
    керісінше жақсы жұмыс істей бастайсыз.
  • 10:04 - 10:07
    Ақыл-ой, шығармашылық және қуат көрсеткіштері көтеріледі.
  • 10:07 - 10:09
    Оған қоса
  • 10:09 - 10:11
    бүкіл карьералық көрсеткіштердің де көтерілуін байқадық.
  • 10:11 - 10:13
    Бақытты адам жаман,байсалды немесе мазасыз көңіл күйіндегі адамнан
  • 10:13 - 10:16
    31% артық табысты жұмыс істейді.
  • 10:16 - 10:18
    31% артық табысты жұмыс істейді.
  • 10:18 - 10:20
    Бақытты дәрігерлер мазасыз
  • 10:20 - 10:22
    немесе байсалды әріптестеріне қарағанда 19%- ға жылдам жұмыс істейді,
  • 10:22 - 10:24
    әрі нақтырақ диагноз қояды.
  • 10:24 - 10:26
    Демек біз жетістіктің формуласын өзгерте аламыз.
  • 10:26 - 10:29
    Егер біз бақытты бола алсақ,
  • 10:29 - 10:31
    еңбегіміздің жемістері табыстырақ болады,
  • 10:31 - 10:34
    өйткені біз бұрынғыдан да жылдам,зейінді және ақылды боламыз.
  • 10:34 - 10:37
    Керегі тек формуланы өзгертуіміз,
  • 10:37 - 10:39
    сонда біз нағыз қолымыз неге келетінін көреміз.
  • 10:39 - 10:41
    Сіз бақытты болған кезіңізде миыңызда допамин өндіріледі.
  • 10:41 - 10:43
    Ол екі функция атқарады.
  • 10:43 - 10:45
    . Сізді тек бақытты қылып қоймай,
  • 10:45 - 10:47
    мидың үйрену орталығын жандандырып,
  • 10:47 - 10:50
    жаңа дағдыларды үйренуге мүмкіншілік туғызады.
  • 10:50 - 10:52
    Бақытты болу әдетін қалыптастыру үшін
  • 10:52 - 10:54
    миға арналған жаттығулар таптық.
  • 10:54 - 10:57
    Үш апта бойы екі минуттың ішінде
  • 10:57 - 10:59
    біз миыңызды басқа райға ауыстырып,
  • 10:59 - 11:01
    жұмысын оптимисттік
  • 11:01 - 11:03
    әрі табысты қыла аламыз.
  • 11:03 - 11:05
    Осы жаттығуларды бірге жұмыс істеген
  • 11:05 - 11:07
    компанияларда тестілеуден өткіздік-
  • 11:07 - 11:09
    адамдар үш апта бойы әр күн сайын
  • 11:09 - 11:11
    ризашылығын білдірген 3 оқиға жазып отырды.
  • 11:11 - 11:13
    Осы кезеңнің аяғына қарай әлемдегі жаман емес,қайта жақсы нәрселерді көру әдеті қалыптаса бастайды.
  • 11:13 - 11:15
    Жетістіктеріңіздің күнделікті жазылып тұрғаны
  • 11:15 - 11:18
    олардың есіңізде жандануына себеп болады.
  • 11:18 - 11:20
    Жаттығу сіздердің Қылықтарыңыз бен жүріс-тұрыстарыңыз
  • 11:20 - 11:22
    көңіл күйіңізге тікелей әсер тигізетінін көрсетеді.
  • 11:22 - 11:25
    көңіл күйіңізге тікелей әсер тигізетінін көрсетеді.
  • 11:25 - 11:27
    Медитация бір уақытта
  • 11:27 - 11:30
    бірнеше тапсырмаларды орындауға
  • 11:30 - 11:32
    тырысқанымыздың себебінен туған көңіл немесе ілтипат жетіспеушілік синдромын жеңуге көмектеседі.
  • 11:32 - 11:35
    Ол дәл сол уақыттағы тапсырмаға көңіліңізді толығымен бөлуге көмектеседі.
  • 11:35 - 11:37
    Мейрімділіктің спонтанды көрсетілуі өте маңызды.
  • 11:37 - 11:39
    Біз адамдардан әр күн сайын
  • 11:39 - 11:41
    өз араларындағы біреулерге арналған алғысын, ризашылығын
  • 11:41 - 11:43
    білдіретін хатты жазуды өтіндік.
  • 11:43 - 11:45
    Осы әрекеттер мен жаттығуларды орындай отырып,
  • 11:45 - 11:47
    бақыт пен жетістіктің қатынасының жаңа формуласын шығарып,
  • 11:47 - 11:50
    бақыт сезімін жай ғана кездейсоқ,
  • 11:50 - 11:53
    уақытша оқиға емес екенін білдіріп,
  • 11:53 - 11:55
    сана сезіміміздегі түсініктерді түбегейлі өзгерте аламыз.
  • 11:55 - 11:57
    Назарларыңыз үшін үлкен рахмет.
  • 11:57 - 12:00
    (қол шапалақтау)
Title:
Жақсы көңіл-күйдің жұмысқа деген әсері
Speaker:
Шон Ачор
Description:

Қаншалықты тынымсыз еңбек етсең, соншалықты жетістікке жетесін деген дұрыс па? TEDxBloomington сақынасында, психология маманы, Шон Ачордың айтуы бойынша "Жақсы көңіл-күй- нәтижелі жұмыстың басты себебі".

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
12:00
Dimitra Papageorgiou edited Kazakh subtitles for The happy secret to better work
Dimitra Papageorgiou edited Kazakh subtitles for The happy secret to better work
Dimitra Papageorgiou approved Kazakh subtitles for The happy secret to better work
Islam Talapbayev accepted Kazakh subtitles for The happy secret to better work
Islam Talapbayev commented on Kazakh subtitles for The happy secret to better work
Islam Talapbayev edited Kazakh subtitles for The happy secret to better work
TEDtalks-KZ TEDtalks-KZ edited Kazakh subtitles for The happy secret to better work

Kazakh subtitles

Revisions

  • Revision 3 Edited (legacy editor)
    Dimitra Papageorgiou