Return to Video

Білімге шақыру

  • 0:00 - 0:02
    Бұл менің бірінші ханым ретінде
  • 0:02 - 0:04
    шетелге шыққан алғашқы сапарым.
  • 0:04 - 0:06
    Сенесіз бе?
  • 0:06 - 0:16
    (Қол шапалақ)
  • 0:16 - 0:19
    Ұлыбританияда алғаш рет емеспін.
  • 0:19 - 0:24
    Бірақ ресми сапармен
    бірінші рет келіп отырмын.
  • 0:24 - 0:28
    Америка мен Британия
    арасындағы ерекше байланыс
  • 0:28 - 0:33
    тек қана үкімет аралық келіссөздердің
    жиі жүріп жатқанынан немесе
  • 0:33 - 0:36
    тіліміз бен құндылықтарымыз
    ортақ болғанынан емес.
  • 0:36 - 0:40
    Сіздерге қарап осыған
    көзім жетіп отыр.
  • 0:40 - 0:44
    Сапарымның барысында
    жарқын болашақтарың үшін
  • 0:44 - 0:47
    талмай еңбек етіп жатқан
    Британияның ең ерекше
  • 0:47 - 0:50
    әйелдерімен кездесу құрметі көрсетілді.
  • 0:50 - 0:53
    Сіздермен кездесу мен үшін үлкен құрмет.
  • 0:53 - 0:59
    Сіздер Ұлыбритания мен
    жалпы әлемнің болашақ көшбасшыларысыз.
  • 0:59 - 1:04
    Өміріміз әртүрлі болса да,
  • 1:04 - 1:08
    мен АҚШ-тың бірінші ханымы болып,
  • 1:08 - 1:12
    сіздер мектеп жасөспірімдері болсаңыз да,
  • 1:12 - 1:16
    ұқсастығымыз бар.
  • 1:16 - 1:20
    Бүгін алдарыңызда
  • 1:20 - 1:22
    бірінші ханым ретінде
  • 1:22 - 1:25
    сөз сөйлейтінім
  • 1:25 - 1:27
    ойыма да кіріп шықпады.
  • 1:27 - 1:32
    Оқиғам да тікелей қатысты емес.
  • 1:32 - 1:35
    Ауқатты отбасында туып өспедім.
  • 1:35 - 1:39
    Белгілі бір әлеуметтік топқа жатпадым.
  • 1:39 - 1:43
    Чикагоның оңтүстігінде өстім.
  • 1:43 - 1:46
    Ол аймақ нағыз Чикагоның өзі.
  • 1:46 - 1:49
    Жұмысшылар табынан шықтым.
  • 1:49 - 1:53
    Әкем өмір бойы қалада жұмыс жасап келді.
  • 1:53 - 1:55
    Анам үйде отыратын.
  • 1:55 - 2:00
    Үйде отырып, үлкен ағам екеумізді бақты.
  • 2:00 - 2:03
    Екеуі де жоғарғы оқу орнын бітірмеген.
  • 2:03 - 2:06
    Әкеме күші кемелденген шағында
  • 2:06 - 2:08
    шашыраңқы скелорз деген диагноз қойды.
  • 2:08 - 2:11
    Жасы үлкейген сайын, таң ертең киінудің
  • 2:11 - 2:13
    өзіне қиналатын. Бірақ еш
  • 2:13 - 2:15
    тайынбастан ауруымен күресуді тоқтатпады.
  • 2:15 - 2:19
    Бір де бір рет шағым айтқан емес.
  • 2:19 - 2:21
    Тағдырына шүкіршілік етті.
  • 2:21 - 2:26
    Бұрынғыдан сәл ертерек тұрып,
    уақытының көп бөлігін жұмыста өткізді.
  • 2:26 - 2:29
    Ата-анам тәрбиемізге
    қатты көңіл бөлді.
  • 2:29 - 2:32
    Махаббат сияқты нағыз керек
    құндылықтарды бойымызға сіңірді.
  • 2:32 - 2:35
    Әрі жақсы білім мен
  • 2:35 - 2:37
    қажырлы еңбек
  • 2:37 - 2:40
    адамды қалаған мұратына
    жеткізетініне сендірді.
  • 2:40 - 2:44
    Кішкентайынан қамқор көрсетіліп өскен
  • 2:44 - 2:48
    мендей қызға жетістікке жетуде ешнәрсе
  • 2:48 - 2:53
    бөгет бола алмады.
  • 2:53 - 2:57
    Себебі ең тамаша кісілердің махаббаттарына
  • 2:57 - 3:02
    кенелдім. Әжелер, ұстаздар,
    әпкелерім, бөлелерім
  • 3:02 - 3:06
    және көрші апалар сабырлық пен
    адамгершілік қасиеттерін ұқтырды.
  • 3:06 - 3:11
    Анам – ең қатты
    үлгі тұтатын кісілердің бірі.
  • 3:11 - 3:13
    Бізбен бірге Ақ үйде
  • 3:13 - 3:16
    Малайа және Саша
    деген екі кішкентай қыздарымызды
  • 3:16 - 3:18
    бағуға көмектеседі.
  • 3:18 - 3:22
    Олардың тәрбиелеріне
    зер салып мән береді.
  • 3:22 - 3:24
    Ағам екеумізге берген тәрбиені енді
  • 3:24 - 3:27
    балаларым көріп жатыр.
    Қыздарымда рақымдылық, әділдік,
  • 3:27 - 3:30
    сенімділік және ыждаһат сияқты
  • 3:30 - 3:34
    адами құндылықтарды
    қалыптастыру үшін бар күшін салып жатыр.
  • 3:34 - 3:37
    Осындай қамқорлықты тек махаббаты риясыз
  • 3:37 - 3:40
    әжелер көрсете алады.
  • 3:40 - 3:44
    Әрі әкем, ағам, көкелерім және
    аталарым сияқты
  • 3:44 - 3:49
    нағыз ерлердің қолдауын
  • 3:49 - 3:52
    көріп өскенім үшін тағдырыма ризамын.
  • 3:52 - 3:57
    Олар маған ең маңызды тақырыпта
    біраз ақыл-кеңестерін берген.
  • 3:57 - 4:00
    Олардан ер кісі мен әйел адамның
    бір-біріне
  • 4:00 - 4:04
    лайықты ілтипат қандай болу
    керектігін үйрендім.
  • 4:04 - 4:08
    Осы кісілердің арқасында некенің
  • 4:08 - 4:11
    жауапкершілік пен адалдық сияқты
  • 4:11 - 4:15
    құндылықтарға негізделетінін түсіндім.
  • 4:15 - 4:17
    Олар маған отағасының
  • 4:17 - 4:19
    отбасы алдындағы міндеттері жайлы
  • 4:19 - 4:21
    білетіндерімен бөлісті.
  • 4:21 - 4:23
    Тек қана өз отбасыңның
  • 4:23 - 4:28
    жағдайын ойлап қоймай, қоғам тәрбиесіне де
  • 4:28 - 4:30
    атсалысу керектігін айтқысы келді.
  • 4:30 - 4:32
    Өз күйеуімнің бойынан
  • 4:32 - 4:35
    осындай қасиеттерді іздедім.
  • 4:35 - 4:37
    Барак Обама.
  • 4:38 - 4:41
    Ең бірінші рет кездескенімізде,
  • 4:41 - 4:45
    мені көрісуге шақырғаны есімде.
  • 4:45 - 4:48
    Ол көрісу деуімен қоғамдық
    жиналысқа бірге баруды меңзеді.
  • 4:48 - 4:50
    (Күлкі)
  • 4:50 - 4:52
    Білемін. Неткен романтика!
  • 4:52 - 4:55
    (Күлкі)
  • 4:55 - 4:57
    Бірақ Баракты бірінші кездестіргенімде,
  • 4:57 - 5:01
    ол қоғамдық ұйымдастырушы ретінде
    адамдарға жұмыс табуларына көмектесетін.
  • 5:01 - 5:05
    Нашар аудандарды керек ресурстармен
    қамтамасыз етуге тырысты.
  • 5:05 - 5:07
    Сол аудан орталығында екі тұжырымдама
  • 5:07 - 5:09
    жайлы тұрғындардың алдында заманымыз
  • 5:09 - 5:15
    қазіргі жағдайдан гөрі
    қандай болу керектігі туралы сөз сөйледі.
  • 5:15 - 5:19
    Мен де осы тақырыпты сайлау
    алдындағы науқанда жиі қозғадым.
  • 5:19 - 5:21
    Барактың айтуынша, осы екі тұжырымдаманың
  • 5:21 - 5:26
    бір-бірінен алыс болғанына
    көздерімізді жұмып қараймыз.
  • 5:26 - 5:30
    Кейде құндылықтарымызға сай келмесе де,
  • 5:30 - 5:34
    қазіргі заман талаптары бойынша
    шешім қабылдаймыз.
  • 5:34 - 5:37
    Бірақ Барак сол күні
  • 5:37 - 5:40
    қазіргі заман негізінен
    қандай болуы керектігі туралы
  • 5:40 - 5:44
    ойымызды есімізге түсірді.
  • 5:44 - 5:47
    Бәріміз әділет пен
    адам мүмкіншілігі деген
  • 5:47 - 5:49
    нәрселердің түп мағынасынан хабардармыз.
  • 5:49 - 5:51
    Жолдасым сол ортамның
  • 5:51 - 5:53
    жиналысында адамдарды
  • 5:53 - 5:56
    екі тұжырымдаманың арасын
  • 5:56 - 5:58
    біріктіруге шақырды.
  • 5:58 - 6:02
    Бірлесе отырып, қазіргі әлемнің жағдайын
  • 6:02 - 6:06
    жақсарту үшін жұмыс
    жасауымызды сұрады.
  • 6:06 - 6:09
    Бұл оқиғаны есіме қазір түсірген себебім
  • 6:09 - 6:13
    біздің болашағымызды жақсартуда
  • 6:13 - 6:18
    сіздердің үлестеріңіз көп
    екеніне сенімдімін.
  • 6:18 - 6:23
    Сіздер әлемді өз тәртібімен жаңадан
    қалыптастырасыңдар.
  • 6:23 - 6:25
    Осылайша тарихтың жаңа беттерін
  • 6:25 - 6:29
    толтырасыңдар.
    Бұны тек өздерің үшін емес
  • 6:29 - 6:32
    келер ұрпақты да ойлап іске асырасыңдар.
  • 6:32 - 6:34
    Сондықтан жақсы білім алу
  • 6:34 - 6:36
    өте маңызды.
  • 6:36 - 6:39
    Қазір оқуда
    кездестіретін қиыншылықтарыңыз,
  • 6:39 - 6:43
    мұғалімдермен ара-қатынасыңыз,
    жалпы оқудың түрлі
  • 6:43 - 6:46
    сатыларынан өтуіңіз өте маңызды.
  • 6:46 - 6:49
    Қоғам, мемлекет, тіпті бүкіл
    дүниежүзінде болсын,
  • 6:49 - 6:54
    әйел адамның атқаратын қызметі аса зор.
  • 6:54 - 6:56
    Бұл нәрсені әрдайым ескеруіміз қажет.
  • 6:56 - 7:02
    Қыз баланың білімді болуы маңызды.
  • 7:02 - 7:07
    Артта қалған отбасы мен
    мерейлі отбасы арасындағы
  • 7:07 - 7:10
    айырмашылық сол отбасыларда
    әйел адам қандай
  • 7:10 - 7:13
    орын алатынына байланысты.
  • 7:13 - 7:16
    Нашар қоғам мен гүлденген
    қоғам арасындағы айырмашылық
  • 7:16 - 7:20
    ер кісі мен әйел адам арасындағы
    сыйластықтан туындайды.
  • 7:20 - 7:25
    Екі жақтың қоғамға қосып жатқан үлестерін
    жете бағаламағаны дұрыс болмайды.
  • 7:25 - 7:28
    Қыздар мен ер балалардың оқуына
  • 7:28 - 7:30
    бірдей мүмкіншілік
  • 7:30 - 7:34
    берілсе,
  • 7:34 - 7:36
    мемлекет гүлденетіні сөзсіз.
  • 7:36 - 7:41
    Мына мектепке Британияның ең алғашқы
    әйел дәрігерінің аты берілуі,
  • 7:41 - 7:47
    қоршауында орналасқан ғимараттар
    мексикалық суретші Фрида Калоның
  • 7:47 - 7:49
    және қара нәсілді Флоренс бұлбұлы
  • 7:49 - 7:53
    деген лақап атымен танымал
    ямайкалық медбике Мэри Сикоулдың
  • 7:53 - 7:56
    немесе ағылшын жазушысы Эмили
    Бронтенің атымен аталу себебі
  • 7:56 - 8:00
    бұл кісілер жан тыныштығын табу үшін
  • 8:00 - 8:05
    кемсітушілік, нәсілшілдік және
    надандықпен күресуге тырысты.
  • 8:05 - 8:08
    "Шектеусіз" деген артымдағы
    ілініп тұрған жазудай,
  • 8:08 - 8:12
    олар да қиыншылықтарға қарамастан,
    мүмкіндіктеріне шек қоймады.
  • 8:12 - 8:14
    Армандарын іске асыру –
  • 8:14 - 8:17
    өмірдің мәні деп білді.
  • 8:17 - 8:22
    Осылайша кездескен көптеген
  • 8:22 - 8:24
    қиыншылықтарды жеңіп шықты.
  • 8:24 - 8:26
    Олар іздерінен ерген миллиондаған
  • 8:26 - 8:29
    әйел дәрігер мен медбикеге,
  • 8:29 - 8:32
    суретші мен жазушыға
  • 8:32 - 8:34
    жарқын болашаққа жол ашып берді.
  • 8:34 - 8:37
    Жақсы білім алсаңыз,
  • 8:37 - 8:41
    тағдырыңыз өз қолыңызда болады.
  • 8:41 - 8:44
    Әрдайым естеріңде болсын.
  • 8:44 - 8:48
    Біле білсеңіз, білімнің арқасында мен де
  • 8:48 - 8:51
    алдарыңда сөз сөйлеу құрметіне ие болдым,
  • 8:51 - 8:55
    Ешқашан сабақтан қалмадым.
    Араңызда біреу сабақтан қала ма білмеймін.
  • 8:55 - 8:57
    Өзім ешқашан олай істемедім.
  • 8:57 - 8:59
    Бес алған ұнайтын.
  • 8:59 - 9:01
    Қатарымның алды болған ұнайтын.
  • 9:01 - 9:05
    Әрдайым уақытылы келіп,
    сабақ орындағанды қызық көрдім.
  • 9:05 - 9:10
    Үздік оқушы болу өмірдегі
    ең күшті нәрсе деп ойладым.
  • 9:10 - 9:12
    Оқуға осындай көзқараспен қарайтын
  • 9:12 - 9:14
    болсаңыз, тағдырыңызды өзіңіз құра аласыз.
  • 9:14 - 9:17
    Жолыңыз ашық болып,
  • 9:17 - 9:19
    Армандарыңызға жете аласыз.
  • 9:19 - 9:23
    Дегендеріңізге жеткенде,
  • 9:23 - 9:27
    ізіңізден қуып келе жатқан
    жастарға қолдау көрсете бастайсыз.
  • 9:27 - 9:30
    Адам жетістікке
  • 9:30 - 9:32
    тек қана өзіне сеніп,
  • 9:32 - 9:34
    аянбай еңбек ету арқылы жетеді.
  • 9:34 - 9:36
    Шыққан жерің сіздерге
  • 9:36 - 9:39
    еш нәрседе көмектесе алмайды.
  • 9:39 - 9:43
    Бұған тарих куә.
  • 9:43 - 9:47
    Шынымен қазіргі заман солай.
  • 9:47 - 9:50
    Тағдырыңыз өзіңіздің қолыңызда.
  • 9:50 - 9:55
    Әрине, еш нәрсе оңайлықпен келмейді.
  • 9:55 - 9:57
    Бірақ сіздерде жетістікке жету үшін
  • 9:57 - 10:00
    қажет заттар
  • 10:00 - 10:03
    қолыңызда тұр.
  • 10:03 - 10:07
    Жолдасым бір үлкен бөлмеде жұмыс жасайды.
  • 10:07 - 10:10
    Бәрі оны Жұмыр бөлме деп атайды.
  • 10:10 - 10:12
    Сол жерде жолдасымның жұмыс үстелі бар.
  • 10:12 - 10:15
    Аты Резолют үстелі деп аталады.
  • 10:15 - 10:19
    Ол патшаның Резолют атты
  • 10:19 - 10:22
    кемесінің сүрегінен жасалды.
    Виктория патшайымының сыйы еді.
  • 10:22 - 10:27
    Ол үстел мемлекетаралық достық
    нышанын білдіреді.
  • 10:27 - 10:29
    Резолют деген аты
  • 10:29 - 10:33
    табанды, берік қасиеттер
    мемлекетті билеу үшін
  • 10:33 - 10:35
    ғана емес.
    Мәнді өмір сүру үшін де
  • 10:35 - 10:40
    керек екенін есімізге түсіреді.
  • 10:40 - 10:44
    Сендер де армандарыңа берік болып,
  • 10:44 - 10:47
    артқа шегінбей, тек ілгері
    жүретіндеріңе сенемін.
  • 10:47 - 10:52
    Әрқайсыларың берілген
  • 10:52 - 10:54
    қабілеттеріңді
  • 10:54 - 10:58
    қолданасыңдар деп сенемін.
  • 10:58 - 11:01
    Өйткені сіздерге сенім артып отырмыз.
  • 11:01 - 11:03
    Өздеріңді жетілдіруде
  • 11:03 - 11:06
    барынша тырысатындарыңа сенеміз.
  • 11:06 - 11:08
    Себебі әлем өте үлкен
  • 11:08 - 11:10
    және қиыншылықтарға толы.
  • 11:10 - 11:14
    Бізге істі кемеліне жеткізетін ақылды,
  • 11:14 - 11:16
    мықты, өздеріне сенімді қыздар керек.
  • 11:16 - 11:20
    Бәрі қолдарыңыздан келетініне сенімдіміз!
    Сіздерді жақсы көреміз. Үлкен рақмет.
  • 11:20 - 11:27
    (Қол соғу)
Title:
Білімге шақыру
Speaker:
Мишель Обама
Description:

Мишель Обама Лондондағы қыздар мектебінде оқушыларға білімге аса қатты мән беруге шақырды. Себебі дарынды ұрпақтың арқасында ғана заманымыз алтын ғасыр кезеңіне өте алады.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
11:29

Kazakh subtitles

Revisions