Return to Video

Қарындаш неге мінсіз?

  • 0:00 - 0:04
    Менің ойымша, қарындаш шығаратын
    дыбыс өте манызды.
  • 0:04 - 0:07
    Оның сықырлайтын дауысы да бар.
  • 0:07 - 0:09
    (Сызу)
  • 0:10 - 0:13
    [Шағын нәрсе. Үлкен идея.]
  • 0:14 - 0:16
    [Кэролайн Уивер қарындаш туралы]
  • 0:17 - 0:19
    Қарындаш – өте қарапайым нәрсе.
  • 0:19 - 0:21
    Қарындаш ағаштан, бояудан,
  • 0:21 - 0:23
    өшіргіштен және өзектен тұрады.
  • 0:23 - 0:25
    Өзегі графиттен, саздан
    және судан жасалған.
  • 0:25 - 0:28
    Бұл дизайнды жүздеген адам
  • 0:28 - 0:30
    ғасырлар бойы жасаған.
  • 0:30 - 0:33
    Қарындаш – көптеген адамның ұзақ
    уақыт бойғы еңбегінің жемісі,
  • 0:33 - 0:36
    қарындашты үйренудің жетік
    үлгісі деп есептеймін.
  • 0:36 - 0:38
    Қарындаш тарихы
    графиттен басталады.
  • 0:38 - 0:41
    Адамдар бұл минералды
    ойлап тапқан кезде
  • 0:41 - 0:43
    жиі қолдана бастады.
  • 0:43 - 0:45
    Графитті майда таяқшаларға
    бөліп,
  • 0:45 - 0:48
    жіппен байлап, қойдың терісіне немесе
    қағазға орады
  • 0:48 - 0:50
    сөйтіп, Лондон көшелерінде жазу немесе
  • 0:50 - 0:52
    сурет салудың құралы ретінде сатылды.
  • 0:52 - 0:54
    Үй жануарларын таңбалау үшін
  • 0:54 - 0:56
    малшылар мен фермерлер сатып алды.
  • 0:56 - 0:57
    Францияда Никола Жак Конте
  • 0:57 - 1:01
    графитті шаңға ұсақтап,
    балшық пен суға араластыру
  • 1:01 - 1:05
    жолымен алынатын
    графит қоспасы әдісін ойлап тапты.
  • 1:05 - 1:08
    Одан кейін қоспаны қалыпқа
    келтіріп, пешке күйдірді,
  • 1:08 - 1:11
    соңында сынбайтын, тегіс,
    қолдануға ыңғайлы, берік
  • 1:11 - 1:14
    графит өзегін жасап шығарды,
    сол уақытта қарындашқа ұқсас
  • 1:14 - 1:17
    қолданылған нәрседен де
    сапалырақ болатын.
  • 1:17 - 1:21
    Бұл әдіс әлі күнге дейін
    қарындаш өндірісінде қолданылады.
  • 1:21 - 1:25
    Сол уақытта Америкада, Конкорд қаласы,
    Массачусетс штатында
  • 1:25 - 1:28
    Генри Дэвид Торо қарындаш грифелінің
    қаттылығын анықтау үшін
  • 1:28 - 1:30
    шкала қолдануды ұсынды.
  • 1:30 - 1:32
    Қаттылық 1-ден 4-ке дейін
    өзгеріп отырды.
  • 1:32 - 1:35
    Көпшілік қаттылықтың 2
    өлшемін қолданды.
  • 1:35 - 1:38
    Қарындаш құрамында
    графит көбірек болған сайын
  • 1:38 - 1:40
    ол жұмсақ, қою және тегіс жазылды.
  • 1:41 - 1:44
    Ал грифельде балшық басым болса
    қаттырақ
  • 1:44 - 1:46
    әрі ашық, жіңішке жазды.
  • 1:47 - 1:50
    Бастапқыда қарындашты қолдан
    дөңгелек етіп жасады.
  • 1:50 - 1:51
    Бұны дайындау оңай тиген жоқ,
  • 1:51 - 1:55
    Өндірісті америкалықтар механикаландырды.
  • 1:55 - 1:57
    Ағаш өзектерін қиып,
    астауларды ізбелеп
  • 1:57 - 2:00
    тігіп, желімдейтін станок өндірісін
    бастағандардың
  • 2:00 - 2:04
    бірі ретінде Джозеф Диксон
  • 2:04 - 2:06
    есімі аталады.
  • 2:06 - 2:08
    Ол алты қырлы қарындаштарды
    жасаған
  • 2:08 - 2:10
    оңай және қисынды деп тұжырымдады.
  • 2:10 - 2:12
    Бұл үлгі ретінде қабылданды.
  • 2:13 - 2:14
    Алғашқы қарындаштар шыққанда
  • 2:14 - 2:16
    адамдар жазылғанды
    өшіру оңай болады
  • 2:18 - 2:20
    деп есептеді. Бұл үшін олар
  • 2:20 - 2:22
    нан ұсақтарын, каучук пен пемзаны
  • 2:22 - 2:23
    қолдана бастады.
  • 2:24 - 2:27
    Өшіргіші бар қарындаштар 1858 жылы
    алғаш рет пайда болды.
  • 2:27 - 2:31
    Канцелярлық тауар иесі америкалық
    Хайман Липман алғашқы өшіргіші бар
  • 2:31 - 2:32
    қарындашты патенттеді, бұл
  • 2:32 - 2:34
    қарындаш жасау ісінде ірі
    жетістік еді.
  • 2:35 - 2:38
    KOH-I-NOOR 1500 әлемде алғашқы
    сары қарындаш еді. KOH-I-NOOR фирмасы
  • 2:38 - 2:40
    бұл қарындашқа 14 қабат сары
  • 2:40 - 2:43
    бояу жағып, ұшын 14 караттық
    алтынға малығандығы үшін
  • 2:43 - 2:45
    танымал болды.
  • 2:45 - 2:47
    Түрлі талғамдағы қарындашты
  • 2:47 - 2:49
    табуға болады, әрбір қарындаштың жеке
    тарихы бар.
  • 2:50 - 2:54
    Blackwing 602 қарындашын
    жазушылар, ішінде Джон Стейнбек пен
  • 2:54 - 2:57
    Владимир Набоков бар, қолданғандықтан
    танымал болды.
  • 2:57 - 3:00
    Dixon компаниясы да қарындаш
    өндірумен аты шыққан.
  • 3:00 - 3:03
    Бұл Dixon Ticonderoga-ны шығарды.
  • 3:03 - 3:04
    Бұл аңызға айналды,
  • 3:04 - 3:07
    бұларды адамдар қарындаш
    жайында әңгімелескенде,
  • 3:07 - 3:09
    мектепті еске алғанда ауызға
    ала бастайды.
  • 3:09 - 3:11
    Қарындашты қолданушылар
  • 3:11 - 3:14
    бұл қалай жасалды, не үшін
    дәл осы қалыппен
  • 3:14 - 3:16
    шықты деген мәселелерге
    ой жүгіртпейді,
  • 3:16 - 3:18
    көрген қалпында қолдана береді.
  • 3:19 - 3:21
    Менің ойымша,
    қарындаштарды
  • 3:21 - 3:23
    бұдан артық жасау мүмкін емес.
  • 3:24 - 3:25
    Мінсіз деп есептеймін.
Title:
Қарындаш неге мінсіз?
Speaker:
Каролина Уивер
Description:

Бұл видеодан қарындаштың не себепті алты бұрышты болатыны және сары түс оған қалай келгенін ұғасыз. Қарындаштар дүкенінің иесі Каролина Уивер қарындаштың біз білмейтін тарихын баяндайды.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TED Series
Duration:
03:39
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for Why the pencil is perfect
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Why the pencil is perfect
Ainur Akhmetova accepted Kazakh subtitles for Why the pencil is perfect
Ainur Akhmetova edited Kazakh subtitles for Why the pencil is perfect
Ainur Akhmetova edited Kazakh subtitles for Why the pencil is perfect
Ainur Akhmetova edited Kazakh subtitles for Why the pencil is perfect
Ainur Akhmetova edited Kazakh subtitles for Why the pencil is perfect
Ainur Akhmetova edited Kazakh subtitles for Why the pencil is perfect
Show all

Kazakh subtitles

Revisions