-
Title:
OTP Үйрену сабақтары 07: Қалай тексеру керек?
-
Description:
Бұл видео TED ашық аударма жобасында субтитрді тексеру кезеңдерін түсіндіреді. Видеода төмендегі сілтеме қолданылған:
OTPedia құжаты:
http://translations.ted.org/wiki/How_to_Tackle_a_Review
Бұл видео TED Ашық аударма жобасына қатысып жүрген волонтерларға арналған. TED Open Translation Project жобасы TEDTalk-терді ағылшын тілінен өзге тілдерге транскрипциялап, аударуға мүмкіндік береді.
Толығырақ: http://www.ted.com/pages/287
-
[Қалай тексеру керек?]
-
Сонымен, кемінде 90 минут субтитрді
аудардыңыз немесе транскрипт жасадыңыз
-
Өзге редакторлар мен тіл
үйлестірушілердің тексеруін үйрендіңіз
-
және жұмысыңызға пікір алдыңыз
-
Барлық нұсқаулықтарды оқып,
әдістемелерді көріп шықтыңыз
-
Редакциялауға қош келдіңіз!
-
Редакциялау - ашық аударма жобасы
үшін өте маңызды
-
Сізсіз субтитрлер
жарияланбайды
-
және әлемге таратылмайды.
-
Редакторлар субтитрді
қатесіз және сапа стандартына сәйкес
-
болуы үшін тексереді.
-
Сонымен қатар,
аудармашыға немесе субтитр жасаушыға
-
сыпайы түрде жауап қайтарады.
-
Бірігіп жұмыс істеу
өте маңызды
-
және редакторлар өзгерістерді
талқылауға
-
және өзгерту жасауға дайын
болуы міндетті.
-
Субтитрді тексеру барысында
мына талаптарға мән беріңіз.
-
Бірінші: Техникалық талаптар
-
Барлық субтитрлер TED стандартына
сәйкес болуы керек.
-
Грамматикалық құрылымдардың
-
екі жолға немесе субтитрлерге бөлініп
кетпеуін тексеріңіз
-
Жеке субтитр ешқашан
алдыңғы сөйлемнің соңы мен
-
келесі сөйлемнің бастапқы бөлігін
қамтымауы тиіс.
-
Техникалық талаптарға сәйкестендіру
үшін мына тәсілді қолдана аласыз.
-
Мәтінің мағынасын өзгертпей қысқартуға,
уақытын өзгертуге, субтитрді
-
екі жолға бөлуге,
-
мәтінді қатарлар немесе субтитрлер
арасында қайта реттеуге,
-
және субтитрлерді қосуға не бөлуге
болады.
-
Сізге кеңес.
-
Субтитрді бөлу үшін
оның ұзақтығын қысқартыңыз
-
және мәтіннің бір бөлігін уақыт
аралығында пайда болған
-
субтитрге қойыңыз.
-
Субтитрлерді қосу,
-
бірінші субтитрдегі мәтінді көшіріп,
келесі жаңа субтитрге қою.
-
Кейін алдыңғы субтитрді өшіріп
-
және пайда болған
уақыт аралығына
-
жаңа субтитрдің уақытын созыңыз.
-
Екінші қойылатын талап...
-
Дәлдік.
-
Аударма түпнұсқадағы мағынаны
-
дұрыс жеткізгендігіне сенімді болыңыз,
-
және өте тура мағынадағы
аударманы түзетіңіз.
-
Арнайы терминдердің аудармасы,
қазақ тіліндегі кәсіпқой саладағы
-
қолданылу мағынасымен сәйкес екендігін
тексеріңіз.
-
Видеоның тақырыбы мен түсініктемесін
тексеруді ұмытпаңыз.
-
Транскрипте, мәтіннің сөйлеушінің
сөздерімен сәйкестігін тексеріңіз,
-
сөздердің дұрыс естілуіне
және байқаусызда
-
түсіп қалмауына мән беріңіз.
-
Субтитрлерді әрдайым TED.com сайтында
ұсынылған стилге сәйкестендіріңіз
-
және OTPedia-да қазақ тіліне көрсетілген
ұсыныстарды ескеріңіз.
-
Үшінші талап
-
субтитрдің дұрыс жазылғанын, емле
және грамматикалық қателерін тексеріңіз.
-
Дұрыс жазылуын тексеру үшін, браузерге
арналған арнайы плагинді қолданыңыз,
-
бірақ өзіңіз де қате жібермеңіз. Бұл жерде
плагин көмектеспейді.
-
Тыныс белгілерін тексеріңіз,
-
әсіресе субтитрдің немесе жолдың соңында.
-
Бірнеше субтитрге бөлінген сөйлемге
мұқият болыңыз.
-
Сөздердің реттілігі қазақ тіліне
сәйкес пе?
-
Әлде түпнұсқадағы тілдің реттілігіне
сәйкес пе?
-
Сөйлем толық аяқталған ойды білдіре ме?
-
Тексерудің соңғы талабы...
-
Қайта тексеру!
-
Өзгерістерден кейін,
-
барлығы дұрыс екеніне сенімді болу үшін,
тағы бір көріп шығыңыз.
-
Amara не TED профиль арқылы
-
аудармашыға немесе транскрип жасаушыға
-
өзгерістер жайлы хабар беріңіз.
-
Тапсырманы орындауға берілетін
-
уақытты ескере отырып, түзетулер мен
талқылау жасау үшін
-
мерзім белгілеңіз.
-
Есіңізде болсын тексеруші болумен қатар,
сіз тәлімгерсіз.
-
Әрқашан тексерген жұмысыңызға пікір
қалдырыңыз.
-
Пікіріңіз ерекше, әрі позитивті
болуы тиіс.
-
Аяқталған жұмыспен бөлісу
-
аударма мен транскрип жасаушыларға
пайдалы болуы мүмкін.
-
Сонымен қатар субтитрдегі түзетулерді
ғана емес,
-
істелген еңбекті есекеріңіз.
-
Түзетуі оңай қателер көп болса,
мысалы, қате теру
-
онда субтитр кері қайтарылады.
-
Әрқашан нені түзету керек және
қалай түзету керек екенін
-
түсіндіріп жазуды ұмытпаңыз.
-
Нені меңзеп тұрғаныңызды көрсету үшін,
субтитрдің
-
алғашқы минуттарын
түзетіп жіберіңіз.
-
Ең соңында есіңізде болсын,
-
субтитрлер жарияланбас бұрын
-
тіл үйлестіруші мақұлдау тиіс.
-
Үйлестірушінің пікіріне мән беріңіз
-
Егер субтитрді толықтыру үшін
кері қайтарса,
-
берген нұсқаулықтарын
орындаңыз.
-
Есіңізде болсын, субтитрді
тексеруіңіз - өзге еріктілердің
-
жұмысының жариялануына мүмкіндік береді.
Сондықтан,
-
сіздің рөліңіз өте маңызды.
-
Әзірге осы.
Транскрипциялау мен аударма ісінде
-
және тексеруде сәттілік!