Return to Video

Неліктен статистиканы жақсы көруіміз керек?

  • 0:01 - 0:04
    2013 жылы
  • 0:04 - 0:06
    Ұлыбритания үкіметі сауалнама жүргізді.
  • 0:07 - 0:11
    Сауалнама тұрғындардың
  • 0:11 - 0:12
    сан сауаттылығын тексерді.
  • 0:12 - 0:14
    Нәтижесіне өздері таңғалды.
  • 0:14 - 0:17
    Елдегі ересек 100 адамның
  • 0:17 - 0:20
    47-сі сан сауаттылығының
    бірінші деңгейіне жетпеді.
  • 0:21 - 0:25
    Сан сауаттылығының 1-деңгейі
    GCSE ұпайымен анықталады.
  • 0:25 - 0:29
    Бөлу, пайыз анықтау,
    ондық сандарды түсіну деген сөз.
  • 0:29 - 0:33
    Бұл нәтиже үкіметті
    біраз әуреге салды.
  • 0:33 - 0:35
    Біраз шешімдер
    қабылданып,
  • 0:35 - 0:37
    ақша қайта қарастырылып,
  • 0:37 - 0:40
    2011 жылы қайтадан
    сауалнама жүргізілді.
  • 0:40 - 0:42
    Сонымен нәтижесі
    қалай өзгерді дейсіз ғой.
  • 0:44 - 0:45
    Әлгі сан 49 болды.
  • 0:45 - 0:47
    (Күлкі)
  • 0:47 - 0:49
    Бұл ақпаратты
    Financial Times-та бөліскенде,
  • 0:49 - 0:51
    бір оқырманымыз:
  • 0:51 - 0:55
    "Бұл ақпарат тұрғынның тек
    51 %-ына үрейлі" деп қалжыңдады.
  • 0:55 - 0:57
    (Күлкі)
  • 0:57 - 1:00
    Өз басыма мектеп оқушысының
  • 1:00 - 1:04
    осыған қатысты пікірі ұнады.
  • 1:04 - 1:05
    Ол қолын көтеріп,
  • 1:05 - 1:08
    "Бұл мәліметті жинақтаған
    адам
  • 1:08 - 1:09
    49 %-дың ішіндегі
    біреу емес пе?"
  • 1:09 - 1:11
    (Күлкі)
  • 1:11 - 1:15
    Сандарды түсіне алмау -
    үлкен мәселе,
  • 1:15 - 1:17
    себебі сандардың өмірлік
    маңызы бар,
  • 1:17 - 1:21
    әрі біздің заманымыздағы
    негізгі өзгерістер
  • 1:21 - 1:23
    сандармен байланысты.
  • 1:23 - 1:25
    Бұл енді тек ағылшын
    мәселесі емес.
  • 1:25 - 1:30
    ЕҚЫҰ биылғы есебінде
    жастар арасындағы сан сауаттылығын
  • 1:30 - 1:33
    жариялады, АҚШ көш бастап тұр.
  • 1:33 - 1:38
    Сан сауаттылығы америка жастарының
    40 пайызында төменгі деңгейде.
  • 1:38 - 1:39
    Англия да осы шамалас.
  • 1:39 - 1:44
    Бірақ ЕҚЫҰ-ның 7 елі
    20 %-дан сәл асып тұр.
  • 1:45 - 1:47
    Бұл үлкен мәселе,
    бұлай болуы адам шошытады.
  • 1:47 - 1:49
    Кестенің соңғы жағына көз салсаңыз
  • 1:49 - 1:52
    Нидерланды мен Корея
    оқшауланып тұр.
  • 1:52 - 1:57
    Сан сауаттылығы аса
    өзекті екенін көріп тұрмыз.
  • 1:58 - 2:00
    Мұндай зерттеулер
    пайдалы болуымен қатар,
  • 2:00 - 2:06
    адамдарды білместікпен
    екі топқа бөлеміз.
  • 2:06 - 2:08
    Адамдардың екі тобы бар:
  • 2:08 - 2:12
    сандарды түсіне алатын, әрі
    онымен жұмыс істей алатындар
  • 2:12 - 2:14
    және онымен жұмыс істей алмайтындар.
  • 2:14 - 2:16
    Бүгін мен бұл жерде
  • 2:16 - 2:19
    мұндай бөлудің дұрыс еместігін
    айтқым келеді.
  • 2:20 - 2:21
    Бұлай жіктеу ақылға қонымсыз.
  • 2:21 - 2:25
    Сандарды түсіну үшін,
    менің ойымша,
  • 2:25 - 2:27
    керемет математик болу
    шарт емес.
  • 2:27 - 2:30
    Әуелі осыны түсінуден бастайық.
  • 2:30 - 2:35
    Бұл нәрсені ұғу
  • 2:35 - 2:36
    статистиканы түсінуден басталады.
  • 2:36 - 2:40
    Менің ойымша,
    статистиканың өз кезегінде
  • 2:40 - 2:41
    бейнеленуі дұрыс емес.
  • 2:41 - 2:42
    (Күлкі)
  • 2:42 - 2:44
    Бұл математиканың бір бөлігі
  • 2:44 - 2:47
    болса да,
    математиктер ұнатпайды.
  • 2:47 - 2:51
    Себебі математика дәлдік пен
    нақтылықты ұнатады.
  • 2:51 - 2:53
    Статистика - бұған қарама-қарсы.
  • 2:54 - 2:58
    Өз басым, статистикаға
    кештеу ден қойдым.
  • 2:58 - 3:01
    Университеттегі профессорымнан
  • 3:01 - 3:05
    менің ең жек көретін
    екі сабағымды сұрасаңыздар
  • 3:05 - 3:08
    "статистика мен
    бағдарламалау" деп айтар еді.
  • 3:08 - 3:11
    Енді алдарыңызда
    статистика кестесін көрсетіп тұрмын.
  • 3:11 - 3:12
    Өзім жасадым.
  • 3:13 - 3:14
    Менің өзгеруіме не әсер етті?
  • 3:15 - 3:18
    Статистика қызық
    деп ойлауға не түрткі болды?
  • 3:18 - 3:20
    Себебі статистика түптеп келгенде
    өзіміз екен.
  • 3:21 - 3:23
    Статистика сөзінің
    төркініне үңілсек,
  • 3:23 - 3:26
    деректер туралы ғылым.
  • 3:26 - 3:29
    Өзіміз өмір сүретін
    қоғамның деректері.
  • 3:29 - 3:32
    Статистика бізді топ ретінде
    қарастырады,
  • 3:32 - 3:34
    жеке адам ретінде емес.
  • 3:34 - 3:35
    Тіршілік иесі ретінде,
  • 3:35 - 3:39
    біз жеке тұлға ретінде
    топқа, қасымыздағыларға
  • 3:39 - 3:40
    қалай әсер ететініміз қызық.
  • 3:41 - 3:44
    Статистика осы тұрғыдан алғанда
    бізге таңғаларлық
  • 3:44 - 3:45
    дерек ұсынады.
  • 3:45 - 3:49
    Соңғы жылдары Ipsos MORI тарапынан
  • 3:49 - 3:50
    өте керемет сауалнама жүргізілді.
  • 3:50 - 3:53
    Ұлыбританиядағы
    1000 ересектен
  • 3:53 - 3:57
    "100 адамға шаққанда
    Англия мен Уэльсте
  • 3:57 - 3:59
    қанша мұсылман бар?"
    деп сұралды.
  • 3:59 - 4:02
    Мынау сауалнаманың
    орташа көрсеткіші,
  • 4:02 - 4:05
    жалпы тұрғынның
    пікірі 24 болды.
  • 4:05 - 4:09
    Бұл көпшіліктің ойы.
  • 4:09 - 4:12
    Британдықтар 100 адамға шаққанда
    елде 24 мұсылман бар деп есептейді.
  • 4:12 - 4:17
    Ресми мәлімет бойынша,
    бестен артық емес.
  • 4:18 - 4:22
    Біздің ойымыз бен қабылдауымыздың
    арасында үлкен айырмашылық бар.
  • 4:22 - 4:24
    Оны статистика нақты
    көрсете алады.
  • 4:24 - 4:25
    Осы нәрсе қызық.
  • 4:25 - 4:29
    Бұл түсінбестіктің сыры неде?
  • 4:29 - 4:31
    Осыны түсінгім келді.
  • 4:31 - 4:35
    Кейбір сауалдарды
    презентацияда қолдана бастадым.
  • 4:35 - 4:36
    Сөйтіп мына презентация
  • 4:36 - 4:38
    Хамерсмит қыздар мектебінде
    дайындалды.
  • 4:38 - 4:40
    Тыңдармандарым осы
    секілді болды.
  • 4:40 - 4:44
    Тек бәрі алтыншы
    сынып қыздары еді.
  • 4:44 - 4:47
    "Қыздар, – дедім,
  • 4:48 - 4:52
    Британия халқының пікірінше
    қанша жасөспірім қыздың
  • 4:52 - 4:54
    аяғы ауыр деп ойлайсыңдар?"
  • 4:54 - 4:57
    Британдықтар 100 жасөспірім
    қызға шаққанда әрбір
  • 4:57 - 5:01
    15 қыздың аяғы ауыр дегенді
    естігенде
  • 5:01 - 5:03
    ызаланып кетті.
  • 5:03 - 5:06
    Ашулануға негіз де бар еді.
  • 5:06 - 5:08
    Себебі шындығында
    бұл нөл де 200-ге жуық
  • 5:08 - 5:10
    мәлімет еді.
  • 5:10 - 5:13
    Әрі бұл - ресми мәлімет.
  • 5:13 - 5:16
    Сан сауатсыздығы -
    бұл тек ағылшындардың мәселесі емес.
  • 5:16 - 5:21
    Ipsos MORI зерттеуін басқа
    елдерде де жалғастырды.
  • 5:21 - 5:24
    Сөйтіп Сауд Арабияда
    сауалнама жүргізді.
  • 5:24 - 5:26
    100 адамға шаққанда
    қаншасы
  • 5:26 - 5:29
    семіздікке шалдыққан?
  • 5:31 - 5:36
    Сауд арабиялықтардың дені
    ширекке жуығы деген.
  • 5:36 - 5:38
    Мынау олардың ойы.
  • 5:38 - 5:40
    Ересектердің төрттен бірі
    семіздікпен ауырады.
  • 5:40 - 5:45
    Ресми мәлімет болса,
    үштен бірі дейді.
  • 5:45 - 5:46
    (Күлкі)
  • 5:47 - 5:49
    Үлкен алшақтықты
    көріп отырмыз.
  • 5:49 - 5:53
    Мынауысы қызық:
    Жапондардан
  • 5:53 - 5:55
    әрбір 100 жапонды
    алсақ,
  • 5:55 - 5:58
    қаншасы ауылда тұрады?
  • 5:59 - 6:03
    Орташа есеппен
    50 де 50 деп санайды.
  • 6:03 - 6:08
    100-ден 56-сы
    ауылда тұрады дейді.
  • 6:08 - 6:09
    Ресми мәлімет бойынша -
    жетеу.
  • 6:10 - 6:15
    Осынша алшақтық
    адамды таңғалдырады.
  • 6:15 - 6:17
    Бірақ Даниел Кахмен
    кітабын оқығандар
  • 6:17 - 6:22
    үшін бұл таңғаларлық жағдай емес.
  • 6:22 - 6:27
    Әріптесі Амос Тверский
    екеуі адамдардың
  • 6:27 - 6:30
    қабылдауы мен ойлауы
    арасындағы алшақтықты зерттеген.
  • 6:30 - 6:34
    Адамдар статистикалық болжам
    жасағанда көп жаңылысады.
  • 6:34 - 6:35
    Оның бірнеше себебі бар.
  • 6:35 - 6:39
    Өз басымыздан кешкенімізге
    қарап бағалаймыз.
  • 6:39 - 6:43
    Сонымен қатар медиадағы
    ақпарат та әсер етеді.
  • 6:43 - 6:44
    Сөйтіп шындықтан алшақтаймыз.
  • 6:45 - 6:47
    Кахнеман бұл жайтты
    былай түсіндіреді.
  • 6:47 - 6:49
    "Шынайы нәрсені көргенде
    соқырмыз" дейді.
  • 6:49 - 6:51
    Біз сандарды қате ұғыппыз.
  • 6:51 - 6:53
    "соқыр болғандықтан
    соқырлығымызды да білмейміз"
  • 6:53 - 6:56
    Шешім қабылдауда бұның
    әсері зор.
  • 6:56 - 6:59
    Статистика кеңсемізде осыны
    талқылағанда
  • 6:59 - 7:01
    мұның бәрі маған қызық болды.
  • 7:01 - 7:03
    Бұл ғаламдық мәселе
    деген тоқтамға келдім.
  • 7:03 - 7:06
    Бірақ география да
    бұл орайда әсер еткен болар.
  • 7:06 - 7:10
    Сауалдар "өз еліңді
    қаншалықты жақсы білесің"
  • 7:10 - 7:14
    дегенге саяды. Бірақ
    64 млн. адамды танисың ба?
  • 7:14 - 7:16
    Көпшілігіміз білмейміз.
    Мысалы, мен білмеймін.
  • 7:16 - 7:18
    Содан мынадай ой келді.
  • 7:18 - 7:21
    Тура осы мәселені
    енді
  • 7:21 - 7:23
    жергілікті деңгейде қарастырсақ.
  • 7:23 - 7:24
    Бұл жергілікті ме?
  • 7:24 - 7:26
    "Сен өз ауылыңды қаншалықты
  • 7:26 - 7:28
    жақсы білесің" десек ше?
  • 7:28 - 7:30
    Болжамың аз да болса нақты болады ма?
  • 7:32 - 7:34
    Сөйтіп сауалнама жасадым:
  • 7:34 - 7:35
    Өз тұратын жеріңді
    жақсы білесің бе?
  • 7:36 - 7:38
    Қарапайым бағдарлама.
  • 7:38 - 7:40
    Индексіңді жазасың.
  • 7:40 - 7:42
    Ұлттық санақ нәтижесінде
    сенің өлкең туралы
  • 7:42 - 7:44
    сұрақтар қояды.
  • 7:44 - 7:46
    Әзірлеу барысында
    нәтижесіне алаңдадым.
  • 7:46 - 7:51
    Мүмкіндігінше
    әртүрлі адамдар жауап берсе,
  • 7:51 - 7:53
    сандарды түсінетін
    49 пайыз ғана емес.
  • 7:53 - 7:55
    Көпшіліктің сауалнамасы
    болса дедім.
  • 7:55 - 7:57
    Сауалнама дизайны үшін
  • 7:57 - 8:00
    Отто Неураттың
    1920-30 жылғы
  • 8:00 - 8:03
    изотобын қолдандым.
  • 8:03 - 8:07
    Сонымен бұл -
    ұқсас символдар -
  • 8:07 - 8:09
    сандарды бейнелейтін
    әдіс.
  • 8:10 - 8:13
    Сандар символдың
    ар жағына жасырынған.
  • 8:13 - 8:16
    Санды бейнелеудің
    тамаша тәсілі.
  • 8:16 - 8:19
    Яғни, пайыз деген
    сөзді қолданып, шатастырмаймыз.
  • 8:19 - 8:20
    Бөлігі, қатынасы
    да жоқ.
  • 8:20 - 8:22
    Мінекей сауалнамамыз.
  • 8:22 - 8:24
    Түсінуге оңай,
  • 8:24 - 8:27
    сол жақтағы жақтауда
    қайталанатын икона бар.
  • 8:27 - 8:30
    Картада өлкеңе
    қатысты сұрақтар
  • 8:30 - 8:31
    оң жақтан көрінеді.
  • 8:31 - 8:32
    Жеті сұрақ қойылады.
  • 8:32 - 8:36
    Әр сұраққа
    0 мен 100 арасында
  • 8:36 - 8:38
    жауап берсеңіз болады.
  • 8:38 - 8:41
    Соңында нөл мен
    жүз ортасында жауап шығады.
  • 8:41 - 8:43
    Біз TEDxExeter-де отырғандықтан
  • 8:43 - 8:45
    сіздерге мына сауалнама
    қызық болар деймін.
  • 8:45 - 8:48
    Эксетерге байланысты
    сауалдар.
  • 8:48 - 8:49
    Бірінші сауалымыз былай:
  • 8:49 - 8:52
    Әрбір 100 адамға шаққанда
    қаншасы 16 жастан төмен.
  • 8:53 - 8:56
    Эксетер туралы білерім аз,
    сондықтан болжауым керек.
  • 8:56 - 8:59
    Сөйтіп сауалнама
    қалай әзірленгенін ұғасыз.
  • 8:59 - 9:03
    Слайдермен иконаны
    белгілейсіз.
  • 9:03 - 9:05
    Сосын "Жіберу"
    батырмасын басасыз.
  • 9:05 - 9:09
    Шынайы жауап пен
    сіздің жауап арасындағы
  • 9:09 - 9:13
    айырманы көрсетеміз.
    Сөйтсек, бес екен.
  • 9:13 - 9:15
    Келесі сұраққа
    қалай қарайсыз?
  • 9:15 - 9:17
    Бұл орташа жаспен байланысты.
  • 9:17 - 9:19
    Тұрғынның жартысы
    қаншалықты жас,
  • 9:19 - 9:21
    қаншалықты кәрі деп ойлайсыз?
  • 9:21 - 9:24
    35 деп айтсам, қателеспеспін,
    орташа жас қой.
  • 9:24 - 9:26
    (Күлкі)
  • 9:28 - 9:30
    Сөйтсек, Эксетер
    өте жас екен.
  • 9:30 - 9:35
    Бұл жердегі университеттің
    маңызын ескермеппін.
  • 9:35 - 9:37
    Сұрақтар барған сайын
    күрделенеді.
  • 9:37 - 9:39
    Мынауысы жеке үйі
    барлар туралы.
  • 9:40 - 9:44
    100 адамға шаққанда
    қаншасында ипотека бар?
  • 9:44 - 9:45
    Менің болжамым мынау,
  • 9:45 - 9:48
    Жауаптан 50 ден
    көп қателескім келмеді.
  • 9:48 - 9:50
    (Күлкі)
  • 9:50 - 9:53
    Мынауысы одан қиын.
  • 9:53 - 9:55
    Себебі тұратын жеріңде
  • 9:56 - 10:01
    адамның жасына
    қатысты бір белгілер бар.
  • 10:01 - 10:03
    Айналаңа қарап
    болжайсың.
  • 10:03 - 10:07
    Бірақ үйі бар адамдарды
    бірден анықтай алмайсың.
  • 10:07 - 10:09
    Сөйтіп, долбарға
    сүйенесің,
  • 10:09 - 10:14
    іштей қанша адамның
    жеке үйі барын ойлайсың.
  • 10:14 - 10:17
    Бір қызығы,
    сауалнаманы жариялағанда
  • 10:17 - 10:21
    деректер бірнеше жылғы
    санақтан алынды.
  • 10:21 - 10:24
    Онлайн бағдарлама арқылы
    индексті жазып,
  • 10:25 - 10:27
    ескі деректі де көре аласың.
  • 10:27 - 10:28
    Сондықтан кейбір кездері
  • 10:28 - 10:31
    бұлар ескі болғандықтан
    маңызды болмауы мүмкін.
  • 10:31 - 10:35
    Бірақ адамдардың
    бұған қалай қарайтыны
  • 10:35 - 10:38
    қызық еді. Датаны ойнату
    арқылы
  • 10:38 - 10:39
    адамдарға өздерінің
  • 10:39 - 10:43
    ішкі пайымдары барын көрсету еді.
  • 10:44 - 10:47
    Сөйтсек, бұл туралы
  • 10:48 - 10:50
    адамдар көп ойланады екен.
  • 10:50 - 10:54
    Көпшілікке қызық болған
    статистикалық сайт
  • 10:54 - 10:55
    құлап қалды.
  • 10:55 - 10:57
    (Күлкі)
  • 10:57 - 11:00
    Мында "сатистика", "үкімет",
    "Ұлыбритания" сөздері бар.
  • 11:00 - 11:04
    Адамдар ең аз қолданатын
    сөздер екен.
  • 11:04 - 11:08
    Сайтты кешкі сағат
    10-ға 15 қалғанда
  • 11:08 - 11:10
    іске қостық.
  • 11:10 - 11:13
    Адамдар қалағанынша
  • 11:13 - 11:15
    деректермен жұмыс істесін
    дедік.
  • 11:15 - 11:17
    Бұған жеке уақыттарын
    арнасын дедік.
  • 11:17 - 11:19
    Бір қызығы
  • 11:19 - 11:23
    250 мыңдай адам
  • 11:23 - 11:26
    сайт іске қосылған 48
    сағатта сауалнаманы тексерді.
  • 11:26 - 11:30
    Интернетте бұл
    біраз талқыланды,
  • 11:30 - 11:32
    себебі көпшілік
  • 11:32 - 11:36
    өздерінің ішкі түйсіктері
    туралы айтты
  • 11:36 - 11:39
    Бұлай болар деп
    ойламап едім.
  • 11:39 - 11:40
    Шын айтамын.
  • 11:41 - 11:44
    Сонымен қатар
    адамдар саясаткерлерге жібере бастады.
  • 11:44 - 11:46
    Өзіңіз сайланған аймағыңыз туралы
    не білесіз?
  • 11:46 - 11:48
    (Күлкі)
  • 11:48 - 11:49
    Сөзімнің соңына қарай
  • 11:50 - 11:52
    екі түрлі адамдарға қайта оралайын.
  • 11:52 - 11:55
    Сандарды жақсы түсінетіндер
  • 11:55 - 11:57
    сауалнамаға қалай жауап
    берер екен деп ойладым.
  • 11:57 - 12:00
    Англия мен Уэльстің
    ұлттық санақшысы
  • 12:01 - 12:03
    Джон Пуллер эксперт қой.
  • 12:04 - 12:06
    Ол өз аймағы туралы
    сауалнамадан 44 ұпай алды.
  • 12:06 - 12:08
    (Күлкі)
  • 12:08 - 12:13
    Бір стақан шарап ішіп, жауап берген
    Джереми Паксман - 36.
  • 12:14 - 12:16
    Өте нашар.
  • 12:16 - 12:19
    Сандар бәрімізді
    қызықтыратынын білеміз.
  • 12:19 - 12:20
    Бәрімізді таңғалдырады.
  • 12:20 - 12:22
    Әдетте статистиканы
  • 12:22 - 12:24
    күмәнді ғылым дейміз.
  • 12:24 - 12:26
    Өз кезегінде менің ойымша:
  • 12:26 - 12:29
    Статистика - өзіміз туралы ғылым.
  • 12:29 - 12:32
    Сол себепті сандарды
    жақсы көруіміз керек.
  • 12:32 - 12:33
    Көп рақмет.
  • 12:33 - 12:37
    (Қол соғу)
Title:
Неліктен статистиканы жақсы көруіміз керек?
Speaker:
Алан Смит
Description:

Статистика болжамын жасағанды жақсы көресің бе? Өзімізді математикадан жақсы немесе нашар сезінсек те, сандарды түсінуге қатысты қабілетіміз шектеулі. Дата визуализация маманы Алан Смиттің тұжырымы осындай. Өзінің баяндамасында ол біздің білгеніміз бен ойлағанымыздың арасындағы сәйкессіздікті түсіндіреді.

more » « less
Video Language:
English
Team:
TED
Project:
TEDTalks
Duration:
12:49

Kazakh subtitles

Revisions Compare revisions