Return to Video

Табиғаттың жасырын ғажайыптары

  • 0:01 - 0:04
    Технология, өнер және ғылымды
  • 0:04 - 0:07
    байланыстыратын не?
  • 0:07 - 0:09
    Әуестік пен қызығушылық,
  • 0:09 - 0:12
    өйткені бұл бізді зерттеуге жетелейді,
  • 0:12 - 0:15
    өйткені бізді көзге көрінбейтін
    нәрселер қоршап жатыр.
  • 0:15 - 0:17
    Фильм түсіруді жақсы көремін,
  • 0:17 - 0:19
    уақыт пен кеңістік порталынан өтіп,
  • 0:19 - 0:21
    саяхат жасау үшін,
  • 0:21 - 0:23
    көрінбейтінді көрсету үшін.
  • 0:23 - 0:25
    Бұл фильмдер
  • 0:25 - 0:27
    мүмкіндігімізді арттырып,
  • 0:27 - 0:29
    түйсігімізді түрлендіреді,
  • 0:29 - 0:32
    ой-өрісімізді кеңейтіп,
  • 0:32 - 0:34
    жүрегімізге жетеді.
  • 0:34 - 0:36
    Мінеки, "Көрінбейтін әлемнің құпиялары"
  • 0:36 - 0:37
    деп аталатын менің 3D IMAX
  • 0:37 - 0:40
    фильмімнен алынған кейбір көріністер,
  • 0:40 - 0:42
    (Музыка)
  • 0:42 - 0:44
    Байқауға шамамыз жете бермейтін
  • 0:44 - 0:46
    өте баяу қимыл-қозғалыстар бар,
  • 0:46 - 0:49
    жылдамдатылған кадрлық уақыт
    өмір туралы көзқарасымызды
  • 0:49 - 0:52
    айқындап, кеңейтуге мүмкіндік береді.
  • 0:52 - 0:55
    Біз организмдердің
    қалай пайда болып, дамитынын,
  • 0:55 - 1:00
    жүзім сабағының күн шуағына жету үшін
    орман ағашына өрмелеу арқылы
  • 1:00 - 1:03
    өмірге талпынысын көре аламыз.
  • 1:04 - 1:06
    Үлкен масштабта
  • 1:06 - 1:11
    жылдамдатылған кадрлық уақыт қозғалыстағы
    планетамызды көруге мүмкіндік береді.
  • 1:11 - 1:14
    Табиғаттың ұланғайыр
    аумағын көріп қана қоймай,
  • 1:14 - 1:17
    адамзаттың дамылсыз қозғалыстарын да
    тамашалай аламыз.
  • 1:17 - 1:21
    Әрбір ұшып бара жатқан нүкте
    жолаушылар ұшағын білдіреді.
  • 1:21 - 1:22
    Егер әуе тасымалы деректерін алып,
  • 1:22 - 1:24
    кадрды жылдамдатсақ,
  • 1:24 - 1:27
    төбемізде тұрақты бірнәрсе
    бар екеніне көз жеткіземіз,
  • 1:27 - 1:28
    бірақ көрінбейді:
  • 1:28 - 1:34
    АҚШ төбесіндегі шексіз әуежолдар желісі.
  • 1:34 - 1:37
    Осыны теңіздегі кемелерге де жасай аламыз.
  • 1:37 - 1:40
    Біз қозғалыстағы ғаламдық
    экономика көрінісін
  • 1:40 - 1:44
    уақытты жылдамдату арқылы бейнелей аламыз.
  • 1:50 - 1:51
    Он жылда жиналған деректер
  • 1:51 - 1:54
    бізге бүкіл планетамызды бір организм ретінде
  • 1:54 - 1:55
    келесі көріністерді көрсетеді:
  • 1:55 - 1:58
    барлық мұхиттарды
    шарлап өтетін ағыстар мен
  • 1:58 - 2:03
    атмосфераны айналып жатқан бұлттар
    арқылы үздіксіз жалғасып жатқан,
  • 2:03 - 2:05
    жарқылдаған найзағайлар мен
  • 2:05 - 2:08
    солтүстік шұғыладан тәж кигендей.
  • 2:08 - 2:12
    Бұл жердің жылдамдатылған түпкі көрінісі:
  • 2:12 - 2:16
    Жердің жанданған анатомиясы.
  • 2:19 - 2:21
    Сонымен қатар
  • 2:21 - 2:25
    көзіміз байқап үлгермейтін
    өте жылдам нәрселер бар,
  • 2:25 - 2:27
    бұндай әлемді де көруге
  • 2:27 - 2:30
    мүмкіндік беретін технологиямыз бар.
  • 2:32 - 2:33
    Жоғары жылдамдықты камерамен
  • 2:33 - 2:35
    кадрлар жылдамдығын баяулата аламыз .
  • 2:35 - 2:37
    Бейнелерді көзімізден мың есе жоғары
  • 2:37 - 2:41
    жылдамдықпен түсіре аламыз.
  • 2:41 - 2:45
    Табиғаттың данышпан механизмдерінің
    қалай жұмыс істейтінін көре аламыз,
  • 2:45 - 2:48
    бәлкім тіпті олардың көшірмесін де
    жасай алармыз.
  • 2:50 - 2:53
    Жаныңыздан инелік ұшып бара жатқан кезде
  • 2:53 - 2:54
    оның табиғаттағы
  • 2:54 - 2:57
    ең асқан шебер ұшқыш екенін
    білмейтін шығарсыз.
  • 2:57 - 3:01
    Ол бір орында қалықтап,
    артқа қарап,
  • 3:01 - 3:04
    тіпті төңкеріліп те ұша алады.
  • 3:04 - 3:08
    Қанаттарының салған ізіне қарап,
  • 3:08 - 3:11
    жасалған ауа қозғалысын көре аламыз.
  • 3:11 - 3:13
    Ешкім бұл құпияны білген жоқ.
  • 3:13 - 3:15
    Бірақ жоғары жылдамдық
    инеліктің бір уақытта
  • 3:15 - 3:17
    барлық қанаттарын әр түрлі бағытта
  • 3:17 - 3:20
    қозғалтатынын көрсетеді.
  • 3:20 - 3:21
    Бұл білім бізді
  • 3:21 - 3:23
    маңызды, әрі алыс жерлерді
  • 3:23 - 3:25
    зерттеу мүмкіндігімізді арттыратын
  • 3:25 - 3:31
    жаңа ұшқыш роботтар
    түріне алып келеді.
  • 3:32 - 3:34
    Біз - алыппыз және көзімізге көрінбейтін
  • 3:34 - 3:37
    кіп-кішкентай нәрселердің барын білмейміз.
  • 3:37 - 3:40
    Электронды микроскоп заттарды
  • 3:40 - 3:41
    миллион есе үлкейте отырып,
  • 3:41 - 3:43
    суретке түсіретін
  • 3:43 - 3:45
    электрондарды атқылайды.
  • 3:45 - 3:49
    Мынау — көбелектің жұмыртқасы.
  • 3:49 - 3:53
    Денемізде өмір сүретін көзге
    көрінбейтін жаратылыстар.
  • 3:53 - 3:54
    Соның ішіне кенелер кіреді.
  • 3:54 - 3:57
    Бүкіл өмірін кірпігіңізде өткізіп,
  • 3:57 - 4:01
    түнде теріңізде өрмелеп жүреді.
  • 4:01 - 4:04
    Мынаның не екенін аңғара аласыз ба?
  • 4:04 - 4:06
    Акула терісі.
  • 4:08 - 4:11
    Жұлдызқұрт тұмсығы.
  • 4:12 - 4:15
    Шыбын көзі.
  • 4:17 - 4:20
    Жұмыртқа қабығы.
  • 4:22 - 4:25
    Бүрге.
  • 4:27 - 4:31
    Ұлу тілі.
  • 4:32 - 4:34
    Біз жануарлар әлемінің басым бөлігін
    білеміз деп ойлаймыз.
  • 4:34 - 4:37
    бірақ ашылуын күтіп тұрған миллиондаған
  • 4:37 - 4:41
    кіп-кішкентай организмдер болуы мүмкін.
  • 4:43 - 4:46
    Өрмекшінің де ұлы құпиялары бар.
  • 4:46 - 4:48
    Өйткені оның өрмегі
  • 4:48 - 4:50
    болаттан да мықты,
  • 4:50 - 4:52
    оның үстіне бүтіндей созылғыш келеді.
  • 4:52 - 4:54
    Бұл саяхат бізді нано әлеміне
  • 4:54 - 4:56
    алып келеді.
  • 4:56 - 4:59
    Өрмекшінің өрмегі адам шашынан
  • 4:59 - 5:02
    жүз есе жұқа.
  • 5:02 - 5:05
    Өрмектің үстінде бактерия бар,
  • 5:05 - 5:08
    ал оның жанында одан 10 есе кіші
  • 5:08 - 5:11
    вирус бар.
  • 5:11 - 5:15
    Вирустың іщінде одан 10 есе кіші
  • 5:15 - 5:18
    ДНҚ-ның үш жолағы бар.
  • 5:18 - 5:21
    Ең қуатты микроскоптарымыздың көре алатын
    мүмкіндігінің шегіне жақындай,
  • 5:21 - 5:26
    жалғыз көміртек атомын көреміз.
  • 5:26 - 5:28
    Қуатты микроскоптың көмегімен
  • 5:28 - 5:30
    атомдарды жылжытып,
  • 5:30 - 5:36
    таңғажайып нано құрылғыларын
    жасауды бастай аламыз.
  • 5:36 - 5:38
    Олардың кейбірі денемізді
  • 5:38 - 5:40
    барлық дерттің түрлерінен күзетіп,
  • 5:40 - 5:44
    бітелген артерияларды тазалай алады.
  • 5:44 - 5:47
    Бәлкім болашақтың кішкентай
    химиялық машиналары
  • 5:47 - 5:51
    бір күні ДНҚ-ны жөндей алатын шығар.
  • 5:51 - 5:54
    Біз өмірдің жұмбақтарын ашу
    талпынысымыздан туған
  • 5:54 - 5:56
    ерекше жетістіктердің
  • 5:56 - 6:00
    босағасында тұрмыз.
  • 6:01 - 6:04
    Сансыз ғарыштық шаң-тозаңдар
    ағыны әсерінен
  • 6:04 - 6:06
    ауа кеңістігі тозаңдарға,
    микробриллианттарға,
  • 6:06 - 6:09
    өзге планетадан келген және
    супернова жұлдыздарының
  • 6:09 - 6:11
    жарылыстарынан туған асылтастарға толуда.
  • 6:11 - 6:13
    Адамдар көрінбейтін жаратылыстардың
  • 6:13 - 6:18
    арасында өмір сүріп жатыр.
  • 6:18 - 6:20
    Айналамызды көзіміз көре алатын
    көп нәрсенің
  • 6:20 - 6:22
    барын біле отырып,
  • 6:22 - 6:25
    олар әлемді түсіну көзқарасымызды
    мәңгіге өзгертеді.
  • 6:25 - 6:27
    Көзге көрінбейтін дүниеге қарай отырып,
  • 6:27 - 6:29
    тірі ғаламда бар екенімізді мойындаймыз,
  • 6:29 - 6:32
    бұндай жаңа көзғарас бізді әуестендіріп,
  • 6:32 - 6:35
    өз ауламызда зерттеуші болуға
  • 6:35 - 6:38
    шабыттандырады.
  • 6:38 - 6:41
    Кім біледі, көрінуге талпынып тұрған
    нелер бар,
  • 6:41 - 6:45
    әрі өмірімізді түрлендірер
    қандай жаңа кереметтер бар?
  • 6:45 - 6:50
    Тірі болсақ, көре жатармыз.
  • 6:50 - 6:55
    (Қол шапалақ)
  • 6:55 - 7:02
    Рахмет. (Қол шапалақ)
Title:
Табиғаттың жасырын ғажайыптары
Speaker:
Луи Шварцберг
Description:

Біз көрінбейтін сұлулық әлемінде өмір сүріп жатырмыз. Сезімталдығы мен нәзіктігі сонша, адам көзі оны байқай бермейді. Көзге көрінер-көрінбес осы әлемді жарыққа шығару үшін кинорежиссер Луи Шварцберг жоғары жылдамдықты видеокамера, баяулатылған кино түсіру мен микроскоптар арқылы уақыт межесі мен кеңістікті икемге көндіреді. TED2014-те ол өзінің ең соңғы жобасы, "Көрінбейтін әлемнің құпиялары" деп аталатын 3D-фильмінде уақыт жылдамдығын өсіріп-баяулату арқылы, сонымен қатар табиғаттың таңғажайып керметтерін ұлғайтып көрсету арқылы ерекше сәттерін таныстырады.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
07:24
  • Бәрекелді. Аудармаң тамаша шығыпты. Өте ұнады! Рахмет, Сәндібек!

Kazakh subtitles

Revisions