Поэзия мен музыканың мәңгілік үйлесімі | МАҚПАЛ ЖҰМАБАЙ | TEDxAlmaty
-
0:09 - 0:10Мен – ақынмын.
-
0:10 - 0:13Бірақ мен өз өлеңдерімді сіздер
білетіндей оқымаймын. -
0:13 - 0:16Мен өз өлеңдерімді музыкамен жеткіземін.
-
0:16 - 0:20Жалпы мен музыка мен поэзия бір-бірімен
егіз деп есептеймін. -
0:20 - 0:22Неге бұндай шешім шығардым?
-
0:22 - 0:25Музыка мен поэзияны неге
бір-бірімен табыстырдым? -
0:25 - 0:29Дәл бүгін сіздерге осы туралы
айтып бергім келеді. -
0:29 - 0:32Баяндамамды бастамас бұрын аудиторияға,
залға сұрақ: -
0:32 - 0:38Сіз соңғы рет қашан поэзия туындысын оқыдыңыз?
Сіздің өміріңізде поэзияның орны қандай? -
0:38 - 0:42Бұл сұраққа әдетте адамдар
үш түрлі жауап береді. -
0:42 - 0:49Поэзияға деген көзқарас 3 топқа бөлінеді.
Бірінші топ: олар поэзияны мүлде оқымайды. -
0:49 - 0:53Олардың өміріне поэзияның
ешқандай қажеті жоқ. -
0:53 - 0:59Бірақ өздері өлең оқымағанымен қоймай
олар өлең оқитындарды қияли деп есептейді. -
0:59 - 1:04Оларды көріп қалса, жат планеталықты
көргендей болып қалуы мүмкін. -
1:04 - 1:11Ал екінші топ: көңілдің кейбір сәттерінде ғана
қуанғанда, мұңайғанда, жылағанда поэзияға жүгінеді де -
1:11 - 1:15одан кейнгі уақытта
поэзияны ұмытып кетеді. -
1:15 - 1:18Бүгін түнімен сүйікті ақынын құшақтап алып,
-
1:18 - 1:21кітабын оқып шыққанымен ол туралы ертең
-
1:21 - 1:24жан досына да сыр ашпайды.
-
1:24 - 1:28Ол поэзия осал тұсы деп есептейді.
Келісесіздер ғой? -
1:28 - 1:30Араларыңызда ондай адамдар бар.
-
1:30 - 1:33Ал үшінші топ. Үшінші топ поэзияны сүйеді.
-
1:33 - 1:38Өмірде таба алмаған жауапсыз сұрақтардың
шешімін поэзиядан іздейді. -
1:38 - 1:41Олардың ең үлкен артықшылығы
-
1:41 - 1:44Олар поэзияны әдебиет жанры ретінде емес
-
1:44 - 1:47жан дос ретінде жақсы көреді.
-
1:47 - 1:49Тағы бір үлкен ерекшелігі
-
1:49 - 1:52Олар ешкімге көрсетпей тығылып
өлең жазады. -
1:52 - 1:54Жасырын ақындар.
-
1:54 - 1:57Егер бұдан әрі осылай кете беретін болса,
-
1:57 - 2:00поэзияның әдебиет жанры ретінде
болашағы - бұлыңғыр. -
2:00 - 2:02Мұндай қорқынышты болжам айтты деп
-
2:02 - 2:05мені айыптай көрмеңіздер.
Шындық осылай. -
2:05 - 2:07Шындықтың бетіне тура қарауымыз керек.
-
2:07 - 2:10Бірақ бұл үшін сіздердің ешқандай
кінәларыңыз жоқ. -
2:10 - 2:12Сіздер айыпты емессіздер.
-
2:12 - 2:16Бірақ осы үш топтың да басын
біріктіретін күш бар. -
2:16 - 2:19Ол күш – құдіретті музыка.
-
2:19 - 2:23Қазір мен тағы бір сауал қойғым келеді.
Шағын тәжірибе жасап көрейік. -
2:23 - 2:28Мысалы, сіз қанша өлеңді жатқа білесіз?
Маған жауап беріңізші. -
2:28 - 2:34Біраз адам. Көрдіңіз бе? Сіз бәрібір де
әнді көбірек білесіз. -
2:34 - 2:39Егер музыкасын естіп тұрсаңыз,
санаңыздың қай түкпірінен суырылып шыққаны -
2:39 - 2:43белгісіз, әнді айта бересіз, айта бересіз.
-
2:43 - 2:46Құдды караоке жұлдыздары сияқты
тоқтамай айтуыңыз мүмкін. -
2:46 - 2:50Оның сыры неде екенін білесіз бе?
-
2:50 - 2:52Әнде тек қана мәтін емес, онда музыка бар.
-
2:52 - 2:56Жалпы, поэзияны музыкалы етуге бола ма?
-
2:56 - 2:59Мен бүгін сіздерге мүмкін деген
жауап беремін. -
2:59 - 3:05Мен өлең жазып, жаңадан
алғашқы қадамдарымды жасап, -
3:05 - 3:07газет-журналдарға жариялана бастағанда
-
3:07 - 3:10ақын анам, менің анам да ақын.
-
3:10 - 3:14Маған мынадай қызық нәрсені айтады:
-
3:14 - 3:16"Қызым сен өз өлеңдеріңнен музыка
естисің бе? -
3:16 - 3:19сенің өлеңдеріңнен музыка сезіледі,"
дейді. -
3:19 - 3:23Бұл сұрақ маған сондай түсініксіз,
өйткені мен өлеңде ырғақ пен екпін -
3:23 - 3:27болатынын білетінмін. Ал толыққанды
музыка дегенді түсіне алмадым. -
3:27 - 3:32Сөйтіп анам екеуміздің арамызда
пікірқайшылықтар туған кездер болды. -
3:32 - 3:35Бірақ өнердің парадоксі, әлде
өнердің парадоксі -
3:35 - 3:40белгілі бір уақыттар өткеннен кейін мен
өз өлеңдерімнің музыкасын ести бастадым. -
3:40 - 3:46Тіпті ауадан да музыка еститін ғажайып
күйге тап болдым. -
3:46 - 3:50Сол кезде барып мен әрбір дыбыстың
әрбір сөздің, әрбір сөйлемнің -
3:50 - 3:54әрбір құбылыстың өзінің музыкасы болатынын
анық сезіндім. -
3:54 - 3:56Менің жүрегімді сайрап тұратын болды.
-
3:56 - 4:01Дәл осы оқиғадан кейін мен өз өлеңдерімнің
музыкасыз болмайтынын түсіндім. -
4:01 - 4:04Аздап гитара тартатынмын.
Қолыма гитарамды алдым да -
4:04 - 4:07Мен өз өлеңдерімді музыкамен
айта бастадым. -
4:07 - 4:10Ақын анам менің де ақын боларымды сезді ме
-
4:10 - 4:13сезбеді ме, мен одан бейхабармын.
-
4:13 - 4:19Бірақ оның менің бойыма музыка жауһарларын
құйып өсіруі, маған деген сенімі -
4:19 - 4:22тәрбиесі, менің шығармашылық
тағдырымды айқындады. -
4:22 - 4:26Сонымен мен өзімнің ойлап тапқан
жаңа бағытыма -
4:26 - 4:28"Мақпалдың мақамды жырлары" деген
-
4:28 - 4:31батыл атау қойдым да
оны дамыта бердім. -
4:31 - 4:34Оны зерттеу үшін, сақтау үшін, дамыту үшін
-
4:34 - 4:37Осындай шешім шығаруға бел будым.
-
4:37 - 4:39Сөйтіп, өзімді өзім зерттеп жүргенде
-
4:39 - 4:42Мынадай ғажайып шындыққа кез болдым.
-
4:42 - 4:49Жер бетінде алғашқы өлең жазылып
жер бетінде тұңғыш рет поэзия пайда -
4:49 - 4:52болғанда ол музыкалы болған екен.
-
4:52 - 4:56Ең алғашқы поэзия жанры,
әдебиеттің поэзия жанры -
4:56 - 5:00біздің заманымыздған бұрынғы
сегізінші ғасырда ежелгі Грецияда -
5:00 - 5:05пайда болса, ол
метрикалық деген жүйемен жазылған. -
5:05 - 5:11Кейін осы метрикалық жүйемен
б.з.б. 3 ғасырда латын әдебиеті жасалған -
5:11 - 5:14Содан кейін Жер бетіндегі
ірі өркениеттер -
5:14 - 5:20Араб, парсы, үнді әдебиетіндегі поэзия
да осы метрикалық жүйенің негізінде -
5:20 - 5:23жасалған екен.
Ал метрикалық жүйе дегеніміз не? -
5:23 - 5:26Барлық мәселенің сыры осында.
-
5:26 - 5:30Метрикалық жүйе дегеніміз,
өлеңнің арқауында ән жатады. -
5:30 - 5:33Өлеңнің арқауында музыка жатады.
-
5:33 - 5:35Ғалымдардың айтуынша ежелгі дүниеде
-
5:35 - 5:38тіпті мұндағы дейін поэзия
-
5:38 - 5:41әрқашан музыка болды, мақамды болды.
-
5:41 - 5:45Ол ешқашан дәл бүгінгіндей дауыстап,
оқылып айтылған жоқ. -
5:45 - 5:49Сонымен мен өзімнің мақамды жыр деген
атауыма риза болдым. -
5:49 - 5:54Оны ғылыммен дәлелдеп көрдім.
-
5:54 - 5:58Сонымен поэзия әу баста,
өзінің болмысында музыкалы болған екен. -
5:58 - 6:01Көз алдыңызға елестетіңізші
-
6:01 - 6:06Ол замандарда ақын болу үшін дәл
бүгінгідей қағаз бен қалам ұстау жеткіліксіз болды. -
6:06 - 6:09Сіз ақын болу үшін сізге
төрт элемент қажет болды: -
6:09 - 6:13Оның біріншісі – өлең, сөз, яғни.
-
6:13 - 6:17Екіншісі – музыка. Үшіншісі – дауыс.
Төртіншісі – аспап. -
6:17 - 6:24Егер сізде осының біреуі болмаса,
Сіз бәсекеге қабілетті болмас едіңіз. -
6:24 - 6:30Менің сөзіме дәлел болу үшін
Қазақтың поэзиясының тарихына жүгінейік. -
6:30 - 6:34Мысалы, қазақтың жыраулар поэзиясының
кез-келген өкілі -
6:34 - 6:38мен дәл қазір айтып тұрған сөзіме
дәлел бола алады. -
6:38 - 6:43Қорқыттан бастап, Ақтамберді, Шалкиіз,
Бұқар жырауларға дейін -
6:43 - 6:47Содан кейін Біржан сал, Ақан сері,
Махамбеттерге дейін. -
6:47 - 6:50Тіпті XX ғасыр ортасына дейін өмір сүрген,
-
6:50 - 6:53өзіміз бәрін кинохроникалардан
бейнесін көрген -
6:53 - 6:59Жамбыл мен Кенен де осы музыкалы мақам
поэзияның жарқын өкілдері. -
6:59 - 7:05Бірақ уақыт өте келе поэзия бұл бір-
тұтастығынан, синкреттілігінен айырылып қалды. -
7:05 - 7:12Сөз ақында қалды, музыка композиторға кетті,
аспап орындаушыға, ал дауыс әншіге. -
7:12 - 7:21Сонымен бір сәт шегініп, поэзияға не үшін
музыка қажет болды, ол қандай -
7:21 - 7:25қажеттіліктен туды деген сұраққа
жауап іздеп көрейік. -
7:25 - 7:29Ол замандарда адам табиғат анадан
ажырамаған еді. -
7:29 - 7:32Табиғаттан болып жатқан сан-мың құбылыстар
-
7:32 - 7:37сан-мың дыбыстық құбылыстар
адамның жан-дүниесімен біте қайнасып жатты. -
7:37 - 7:42Адамның жүрегін жарып шыққан,
ақынның жүрегін жарып шыққан -
7:42 - 7:47сөздің өзі сазды болуы, музыкалы болуы
-
7:47 - 7:49табиғи және заңды құбылыс болды.
-
7:49 - 7:53Ал екіншіден, екіншіден, электроника,
цифрлы технология, техника -
7:53 - 7:57дамымаған заманда поэзия
соның бәрінің орнын басты. -
7:57 - 8:02Поэзия музыка арқылы жан-жаққа
тарап жатты. -
8:02 - 8:05Тіпті мен сіздерге айтар едім,
ол замандарда -
8:05 - 8:08поэзияның әдебиеттен гөрі
әлеуметтік рөлі басым болды. -
8:08 - 8:12Ол бүгінгі күнгі Интернеттің, газеттің,
журналдың, тіпті радионың -
8:12 - 8:14қызметін атқарды.
-
8:14 - 8:18Енді мынадай сұраққа жауап беріп көрейік.
-
8:18 - 8:21Бұл қашанға дейін жалғасты?
Жеке менің пайымдауымша, -
8:21 - 8:25жазба поэзия пайда болғанға дейін
-
8:25 - 8:28сосын дыбыстық құрылғылар,
дыбыс жазу құрылғылары пайда болғанға дейін -
8:28 - 8:31бұл жалғасты.
-
8:31 - 8:35Сосын жер бетіне келген қоғамдық жүйелер,
-
8:35 - 8:39саяси системалар поэзияның бет-бейнесін
адам танымастай етіп өзгертіп жіберді. -
8:39 - 8:45Қазақ поэзиясы да сондай бір кезеңде
өз музыкасынан біржолата айырылып қалды. -
8:45 - 8:51Тіпті біздің поэзиямыз музыкалы болғанын
араға жүз жыл өтпей ұмытып қалдық. -
8:51 - 8:53Мен нақты мысал келтірейін.
-
8:53 - 8:57Бәріміз жақсы көретін, осы сахнада
бірнеше рет айтылған -
8:57 - 9:04ұлы Абай Құнанбаев.
Абай, ол жаңа дәуір әдебиет өкілі. -
9:04 - 9:07Абаймен қазақтың жазба
поэзиясы басталды. -
9:07 - 9:11Бірақ Абаймен қазақтың
музыкалы поэзиясы аяқталды. -
9:11 - 9:17Бірақ Абайдың өзі ондаған,
тіпті көп шығармасын -
9:17 - 9:19музыкамен шығарып қалдырды.
-
9:19 - 9:22Тіпті кейбір кезде Абайды түсіну үшін
-
9:22 - 9:26одаған өлеңін оқыған гөрі бір тал
әнін тыңдаған жеткілікті болып жатады. -
9:26 - 9:30Біз оны қазір ән деп жүрміз,
бірақ олар өлеңдер. -
9:30 - 9:32Қазір тәжірибе жасап көрейік.
-
9:32 - 9:36Мен қазір Абайдың "Көзімнің қарасы"
деген өлеңінен бір шумақ оқимын. -
9:36 - 9:41Көзімнің қарасы, көңілімнің санасы,
Бітпейді-ау іштегі ғашықтық жарасы. -
9:41 - 9:44Енді сіздерге өтінішім бар.
-
9:44 - 9:47Осы бір шумақ өлеңді
Бәріміз зал болып, айтып көрейік. -
9:47 - 9:49(Ән айтып жатыр)
-
9:49 - 10:07Көзімнің қарасы, көңлімнің санасы
Бітпейді-ау іштегі ғашықтық жарасы. -
10:07 - 10:21(Қол шапалақ)
-
10:21 - 10:26Екі түрлі әлем, екі түрлі кеңістік.
Келісесіздер ғой? -
10:26 - 10:32Мүлдем екі түрлі әсер.
Мен мұның сырын зерттеп көруге тырыстым. -
10:32 - 10:34Оның сырын ғылымнан ғана іздеу керек.
-
10:34 - 10:41Сөйтсек, барлық мәселе біздің
миымызда екен. -
10:41 - 10:42Миымыз құр сөзді естіген кезде
-
10:42 - 10:44миымыздың белгілі бір бөліктері
жұмыс істейді. -
10:44 - 10:46Тұрақты бір бөліктері.
-
10:46 - 10:48Ал музыканы естігенде
-
10:48 - 10:52миымызда мынадай процес болады.
-
10:52 - 10:54От шашуды көз алдарыңызға
елестетіңіздерші. -
10:54 - 10:58Біздің миымыздың оң жақ шарты шары да,
сол жақ жарты шары да -
10:58 - 11:01кенет ғаламат іске кіріседі.
-
11:01 - 11:05Біз музыканы тыңдап отырғанда
бір секунд өтпестен -
11:05 - 11:10біздің миымыз сол музыканың
философиясын, идеясын, ырғағын, екпінін -
11:10 - 11:13көңіл-күйін бәрін айқындап үлгереді.
-
11:13 - 11:17тіпті біз, дәл қазір жүрегіміз
60 соғып тұрса, -
11:17 - 11:20біз тыңдап тұрған керемет музыка
90 соғып тұрса, -
11:20 - 11:23біздің жүрегіміз сол сәтте
оны қуып жетеді. -
11:23 - 11:26Біздің миымыз бета толқыннан
альфа толқынға ауысады -
11:26 - 11:32Ол дегеніңіз біз
қалыпты, тұрақты күйден -
11:32 - 11:34сергектік күйіне ауысамыз.
-
11:34 - 11:38Біздің миымыз кенет тұп-тұнық,
айқын жұмыс істей бастайды. -
11:38 - 11:42Тіпті өзімізге ұнайтын
ғаламат музыканы тыңдағанда -
11:42 - 11:44иммунитетіміз көтеріледі.
-
11:44 - 11:46Сіздер соны біліп пе едіңіздер?
-
11:46 - 11:50Сіздің қан құрамыңыздағы интерликиннің
көлемі артып, сіздің денсаулығыңыз -
11:50 - 11:52керемет бола бастайды.
-
11:52 - 11:56Ал интерлейкин дегеніміз
адам ағзасы үшін аса маңызды -
11:56 - 12:01тромбоциттер мен лейкоциттерді жасауға
қатысады екен. -
12:01 - 12:05Жаңағы көзімнің қарасы бір минутқа
жетер жетпес уақытта -
12:05 - 12:08біздің ағзамызда сондай өзгерістер жасады.
-
12:08 - 12:10Көрдіңіз ғой?
Ежелгі дүниеден бері -
12:10 - 12:13ақындар осыны білген.
жыраулар осыны білген. -
12:13 - 12:16Сондықтан да олар сазға,
музыкаға жүгінген. -
12:16 - 12:19Сондықтан да олар өздерінің
жүрегін жарып шыққан сөзді -
12:19 - 12:23Сазбен жеткізген.
-
12:24 - 12:28Мен осы жолда келе жатқаныма
-
12:28 - 12:31Өзімнің мақамды жырларымды
халыққа ұсынып келе жатқаныма -
12:31 - 12:33он жылдың жүзі болды.
-
12:33 - 12:37Оңай болған жоқ.
Мұны түсіндіру, айту, жеткізу қиын болды. -
12:37 - 12:39Тіпті кейбір кездері көз жасыма
ерік беріп, -
12:39 - 12:42өзімнен өзім түңіліп кеткен сәттер
өте көп болды. -
12:42 - 12:46Бірақ мен поэзияның осы бір музыкалық
ерекшелігін, -
12:46 - 12:51осы ғажайып ерекшелігін
қайта жаңғырту жолында -
12:51 - 12:54аянбай күресемін деп
өз-өзіме сөз бердім. -
12:54 - 12:57Жанкештілікпен күресемін деп
өз-өзіме сөз бердім. -
12:57 - 13:05Биыл мен "Мақпал шер" деген атпен
-
13:05 - 13:09жаңа кітабым мен музыкалық альбомымды
жарыққа шығардым. -
13:09 - 13:12Осы он шақты жылдың ішінде
-
13:12 - 13:14жетпістен астам поэтикалық
кештер өткіздім. -
13:14 - 13:17Әркезде осы жолымды түсіндірумен болдым.
-
13:17 - 13:22Бірақ дәл осы кітапты шығаратын кезде
мен бұрын-соңды болмаған -
13:22 - 13:24үрей мен күдікте қалдым.
-
13:24 - 13:27Менің істеп жүрген жұмысым
өзімне басқа ешкімге керек еместей -
13:27 - 13:28қорқыныш биледі.
-
13:28 - 13:30Сондай сәттің бірінде
-
13:30 - 13:32ұлым екеуміз Алакөлдің
жағалауында қыдырып жүрген едік. -
13:32 - 13:36Өздеріңіз білесіздер, Алакөлдің
жағалауы жұмыр тастарға толы. -
13:36 - 13:38Ұлым маған жүгіріп келіп,
-
13:38 - 13:42"Мама, жерге қарашы,
жердің бәрі жүрек тастарға толы екен" -
13:42 - 13:45дейді. Мен балама бір қараймын да,
жерге бір қараймын, -
13:45 - 13:48ондай тастар болмайды деп
мәлімдеймін. -
13:48 - 13:51Ұлым бірден көңілі түсіп кетті.
-
13:51 - 13:55Әрине, біз мамалар, ұлымыздың
көңілін қалдырмаймыз -
13:55 - 13:58Жарайды, ойнасақ, ойнайық,
сенің ойыныңды,- дедім. -
13:58 - 14:02Ол бұл ойынға бір сағат берді.
Жүрек тастар іздеу ойыны. -
14:02 - 14:06Сөйтіп, жағалауда бір сағат
әрі жүрдім, бері жүрдім -
14:06 - 14:12мен бір тал ғана жүрекке
аздап ұқсайтын тас таптым. -
14:12 - 14:16Ал межелі уақыт келгенде
ұлым қалтасынан -
14:16 - 14:19уыс тастар шығарып жатыр,
шығарып жатыр -
14:19 - 14:24сөзім дәлелді болу үшін қазір мен
-
14:25 - 14:29міні, менің балам, санап жатыр.
27 тас. -
14:30 - 14:32(Қол шапалақ)
-
14:32 - 14:34Сенесіздер ме? Баламды құшақтап тұрып,
-
14:34 - 14:35мен осы сәтте
-
14:35 - 14:38Біз үлкендер жүректіріміздің көзін
жоғалтып алғанымызды -
14:38 - 14:41көз алдымыздағы ғажайыптарды
көре алмайтын -
14:41 - 14:44рухани дағдарысқа ұшырағанымызды
сездім. -
14:44 - 14:47Ал бізге мына дүниеге
сәбидің көзімен қарауға -
14:47 - 14:49кім бөгет болып жүр?
-
14:49 - 14:51Біз бұның бәріне өз
еркімізбен -
14:51 - 14:53жеткен екенбіз.
-
14:53 - 14:56Содан менің бойымдағы өз идеяма
-
14:56 - 15:01өзімнің өнеріме қатысты барлық
күдік пен уайым жоғалды да -
15:01 - 15:04мен қайтадан өз-өзіме сенімді
-
15:04 - 15:06болып шыға келдім.
-
15:06 - 15:08сөйттім де, күлесіздер айтсам,
-
15:08 - 15:10иллюстрациясы салынбай тұрған кітабымның
-
15:10 - 15:12иллюстрациясын да өзім салдым.
-
15:12 - 15:14Бірақ мен суретші емеспін.
-
15:14 - 15:16Міне, мысал үшін.
-
15:17 - 15:21Міне, мынадай иллюстрацияларды да
салып тастадым. -
15:21 - 15:23(Қол шапалақ)
-
15:24 - 15:27Тіпті, әрбір өлеңге бір-бір
иллюстрация салып тастадым. -
15:27 - 15:30Сонымен 2016 жыл әлемдік поэзия үшін
-
15:30 - 15:33ерекше құбылысқа толы жыл болды.
-
15:33 - 15:36Өйткені өзіңіз білетін Нобель комитеті
-
15:36 - 15:40әдебиет саласындағы,
әдебиет номинациясындағы -
15:40 - 15:45Нобель сыйлығын рок әнші,
музыкант, кейбір кездері ақын -
15:45 - 15:47Боб Диланға беру туралы шешім шығарды.
-
15:47 - 15:50Мен бұл жаңалықты естіген кезде
-
15:50 - 15:53Жердің бір жерінде,
Алматы деген шаһарда -
15:53 - 15:55ерекше қуанып жүрдім.
-
15:55 - 15:59Өйткені бүкіл әлемдік қауымдастық,
бүкіл дүниежүзі, бүкіл әлем -
15:59 - 16:02поэзияның музыкалық сипатын
-
16:02 - 16:04поэзияның бұдан кейінгі бағытын
айқындаудың алдында тұрды. -
16:04 - 16:07Сол күнгі ақпарат құралдарының
-
16:07 - 16:11жалғыз мәселесі, жалғыз сұрағы
поэзия болды. -
16:11 - 16:13Боб Дилан ақын ба еді?
-
16:13 - 16:15деген сұраққа жауап іздеп жатты.
-
16:15 - 16:17Кейбір БАҚ құралдары айтты:
-
16:17 - 16:20"Боб бұл сыйлықтан бас тартады",- деді.
-
16:20 - 16:23Бірақ Боб Дилан бұл сыйлықтан
бас тартқан жоқ. -
16:23 - 16:25Ол марапаттау рәсіміне келмеді.
-
16:25 - 16:28Бірақ оның әсерлі хаты оқылды.
-
16:28 - 16:29Хатында былай депті:
-
16:30 - 16:35"Менің әндерім көркем әдебиет пе,
мен бұл турасында ешқашан -
16:35 - 16:37ойланбаған екенмін.
-
16:37 - 16:40Ал Швед академиясы осы сұрақтың
-
16:40 - 16:44ғажайып шешімін ұсынғаны үшін
алғыс айтамын",- деді. -
16:44 - 16:46Ал мен бүгін Боб Диланға
алғыс айтқым келеді. -
16:46 - 16:49Қадірлі Боб, сіз қателескен жоқсыз.
Сіз - ақынсыз. -
16:49 - 16:54Ал Нобель комитеті осы шешім арқылы
-
16:54 - 16:59ұмыт болған поэзияның музыкасын,
мақамын өзіне қайтарып берді -
16:59 - 17:00деп есептеймін.
-
17:02 - 17:04Дүниенің даму дөңгелегін ешкім
тоқтата алмас. -
17:04 - 17:07Бірақ біз тығыраққа тірелген кезде
-
17:07 - 17:12ол мәселенің шешімін
оның бастауларынан іздейтініміз анық -
17:12 - 17:15Иә, поэзия музыкалы болды.
-
17:15 - 17:19Ол өз міндетін атқарды.
Сосын ұмытылды. -
17:19 - 17:22Жоғалды. Бірақ дәл бүгінгі күні
-
17:22 - 17:26поэзияны сақтаудың,
оны қайтадан жаңғыртудың, -
17:26 - 17:29бүкіл халықтың қызығушылығын
қайтадан оралтудың -
17:29 - 17:33бір табиғи және заңды жолы
-
17:33 - 17:36ол музыкаға қайта оралуында болуы мүмкін.
-
17:36 - 17:38Мен бұған кәміл сенемін
-
17:38 - 17:41және осы бағытта жұмыс істеймін.
-
17:41 - 17:45Поэзияны құтқарса, музыка ғана құтақарады
деп есептеймін. -
17:45 - 17:48Сонда сіз соңғы рет қашан
поэзия туындысын оқыдыңыз? -
17:48 - 17:51сіздің өміріңізде поэзияның
орны қандай? деген сұраққа -
17:51 - 17:57жаңағындай үш түрлі
жауап беретін адамдар -
17:57 - 17:59бәріміз бір қатарға тұра қаламыз.
-
17:59 - 18:01Барлығымыз құдіретті поэзиямен
өмір сүретін боламыз. -
18:01 - 18:03Рахмет.
-
18:03 - 18:05(Қол шапалақ)
- Title:
- Поэзия мен музыканың мәңгілік үйлесімі | МАҚПАЛ ЖҰМАБАЙ | TEDxAlmaty
- Description:
-
Ақын Мақпал Жұмабай поэзия мен музыканы егіз деп есептейді. Ол бұл дәрісінде неліктен поэзия мен музыканы бір бірімен табыстырғанын түсіндіреді. Оның пайымдауынша, өлең әу бастағы болмысында музыкалы болды. Жер бетінде пайда болған өркениеттердің әдеби тариxы солай дейді.
This talk was given at a TEDx event using the TED conference format but independently organized by a local community. Learn more at https://www.ted.com/tedx
- Video Language:
- Kazakh
- Team:
- closed TED
- Project:
- TEDxTalks
- Duration:
- 18:10
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for Поэзия мен музыканың мәңгілік үйлесімі | МАҚПАЛ ЖҰМАБАЙ | TEDxAlmaty | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Поэзия мен музыканың мәңгілік үйлесімі | МАҚПАЛ ЖҰМАБАЙ | TEDxAlmaty | ||
Bakytgul Salykhova accepted Kazakh subtitles for Поэзия мен музыканың мәңгілік үйлесімі | МАҚПАЛ ЖҰМАБАЙ | TEDxAlmaty | ||
Bakytgul Salykhova edited Kazakh subtitles for Поэзия мен музыканың мәңгілік үйлесімі | МАҚПАЛ ЖҰМАБАЙ | TEDxAlmaty | ||
Bakytgul Salykhova edited Kazakh subtitles for Поэзия мен музыканың мәңгілік үйлесімі | МАҚПАЛ ЖҰМАБАЙ | TEDxAlmaty | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Поэзия мен музыканың мәңгілік үйлесімі | МАҚПАЛ ЖҰМАБАЙ | TEDxAlmaty |