Қорқынышты жеңіп, мүмкін еместі жасау | ДэнМэйер | TEDxМаастрихт
-
0:08 - 0:10Рахмет.
-
0:16 - 0:19Бірде Үндістан патшасы - махараджа,
өзінің туған күнінде -
0:21 - 0:24жарлық шығарыпты:
барлық көсемдер патшаға сыйлық әкелуі тиіс. -
0:24 - 0:28Біреулер сапалы жібек сыйласа,
енді біреуі керемет қылыш, -
0:28 - 0:29ал кейбіреуі алтын әкелген.
-
0:29 - 0:33Ең соңғы болып беті әжімге толы қария
келеді, -
0:33 - 0:37ол өзінің ауылынан теңіз жағалап
ұзақ жүрген екен. -
0:37 - 0:41Ол келгенде патшаның ұлы: "Сен қандай
сыйлық бересің?" деп сұрайды. -
0:41 - 0:45Қарт кісі алақанын ашып, күлгін сары
және қызыл-көк түсті -
0:45 - 0:50бұйра еспелері бар әдемі
ұлу қабыршағын көрсетеді. -
0:50 - 0:51Сонда патшаның ұлы:
-
0:51 - 0:54"Бұл патшаға лайық емес!
Бұл қандай сыйлық өзі?"- дейді. -
0:55 - 0:57Әлгі кісі оған жай ғана қарап, былай деді:
-
0:58 - 1:01"Ұзақ жол... сыйлықтың бір бөлігі."
-
1:01 - 1:03(Күлкі)
-
1:03 - 1:06Бірнеше минуттан соң мен сіздерге
сыйлық ұсынбақпын, -
1:06 - 1:08және бұл сыйдың таратуға тұрарлық
екеніне сенемін. -
1:08 - 1:10Бірақ одан бұрын,
сіздерді -
1:10 - 1:12өзімнің ұзақ жолыммен таныстырғым келеді.
-
1:12 - 1:14Көпшілігіңіз секілді мен де
-
1:14 - 1:15өмірімді балалық шақтан бастадым.
-
1:15 - 1:17Қаншауыңыз кішкентай болып бастадыңыздар?
-
1:17 - 1:19Дүниеге іңгәлап келдіңіз бе?
-
1:19 - 1:20Шамамен жартысы... Жарайды...
-
1:21 - 1:22(Күлкі)
-
1:22 - 1:25Ал қалғандарыңыз ше?
Ересек болып тудыңыздар ма? -
1:25 - 1:28Сіздердің аналарыңызды көргім
келіп тұр! -
1:28 - 1:29Мүмкін емес жайлы сөйлесейік.
-
1:31 - 1:35Кішкене кезімнен бері мүмкін емес
нәрсе жасауға құмарым бар. -
1:36 - 1:39Осы күнді бірнеше жыл бойы
асыға күттім, -
1:39 - 1:41өйткені бүгін мен дәл сіздердің
алдарыңызда -
1:41 - 1:44мүмкін емес нәрсені орындайын деп тұрмын,
-
1:44 - 1:45тура осы жерде, TEDxMaastricht-те.
-
1:46 - 1:48Ең алдымен, мен
-
1:49 - 1:51сөз соңын ашып айтайын:
-
1:51 - 1:53Мен сіздерге "мүмкін еместің"
-
1:53 - 1:55мүмкін екендігін дәлелдемекшімін.
-
1:55 - 1:58Және аяғында бөлісуге лайық сый
ұсынбақпын: -
1:58 - 2:01Сіздерге мүмкін емес нәрсені жасай
алатындарыңызды көрсетемін. -
2:03 - 2:05Мүмкін емес жайт жасау барысында,
-
2:05 - 2:08мен жалпы әлемдегі адамзатқа ортақ екі
қасиетті анықтадым. -
2:08 - 2:10Әрбір адамның қорқынышы бар,
-
2:10 - 2:12және әркімнің де арманы бар.
-
2:13 - 2:18Мүмкін емес жайт жасау әрекетімде,
өзім үшін -
2:18 - 2:20өмірімдегі мүмкін еместі
-
2:20 - 2:23жасауға ұмтылдырған
үш нәрсені анықтадым. -
2:24 - 2:27"Ұр да жық" ойыны,
-
2:27 - 2:28Супермен,
-
2:28 - 2:29және маса.
-
2:29 - 2:31Осы үш кілт сөз.
-
2:31 - 2:34Енді сіздер де неге мүмкін емес
нәрсе жасайтынымды білесіздер. -
2:34 - 2:36Сонымен, сіздерді өзімнің ұзақ
саяхатым, ұзын жолыма ерітемін: -
2:36 - 2:39қорқыныштан арманыма дейін,
-
2:39 - 2:41жай сөзден өткір қылыштай сөздерге дейін,
-
2:41 - 2:43"Ұр да жық" ойынынан
-
2:43 - 2:44Супермен және
-
2:44 - 2:45Масаға дейін.
-
2:46 - 2:47Және сіздерге мүмкін еместі
-
2:47 - 2:50жасай алатындықтарыңызды
дәлелдеймін деген үміттемін. -
2:52 - 2:554-ші Қазан, 2007 жыл.
-
2:56 - 2:58Жүрегім дүрсілдеп, тізем дірілдеп
-
2:58 - 2:59Сандерс театры
-
2:59 - 3:01сахнасына аяқ бастым.
-
3:01 - 3:03Гарвард университетінде
-
3:03 - 3:062007 жылы Медицина саласы
бойынша бірлесіп жазған -
3:06 - 3:09"Қылыш жұту ...
-
3:09 - 3:10және оның жанама әсерлері" атты
-
3:10 - 3:12дәрігерлік зерттеуім үшін
Нобель сыйлығын алу сәті еді. -
3:12 - 3:13(Күлкі)
-
3:14 - 3:18Зерттеу жұмысым, мен мүлдем естіп
көрмеген шағын -
3:18 - 3:20Ұлыбританиялық Медицина
журналында жарияланды. -
3:21 - 3:25Және бұл мүмкін емес арманымның
орындалуы болатын, -
3:25 - 3:28мен сияқты адам үшін
бұл үлкен тосын сый, -
3:28 - 3:31ешқашан ұмытылмайтын мәртебе болды.
-
3:31 - 3:35Бірақ бұл өмірімдегі ең есте қаларлық
сәт емес еді. -
3:36 - 3:381967 жылғы 4-ші қазанда
-
3:38 - 3:40осы үрейленген, ұяң, арық келген,
әлсіз баланың -
3:41 - 3:43шамадан тыс қорқыныштары болған.
-
3:43 - 3:46Сахнаға шықпас бұрын
-
3:46 - 3:47оның жүрегі алқынып,
-
3:48 - 3:49тізесі дірілдеп тұрған еді.
-
3:50 - 3:52Ол сөйлеуге тырысты, бірақ
-
3:56 - 3:58аузынан бір сөз шықпай қойды.
-
3:58 - 4:00Көз жасы ағып тұра берді.
-
4:01 - 4:02Ол қатты үрейленіп,
-
4:02 - 4:04қорқынышқа қамалды.
-
4:04 - 4:06Осы үрейленген, ұяң, арық
әлсіз баланың -
4:06 - 4:08шамадан тыс қорқынышы болды.
-
4:09 - 4:10Ол қараңғыдан қорықты,
-
4:11 - 4:12биіктіктен,
-
4:12 - 4:13өрмекші мен жыланнан қорықты.
-
4:13 - 4:15Қайсыңыз жылан мен өрмекшіден қорқасыз?
-
4:15 - 4:17Иә, кейбіреуіңіз ғана...
-
4:17 - 4:19Оның су мен акулалардан қорқынышы болды.
-
4:19 - 4:22Дәрігерлер мен медбике,
тіс дәрігерлерінен, -
4:22 - 4:25ине мен бұрғылар, оған қоса үшкір
заттардан қорықты. -
4:25 - 4:27Алайда ең қатты қорқынышы
-
4:27 - 4:28- адамдар еді.
-
4:29 - 4:32Сол үрейленген, ұяң, әлсіз бала
-
4:32 - 4:33мен едім.
-
4:33 - 4:36Мен сәтсіздік пен бас тартудан
қорықтым, -
4:37 - 4:40өзін-өзі төмен бағалау, кемсіту,
-
4:40 - 4:43тіпті біз білмейтін қасиеттер де пайда
болды: -
4:43 - 4:45әлеуметтік мазасыздықтың
бұзылуы секілді. -
4:45 - 4:49Менің қорқынышым көп болды, сондықтан
мені бұзық балалар соққыға алатын еді. -
4:49 - 4:52Олар артымнан күліп, атымды келеке ететін.
Өз ойындарына -
4:52 - 4:54ешқашан қоспайтын.
-
4:55 - 4:58Иә, менімен ойнайтын бір ойын бар еді:
-
4:58 - 4:59ұрдажық.
-
5:00 - 5:01Әрі мен жақсы ойыншы емес едім.
-
5:02 - 5:04Олар атымды мазақ етіп атағанда,
-
5:04 - 5:06мен қарап қалсам, қызыл доптың менің
бетіме -
5:06 - 5:08үлкен жылдамдықпен ұмтылатынын көретінмін.
-
5:08 - 5:10бам, бам, бам!
-
5:11 - 5:13Көп күндері үйден мектепке қарай
-
5:13 - 5:18бетім қызыл, әрі дірілдеп, құлағым қып-
қызыл, әрі сылдырлап келетінім есімде. -
5:18 - 5:21Көздерім жасаурап,
-
5:21 - 5:24олардың сөздері менің құлағымда
шыңылдайтын еді. -
5:24 - 5:25Әлдекімдер:
-
5:25 - 5:29"Тас пен таяқ сүйегімді сындырса да,
сөздер ешқашан жараламас" деп жатады. -
5:29 - 5:30Бұл жалған.
-
5:30 - 5:32Сөз сүйектен өтеді.
-
5:32 - 5:34Сөз қылыштай өткір.
-
5:34 - 5:36Сөздер терең жаралар тудырады
-
5:36 - 5:38және олар көрінбейді.
-
5:38 - 5:41Мен үрейленген едім.
Қандай сөз болсын жауыма айналды. -
5:41 - 5:42Әлі де солай.
-
5:43 - 5:45Бірақ менің армандарым да бар еді.
-
5:45 - 5:48Үйге барып,Супермен қаһарманына айналып,
-
5:48 - 5:50Супермен комикстерін оқитынмын,
-
5:50 - 5:53және Супермен секілді нағыз батыр
болғым келетін. -
5:53 - 5:56Әділдік пен шындық үшін күресіп,
-
5:56 - 5:59жауыздар мен залымдарға
қарсы әрекет еткім келді. -
5:59 - 6:03Әлемді шарлап ұшып, Суперменге еліктеп,
басқалардың өмірін құтқарғым келді. -
6:03 - 6:06Сонымен қатар шынайы заттарға
қызығушылығым болды. -
6:06 - 6:09Гиннестің Рекордтары мен Риплидің
"Саған өтірік, маған шын" атты кітабын оқыдым. -
6:09 - 6:13Гиннестің рекордтар кітабы не
Риплидің кітабын оқыдыңыздар ма? -
6:13 - 6:14Сол кітаптарды жақсы көрем.
-
6:14 - 6:16Мен шын ерлік жасаған адамдарды көрдім.
-
6:16 - 6:18Сол ерлікті менің де
жасағым келеді дейтінмін. -
6:18 - 6:19Егер бұзық балалар мені
-
6:19 - 6:21спорт ойындарына қоспаса,
-
6:21 - 6:23мен шынайы ғажайып ерлік жасаймын.
-
6:23 - 6:27Мен сол бұзықтар жасай алмайтын
бір керемет іс жасағым келеді. -
6:27 - 6:29Мен өз мақсатым мен атымды тапқым келеді,
-
6:29 - 6:31өз өмірімнің мәнін анықтағым келеді.
-
6:31 - 6:33Әлемді өзгертетін бір мүмкін емес іс
жасағым келеді. -
6:33 - 6:37Мүмкін еместің мүмкін
екендігін дәлелдегім келеді. -
6:38 - 6:40Одан кейінгі 10 жыл
-
6:40 - 6:43Жиырма бірінші туған күніме
бір апта қалған еді. -
6:43 - 6:47Менің өмірімді өзгерткен екі жайт
бір күнде орын алды. -
6:47 - 6:49Мен Оңтүстік Үндістан, Тамиль Надуда
тұратынмын. -
6:50 - 6:51Мен онда миссионер едім,
-
6:51 - 6:53бірде менен ақылшым әрі досым:
-
6:53 - 6:55"Даниель, сенде Тром бар ма?"-деп сұрады.
-
6:55 - 6:57Мен: "Тром? Ол не?"- дедім.
-
6:57 - 7:00Ол : "Тром деген өмірлік мақсатың"
деді. -
7:00 - 7:05Бұл арман мен мақсаттардың қосындысы,
-
7:05 - 7:07мысалы, өзің қалаған істі жасап,
кез келген жерге барып, -
7:07 - 7:08қалаған адам бола алсаң,
-
7:08 - 7:10қайда барар едің?
Не істер едің? -
7:10 - 7:11Кім болар едің?
-
7:11 - 7:14Мен: "Мен олай істей алмаймын!
Қорқамын! Тым көп қорқынышым бар!" дедім. -
7:14 - 7:18Сол түні мен күріш салынған тостағаныммен
үйдің шатырында -
7:18 - 7:19жұлдызды аспан астында жатып,
-
7:19 - 7:22жарқанаттардың масаға тап беріп жатқанын
тамашаладым. -
7:22 - 7:26Менің бар ойым тек Тром,
арман мен мақсаттар, -
7:26 - 7:28және әлгі бұзық балалар жайлы болды.
-
7:29 - 7:31Бірнеше сағаттан соң ояндым.
-
7:31 - 7:34Жүрегім дүрсілдеп,
тізем дірілдеп тұрды. -
7:34 - 7:36Бұл жолы қорқыныштан емес еді.
-
7:36 - 7:38Тұла бойым дірілдеп тұрды.
-
7:38 - 7:40Және келесі 5 күн бойы
-
7:40 - 7:44есімді бір жоғалтып, бір тауып,
өмірім үшін күрестім. -
7:44 - 7:48Менің миым 105 градуста малярия
қызбасымен балқыды. -
7:48 - 7:52Есімді жиған сәттерде тек Тромдар жайлы
ойлай бердім. -
7:52 - 7:54"Өз өміріммен не істегім келеді?"
- деп ойладым. -
7:54 - 7:56Ақырында, 21-ші туған күнімнен бір
күн бұрын, -
7:56 - 7:58бар нәрсе айдан анық болған сәтте,
-
7:58 - 8:00мен түсіндім:
-
8:00 - 8:02сол кішкентай,
-
8:03 - 8:05молярлық маса,
-
8:05 - 8:07сол бір кішкене ғана маса
-
8:07 - 8:085 микрограммнан да аз салмақтағы,
-
8:08 - 8:10тұз түйіршігінен де
кішкентай масаның -
8:10 - 8:13170 фунттық, салмағы 80 килограмм
адамды жеңе алады ма деп ойладым, -
8:13 - 8:15Бұл менің әлсіз тұсым екенін түсіндім.
-
8:15 - 8:17Содан кейін білдім:
жо-жоқ, ол маса емес, -
8:17 - 8:19жыл сайын миллиондаған адамның
өліміне себеп болатын -
8:19 - 8:23масаның денесіндегі кішкене паразит,
Плазмодиум Фальсипарум. -
8:24 - 8:26Кейін тіпті, одан да кішкентай екенін
ұқтым, -
8:26 - 8:29бірақ мен үшін ол үлкенірек болып көрінді.
-
8:29 - 8:30Менің түсінгенім,
-
8:30 - 8:31қорқыныш-менің әлсіз тұсым еді,
-
8:31 - 8:32менің паразитім
-
8:32 - 8:35өмір бойы мені мүгедек еткен сол еді.
-
8:35 - 8:38Қорқыныш пен қауіптің арасындағы
айырмашылықты бәріміз білеміз. -
8:38 - 8:40Қауіп -ол шындық.
-
8:40 - 8:42Қорқыныш- бұл таңдау.
-
8:42 - 8:44Сонда менің таңдауым бар екенін ұқтым:
-
8:44 - 8:48Мен сол түні қорқынышпен өмір сүріп,
сәтсіздікпен өлуге шақ қалып едім, -
8:49 - 8:52немесе өз қорқынышымды жоюға және
-
8:52 - 8:56өз армандарыма жете алар едім,
өмір сүре алар едім. -
8:57 - 9:00Және, білесіз, өмір мен өлім арасында
болудың бір құдіреті бар, -
9:00 - 9:04өліммен бетпе-бет келу
өмірді расымен де сүргің келетінін ұғындырады. -
9:04 - 9:07Түсінгенім, әр адам өлім құшады, бірақ
барлығы нағыз өмір сүре бермейді. -
9:08 - 9:10Біздің өмір сүруіміздің астары өлімде.
-
9:10 - 9:12Яғни, сіз өлімді білгенде,
-
9:12 - 9:13өмір сүруді де үйренесіз.
-
9:13 - 9:15Сонымен мен өз тағдырымды өзгерту
-
9:15 - 9:16жайлы шешім қабылдадым.
-
9:17 - 9:18Менің өлгім келмеді.
-
9:18 - 9:20Мен жалбарынып,
-
9:20 - 9:22"Құдайым, 21-ші туған күніме дейін
өмір сүрсем, -
9:22 - 9:25енді үрейдің өмірімді жаулауына
рұқсат бермеймін. -
9:25 - 9:27Мен өз қорқынышымды өлтіремін.
-
9:27 - 9:30Мен өз арманыма жетемін,
-
9:30 - 9:31өз көзқарасымды өзгертемін,
-
9:31 - 9:34мен мүмкін емес іс жасағым келеді,
-
9:34 - 9:36өз мақсатым мен атымды тапқым келеді,
-
9:36 - 9:39мен мүмкін еместің мүмкін екендігін
анықтағым келеді" дедім. -
9:39 - 9:43Сол түні аман қала білдім бе, ол жағын
айтпаймын: оны өздеріңіз табыңыздар. -
9:43 - 9:44(Күлкі)
-
9:44 - 9:47Алайда сол түні мен 10 Тром тізімін
жасадым: -
9:47 - 9:50үлкен құрлықтарға саяхаттап,
-
9:50 - 9:52әлемнің 7 кереметін тамашалып,
-
9:52 - 9:53бірнеше тіл үйренііп,
-
9:53 - 9:55шөлді аралда өмір сүріп,
-
9:55 - 9:56мұхиттағы кемеде тұрып,
-
9:56 - 9:59Амазондағы үндістер тайпасында өмір
сүріп, -
9:59 - 10:01Швециядағы ең биік тау шыңына өрмелеп,
-
10:01 - 10:03Эверест шыңын таң атқанда көркім келді,
-
10:03 - 10:05Нэшвиллде музыка саласында жұмыс жасап,
-
10:05 - 10:07циркте жұмыс істегім келді,
-
10:07 - 10:09ұшақтан секіргім келді.
-
10:09 - 10:12Кейінгі 20 жыл ішінде мен осы Тромдардың
көпшілігін орындадым. -
10:12 - 10:15Әрдайым тізімдегі Тромдарды өшіріп тастап,
-
10:15 - 10:185 не 10 жаңа Тром енгіздім және
осылай ол тізім ұлғая берді. -
10:19 - 10:23Одан кейінгі 7 жыл бойы Багамның
кішкене аралында өмір сүрдім. -
10:23 - 10:257 жыл бойы
-
10:25 - 10:27сабан лашықта
-
10:29 - 10:34жыртқыш акула мен скат балығын қорек етіп,
аралда жалғыз тұрдым, -
10:34 - 10:36жәшіктермен,
-
10:37 - 10:39акулалармен жүзуді үйрендім.
-
10:39 - 10:41Содан кейін, Мексикаға көштім,
-
10:41 - 10:45кейінірек, Эквадорда Амазон өзеніне
көштім, -
10:45 - 10:48Эквадордағы Пужо Понгода
тайпамен өмір кештім, -
10:48 - 10:52және Тромдарым арқылы бойымда
аз-аздап сенімділік туындай бастады. -
10:52 - 10:55Нэшвиллдегі музыка бизнесіне бардым,
кейін Швецияға, -
10:55 - 10:58Стокгольмге көшіп барып,
музыка саласында жұмыс жасадым, -
10:58 - 11:02сонда мен Артиктік шеңберден биік
Кебнекайсе тауына шықтым. -
11:03 - 11:05Клоун,
-
11:05 - 11:06жонглер болуды,
-
11:06 - 11:07және ұзын ағаштарда жүруді,
-
11:07 - 11:10бір дөңгелекті теуіп, от өнері мен шыны
жеуді үйрендім. -
11:10 - 11:141997 жылы қылыш жұтатын адамдардан
санаулы-ақ қалғанын естідім және -
11:14 - 11:15"Мен соны үйренуім керек!" -дедім.
-
11:15 - 11:18Қылыш жұтушыны кездестіріп, одан кеңес
сұрадым. -
11:18 - 11:20Ол: "Менің берер екі кеңесім бар:
-
11:20 - 11:22Бірінші: Бұл өте қауіпті,
-
11:22 - 11:24тіпті өлім құшқан адамдар да бар.
-
11:24 - 11:25Екінші:
-
11:25 - 11:26Мұны жасап көрме!"
-
11:26 - 11:28(Күлкі)
-
11:28 - 11:30Сонымен мұны да Тромдар тізіміне қостым.
-
11:30 - 11:33Күніне 10-12 сағат жаттықтым, күн сайын
-
11:34 - 11:354 жыл бойы.
-
11:35 - 11:37Сол күндерді есептеп көрейін...
-
11:37 - 11:404x 365 [x 12]
-
11:40 - 11:4313000-ға жуық сәтсіз әрекет болды,
-
11:43 - 11:452001 жылы алғаш өз көмейіме
қылышты жақындатқанға дейін. -
11:46 - 11:48Сол кездерде мен мақсат қойдым,
-
11:48 - 11:51қылыш жұту бойынша әлемдегі үздік
эксперт болу арманы. -
11:51 - 11:54Мен әрбір кітап, журнал, газет мақаласын
ізденіп, -
11:54 - 11:58әр медициналық жаңалықты,
психология, анатомияны оқыдым, -
11:58 - 12:00дәрігер және медбикелермен сөйлестім,
-
12:00 - 12:02қылыш жұтушылармен бірлестім
-
12:02 - 12:04Халықаралық Қылыш Жұтушылар
Ассоциациясында, -
12:04 - 12:06"Қылыш жұту мен оның жанама әсерлерін" деген
-
12:06 - 12:092 жылдық дәрігерлік ғылыми зерттеу
жүргіздім. -
12:09 - 12:11Ол Ұлыбритания Медициналық журналында
жарық көрді. -
12:11 - 12:12(Күлкі)
-
12:12 - 12:13Рахмет
-
12:13 - 12:18(Қошемет)
-
12:18 - 12:21Қылыш жұту жайлы таңғажайып нәрселер
үйрендім. -
12:21 - 12:25Кейбірі, тіпті, түсіңізге кіргемеген,
бірақ бүгіннен бастап ойыңызда болады. -
12:25 - 12:29Келесі жолы үйге барып, стейкті пышақпен,
-
12:29 - 12:32қылышпен, не "Bestek"-пен кескенде осы
жайлы ойланатын боласыздар... -
12:34 - 12:37Мен қылыш жұтудың Үндістанда пайда
болғанын білдім, -
12:37 - 12:40сонда ең алғаш рет 20 жастағы бала
ретінде көрер болсам- -
12:40 - 12:42400 жылдай бұрын, б.з.б. 2000 жылы.
-
12:42 - 12:46Соңғы 150 жыл төңірегінде қылыш жұтушылар
-
12:46 - 12:47ғылым мен мецинада қолданылып келеді-
-
12:47 - 12:511868 жылы доктор Адольф Кусмауль
Германиядағы Фрайбургте -
12:51 - 12:54эндоскопияны дамыту
үшін қолданылған. -
12:54 - 12:571906 жылы Уэльсте электрокардиограмма
-
12:57 - 13:00жұтыну аурулары мен ас қорытуды зерттеу
мақсатында -
13:00 - 13:02бронхоскоп және сол секілді заттар
қолданылған. -
13:02 - 13:04Бірақ соңғы 150 жыл бойы
-
13:04 - 13:08біз 100-ден астам жарақат пен бірнеше
өлімнің болғанын білеміз... -
13:08 - 13:15Міне осы доктор Адольф Кусмауль
эндоскопиясының жаңалығы. -
13:15 - 13:19Бірақ біз 150 жылда 29 өлімнің болғанын
анықтадық, -
13:19 - 13:22оның қатарына Лондондағы қылышпен жүрегін
шаншып алған қылыш жұтушы да кіреді. -
13:23 - 13:25Сонымен қатар біз әр жылы 3-тен 8-ге дейін
-
13:25 - 13:28ауыр жарақат болатынын білдік.
-
13:28 - 13:30Мұны өзіме келетін қоңыраулардан
білемін. -
13:30 - 13:31Соңғы бірнеше аптада
-
13:31 - 13:34екі қоңырау алдым: бірі Швецияда,
екіншісі Орландода -
13:34 - 13:37жарақаттардан ауруханада жатқан қылыш
жұтушылардан. -
13:37 - 13:39Яғни бұл өте қауіпті.
-
13:39 - 13:42Мен түсінген тағы бір нәрсе бұл-
қылыш жұтуды үйрену -
13:42 - 13:44көп адамдар үшін 2-ден 10 жылға дейін
-
13:44 - 13:46уақыт алатындығы.
-
13:46 - 13:48Бірақ ең таңғаларлық жаңалық бұл-
-
13:48 - 13:51қылыш жұтушылардың мүмкін емес істі
жасауды үйренетіндігі. -
13:51 - 13:53Осы тұста мен кішкене құпияны ашпақпын:
-
13:54 - 13:58Әрекеттің 99,9% мүмкін емес бөлігіне емес,
-
13:58 - 14:02мүмкін болатын 0,1%-на көңіл бөлу керек
және соны мүмкін ету жолын табу қажет. -
14:03 - 14:06Енді қылыш жұтушының санасына
саяхат жасайық. -
14:06 - 14:09Қылышты жұту үшін медитация керек,
-
14:09 - 14:12өткір концентрация мен аса дәлдік
-
14:12 - 14:16ішкі дене мүшелерін оқшаулап,
автоматты дене рефлекстеріне төтеп береді -
14:16 - 14:20ол ми синопсисін күшейту мен қайталанбалы
бұлшық ет жады арқылы -
14:20 - 14:2410000 рет жаттығудан кейін іске асады.
-
14:24 - 14:28Ал қазір қылыш жұтушының денесіне кішкене
шолу жасайық. -
14:28 - 14:30Қылыш жұту үшін
-
14:30 - 14:32қылыш жүзін тілімнің үстінен өткізіп,
-
14:32 - 14:35өңештегі тығын рефлексін тежеп,
-
14:35 - 14:38көмекейден төмен қарай 90 градустық
бұрылыс жасау керек те, -
14:38 - 14:41өңеш сфинктерінің жоғарғы жағындағы
көмей арқылы өткізіп, -
14:41 - 14:43перистальти рефлексін басып,
-
14:43 - 14:44оны өкпелер арасындағы кеуде қуысына
-
14:44 - 14:46сырғату керек.
-
14:46 - 14:48Осы тұста,
-
14:48 - 14:50мен жүрегімді сәл жылжыту керекпін.
-
14:50 - 14:52Аса назар салып қарасақ,
-
14:52 - 14:54қылышпен бірге жүрек соғысын көре аламыз,
-
14:54 - 14:56өйткені ол көмей ұлпасымен 8 дюйм
-
14:56 - 14:59арақашықтық жасап жүрекке қарсы
сүйеніп тұрады. -
14:59 - 15:01Бұл жай орындай салатын жалған іс емес.
-
15:01 - 15:03Оны кеуде сүйегінен өткізіп,
-
15:03 - 15:06төменгі көмей сфинктерінен төмен қарай
асқазанға өткізіп, -
15:06 - 15:09асқазандағы рефлексті тоқтатып,
ұлтабарға итермелеу керек. -
15:09 - 15:10Оп-оңай.
-
15:10 - 15:11(Күлкі)
-
15:11 - 15:13Одан ары қарай апарсам,
-
15:13 - 15:18Фаллопиялық түтіктерге жетеді.
Фаллопиялық түтіктерге! -
15:18 - 15:21Жігіттер, сіздер бұл түтік жайлы
әйелдеріңізден сұрай жатарсыздар... -
15:22 - 15:24Адамдар маған былай дейді:
-
15:24 - 15:27"Өз өміріңді қатерге тігу үлкен
батылдықты қажет -
15:27 - 15:29ететін болар:
жүректі итермелеп, қылышты жұту..." -
15:29 - 15:30Жоқ. Батылдықты талап ететін нәрсе-
-
15:30 - 15:33сол үрейлі, ұяң әрі әлсіз баланың
-
15:33 - 15:36сәтсіздік пен беті қайтып қалу сезіміне
тәуекел жасап, -
15:36 - 15:37жүрегін айқара ашып,
-
15:37 - 15:38намысын қолдан бермеуі
-
15:38 - 15:41және бейтаныс кісілердің алдында тұрып
-
15:41 - 15:44өз қорқынышы мен армандары жайлы
оқиғасын бөлісуі еді, -
15:44 - 15:48тура және ауыспалы мағынада айтқанда:
өз ішкі сырын төгу. -
15:48 - 15:49Мені түсіндіңіздер, Рахмет.
-
15:49 - 15:54(Қошемет)
-
15:54 - 15:56Көрдіңіз бе, ең кереметі-
-
15:56 - 15:59мен үнемі өмірімде ерекше әсерлі
іс жасағым келген, -
15:59 - 16:00ал қазір ол орындалды.
-
16:00 - 16:03Бірақ мен үшін маңыздысы
-
16:03 - 16:0521 қылышты бірден жұта алатыным емес,
-
16:08 - 16:1020 фут тереңдікте 88 акула мен жайын
арасында жүзетінім емес, -
16:10 - 16:12Риплидің "Саған өтірік, маған шыны" үшін
-
16:14 - 16:18не Стэн Лидің Суперадамдары үшін
1500 градусқа қыздырылып, -
16:18 - 16:19"Болат адам" атануым үшін де емес,
-
16:20 - 16:22ол кезде өте ыстық болды!
-
16:22 - 16:25Рипли немесе Гиннес үшін көлікті қылышпен
-
16:25 - 16:26итеру де емес,
-
16:26 - 16:29не оны Америка Талант шоуының финалы
үшін емес, -
16:29 - 16:32не 2007 жылы Медицина бойынша Нобель
сыйлығын алуым емес, -
16:32 - 16:34Жоқ, ол менің ең керемет жетістігім емес.
-
16:34 - 16:36Басқалар солай ойлайды.
Жо-жоқ. Олай емес. -
16:36 - 16:38Ең атап айтарлық жайт,
-
16:38 - 16:41Құдай сол баяғы қорқақ, арық,
әлсіз баланы -
16:41 - 16:42биіктіктен қорыққан,
-
16:42 - 16:44су менен акуладан,
-
16:44 - 16:46дәрігерлер мен медбикелерден, ине мен
үшкір заттардан -
16:46 - 16:48және көпшіліте сөйлеуден
-
16:48 - 16:50қорыққан баланы қазір әлемді 30000 фут
биікті -
16:50 - 16:51шарлап, акула арасында үшкір
-
16:51 - 16:54затты жұтып, дәрігерлер мен медбикелерге,
сіздерге -
16:54 - 16:57еркін сөйлеп жүрген балаға айналдырды.
-
16:57 - 17:00Осыны мен нағыз кереметке теңеймін.
-
17:00 - 17:01Әрқашан мүмкін емес іс атқарғым
келген. -
17:01 - 17:02Рахмет.
-
17:02 - 17:04(Қошемет)
-
17:04 - 17:05Рахмет.
-
17:06 - 17:09(Қошемет)
-
17:10 - 17:13Әрқашан мүмкін емес іс жасағым
келетін. -
17:13 - 17:16Менің ерекше әсерлі іс атқарғым келген
және -
17:16 - 17:17қазір солай.
-
17:17 - 17:20Суперадам ерліктерін жасап, әлем бойынша
ұшып, -
17:20 - 17:21басқаларының өмірін құтқарғым келді,
ал ол орындалды. -
17:21 - 17:23Және білесіз бе?
-
17:23 - 17:26Сол бір кішкене баланың үлкен арманының
кішкентай бір бөлігі -
17:26 - 17:27әлі тереңде жатыр.
-
17:30 - 17:36(Күлкі) (Қошемет)
-
17:37 - 17:40Әрқашан өз мақсатым мен орнымды тапқым
келген -
17:40 - 17:42және қазір оны анықтадым.
-
17:42 - 17:43Не екенін таба аласыз ба?
-
17:43 - 17:46Оның қылышқа қатысы жоқ, сіз ойлағандай,
менің артықшылықтарыммен емес -
17:46 - 17:49әлсіз тұстарыммен, сөзіммен байланысты.
-
17:49 - 17:51Менің мұратым мен мақсатым-
-
17:51 - 17:53үрейді жеңе отырып әлемді өзгерту,
-
17:53 - 17:55бір уақытта бір қылыш, бір сөз,
-
17:55 - 17:57бір пышақ, бір өмір,
-
17:58 - 18:00адамдарды супер қаһарман болуға ынталандыру
-
18:00 - 18:02және мүмкін емес іс жасауға итермелеу.
-
18:02 - 18:05Менің мақсатым -басқаларының өз
мақсатын табуға көмектесу. -
18:05 - 18:06Сіздікі ше?
-
18:06 - 18:07Сіздің мақсатыңыз қандай?
-
18:07 - 18:09Сіздің не істеуіңіз керек?
-
18:09 - 18:12Мен бәріміздің супер қаһарман екенімізге
сенемін. -
18:12 - 18:14Сіздің суперкүшіңіз қандай?
-
18:15 - 18:18Әлемдегі 7 миллиард адамның арасынан
-
18:18 - 18:20санаулы-ақ қылыш жұтушылар
-
18:20 - 18:22қалды,
-
18:22 - 18:23бірақ сіз жалғызсыз.
-
18:23 - 18:24Сіз ерекшесіз.
-
18:24 - 18:26Сіздің оқиғаңыз қандай?
-
18:26 - 18:28Сізді ерекшелейтін не?
-
18:28 - 18:29Өз оқиғаңызбен бөлісіңіз,
-
18:29 - 18:32дауысыңыз жай және дірілдеп тұрса да.
-
18:32 - 18:33Сіздің Тромдарыңыз қандай?
-
18:33 - 18:36Кез келген іс жасап, әлдекім
бола алып, саяхаттасаңыз -
18:36 - 18:37Не істер едіңіз?
Қайда барар едіңіз? -
18:37 - 18:38Не істер едіңіз?
-
18:38 - 18:40Өз өміріңізбен не істегіңіз келеді?
-
18:40 - 18:42Үлкен армандарыңыз қандай?
-
18:42 - 18:44Кішкене кезіңізде арманыңыз қандай еді?
Өткенге оралыңыз. -
18:44 - 18:46Мен білемін, бұл қазіргідей емес.
-
18:46 - 18:48Өзіңіз ақылға қонымсыз санаған
-
18:48 - 18:50ең күшті арманыңыз қандай?
-
18:50 - 18:54Бұдан кейін енді олар біртүрлі болып
көрінбейді, солай емес пе? -
18:55 - 18:57Сіздің қылышыңыз не?
-
18:57 - 18:59Әрбіріңіздің қылышыңыз бар,
-
18:59 - 19:01екі жақты қорқыныш пен армандар қылышы.
-
19:01 - 19:04Өз қылышыңызды не болса да, жұтып көріңіз.
-
19:04 - 19:06Арман қуыңыздар, ханымдар мен мырзалар.
-
19:06 - 19:09Өзің қалаған адам болуға ешқашан да
кеш емес. -
19:10 - 19:13Әлгі бұзық балаларға, мені ешқашан
мүмкін емес іс жасайды деп -
19:13 - 19:15сенбеген балаларға,
-
19:15 - 19:18айтарым жалғыз:
-
19:18 - 19:19Рахмет.
-
19:19 - 19:22Себебі зұлымдар болмаса, қаһармандар да
болмайды. -
19:23 - 19:27Мен осында мүмкін еместің мүмкін екенін
дәлелдеуге келдім. -
19:28 - 19:32Ол өте қауіпті, тіпті менің өліміме себеп болу мүмкін.
-
19:32 - 19:34Сізге ұнады деген үміттемін.
-
19:34 - 19:35(Күлкі)
-
19:36 - 19:39Маған сіздердің көмектеріңіз керек.
-
19:47 - 19:48Көрермендер: Екі, үш.
-
19:48 - 19:52Дэн Мэйер: Жо-жоқ. Барлығымыз бірге санайық,
жарайды ма? -
19:52 - 19:53(Күлкі)
-
19:53 - 19:56Сөздерді білсеңіздер, менімен санаңыздар.
Дайынбыз ба? -
19:56 - 19:57Бір.
-
19:57 - 19:58Екі.
-
19:58 - 19:59Үш.
-
19:59 - 20:01Жоқ, бұл 2.Сіздер түсіндіңіздер.
-
20:07 - 20:08Көрермендер: Бір.
-
20:08 - 20:09Екі.
-
20:09 - 20:10Үш.
-
20:11 - 20:13(Таң қалу)
-
20:14 - 20:16(Қошемет)
-
20:16 - 20:17DM: Иә!
-
20:17 - 20:23(Қошемет) (Қолдау)
-
20:23 - 20:25Көп рахмет.
-
20:25 - 20:29Рахмет, рахмет.
Шын жүректен алғысым шексіз. -
20:29 - 20:31Негізі, мен асқазанымның түбінен рахмет
айтамын. -
20:32 - 20:35Мен сіздерге мүмкін емес іс атқаруға
келдім дедім, енді жасадым. -
20:35 - 20:38Бірақ бұл қазір мүмкін емес болмай қалды.
Мен оны күнде жасаймын. -
20:38 - 20:43Қорқақ, арық, ұяң әлсіз бала үшін өз
үрейімен бетпе-бет тұру мүмкін емес еді, -
20:43 - 20:45осында TEDx сахнасында тұрып,
-
20:45 - 20:47әлемді өзгерту мүмкін емес еді,
бір уақытта бір сөз, -
20:47 - 20:49бір қылыш пен бір өмір
-
20:49 - 20:52Егер мен сіздерді жаңаша ойлануға
итермелеп, мүмкін емес -
20:52 - 20:54істің мүмкін екеніне сендірсем,
-
20:54 - 20:58егер сізді өміріңізде мүмкін емес ғажапты
жасай алатыныңызға сендірсем, -
20:58 - 21:01онда менің міндетім орындалды, ал сіздікі
енді ғана басталды. -
21:01 - 21:04Ешқашан армандауды тоқтатпаңыздар.
Ешқашан сенімді жоғалпаңыздар. -
21:05 - 21:06Маған сенгендеріңізге,
-
21:06 - 21:08арманымның бір бөлігі болғандарыңызға рахмет.
-
21:08 - 21:10Менің сіздерге сыйым осы:
-
21:10 - 21:11Мүмкін емес нәрсе
-
21:11 - 21:13Көрермендер: мүмкін емес.
-
21:13 - 21:15Ұзақ жол сыйлықтың бір бөлігі.
-
21:15 - 21:20(Қошемет)
-
21:20 - 21:21Рахмет!
-
21:21 - 21:25(Қошемет)
-
21:26 - 21:28(Қолдау көрсету)
-
21:28 - 21:30Жүргізуші: Рахмет, Дэн Мэйер, тамаша!
- Title:
- Қорқынышты жеңіп, мүмкін еместі жасау | ДэнМэйер | TEDxМаастрихт
- Description:
-
Супер қаһарман болып, мүмкін емес ерлік жасағыңыз келеді ме? Дэн Мэйер қорқынышыңыз қаншалықты көп болып, арманыңыз қаншалықты орындалмас болып көрінсе де, әрқайсымыздың қаһарман болуға мүмкіндігіміз бар екеніне сенеді. Қазақстандағы жетімдерді қорғау бойынша гуманитарлық көмек агенттігінің директоры, Дэн, өзінің балалық шағындағы үрейді, әлеуметтік жайсыздық пен келемеждеуді жеңу жолымен бөлісіп, суперадамдық ерлік жасау, Америка Таланты шоуында финалист атануы мен 2007 жылғы Гарвардта Медицина саласы бойынша Нобель сыйлығын иеленуі, ең көне әрі қауіпті өнер түрі, қылыш жұту бойынша әлемнің 39 дүркін рекорд жаңартушысы мен үздік эксперті атануы адамдарды өмірінде мүмкін емес істерді жасауға шабыттандыруға асығатыны жайлы айтады.
Өзінің ең алғашқы TED презентациясында Дэн көрермендерді өзінің шамадан тыс қорқынышы мен таңқаларлық ерліктері, әлсіз баладан рекорд жасаушыға, сәтсіз адамнан Нобель сыйлығының иесіне және ұяң баладан Америка Таланты шоуының финалистіне айналғандығы жайлы ұзақ жолымен таныстырады. Дэн қылыш жұтудың артындағы ғылымға шолу жасап, адамдардың жат ерліктер жасауға деген құлшынысын сипаттайды, сәтсіздік пен адамның шектеулерін жеңіп, мүмкін еместі жасау, әлемді өзгерту қалауын тайтады. Әрі ол сіздің өміріңізде мүмкін емес іс жасау үшін бойдағы үрейді жеңу туралы кеңестерімен бөліседі.
Бұл презентация TED конференцияларынан тәуелсіз өтетін жергілікті TEDx шарасында жасалды. - Video Language:
- English
- Team:
- closed TED
- Project:
- TEDxTalks
- Duration:
- 21:38
Asqat Yerkimbay approved Kazakh subtitles for Doing the impossible, cutting through fear | Dan Meyer | TEDxMaastricht | ||
Asqat Yerkimbay edited Kazakh subtitles for Doing the impossible, cutting through fear | Dan Meyer | TEDxMaastricht | ||
Aru Kozhakhmet accepted Kazakh subtitles for Doing the impossible, cutting through fear | Dan Meyer | TEDxMaastricht | ||
Aru Kozhakhmet edited Kazakh subtitles for Doing the impossible, cutting through fear | Dan Meyer | TEDxMaastricht | ||
Aru Kozhakhmet edited Kazakh subtitles for Doing the impossible, cutting through fear | Dan Meyer | TEDxMaastricht | ||
Aru Kozhakhmet edited Kazakh subtitles for Doing the impossible, cutting through fear | Dan Meyer | TEDxMaastricht | ||
Aru Kozhakhmet edited Kazakh subtitles for Doing the impossible, cutting through fear | Dan Meyer | TEDxMaastricht | ||
Aru Kozhakhmet edited Kazakh subtitles for Doing the impossible, cutting through fear | Dan Meyer | TEDxMaastricht |