YouTube

Got a YouTube account?

New: enable viewer-created translations and captions on your YouTube channel!

Kazakh subtitles

← Қорқынышты жеңіп, мүмкін еместі жасау | ДэнМэйер | TEDxМаастрихт

Get Embed Code
85 Languages

Showing Revision 15 created 08/20/2019 by Asqat Yerkimbay.

  1. Рахмет.
  2. Бірде Үндістан патшасы - махараджа,
    өзінің туған күнінде

  3. жарлық шығарыпты:
    барлық көсемдер патшаға сыйлық әкелуі тиіс.

  4. Біреулер сапалы жібек сыйласа,
    енді біреуі керемет қылыш,
  5. ал кейбіреуі алтын әкелген.
  6. Ең соңғы болып беті әжімге толы қария
    келеді,
  7. ол өзінің ауылынан теңіз жағалап
    ұзақ жүрген екен.
  8. Ол келгенде патшаның ұлы: "Сен қандай
    сыйлық бересің?" деп сұрайды.
  9. Қарт кісі алақанын ашып, күлгін сары
    және қызыл-көк түсті
  10. бұйра еспелері бар әдемі
    ұлу қабыршағын көрсетеді.
  11. Сонда патшаның ұлы:
  12. "Бұл патшаға лайық емес!
    Бұл қандай сыйлық өзі?"- дейді.
  13. Әлгі кісі оған жай ғана қарап, былай деді:
  14. "Ұзақ жол... сыйлықтың бір бөлігі."
  15. (Күлкі)
  16. Бірнеше минуттан соң мен сіздерге
    сыйлық ұсынбақпын,
  17. және бұл сыйдың таратуға тұрарлық
    екеніне сенемін.
  18. Бірақ одан бұрын,
    сіздерді
  19. өзімнің ұзақ жолыммен таныстырғым келеді.
  20. Көпшілігіңіз секілді мен де
  21. өмірімді балалық шақтан бастадым.
  22. Қаншауыңыз кішкентай болып бастадыңыздар?
  23. Дүниеге іңгәлап келдіңіз бе?
  24. Шамамен жартысы... Жарайды...
  25. (Күлкі)
  26. Ал қалғандарыңыз ше?
    Ересек болып тудыңыздар ма?
  27. Сіздердің аналарыңызды көргім
    келіп тұр!
  28. Мүмкін емес жайлы сөйлесейік.
  29. Кішкене кезімнен бері мүмкін емес
    нәрсе жасауға құмарым бар.
  30. Осы күнді бірнеше жыл бойы
    асыға күттім,
  31. өйткені бүгін мен дәл сіздердің
    алдарыңызда
  32. мүмкін емес нәрсені орындайын деп тұрмын,
  33. тура осы жерде, TEDxMaastricht-те.
  34. Ең алдымен, мен
  35. сөз соңын ашып айтайын:
  36. Мен сіздерге "мүмкін еместің"
  37. мүмкін екендігін дәлелдемекшімін.
  38. Және аяғында бөлісуге лайық сый
    ұсынбақпын:
  39. Сіздерге мүмкін емес нәрсені жасай
    алатындарыңызды көрсетемін.
  40. Мүмкін емес жайт жасау барысында,
  41. мен жалпы әлемдегі адамзатқа ортақ екі
    қасиетті анықтадым.
  42. Әрбір адамның қорқынышы бар,
  43. және әркімнің де арманы бар.
  44. Мүмкін емес жайт жасау әрекетімде,
    өзім үшін
  45. өмірімдегі мүмкін еместі
  46. жасауға ұмтылдырған
    үш нәрсені анықтадым.
  47. "Ұр да жық" ойыны,
  48. Супермен,
  49. және маса.
  50. Осы үш кілт сөз.
  51. Енді сіздер де неге мүмкін емес
    нәрсе жасайтынымды білесіздер.
  52. Сонымен, сіздерді өзімнің ұзақ
    саяхатым, ұзын жолыма ерітемін:
  53. қорқыныштан арманыма дейін,
  54. жай сөзден өткір қылыштай сөздерге дейін,
  55. "Ұр да жық" ойынынан
  56. Супермен және
  57. Масаға дейін.
  58. Және сіздерге мүмкін еместі
  59. жасай алатындықтарыңызды
    дәлелдеймін деген үміттемін.
  60. 4-ші Қазан, 2007 жыл.
  61. Жүрегім дүрсілдеп, тізем дірілдеп
  62. Сандерс театры
  63. сахнасына аяқ бастым.
  64. Гарвард университетінде
  65. 2007 жылы Медицина саласы
    бойынша бірлесіп жазған
  66. "Қылыш жұту ...
  67. және оның жанама әсерлері" атты
  68. дәрігерлік зерттеуім үшін
    Нобель сыйлығын алу сәті еді.
  69. (Күлкі)
  70. Зерттеу жұмысым, мен мүлдем естіп
    көрмеген шағын
  71. Ұлыбританиялық Медицина
    журналында жарияланды.
  72. Және бұл мүмкін емес арманымның
    орындалуы болатын,
  73. мен сияқты адам үшін
    бұл үлкен тосын сый,
  74. ешқашан ұмытылмайтын мәртебе болды.
  75. Бірақ бұл өмірімдегі ең есте қаларлық
    сәт емес еді.
  76. 1967 жылғы 4-ші қазанда
  77. осы үрейленген, ұяң, арық келген,
    әлсіз баланың
  78. шамадан тыс қорқыныштары болған.
  79. Сахнаға шықпас бұрын
  80. оның жүрегі алқынып,
  81. тізесі дірілдеп тұрған еді.
  82. Ол сөйлеуге тырысты, бірақ
  83. аузынан бір сөз шықпай қойды.
  84. Көз жасы ағып тұра берді.
  85. Ол қатты үрейленіп,
  86. қорқынышқа қамалды.
  87. Осы үрейленген, ұяң, арық
    әлсіз баланың
  88. шамадан тыс қорқынышы болды.
  89. Ол қараңғыдан қорықты,
  90. биіктіктен,
  91. өрмекші мен жыланнан қорықты.
  92. Қайсыңыз жылан мен өрмекшіден қорқасыз?
  93. Иә, кейбіреуіңіз ғана...
  94. Оның су мен акулалардан қорқынышы болды.
  95. Дәрігерлер мен медбике,
    тіс дәрігерлерінен,
  96. ине мен бұрғылар, оған қоса үшкір
    заттардан қорықты.
  97. Алайда ең қатты қорқынышы
  98. - адамдар еді.
  99. Сол үрейленген, ұяң, әлсіз бала
  100. мен едім.
  101. Мен сәтсіздік пен бас тартудан
    қорықтым,
  102. өзін-өзі төмен бағалау, кемсіту,
  103. тіпті біз білмейтін қасиеттер де пайда
    болды:
  104. әлеуметтік мазасыздықтың
    бұзылуы секілді.
  105. Менің қорқынышым көп болды, сондықтан
    мені бұзық балалар соққыға алатын еді.
  106. Олар артымнан күліп, атымды келеке ететін.
    Өз ойындарына
  107. ешқашан қоспайтын.
  108. Иә, менімен ойнайтын бір ойын бар еді:
  109. ұрдажық.
  110. Әрі мен жақсы ойыншы емес едім.
  111. Олар атымды мазақ етіп атағанда,
  112. мен қарап қалсам, қызыл доптың менің
    бетіме
  113. үлкен жылдамдықпен ұмтылатынын көретінмін.
  114. бам, бам, бам!
  115. Көп күндері үйден мектепке қарай
  116. бетім қызыл, әрі дірілдеп, құлағым қып-
    қызыл, әрі сылдырлап келетінім есімде.
  117. Көздерім жасаурап,
  118. олардың сөздері менің құлағымда
    шыңылдайтын еді.
  119. Әлдекімдер:
  120. "Тас пен таяқ сүйегімді сындырса да,
    сөздер ешқашан жараламас" деп жатады.
  121. Бұл жалған.
  122. Сөз сүйектен өтеді.
  123. Сөз қылыштай өткір.
  124. Сөздер терең жаралар тудырады
  125. және олар көрінбейді.
  126. Мен үрейленген едім.
    Қандай сөз болсын жауыма айналды.
  127. Әлі де солай.
  128. Бірақ менің армандарым да бар еді.
  129. Үйге барып,Супермен қаһарманына айналып,
  130. Супермен комикстерін оқитынмын,
  131. және Супермен секілді нағыз батыр
    болғым келетін.
  132. Әділдік пен шындық үшін күресіп,
  133. жауыздар мен залымдарға
    қарсы әрекет еткім келді.
  134. Әлемді шарлап ұшып, Суперменге еліктеп,
    басқалардың өмірін құтқарғым келді.
  135. Сонымен қатар шынайы заттарға
    қызығушылығым болды.
  136. Гиннестің Рекордтары мен Риплидің
    "Саған өтірік, маған шын" атты кітабын оқыдым.
  137. Гиннестің рекордтар кітабы не
    Риплидің кітабын оқыдыңыздар ма?
  138. Сол кітаптарды жақсы көрем.
  139. Мен шын ерлік жасаған адамдарды көрдім.
  140. Сол ерлікті менің де
    жасағым келеді дейтінмін.
  141. Егер бұзық балалар мені
  142. спорт ойындарына қоспаса,
  143. мен шынайы ғажайып ерлік жасаймын.
  144. Мен сол бұзықтар жасай алмайтын
    бір керемет іс жасағым келеді.
  145. Мен өз мақсатым мен атымды тапқым келеді,
  146. өз өмірімнің мәнін анықтағым келеді.
  147. Әлемді өзгертетін бір мүмкін емес іс
    жасағым келеді.
  148. Мүмкін еместің мүмкін
    екендігін дәлелдегім келеді.
  149. Одан кейінгі 10 жыл
  150. Жиырма бірінші туған күніме
    бір апта қалған еді.
  151. Менің өмірімді өзгерткен екі жайт
    бір күнде орын алды.
  152. Мен Оңтүстік Үндістан, Тамиль Надуда
    тұратынмын.
  153. Мен онда миссионер едім,
  154. бірде менен ақылшым әрі досым:
  155. "Даниель, сенде Тром бар ма?"-деп сұрады.
  156. Мен: "Тром? Ол не?"- дедім.
  157. Ол : "Тром деген өмірлік мақсатың"
    деді.
  158. Бұл арман мен мақсаттардың қосындысы,
  159. мысалы, өзің қалаған істі жасап,
    кез келген жерге барып,
  160. қалаған адам бола алсаң,
  161. қайда барар едің?
    Не істер едің?
  162. Кім болар едің?
  163. Мен: "Мен олай істей алмаймын!
    Қорқамын! Тым көп қорқынышым бар!" дедім.
  164. Сол түні мен күріш салынған тостағаныммен
    үйдің шатырында
  165. жұлдызды аспан астында жатып,
  166. жарқанаттардың масаға тап беріп жатқанын
    тамашаладым.
  167. Менің бар ойым тек Тром,
    арман мен мақсаттар,
  168. және әлгі бұзық балалар жайлы болды.
  169. Бірнеше сағаттан соң ояндым.
  170. Жүрегім дүрсілдеп,
    тізем дірілдеп тұрды.
  171. Бұл жолы қорқыныштан емес еді.
  172. Тұла бойым дірілдеп тұрды.
  173. Және келесі 5 күн бойы
  174. есімді бір жоғалтып, бір тауып,
    өмірім үшін күрестім.
  175. Менің миым 105 градуста малярия
    қызбасымен балқыды.
  176. Есімді жиған сәттерде тек Тромдар жайлы
    ойлай бердім.
  177. "Өз өміріммен не істегім келеді?"
    - деп ойладым.
  178. Ақырында, 21-ші туған күнімнен бір
    күн бұрын,
  179. бар нәрсе айдан анық болған сәтте,
  180. мен түсіндім:
  181. сол кішкентай,
  182. молярлық маса,
  183. сол бір кішкене ғана маса
  184. 5 микрограммнан да аз салмақтағы,
  185. тұз түйіршігінен де
    кішкентай масаның
  186. 170 фунттық, салмағы 80 килограмм
    адамды жеңе алады ма деп ойладым,
  187. Бұл менің әлсіз тұсым екенін түсіндім.
  188. Содан кейін білдім:
    жо-жоқ, ол маса емес,
  189. жыл сайын миллиондаған адамның
    өліміне себеп болатын
  190. масаның денесіндегі кішкене паразит,
    Плазмодиум Фальсипарум.
  191. Кейін тіпті, одан да кішкентай екенін
    ұқтым,
  192. бірақ мен үшін ол үлкенірек болып көрінді.
  193. Менің түсінгенім,
  194. қорқыныш-менің әлсіз тұсым еді,
  195. менің паразитім
  196. өмір бойы мені мүгедек еткен сол еді.
  197. Қорқыныш пен қауіптің арасындағы
    айырмашылықты бәріміз білеміз.
  198. Қауіп -ол шындық.
  199. Қорқыныш- бұл таңдау.
  200. Сонда менің таңдауым бар екенін ұқтым:
  201. Мен сол түні қорқынышпен өмір сүріп,
    сәтсіздікпен өлуге шақ қалып едім,
  202. немесе өз қорқынышымды жоюға және
  203. өз армандарыма жете алар едім,
    өмір сүре алар едім.
  204. Және, білесіз, өмір мен өлім арасында
    болудың бір құдіреті бар,
  205. өліммен бетпе-бет келу
    өмірді расымен де сүргің келетінін ұғындырады.
  206. Түсінгенім, әр адам өлім құшады, бірақ
    барлығы нағыз өмір сүре бермейді.
  207. Біздің өмір сүруіміздің астары өлімде.
  208. Яғни, сіз өлімді білгенде,
  209. өмір сүруді де үйренесіз.
  210. Сонымен мен өз тағдырымды өзгерту
  211. жайлы шешім қабылдадым.
  212. Менің өлгім келмеді.
  213. Мен жалбарынып,
  214. "Құдайым, 21-ші туған күніме дейін
    өмір сүрсем,
  215. енді үрейдің өмірімді жаулауына
    рұқсат бермеймін.
  216. Мен өз қорқынышымды өлтіремін.
  217. Мен өз арманыма жетемін,
  218. өз көзқарасымды өзгертемін,
  219. мен мүмкін емес іс жасағым келеді,
  220. өз мақсатым мен атымды тапқым келеді,
  221. мен мүмкін еместің мүмкін екендігін
    анықтағым келеді" дедім.
  222. Сол түні аман қала білдім бе, ол жағын
    айтпаймын: оны өздеріңіз табыңыздар.
  223. (Күлкі)
  224. Алайда сол түні мен 10 Тром тізімін
    жасадым:
  225. үлкен құрлықтарға саяхаттап,
  226. әлемнің 7 кереметін тамашалып,
  227. бірнеше тіл үйренііп,
  228. шөлді аралда өмір сүріп,
  229. мұхиттағы кемеде тұрып,
  230. Амазондағы үндістер тайпасында өмір
    сүріп,
  231. Швециядағы ең биік тау шыңына өрмелеп,
  232. Эверест шыңын таң атқанда көркім келді,
  233. Нэшвиллде музыка саласында жұмыс жасап,
  234. циркте жұмыс істегім келді,
  235. ұшақтан секіргім келді.
  236. Кейінгі 20 жыл ішінде мен осы Тромдардың
    көпшілігін орындадым.
  237. Әрдайым тізімдегі Тромдарды өшіріп тастап,
  238. 5 не 10 жаңа Тром енгіздім және
    осылай ол тізім ұлғая берді.
  239. Одан кейінгі 7 жыл бойы Багамның
    кішкене аралында өмір сүрдім.
  240. 7 жыл бойы
  241. сабан лашықта
  242. жыртқыш акула мен скат балығын қорек етіп,
    аралда жалғыз тұрдым,
  243. жәшіктермен,
  244. акулалармен жүзуді үйрендім.
  245. Содан кейін, Мексикаға көштім,
  246. кейінірек, Эквадорда Амазон өзеніне
    көштім,
  247. Эквадордағы Пужо Понгода
    тайпамен өмір кештім,
  248. және Тромдарым арқылы бойымда
    аз-аздап сенімділік туындай бастады.
  249. Нэшвиллдегі музыка бизнесіне бардым,
    кейін Швецияға,
  250. Стокгольмге көшіп барып,
    музыка саласында жұмыс жасадым,
  251. сонда мен Артиктік шеңберден биік
    Кебнекайсе тауына шықтым.
  252. Клоун,
  253. жонглер болуды,
  254. және ұзын ағаштарда жүруді,
  255. бір дөңгелекті теуіп, от өнері мен шыны
    жеуді үйрендім.
  256. 1997 жылы қылыш жұтатын адамдардан
    санаулы-ақ қалғанын естідім және
  257. "Мен соны үйренуім керек!" -дедім.
  258. Қылыш жұтушыны кездестіріп, одан кеңес
    сұрадым.
  259. Ол: "Менің берер екі кеңесім бар:
  260. Бірінші: Бұл өте қауіпті,
  261. тіпті өлім құшқан адамдар да бар.
  262. Екінші:
  263. Мұны жасап көрме!"
  264. (Күлкі)
  265. Сонымен мұны да Тромдар тізіміне қостым.
  266. Күніне 10-12 сағат жаттықтым, күн сайын
  267. 4 жыл бойы.
  268. Сол күндерді есептеп көрейін...
  269. 4x 365 [x 12]
  270. 13000-ға жуық сәтсіз әрекет болды,
  271. 2001 жылы алғаш өз көмейіме
    қылышты жақындатқанға дейін.
  272. Сол кездерде мен мақсат қойдым,
  273. қылыш жұту бойынша әлемдегі үздік
    эксперт болу арманы.
  274. Мен әрбір кітап, журнал, газет мақаласын
    ізденіп,
  275. әр медициналық жаңалықты,
    психология, анатомияны оқыдым,
  276. дәрігер және медбикелермен сөйлестім,
  277. қылыш жұтушылармен бірлестім
  278. Халықаралық Қылыш Жұтушылар
    Ассоциациясында,
  279. "Қылыш жұту мен оның жанама әсерлерін" деген
  280. 2 жылдық дәрігерлік ғылыми зерттеу
    жүргіздім.
  281. Ол Ұлыбритания Медициналық журналында
    жарық көрді.
  282. (Күлкі)
  283. Рахмет
  284. (Қошемет)
  285. Қылыш жұту жайлы таңғажайып нәрселер
    үйрендім.
  286. Кейбірі, тіпті, түсіңізге кіргемеген,
    бірақ бүгіннен бастап ойыңызда болады.
  287. Келесі жолы үйге барып, стейкті пышақпен,
  288. қылышпен, не "Bestek"-пен кескенде осы
    жайлы ойланатын боласыздар...
  289. Мен қылыш жұтудың Үндістанда пайда
    болғанын білдім,
  290. сонда ең алғаш рет 20 жастағы бала
    ретінде көрер болсам-
  291. 400 жылдай бұрын, б.з.б. 2000 жылы.
  292. Соңғы 150 жыл төңірегінде қылыш жұтушылар
  293. ғылым мен мецинада қолданылып келеді-
  294. 1868 жылы доктор Адольф Кусмауль
    Германиядағы Фрайбургте
  295. эндоскопияны дамыту
    үшін қолданылған.
  296. 1906 жылы Уэльсте электрокардиограмма
  297. жұтыну аурулары мен ас қорытуды зерттеу
    мақсатында
  298. бронхоскоп және сол секілді заттар
    қолданылған.
  299. Бірақ соңғы 150 жыл бойы
  300. біз 100-ден астам жарақат пен бірнеше
    өлімнің болғанын білеміз...
  301. Міне осы доктор Адольф Кусмауль
    эндоскопиясының жаңалығы.
  302. Бірақ біз 150 жылда 29 өлімнің болғанын
    анықтадық,
  303. оның қатарына Лондондағы қылышпен жүрегін
    шаншып алған қылыш жұтушы да кіреді.
  304. Сонымен қатар біз әр жылы 3-тен 8-ге дейін
  305. ауыр жарақат болатынын білдік.
  306. Мұны өзіме келетін қоңыраулардан
    білемін.
  307. Соңғы бірнеше аптада
  308. екі қоңырау алдым: бірі Швецияда,
    екіншісі Орландода
  309. жарақаттардан ауруханада жатқан қылыш
    жұтушылардан.
  310. Яғни бұл өте қауіпті.
  311. Мен түсінген тағы бір нәрсе бұл-
    қылыш жұтуды үйрену
  312. көп адамдар үшін 2-ден 10 жылға дейін
  313. уақыт алатындығы.
  314. Бірақ ең таңғаларлық жаңалық бұл-
  315. қылыш жұтушылардың мүмкін емес істі
    жасауды үйренетіндігі.
  316. Осы тұста мен кішкене құпияны ашпақпын:
  317. Әрекеттің 99,9% мүмкін емес бөлігіне емес,
  318. мүмкін болатын 0,1%-на көңіл бөлу керек
    және соны мүмкін ету жолын табу қажет.
  319. Енді қылыш жұтушының санасына
    саяхат жасайық.
  320. Қылышты жұту үшін медитация керек,
  321. өткір концентрация мен аса дәлдік
  322. ішкі дене мүшелерін оқшаулап,
    автоматты дене рефлекстеріне төтеп береді
  323. ол ми синопсисін күшейту мен қайталанбалы
    бұлшық ет жады арқылы
  324. 10000 рет жаттығудан кейін іске асады.
  325. Ал қазір қылыш жұтушының денесіне кішкене
    шолу жасайық.
  326. Қылыш жұту үшін
  327. қылыш жүзін тілімнің үстінен өткізіп,
  328. өңештегі тығын рефлексін тежеп,
  329. көмекейден төмен қарай 90 градустық
    бұрылыс жасау керек те,
  330. өңеш сфинктерінің жоғарғы жағындағы
    көмей арқылы өткізіп,
  331. перистальти рефлексін басып,
  332. оны өкпелер арасындағы кеуде қуысына
  333. сырғату керек.
  334. Осы тұста,
  335. мен жүрегімді сәл жылжыту керекпін.
  336. Аса назар салып қарасақ,
  337. қылышпен бірге жүрек соғысын көре аламыз,
  338. өйткені ол көмей ұлпасымен 8 дюйм
  339. арақашықтық жасап жүрекке қарсы
    сүйеніп тұрады.
  340. Бұл жай орындай салатын жалған іс емес.
  341. Оны кеуде сүйегінен өткізіп,
  342. төменгі көмей сфинктерінен төмен қарай
    асқазанға өткізіп,
  343. асқазандағы рефлексті тоқтатып,
    ұлтабарға итермелеу керек.
  344. Оп-оңай.
  345. (Күлкі)
  346. Одан ары қарай апарсам,
  347. Фаллопиялық түтіктерге жетеді.
    Фаллопиялық түтіктерге!
  348. Жігіттер, сіздер бұл түтік жайлы
    әйелдеріңізден сұрай жатарсыздар...
  349. Адамдар маған былай дейді:
  350. "Өз өміріңді қатерге тігу үлкен
    батылдықты қажет
  351. ететін болар:
    жүректі итермелеп, қылышты жұту..."
  352. Жоқ. Батылдықты талап ететін нәрсе-
  353. сол үрейлі, ұяң әрі әлсіз баланың
  354. сәтсіздік пен беті қайтып қалу сезіміне
    тәуекел жасап,
  355. жүрегін айқара ашып,
  356. намысын қолдан бермеуі
  357. және бейтаныс кісілердің алдында тұрып
  358. өз қорқынышы мен армандары жайлы
    оқиғасын бөлісуі еді,
  359. тура және ауыспалы мағынада айтқанда:
    өз ішкі сырын төгу.
  360. Мені түсіндіңіздер, Рахмет.
  361. (Қошемет)
  362. Көрдіңіз бе, ең кереметі-
  363. мен үнемі өмірімде ерекше әсерлі
    іс жасағым келген,
  364. ал қазір ол орындалды.
  365. Бірақ мен үшін маңыздысы
  366. 21 қылышты бірден жұта алатыным емес,
  367. 20 фут тереңдікте 88 акула мен жайын
    арасында жүзетінім емес,
  368. Риплидің "Саған өтірік, маған шыны" үшін
  369. не Стэн Лидің Суперадамдары үшін
    1500 градусқа қыздырылып,
  370. "Болат адам" атануым үшін де емес,
  371. ол кезде өте ыстық болды!
  372. Рипли немесе Гиннес үшін көлікті қылышпен
  373. итеру де емес,
  374. не оны Америка Талант шоуының финалы
    үшін емес,
  375. не 2007 жылы Медицина бойынша Нобель
    сыйлығын алуым емес,
  376. Жоқ, ол менің ең керемет жетістігім емес.
  377. Басқалар солай ойлайды.
    Жо-жоқ. Олай емес.
  378. Ең атап айтарлық жайт,
  379. Құдай сол баяғы қорқақ, арық,
    әлсіз баланы
  380. биіктіктен қорыққан,
  381. су менен акуладан,
  382. дәрігерлер мен медбикелерден, ине мен
    үшкір заттардан
  383. және көпшіліте сөйлеуден
  384. қорыққан баланы қазір әлемді 30000 фут
    биікті
  385. шарлап, акула арасында үшкір
  386. затты жұтып, дәрігерлер мен медбикелерге,
    сіздерге
  387. еркін сөйлеп жүрген балаға айналдырды.
  388. Осыны мен нағыз кереметке теңеймін.
  389. Әрқашан мүмкін емес іс атқарғым
    келген.
  390. Рахмет.
  391. (Қошемет)
  392. Рахмет.
  393. (Қошемет)
  394. Әрқашан мүмкін емес іс жасағым
    келетін.
  395. Менің ерекше әсерлі іс атқарғым келген
    және
  396. қазір солай.
  397. Суперадам ерліктерін жасап, әлем бойынша
    ұшып,
  398. басқаларының өмірін құтқарғым келді,
    ал ол орындалды.
  399. Және білесіз бе?
  400. Сол бір кішкене баланың үлкен арманының
    кішкентай бір бөлігі
  401. әлі тереңде жатыр.
  402. (Күлкі) (Қошемет)
  403. Әрқашан өз мақсатым мен орнымды тапқым
    келген
  404. және қазір оны анықтадым.
  405. Не екенін таба аласыз ба?
  406. Оның қылышқа қатысы жоқ, сіз ойлағандай,
    менің артықшылықтарыммен емес
  407. әлсіз тұстарыммен, сөзіммен байланысты.
  408. Менің мұратым мен мақсатым-
  409. үрейді жеңе отырып әлемді өзгерту,
  410. бір уақытта бір қылыш, бір сөз,
  411. бір пышақ, бір өмір,
  412. адамдарды супер қаһарман болуға ынталандыру
  413. және мүмкін емес іс жасауға итермелеу.
  414. Менің мақсатым -басқаларының өз
    мақсатын табуға көмектесу.
  415. Сіздікі ше?
  416. Сіздің мақсатыңыз қандай?
  417. Сіздің не істеуіңіз керек?
  418. Мен бәріміздің супер қаһарман екенімізге
    сенемін.
  419. Сіздің суперкүшіңіз қандай?
  420. Әлемдегі 7 миллиард адамның арасынан
  421. санаулы-ақ қылыш жұтушылар
  422. қалды,
  423. бірақ сіз жалғызсыз.
  424. Сіз ерекшесіз.
  425. Сіздің оқиғаңыз қандай?
  426. Сізді ерекшелейтін не?
  427. Өз оқиғаңызбен бөлісіңіз,
  428. дауысыңыз жай және дірілдеп тұрса да.
  429. Сіздің Тромдарыңыз қандай?
  430. Кез келген іс жасап, әлдекім
    бола алып, саяхаттасаңыз
  431. Не істер едіңіз?
    Қайда барар едіңіз?
  432. Не істер едіңіз?
  433. Өз өміріңізбен не істегіңіз келеді?
  434. Үлкен армандарыңыз қандай?
  435. Кішкене кезіңізде арманыңыз қандай еді?
    Өткенге оралыңыз.
  436. Мен білемін, бұл қазіргідей емес.
  437. Өзіңіз ақылға қонымсыз санаған
  438. ең күшті арманыңыз қандай?
  439. Бұдан кейін енді олар біртүрлі болып
    көрінбейді, солай емес пе?
  440. Сіздің қылышыңыз не?
  441. Әрбіріңіздің қылышыңыз бар,
  442. екі жақты қорқыныш пен армандар қылышы.
  443. Өз қылышыңызды не болса да, жұтып көріңіз.
  444. Арман қуыңыздар, ханымдар мен мырзалар.
  445. Өзің қалаған адам болуға ешқашан да
    кеш емес.
  446. Әлгі бұзық балаларға, мені ешқашан
    мүмкін емес іс жасайды деп
  447. сенбеген балаларға,
  448. айтарым жалғыз:
  449. Рахмет.
  450. Себебі зұлымдар болмаса, қаһармандар да
    болмайды.
  451. Мен осында мүмкін еместің мүмкін екенін
    дәлелдеуге келдім.
  452. Ол өте қауіпті, тіпті менің өліміме себеп болу мүмкін.
  453. Сізге ұнады деген үміттемін.
  454. (Күлкі)
  455. Маған сіздердің көмектеріңіз керек.
  456. Көрермендер: Екі, үш.
  457. Дэн Мэйер: Жо-жоқ. Барлығымыз бірге санайық,
    жарайды ма?
  458. (Күлкі)
  459. Сөздерді білсеңіздер, менімен санаңыздар.
    Дайынбыз ба?
  460. Бір.
  461. Екі.
  462. Үш.
  463. Жоқ, бұл 2.Сіздер түсіндіңіздер.
  464. Көрермендер: Бір.
  465. Екі.
  466. Үш.
  467. (Таң қалу)
  468. (Қошемет)
  469. DM: Иә!
  470. (Қошемет) (Қолдау)
  471. Көп рахмет.
  472. Рахмет, рахмет.
    Шын жүректен алғысым шексіз.
  473. Негізі, мен асқазанымның түбінен рахмет
    айтамын.
  474. Мен сіздерге мүмкін емес іс атқаруға
    келдім дедім, енді жасадым.
  475. Бірақ бұл қазір мүмкін емес болмай қалды.
    Мен оны күнде жасаймын.
  476. Қорқақ, арық, ұяң әлсіз бала үшін өз
    үрейімен бетпе-бет тұру мүмкін емес еді,
  477. осында TEDx сахнасында тұрып,
  478. әлемді өзгерту мүмкін емес еді,
    бір уақытта бір сөз,
  479. бір қылыш пен бір өмір
  480. Егер мен сіздерді жаңаша ойлануға
    итермелеп, мүмкін емес
  481. істің мүмкін екеніне сендірсем,
  482. егер сізді өміріңізде мүмкін емес ғажапты
    жасай алатыныңызға сендірсем,
  483. онда менің міндетім орындалды, ал сіздікі
    енді ғана басталды.
  484. Ешқашан армандауды тоқтатпаңыздар.
    Ешқашан сенімді жоғалпаңыздар.
  485. Маған сенгендеріңізге,
  486. арманымның бір бөлігі болғандарыңызға рахмет.
  487. Менің сіздерге сыйым осы:
  488. Мүмкін емес нәрсе
  489. Көрермендер: мүмкін емес.
  490. Ұзақ жол сыйлықтың бір бөлігі.
  491. (Қошемет)
  492. Рахмет!
  493. (Қошемет)
  494. (Қолдау көрсету)
  495. Жүргізуші: Рахмет, Дэн Мэйер, тамаша!