Return to Video

Мұстафа Акиол: Исламда салт-дәстүрлердің дінге қайшылығы

  • 0:00 - 0:02
    Бірер апта бұрын
  • 0:02 - 0:05
    менің Сауд Арабиясына барып қайтуға мүмкіндігім болды.
  • 0:05 - 0:08
    Мен мұсылман болғандықтан, ең бірінші
  • 0:08 - 0:10
    Меккеге барып, Қағбаны көргім келді.
  • 0:10 - 0:12
    ол - барша мұсылман қауымының қасиетті орны.
  • 0:12 - 0:14
    Мен солай жасадым. Қажылық салтына сәйкес киініп,
  • 0:14 - 0:16
    қасиетті мешітке бардым;
  • 0:16 - 0:18
    намазымды оқыдым;
  • 0:18 - 0:20
    барлық міндеттерді орындадым.
  • 0:20 - 0:22
    Сол уақыт ішінде
  • 0:22 - 0:24
    барлық рухани істерден басқа,
  • 0:24 - 0:26
    адамзатқа тән бір жағдайға
  • 0:26 - 0:28
    назар аудардым.
  • 0:28 - 0:30
    Қағбада адамдар жынысына байланысты бөлінген жоқ.
  • 0:30 - 0:32
    Басқаша айтқанда, әйелдер мен ерлер
  • 0:32 - 0:34
    бірге зиярат етті.
  • 0:34 - 0:36
    Тауап еткенде бірге жүрді,
  • 0:36 - 0:39
    яғни Қағбаны бірге айналды.
  • 0:39 - 0:41
    Бірге намаз оқыды.
  • 0:41 - 0:44
    Егер сіз неге мен бұл жағдайға қызығушылық таныттым десеңіз,
  • 0:44 - 0:47
    сізге Сауд Арабиясының басқа жерлерін көру керек,
  • 0:47 - 0:49
    себебі бұл ел
  • 0:49 - 0:52
    адамдарды жыныстарына қарай қатты бөледі.
  • 0:52 - 0:54
    Басқаша айтқанда,
  • 0:54 - 0:56
    еркек болсаңыз, әйелдер тұрған
  • 0:56 - 0:58
    физикалық ортада тұра алмайсыз.
  • 0:58 - 1:00
    Мен бұны өте қызық жолмен байқадым.
  • 1:00 - 1:02
    Қағбадан шығып,
  • 1:02 - 1:04
    тамақ жеу үшін қаланың орталығына бардым.
  • 1:04 - 1:06
    Ең жақын Бургер Кинг ресторанына бет алдым.
  • 1:06 - 1:08
    Сол жерге барғанда
  • 1:08 - 1:10
    мен ерлерге арналған секцияның
  • 1:10 - 1:13
    әйелдер секциясынан жете бөлініп тұрғанын байқадым.
  • 1:13 - 1:16
    Мен ерлер секциясында тапсырыс беріп, ақысын төлеп, жеуге міндетті едім.
  • 1:16 - 1:18
    "Қандай қызық",-деп, таңдандым.
  • 1:18 - 1:21
    "Қасиетті Қағбада қарсы жынысты адамдармен тұра аласың,
  • 1:21 - 1:23
    бірақ Бургер Кингта тұра алмайсың".
  • 1:23 - 1:25
    Тіпті жөнсіз.
  • 1:25 - 1:28
    Менің ойымша, айтудың өзі оғаш.
  • 1:28 - 1:31
    Себебі Қағба және оның айналасындағы рәсімдер
  • 1:31 - 1:34
    Исламның ертеден келе жатқан жәдігерлері,
  • 1:34 - 1:36
    Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.с.) кезінен.
  • 1:36 - 1:38
    Егер сол кезде
  • 1:38 - 1:40
    ерлерді әйелдерден бөлуге себеп болған болса,
  • 1:40 - 1:43
    Қағбаны айналу рәсімдері соған сәйкес жасалатын еді.
  • 1:43 - 1:45
    Бірақ сол кезде адамдарды бөлу маңызды емес болды.
  • 1:45 - 1:47
    Және қажылық салттары соған сәйкес жасалды.
  • 1:47 - 1:49
    Менің ойымша,
  • 1:49 - 1:51
    әйелдерді шеттету
  • 1:51 - 1:53
    қоғамды бөлу үшін жасалғаны анық,
  • 1:53 - 1:56
    Құранда қоғамды бөлу туралы айтылмағаны хақ,
  • 1:56 - 1:58
    Құран - Ислам дінінің негізі,
  • 1:58 - 2:00
    Алла Тағаладан келген кітап,
  • 2:00 - 2:03
    барша мұсылман, мені қосқанда оған сенеді.
  • 2:03 - 2:05
    Және менің ойымша ол кездейсоқтық емес,
  • 2:05 - 2:07
    Ислам дінінің негізінде қоғамды бөлу жайында
  • 2:07 - 2:09
    ешнәрсе таппауыңыз жайдан жай емес.
  • 2:09 - 2:11
    Себебі көптеген ғалымдар
  • 2:11 - 2:13
    Ислам тарихын зерттеген
  • 2:13 - 2:15
    Мұсылман немесе Батыс ғалымдарының
  • 2:15 - 2:17
    пікірінше, негізінен
  • 2:17 - 2:19
    әйелдер мен ерлерді физикалық бөлу
  • 2:19 - 2:22
    Исламда кейін дамыған.
  • 2:22 - 2:24
    Мұсылмандар Таяу Шығыстың
  • 2:24 - 2:27
    кейбір көне мәдениетін және әдет ғұрпын дінге енгізген.
  • 2:27 - 2:29
    Іс жүзінде, әйелдерді шеттету
  • 2:29 - 2:31
    Византиялық және парсылық тәжірибе болды,
  • 2:31 - 2:34
    және мұсылмандар оны қабылдап,
  • 2:34 - 2:36
    дінінің бір бөлшегі етіп алды.
  • 2:36 - 2:38
    Бұл мысал шындығында
  • 2:38 - 2:40
    көптеген көріністердің біреуі ғана.
  • 2:40 - 2:43
    Бүгінгі таңда Ислам заңдары, шындығында Ислам мәдениеттері
  • 2:43 - 2:45
    және ондай мәдениеттер өте көп;
  • 2:45 - 2:47
    Сауд Арабиясында олар
  • 2:47 - 2:50
    мен келген Стамбұлдан немесе Түркиядан өзгеше.
  • 2:50 - 2:52
    Әйтсе де
  • 2:52 - 2:54
    Ислам мәдениеті жайында айтатын болсаңыз,
  • 2:54 - 2:56
    оның негізі бар, құдайдан хабарлама,
  • 2:56 - 2:58
    яғни діннің басы,
  • 2:58 - 3:00
    бірақ кейін дінге көптеген салт-дәстүрлер, көзқарастар,
  • 3:00 - 3:03
    тәжірибелер қосылған.
  • 3:03 - 3:06
    Бұл дәстүрлер Таяу Шығыс - ортағасыр дәстүрлері.
  • 3:07 - 3:10
    Және осы ақиқаттан екі маңызды хабарлама,
  • 3:10 - 3:13
    немесе сабақ алуға болады.
  • 3:13 - 3:15
    Біріншіден, діншіл,
  • 3:15 - 3:18
    кертартпа, діндар мұсылмандар, дініне адал жандар
  • 3:18 - 3:21
    өздерінің мәдениетіндегі кез-келген нәрсеге жармаспауы қажет,
  • 3:21 - 3:23
    ойлануы қажет.
  • 3:23 - 3:25
    Дәстүрлерінің бірі дінге қайшы болуы мүмкін
  • 3:25 - 3:27
    және өзгертілулері керек шығар.
  • 3:27 - 3:29
    Екінші жағынан, батыстықтар
  • 3:29 - 3:31
    Ислам мәдениетіне қарап,
  • 3:31 - 3:33
    кейбір шындыққа жанаспайтын Исламның қырларын көріп,
  • 3:33 - 3:36
    Ислам деген осы екен - деген қорытынды жасамауы керек.
  • 3:36 - 3:38
    Ол Таяу Шығыс мәдениеті болуы мүмкін,
  • 3:38 - 3:40
    кейін Исламмен астасқан.
  • 3:40 - 3:43
    Әйелді сүннеттеу деген рәсім бар.
  • 3:43 - 3:46
    Ол өте желкенішті, қорқынышты рәсім.
  • 3:46 - 3:48
    Бұл операция негізінен
  • 3:48 - 3:51
    әйелдерді сексуалдық рақатынан айыратын операция.
  • 3:51 - 3:53
    Батыстықтар, Еуропалықтар немесе Американдықтар,
  • 3:53 - 3:56
    бұл рәсімді бұрын-соңды
  • 3:56 - 3:58
    көрмеген адамдар,
  • 3:58 - 4:00
    кейбір Солтүстік Африкадан көшкен
  • 4:00 - 4:02
    мұсылман қауымынан көргенде,
  • 4:02 - 4:05
    "Осындай нәрселерді бұйырған,
  • 4:05 - 4:07
    Бұл қандай қорқынышты дін",-деген қорытынды жасайды.
  • 4:07 - 4:09
    Бірақ негізінде бұл әйелдерді сүннеттеу рәсімі
  • 4:09 - 4:11
    Исламмен қатысы жоқ.
  • 4:11 - 4:13
    Бұл Солтүстік Африка әдет-ғұрпы,
  • 4:13 - 4:15
    Исламның соңына ерген.
  • 4:15 - 4:17
    Осыдан мың жылдар бұрын жасалған.
  • 4:17 - 4:20
    Кейбір мұсылмандар осы күні де сол рәсімді жасап келеді.
  • 4:20 - 4:23
    Солтүстік Африка мұсылмандары, басқа жерде жасалмайды.
  • 4:23 - 4:26
    Сонымен қатар, Солтүстік Африканың мұсылман емес қауымдары да --
  • 4:26 - 4:28
    анимисттер, тіпті кейбір христиандар
  • 4:28 - 4:30
    мен яһуди тайпалары
  • 4:30 - 4:33
    әйелдерін сүннеттеу рәсімімен танымал.
  • 4:33 - 4:36
    Айналып келгенде, кейбір Ислам дініне қайшы
  • 4:36 - 4:38
    рәсімдер мәселе болып көрінудің орнына
  • 4:38 - 4:40
    дінмен астасып, салтқа
  • 4:40 - 4:42
    әдетке айналған.
  • 4:42 - 4:44
    Дәл осындай жат салтқа абыройынан айырылған қызды (зина жасаған әйелді) өлтіру рәсімі жатады.
  • 4:44 - 4:47
    Батыстық бұқаралық ақпарттың ағымдағы тақырыбына
  • 4:47 - 4:50
    айналған бұл рәсім жан түршігерлік.
  • 4:50 - 4:53
    Және біз осы дәстүрдің кейбір мұсылман қауымдарында сақталғанын көріп отырмыз.
  • 4:53 - 4:56
    Бірақ Таяу Шығыстың мұсылман емес қауымдары арасында
  • 4:56 - 4:58
    мысалға, христиан және Шығыс қауымдарында да
  • 4:58 - 5:00
    дәл сол рәсім бар екен.
  • 5:00 - 5:02
    Біз бірнеше ай бұрын Түркиядағы Армяндар
  • 5:02 - 5:04
    қауымында болған - арынан айырылған қызды
  • 5:04 - 5:06
    өлтіру амалының куәсі болдық.
  • 5:06 - 5:08
    Бұл айтылған рәсімдер жалпы мәдениет дәстүрі бойынша жасалып отыр.
  • 5:08 - 5:11
    Сонымен қатар, мен саяси мәдениетке де көңіл бөлемін,
  • 5:11 - 5:14
    саяси мәдениетте бостандық пен демократияға жеткілікті дәрежеде көңіл бөле ме?
  • 5:14 - 5:17
    немесе мемлекетте азаматтарын бір істі мәжбүрлеп істете
  • 5:17 - 5:20
    алатын әмірлі саяси мәдениет бар ма?
  • 5:20 - 5:22
    Таяу Шығыс мемлекеттері
  • 5:22 - 5:24
    көптеген ислам іс-әрекеттерінің
  • 5:24 - 5:26
    жақтасы екені анық,
  • 5:26 - 5:29
    және кейбір "Ислам режимі" деп аталатын елдер
  • 5:29 - 5:31
    мысалға: Сауд Арабиясы, Иран,
  • 5:31 - 5:34
    ең құрығанда Афғандағы Талибан
  • 5:34 - 5:36
    осы жаза мен рәсімдерді қолдайды.
  • 5:36 - 5:38
    Мысалға, Сауд Арабиясында
  • 5:38 - 5:41
    діни полиция деп аталатын сақшылар бар.
  • 5:41 - 5:43
    Бұл діни сақшылары қиялдағы
  • 5:43 - 5:45
    ислам тұрмыс - салтын
  • 5:45 - 5:47
    әр азаматқа күшпен орындатады.
  • 5:47 - 5:49
    мысалға, әйелдердің басына орамалды күшпен таққызады,
  • 5:49 - 5:52
    Ислам шариғатына сәйкес хиджаб кигізеді.
  • 5:52 - 5:54
    Билік бұл істі қуана қолдайды
  • 5:54 - 5:57
    және мен оған қарсымын.
  • 5:57 - 6:00
    Кейін мен бұл іс-әрекеттерді
  • 6:00 - 6:02
    сол географиялық ортада басқа мұсылман емес,
  • 6:02 - 6:05
    немесе Исламмен қатысы жоқ қауымдардың
  • 6:05 - 6:07
    қайталап жатқанын көргенде,
  • 6:07 - 6:09
    мәселенің тек Ислам дінінде емес,
  • 6:09 - 6:12
    бүкіл аймақтың саяси мәдениетінде жатқанын түсіндім.
  • 6:12 - 6:15
    Сізге мысал келтірейін: Менің отаным Түркия
  • 6:15 - 6:17
    ақсүйектер мемлекеті,
  • 6:17 - 6:19
    күні кешеге дейін
  • 6:19 - 6:22
    бізге атеисттік деп аталатын
  • 6:22 - 6:25
    полиция қажет болды. Олар университеттерді жабық
  • 6:25 - 6:27
    киінген студенттерден қорғаушы еді.
  • 6:27 - 6:30
    Басқаша айтқанда, олар студенттердің бастарынан
  • 6:30 - 6:32
    орамалды күшпен шешетін еді.
  • 6:32 - 6:34
    Менің ойымша, әйелдердің басынан орамалды зорлап шешу
  • 6:34 - 6:37
    оны зорлап кигізумен бірдей зомбылық.
  • 6:37 - 6:39
    Кию-кимеу әр азаматтың таңдауы.
  • 6:39 - 6:41
    Мен осы көріністерден кейін
  • 6:41 - 6:43
    "Мүмкін мәселе
  • 6:43 - 6:45
    авторитарлық мәдениетте жатқан болар
  • 6:45 - 6:47
    және кейбір мұсылман соның ықпалына түскен болар" деген қорытындыға келдім.
  • 6:47 - 6:50
    Олай болса зайырлы көзқарастағы адамдар да соның ықпалына түсуі мүмкін.
  • 6:50 - 6:52
    Егер бұл саяси мәдениеттің мәселесі болса,
  • 6:52 - 6:54
    біз осы саяси мәдениетті
  • 6:54 - 6:56
    қалай өзгертуге болатыны жайлы ойлануымыз керек.
  • 6:56 - 6:58
    Міне осы сұрақтар бірнеше жыл бұрын
  • 6:58 - 7:00
    мен кітап жазғанға дейін
  • 7:00 - 7:02
    мені мазалады.
  • 7:02 - 7:04
    Мен: "Ислам бүгінгі деңгейге
  • 7:04 - 7:09
    қалай жеткенін зерттеп,
  • 7:09 - 7:11
    және қандай жолдармен келгенін,
  • 7:11 - 7:13
    қандай жолдар таңдалуы мүмкін болғанын анықтап білемін", - деп шештім.
  • 7:13 - 7:18
    Кітаптың аты "Экстримсіз Ислам: Мұсылманның азаттық үшін құқығы".
  • 7:18 - 7:20
    Кітаптың аты айтып тұрғандай,
  • 7:20 - 7:23
    мен ислам дәстүрлеріне және Ислам көзқарас тарихына
  • 7:23 - 7:25
    жеке азат тұлғаның көзқарасымен қарадым,
  • 7:25 - 7:27
    және жеке тұлғаның азаттығы үшін қажетті
  • 7:27 - 7:29
    қуатты нүктелерді табуға тырыстым.
  • 7:29 - 7:31
    Ислам дәстүрлерінің жақсы жақтары бар.
  • 7:31 - 7:34
    Ислам негізінен монотеистік дін болғандықтан,
  • 7:34 - 7:38
    адамды жауапкершілікке міндеттеген,
  • 7:38 - 7:40
    Таяу Шығыста жеке адам идеясын қалыптастырып,
  • 7:40 - 7:43
    коммунитарианизмнен, яғни тайпаларды
  • 7:43 - 7:45
    біріктіруден құтқарған.
  • 7:45 - 7:47
    Осы жерден көпті түсінуге болады.
  • 7:47 - 7:50
    Осыған қарамастан мен Ислам дәстүрлерінің ішіндегі проблемаларды көрдім.
  • 7:50 - 7:52
    Қызық жері:
  • 7:52 - 7:55
    осы проблемалардың көбісі кейінірек пайда болған,
  • 7:55 - 7:58
    Алла Тағала тарапынан келген жоқ, яғни Құраннан алынбаған.
  • 7:58 - 8:01
    Әр халықтың өз дәстүрі мен өмірге деген көзқарасынан
  • 8:01 - 8:03
    немесе орта ғасырдағы мұсылмандардың
  • 8:03 - 8:05
    Құраннан қате мағына шығаруынан туындаған.
  • 8:05 - 8:07
    Мысалы Құран
  • 8:07 - 8:09
    таспен ұруды бұйырмайды.
  • 8:09 - 8:11
    Оның ішінде адасқандарды олай жазалауға болатыны айтылмаған.
  • 8:11 - 8:14
    Адамдардың жеке өміріне қатысты, мысалға маскүнемдерді жазалау туралы айтылмаған.
  • 8:14 - 8:18
    Міне, осы жазалар Ислам заңдарын
  • 8:18 - 8:21
    шындықтан алшақтатып, адамдар
  • 8:21 - 8:24
    Құранды өз түсінігі бойынша тәпсірлеуінен туындаған.
  • 8:24 - 8:26
    Бүгін әр мұсылман осы
  • 8:26 - 8:28
    проблемаларға қарап,
  • 8:28 - 8:30
    "Діннің негізі - мынау, және
  • 8:30 - 8:32
    біз соған сәйкес өмір сүруіміз керек,
  • 8:32 - 8:34
    бұл біздің наным және біз оған адал боламыз" дей алады.
  • 8:34 - 8:36
    Біз бұл қате түсініктерді өзгерте аламыз.
  • 8:36 - 8:39
    Себебі Құраннан қате мағына шығару орта ғасыр уақытында және ортасында болған.
  • 8:39 - 8:41
    Кәзір біз басқа заманда, басқа құндылықтар мен
  • 8:41 - 8:43
    басқа саяси жүйелер заманында өмір сүріп жатырмыз.
  • 8:43 - 8:46
    Бұрынғы қате түсініктерді түзетуге мүмкіндігіміз бар.
  • 8:47 - 8:50
    Егер оны тек мен қаласам,
  • 8:50 - 8:53
    онда біз бәлеге ұшырағанымыз.
  • 8:53 - 8:55
    Бірақ басты мәселе бұл емес.
  • 8:55 - 8:58
    Іс жүзінде 19 ғасырдан бері Ислам түсінігінде
  • 8:58 - 9:01
    бір қатар ревизионисттік немесе реформисттік
  • 9:01 - 9:03
    (қалай атасаңыз да өз еркіңіз),
  • 9:03 - 9:05
    дәстүр
  • 9:05 - 9:07
    тенденция алып жатыр.
  • 9:07 - 9:09
    19 ғасырда ислам зиялылары немесе мемлекет қайраткерлері болған,
  • 9:09 - 9:12
    кейінірек 20 ғасырда олар
  • 9:12 - 9:14
    Еуропаға қарап,
  • 9:14 - 9:16
    Еуропаның таңданып қарайтын жетістіктері көп екенін түсінді,
  • 9:16 - 9:18
    мысалы: ғылым мен технология.
  • 9:18 - 9:20
    Тек бұл жетістіктер емес, сонымен қатар, демократия, парламент,
  • 9:20 - 9:22
    және өмірге деген көзқарас,
  • 9:22 - 9:24
    азаматтардың теңдігі идеясы.
  • 9:24 - 9:27
    19 ғасырдың бұл мұсылман ойшылдары мен қайраткерлері
  • 9:27 - 9:30
    бұл жетістіктерді көріп, өздеріне:
  • 9:30 - 9:32
    "Неге біз бұл табыстарға жетпедік?" деген сұрақ қойды.
  • 9:32 - 9:34
    Олар Ислам дәстүрлеріне көз жүгіртіп,
  • 9:34 - 9:37
    Исламға жатпайтын салттардың мәселе
  • 9:37 - 9:40
    туғызып отырғанын және оларды қайта зерттеп,
  • 9:40 - 9:42
    орта ғасыр түсініктерінен айырып, Құранды
  • 9:42 - 9:44
    қайта оқытудың маңызын түсінді.
  • 9:44 - 9:46
    Бұл беталыс
  • 9:46 - 9:49
    негізінен Ислам модернизациясы деп аталды,
  • 9:49 - 9:52
    және мемлекет қайраткерлері мен зиялылары
  • 9:52 - 9:54
    Исламды жаңалауды тек интеллектуалдық идеямен емес,
  • 9:54 - 9:56
    сонымен қатар саяси бағдарламалармен дамытты.
  • 9:56 - 9:58
    Осы себептен 19 ғасырда
  • 9:58 - 10:01
    Таяу Шығысты толығымен басып алған, Осман Империясы
  • 10:01 - 10:04
    өте маңызды реформалар жасады.
  • 10:04 - 10:06
    Реформалардың арқасында христиандар мен яһудилер
  • 10:06 - 10:08
    мұсылмандармен тең құқылы болды.
  • 10:08 - 10:10
    Конституция мен
  • 10:10 - 10:12
    өкілді парламентте
  • 10:12 - 10:15
    дінді таңдау бостандығына қатысты реформалар жасалды.
  • 10:15 - 10:18
    Дәл осы себептен Осман Империясы өзінің соңғы он жылдықтарында
  • 10:18 - 10:20
    прото-демократиялық,
  • 10:20 - 10:22
    конституциялық монархияға айналды.
  • 10:22 - 10:25
    Бостандық өте маңызды саяси құндылыққа айналды.
  • 10:25 - 10:27
    Осы кезде Араб әлеміндегідей,
  • 10:27 - 10:30
    ұлы араб тарихшысы Алберт Хурани атаған
  • 10:30 - 10:32
    Либералдық кезең орын алды.
  • 10:32 - 10:34
    Хуранидің "Либералдық кезеңдегі араб көзқарасы" атты кітабы бар.
  • 10:34 - 10:36
    Ол либералдық кезеңді
  • 10:36 - 10:39
    19 ғ. - 20 ғ. басы деп белгіледі.
  • 10:39 - 10:42
    20 ғасырдың басында ислам ойшылдары,
  • 10:42 - 10:44
    мемлекет қайраткерлері және діндарлар арасында
  • 10:44 - 10:48
    бұл беталыс үстемділік танытты.
  • 10:48 - 10:50
    Бірақ 20 ғасырдың қалған уақытында
  • 10:50 - 10:52
    өте қызық көрініс болды,
  • 10:52 - 10:54
    оған себеп, Исламды модернизациялау
  • 10:54 - 10:56
    қарқынының түсіп кетуі.
  • 10:56 - 10:58
    Оның орнына
  • 10:58 - 11:01
    біз Исламизмнің идеология ретінді
  • 11:01 - 11:04
    әмірлі идеология ретінде өскенін көріп отырмыз,
  • 11:04 - 11:06
    бұл идеология өте ұшқыр,
  • 11:06 - 11:08
    батысқа қарсы,
  • 11:08 - 11:10
    қияли көзқарасқа негізделген
  • 11:10 - 11:12
    қоғамды орнатқысы келеді.
  • 11:12 - 11:15
    Сонымен, Исламизм 20 ғасырда
  • 11:15 - 11:17
    Ислам әлемінде
  • 11:17 - 11:20
    көптеген мәселелерді туғызды.
  • 11:20 - 11:23
    Исламизмнің экстримді түрлері
  • 11:23 - 11:26
    Исламның атын жамылып, терроризмді дүниеге әкелді,
  • 11:26 - 11:29
    Терроризм негізінен дінді бұрмалағаннан шықты, ал Ислам дінге өзгертулер енгізуге қарсы,
  • 11:29 - 11:32
    бірақ кейбір экстримисттер олай ойламайды әлбетте.
  • 11:32 - 11:34
    Осы жерден қызық сұрақ туады:
  • 11:34 - 11:37
    Егер 19 ғ. - 20 ғ. басында Ислам
  • 11:37 - 11:39
    модернизациясы қарқынды дамыса,
  • 11:39 - 11:41
    неге 20 ғасырдың қалған уақытында
  • 11:41 - 11:43
    Исламизм үстем болды?
  • 11:43 - 11:45
    Менің ойымша, бұл сұрақты
  • 11:45 - 11:47
    жете талқылау қажет.
  • 11:47 - 11:49
    Менің кітабымда осы сұрақтарға толық жауаптар бар.
  • 11:49 - 11:53
    Және сол жауаптарға қол жеткізу үшін сіздің аса дарынды ғалым болуыңыз шарт емес.
  • 11:53 - 11:55
    20 ғасырдың саяси тарихына көз жүгіртсеңіз болғаны,
  • 11:55 - 11:57
    нәтижесінде сіз көп өзгеріс болғанын байқайсыз.
  • 11:57 - 11:59
    Өмірдің
  • 11:59 - 12:01
    19 ғасырда
  • 12:01 - 12:03
    мұсылмандар Еуропаға қарап еліктегенде,
  • 12:03 - 12:06
    еуропалықтар азат болған және өз күштеріне көбірек сенетін еді.
  • 12:06 - 12:09
    20 ғ. басында Осман Империясының құлдырау нәтижесінде
  • 12:09 - 12:12
    бүкіл Таяу Шығыс отарланды.
  • 12:12 - 12:14
    Отарлау кезінде не пайда болушы еді?
  • 12:14 - 12:16
    Отарлауға қарсы күш.
  • 12:16 - 12:19
    Енді кәзір мұсылмандар Еуропаға еліктемейді,
  • 12:19 - 12:22
    себебі кәзір ол соғысатын, қарсыласатын жау.
  • 12:22 - 12:24
    Мұсылман әлемінде
  • 12:24 - 12:26
    либералдық идея қарқыны төмендеп,
  • 12:26 - 12:29
    мықты, жауап қайтара алатын
  • 12:29 - 12:32
    күш пайда болды.
  • 12:32 - 12:34
    ол араб социализміне, араб ұлтшылдығына,
  • 12:34 - 12:37
    ақырында Исламисттік идеологияға әкелді.
  • 12:37 - 12:40
    Отарлау кезеңі аяқталған кезде,
  • 12:40 - 12:42
    оның орнына
  • 12:42 - 12:44
    ақсүйек диктаторлар келіп,
  • 12:44 - 12:46
    өздерінің мемлекет болғандығын,
  • 12:46 - 12:48
    бірақ мемлекет тәуелсіз болмайтындығын,
  • 12:48 - 12:50
    және сол мемлекетті билейтін өкімет орнатқандығын жариялады.
  • 12:50 - 12:53
    Менің ойымша кейбір Батыс билеушілері,
  • 12:53 - 12:55
    негізінен АҚШ
  • 12:55 - 12:58
    осы зайырлы диктаторларды өздерінің пайдасы үшін
  • 12:58 - 13:01
    қолдағанда қателік жасады.
  • 13:01 - 13:03
    Нәтижесінде бұл диктаторлар
  • 13:03 - 13:05
    елдерінде демократия мен
  • 13:05 - 13:07
    ислам топтарын басып,
  • 13:07 - 13:09
    жалған исламисттердің күшеюіне себепші болды.
  • 13:09 - 13:11
    Сөйтіп біз 20 ғасырда
  • 13:11 - 13:13
    Араб әлемінде шырғалаң шеңберді көреміз,
  • 13:13 - 13:16
    ол жерде диктаторлық өкімет өз халқын,
  • 13:16 - 13:18
    діндарларды қоса езіп отырды,
  • 13:18 - 13:21
    ал халық қолдарынан келгенше жауап қайтарып отырды.
  • 13:21 - 13:23
    Осы шырғалаң шеңберден
  • 13:23 - 13:26
    құтыла алған
  • 13:26 - 13:28
    бір ел ғана.
  • 13:28 - 13:31
    Ол ел менің елім -Түркия.
  • 13:31 - 13:33
    Түркия ешкімнің отарында болмаған,
  • 13:33 - 13:36
    Осман Империясының құлдырауынан кейін тәуелсіз ұлт болып сақталды.
  • 13:36 - 13:38
    Осыны ескеру қажет.
  • 13:38 - 13:41
    Түркиямен көршілес елдерде отарлауға қарсы болған
  • 13:41 - 13:44
    жалған іс-әрекеттер Түркияда болған жоқ.
  • 13:44 - 13:46
    Екіншіден, ең маңыздысы
  • 13:46 - 13:48
    Түркия біз айтқан елдердің ішінде
  • 13:48 - 13:50
    демократияға қол жеткізген бірінші ел.
  • 13:50 - 13:52
    1950 жылы Түркияда ең бірінші ашық, әділ сайлау өтті,
  • 13:52 - 13:55
    сайлаудан кейін озбыр зайырлы режим тоқтатылды.
  • 13:55 - 13:57
    Түркия ел ретінде алғашқы қадамын жасады.
  • 13:57 - 13:59
    Және Түркияның діншіл адамдары
  • 13:59 - 14:03
    сайлау арқылы саяси жүйені өзгерте алатынын түсінді.
  • 14:03 - 14:06
    Олар тәуелсіздіктің Исламмен
  • 14:06 - 14:08
    олардың құндылықтарымен бірге жүретінін түсінді,
  • 14:08 - 14:10
    олар демократияны қолдады.
  • 14:10 - 14:12
    Бұл жетістіктерге
  • 14:12 - 14:14
    күні бүгінге дейін Таяу Шығыс мұсылман ұлттарының
  • 14:14 - 14:16
    ішінде жетпегендері әлі бар.
  • 14:16 - 14:18
    Екіншіден, соңғы 20 жылда
  • 14:18 - 14:21
    жаһандану нәтижесінде, нарықтық экономика арқасында,
  • 14:21 - 14:23
    табысы орташа топтағы адамдардың жағдайы жақсаруы арқасында
  • 14:23 - 14:25
    біз Түркияда
  • 14:25 - 14:29
    Ислам модернизациясының қайта жанданғанын көрдік.
  • 14:29 - 14:32
    Табысы орташа топтағы қаланың иманды мұсылмандары
  • 14:32 - 14:34
    әдет - ғұрыптарының ішінде,
  • 14:34 - 14:37
    дінге қайшы келетін әдет-ғұрыптардың бар екенін көріп отыр.
  • 14:37 - 14:40
    Олардан күмәнданып, өзгертіп, қайта жасау керектігін түсінеді.
  • 14:40 - 14:42
    Еуропаға қарап, оның
  • 14:42 - 14:45
    еліктеуге тұрарлық үлгі екенін тағы біледі.
  • 14:45 - 14:47
    Кемінде шабыт алуға болатын үлгі екенін түсінеді.
  • 14:47 - 14:49
    Сол себептен Түркия
  • 14:49 - 14:51
    Еуропа Одағына мүше болуға талпынып жүр,
  • 14:51 - 14:53
    Түркиядағы ислам діндарлары
  • 14:53 - 14:55
    бұл шешімді қолдайды,
  • 14:55 - 14:58
    басқа зайырлы мемлекеттер болса қарсы болды.
  • 14:58 - 15:00
    Бұл процесті кейбір
  • 15:00 - 15:02
    Еуропалықтар қолдамады,
  • 15:02 - 15:05
    бірақ бұл басқа әңгіме.
  • 15:05 - 15:08
    Бірақ өткен он жылдықта Түркияның Еуропа Одағына
  • 15:08 - 15:10
    мүше болуын қалауы діни себепке негізделді,
  • 15:10 - 15:12
    және қолдаушылар Ислам және
  • 15:12 - 15:15
    ақсүйек либералдары болды.
  • 15:15 - 15:17
    Соның арқасында
  • 15:17 - 15:20
    Түркия парасатпен табысқа жетті,
  • 15:20 - 15:25
    Ислам және ислам көзқарастары
  • 15:25 - 15:27
    демократияның бір бөлшегіне айналды.
  • 15:27 - 15:29
    ол өз кезегінде елдің демократиялық және экономикалық
  • 15:29 - 15:31
    дамуына септігін тигізді.
  • 15:31 - 15:34
    Түркияның осы жетістіктері кейбір
  • 15:34 - 15:36
    Ислам елдеріне немесе Арабия құрамындағы
  • 15:36 - 15:39
    кейбір елдерге жігерлендіретін үлгі болып отыр.
  • 15:39 - 15:41
    Сіздер бәріңіз Тунис пен Египетте басталған
  • 15:41 - 15:44
    арабтардың көтерілісін көрген боларсыздар.
  • 15:44 - 15:46
    Араб бұқарасы
  • 15:46 - 15:48
    диктаторларына қарсы көтерілді.
  • 15:48 - 15:51
    Олар демократияны талап етті; олар еркіндікті қалады.
  • 15:51 - 15:54
    Олар диктаторлардың өздерінің
  • 15:54 - 15:56
    режимін іске асыру үшін қолданатын
  • 15:56 - 15:59
    қуыршағы болғысы келмеді.
  • 15:59 - 16:02
    Олар: "Біз бостандықты қалаймыз, біз тәуелсіздікті қалаймыз.
  • 16:02 - 16:04
    Біз мұсылманбыз,
  • 16:04 - 16:07
    бірақ біз азат адамдар сияқты тәуелсіз қоғамда өмір сүргіміз келеді",-деді
  • 16:07 - 16:09
    Әрине бұл ұзақ жол.
  • 16:09 - 16:11
    Демократияға бір күнде жету мүмкін емес,
  • 16:11 - 16:13
    бұл ұзақ процесс.
  • 16:13 - 16:15
    Бірақ бұл дәуір мұсылмандар үшін
  • 16:15 - 16:17
    үлкен үміт күттіретін дәуір.
  • 16:17 - 16:19
    Мен 19 ғасырда басталған, бірақ 20 ғасырда
  • 16:19 - 16:21
    саяси жағдайға байланысты
  • 16:21 - 16:23
    сәтсіздікке ұшыраған,
  • 16:23 - 16:25
    Ислам модернизмі жаңадан
  • 16:25 - 16:27
    туатынына сенемін.
  • 16:27 - 16:30
    Осы айтылғандарды қорытындыласақ,
  • 16:30 - 16:32
    кейбір батыс
  • 16:32 - 16:35
    күмәнданушылардың пікіріне қарамастан,
  • 16:35 - 16:37
    Ислам демократияға,
  • 16:37 - 16:40
    либерализмге, азаттыққа жетелейтін
  • 16:40 - 16:42
    бірден бір жол екені хақ.
  • 16:42 - 16:44
    Тек оған кедергі болмау керек.
  • 16:44 - 16:46
    Көп рахмет.
  • 16:46 - 16:50
    (Ду қол шапалақ)
Title:
Мұстафа Акиол: Исламда салт-дәстүрлердің дінге қайшылығы
Speaker:
Mustafa Akyol
Description:

TEDxWarwick - та тілші Мұстафа Акиол кейбір жергілікті мәдени тәжірибелердің Ислам дініне енгізіліп, дінмен өзара астасуы жайында әңгіме айтады. Әлемнің Ислам діні жайлы жалпы түсінігінде салт-дәстүрге басым көңіл бөліп, бұрмаланбаған діннің негізіне жеткіліксіз көңіл бөле ме?

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
16:51
Zhanna Beibit added a translation

Kazakh subtitles

Revisions