WEBVTT 00:00:00.000 --> 00:00:02.000 Бұл менің бірінші ханым ретінде 00:00:02.000 --> 00:00:04.000 шетелге шыққан алғашқы сапарым. 00:00:04.000 --> 00:00:06.000 Сенесіз бе? 00:00:06.000 --> 00:00:16.000 (Қол шапалақ) 00:00:16.000 --> 00:00:19.000 Ұлыбританияда алғаш рет емеспін. 00:00:19.000 --> 00:00:24.000 Бірақ ресми сапармен бірінші рет келіп отырмын. 00:00:24.000 --> 00:00:28.000 Америка мен Британия арасындағы ерекше байланыс 00:00:28.000 --> 00:00:33.000 тек қана үкімет аралық келіссөздердің жиі жүріп жатқанынан немесе 00:00:33.000 --> 00:00:36.000 тіліміз бен құндылықтарымыз ортақ болғанынан емес. 00:00:36.000 --> 00:00:40.000 Сіздерге қарап осыған көзім жетіп отыр. 00:00:40.000 --> 00:00:44.000 Сапарымның барысында жарқын болашақтарың үшін 00:00:44.000 --> 00:00:47.000 талмай еңбек етіп жатқан Британияның ең ерекше 00:00:47.000 --> 00:00:50.000 әйелдерімен кездесу құрметі көрсетілді. NOTE Paragraph 00:00:50.000 --> 00:00:53.000 Сіздермен кездесу мен үшін үлкен құрмет. 00:00:53.000 --> 00:00:59.000 Сіздер Ұлыбритания мен жалпы әлемнің болашақ көшбасшыларысыз. 00:00:59.000 --> 00:01:04.000 Өміріміз әртүрлі болса да, 00:01:04.000 --> 00:01:08.000 мен АҚШ-тың бірінші ханымы болып, 00:01:08.000 --> 00:01:12.000 сіздер мектеп жасөспірімдері болсаңыз да, 00:01:12.000 --> 00:01:16.000 ұқсастығымыз бар. 00:01:16.000 --> 00:01:20.000 Бүгін алдарыңызда 00:01:20.000 --> 00:01:22.000 бірінші ханым ретінде 00:01:22.000 --> 00:01:25.000 сөз сөйлейтінім 00:01:25.000 --> 00:01:27.000 ойыма да кіріп шықпады. 00:01:27.000 --> 00:01:32.000 Оқиғам да тікелей қатысты емес. 00:01:32.000 --> 00:01:35.000 Ауқатты отбасында туып өспедім. 00:01:35.000 --> 00:01:39.000 Белгілі бір әлеуметтік топқа жатпадым. 00:01:39.000 --> 00:01:43.000 Чикагоның оңтүстігінде өстім. 00:01:43.000 --> 00:01:46.000 Ол аймақ нағыз Чикагоның өзі. 00:01:46.000 --> 00:01:49.000 Жұмысшылар табынан шықтым. 00:01:49.000 --> 00:01:53.000 Әкем өмір бойы қалада жұмыс жасап келді. 00:01:53.000 --> 00:01:55.000 Анам үйде отыратын. 00:01:55.000 --> 00:02:00.000 Үйде отырып, үлкен ағам екеумізді бақты. 00:02:00.000 --> 00:02:03.000 Екеуі де жоғарғы оқу орнын бітірмеген. 00:02:03.000 --> 00:02:06.000 Әкеме күші кемелденген шағында 00:02:06.000 --> 00:02:08.000 шашыраңқы скелорз деген диагноз қойды. 00:02:08.000 --> 00:02:11.000 Жасы үлкейген сайын, таң ертең киінудің 00:02:11.000 --> 00:02:13.000 өзіне қиналатын. Бірақ еш 00:02:13.000 --> 00:02:15.000 тайынбастан ауруымен күресуді тоқтатпады. 00:02:15.000 --> 00:02:19.000 Бір де бір рет шағым айтқан емес. 00:02:19.000 --> 00:02:21.000 Тағдырына шүкіршілік етті. 00:02:21.000 --> 00:02:26.000 Бұрынғыдан сәл ертерек тұрып, уақытының көп бөлігін жұмыста өткізді. 00:02:26.000 --> 00:02:29.000 Ата-анам тәрбиемізге қатты көңіл бөлді. 00:02:29.000 --> 00:02:32.000 Махаббат сияқты нағыз керек құндылықтарды бойымызға сіңірді. 00:02:32.000 --> 00:02:35.000 Әрі жақсы білім мен 00:02:35.000 --> 00:02:37.000 қажырлы еңбек 00:02:37.000 --> 00:02:40.000 адамды қалаған мұратына жеткізетініне сендірді. NOTE Paragraph 00:02:40.000 --> 00:02:44.000 Кішкентайынан қамқор көрсетіліп өскен 00:02:44.000 --> 00:02:48.000 мендей қызға жетістікке жетуде ешнәрсе 00:02:48.000 --> 00:02:53.000 бөгет бола алмады. 00:02:53.000 --> 00:02:57.000 Себебі ең тамаша кісілердің махаббаттарына 00:02:57.000 --> 00:03:02.000 кенелдім. Әжелер, ұстаздар, әпкелерім, бөлелерім 00:03:02.000 --> 00:03:06.000 және көрші апалар сабырлық пен адамгершілік қасиеттерін ұқтырды. 00:03:06.000 --> 00:03:11.000 Анам – ең қатты үлгі тұтатын кісілердің бірі. 00:03:11.000 --> 00:03:13.000 Бізбен бірге Ақ үйде 00:03:13.000 --> 00:03:16.000 Малайа және Саша деген екі кішкентай қыздарымызды 00:03:16.000 --> 00:03:18.000 бағуға көмектеседі. 00:03:18.000 --> 00:03:22.000 Олардың тәрбиелеріне зер салып мән береді. 00:03:22.000 --> 00:03:24.000 Ағам екеумізге берген тәрбиені енді 00:03:24.000 --> 00:03:27.000 балаларым көріп жатыр. Қыздарымда рақымдылық, әділдік, 00:03:27.000 --> 00:03:30.000 сенімділік және ыждаһат сияқты 00:03:30.000 --> 00:03:34.000 адами құндылықтарды қалыптастыру үшін бар күшін салып жатыр. 00:03:34.000 --> 00:03:37.000 Осындай қамқорлықты тек махаббаты риясыз 00:03:37.000 --> 00:03:40.000 әжелер көрсете алады. NOTE Paragraph 00:03:40.000 --> 00:03:44.000 Әрі әкем, ағам, көкелерім және аталарым сияқты 00:03:44.000 --> 00:03:49.000 нағыз ерлердің қолдауын 00:03:49.000 --> 00:03:52.000 көріп өскенім үшін тағдырыма ризамын. 00:03:52.000 --> 00:03:57.000 Олар маған ең маңызды тақырыпта біраз ақыл-кеңестерін берген. 00:03:57.000 --> 00:04:00.000 Олардан ер кісі мен әйел адамның бір-біріне 00:04:00.000 --> 00:04:04.000 лайықты ілтипат қандай болу керектігін үйрендім. 00:04:04.000 --> 00:04:08.000 Осы кісілердің арқасында некенің 00:04:08.000 --> 00:04:11.000 жауапкершілік пен адалдық сияқты 00:04:11.000 --> 00:04:15.000 құндылықтарға негізделетінін түсіндім. 00:04:15.000 --> 00:04:17.000 Олар маған отағасының 00:04:17.000 --> 00:04:19.000 отбасы алдындағы міндеттері жайлы 00:04:19.000 --> 00:04:21.000 білетіндерімен бөлісті. 00:04:21.000 --> 00:04:23.000 Тек қана өз отбасыңның 00:04:23.000 --> 00:04:28.000 жағдайын ойлап қоймай, қоғам тәрбиесіне де 00:04:28.000 --> 00:04:30.000 атсалысу керектігін айтқысы келді. NOTE Paragraph 00:04:30.000 --> 00:04:32.000 Өз күйеуімнің бойынан 00:04:32.000 --> 00:04:35.000 осындай қасиеттерді іздедім. 00:04:35.000 --> 00:04:37.000 Барак Обама. 00:04:38.000 --> 00:04:41.000 Ең бірінші рет кездескенімізде, 00:04:41.000 --> 00:04:45.000 мені көрісуге шақырғаны есімде. 00:04:45.000 --> 00:04:48.000 Ол көрісу деуімен қоғамдық жиналысқа бірге баруды меңзеді. 00:04:48.000 --> 00:04:50.000 (Күлкі) 00:04:50.000 --> 00:04:52.000 Білемін. Неткен романтика! 00:04:52.000 --> 00:04:55.000 (Күлкі) 00:04:55.000 --> 00:04:57.000 Бірақ Баракты бірінші кездестіргенімде, 00:04:57.000 --> 00:05:01.000 ол қоғамдық ұйымдастырушы ретінде адамдарға жұмыс табуларына көмектесетін. 00:05:01.000 --> 00:05:05.000 Нашар аудандарды керек ресурстармен қамтамасыз етуге тырысты. 00:05:05.000 --> 00:05:07.000 Сол аудан орталығында екі тұжырымдама 00:05:07.000 --> 00:05:09.000 жайлы тұрғындардың алдында заманымыз 00:05:09.000 --> 00:05:15.000 қазіргі жағдайдан гөрі қандай болу керектігі туралы сөз сөйледі. 00:05:15.000 --> 00:05:19.000 Мен де осы тақырыпты сайлау алдындағы науқанда жиі қозғадым. 00:05:19.000 --> 00:05:21.000 Барактың айтуынша, осы екі тұжырымдаманың 00:05:21.000 --> 00:05:26.000 бір-бірінен алыс болғанына көздерімізді жұмып қараймыз. 00:05:26.000 --> 00:05:30.000 Кейде құндылықтарымызға сай келмесе де, 00:05:30.000 --> 00:05:34.000 қазіргі заман талаптары бойынша шешім қабылдаймыз. 00:05:34.000 --> 00:05:37.000 Бірақ Барак сол күні 00:05:37.000 --> 00:05:40.000 қазіргі заман негізінен қандай болуы керектігі туралы 00:05:40.000 --> 00:05:44.000 ойымызды есімізге түсірді. 00:05:44.000 --> 00:05:47.000 Бәріміз әділет пен адам мүмкіншілігі деген 00:05:47.000 --> 00:05:49.000 нәрселердің түп мағынасынан хабардармыз. 00:05:49.000 --> 00:05:51.000 Жолдасым сол ортамның 00:05:51.000 --> 00:05:53.000 жиналысында адамдарды 00:05:53.000 --> 00:05:56.000 екі тұжырымдаманың арасын 00:05:56.000 --> 00:05:58.000 біріктіруге шақырды. 00:05:58.000 --> 00:06:02.000 Бірлесе отырып, қазіргі әлемнің жағдайын 00:06:02.000 --> 00:06:06.000 жақсарту үшін жұмыс жасауымызды сұрады. NOTE Paragraph 00:06:06.000 --> 00:06:09.000 Бұл оқиғаны есіме қазір түсірген себебім 00:06:09.000 --> 00:06:13.000 біздің болашағымызды жақсартуда 00:06:13.000 --> 00:06:18.000 сіздердің үлестеріңіз көп екеніне сенімдімін. 00:06:18.000 --> 00:06:23.000 Сіздер әлемді өз тәртібімен жаңадан қалыптастырасыңдар. 00:06:23.000 --> 00:06:25.000 Осылайша тарихтың жаңа беттерін 00:06:25.000 --> 00:06:29.000 толтырасыңдар. Бұны тек өздерің үшін емес 00:06:29.000 --> 00:06:32.000 келер ұрпақты да ойлап іске асырасыңдар. 00:06:32.000 --> 00:06:34.000 Сондықтан жақсы білім алу 00:06:34.000 --> 00:06:36.000 өте маңызды. 00:06:36.000 --> 00:06:39.000 Қазір оқуда кездестіретін қиыншылықтарыңыз, 00:06:39.000 --> 00:06:43.000 мұғалімдермен ара-қатынасыңыз, жалпы оқудың түрлі 00:06:43.000 --> 00:06:46.000 сатыларынан өтуіңіз өте маңызды. 00:06:46.000 --> 00:06:49.000 Қоғам, мемлекет, тіпті бүкіл дүниежүзінде болсын, 00:06:49.000 --> 00:06:54.000 әйел адамның атқаратын қызметі аса зор. 00:06:54.000 --> 00:06:56.000 Бұл нәрсені әрдайым ескеруіміз қажет. NOTE Paragraph 00:06:56.000 --> 00:07:02.000 Қыз баланың білімді болуы маңызды. 00:07:02.000 --> 00:07:07.000 Артта қалған отбасы мен мерейлі отбасы арасындағы 00:07:07.000 --> 00:07:10.000 айырмашылық сол отбасыларда әйел адам қандай 00:07:10.000 --> 00:07:13.000 орын алатынына байланысты. 00:07:13.000 --> 00:07:16.000 Нашар қоғам мен гүлденген қоғам арасындағы айырмашылық 00:07:16.000 --> 00:07:20.000 ер кісі мен әйел адам арасындағы сыйластықтан туындайды. 00:07:20.000 --> 00:07:25.000 Екі жақтың қоғамға қосып жатқан үлестерін жете бағаламағаны дұрыс болмайды. 00:07:25.000 --> 00:07:28.000 Қыздар мен ер балалардың оқуына 00:07:28.000 --> 00:07:30.000 бірдей мүмкіншілік 00:07:30.000 --> 00:07:34.000 берілсе, 00:07:34.000 --> 00:07:36.000 мемлекет гүлденетіні сөзсіз. NOTE Paragraph 00:07:36.000 --> 00:07:41.000 Мына мектепке Британияның ең алғашқы әйел дәрігерінің аты берілуі, 00:07:41.000 --> 00:07:47.000 қоршауында орналасқан ғимараттар мексикалық суретші Фрида Калоның 00:07:47.000 --> 00:07:49.000 және қара нәсілді Флоренс бұлбұлы 00:07:49.000 --> 00:07:53.000 деген лақап атымен танымал ямайкалық медбике Мэри Сикоулдың 00:07:53.000 --> 00:07:56.000 немесе ағылшын жазушысы Эмили Бронтенің атымен аталу себебі 00:07:56.000 --> 00:08:00.000 бұл кісілер жан тыныштығын табу үшін 00:08:00.000 --> 00:08:05.000 кемсітушілік, нәсілшілдік және надандықпен күресуге тырысты. 00:08:05.000 --> 00:08:08.000 "Шектеусіз" деген артымдағы ілініп тұрған жазудай, 00:08:08.000 --> 00:08:12.000 олар да қиыншылықтарға қарамастан, мүмкіндіктеріне шек қоймады. 00:08:12.000 --> 00:08:14.000 Армандарын іске асыру – 00:08:14.000 --> 00:08:17.000 өмірдің мәні деп білді. 00:08:17.000 --> 00:08:22.000 Осылайша кездескен көптеген 00:08:22.000 --> 00:08:24.000 қиыншылықтарды жеңіп шықты. 00:08:24.000 --> 00:08:26.000 Олар іздерінен ерген миллиондаған 00:08:26.000 --> 00:08:29.000 әйел дәрігер мен медбикеге, 00:08:29.000 --> 00:08:32.000 суретші мен жазушыға 00:08:32.000 --> 00:08:34.000 жарқын болашаққа жол ашып берді. 00:08:34.000 --> 00:08:37.000 Жақсы білім алсаңыз, 00:08:37.000 --> 00:08:41.000 тағдырыңыз өз қолыңызда болады. NOTE Paragraph 00:08:41.000 --> 00:08:44.000 Әрдайым естеріңде болсын. 00:08:44.000 --> 00:08:48.000 Біле білсеңіз, білімнің арқасында мен де 00:08:48.000 --> 00:08:51.000 алдарыңда сөз сөйлеу құрметіне ие болдым, 00:08:51.000 --> 00:08:55.000 Ешқашан сабақтан қалмадым. Араңызда біреу сабақтан қала ма білмеймін. 00:08:55.000 --> 00:08:57.000 Өзім ешқашан олай істемедім. 00:08:57.000 --> 00:08:59.000 Бес алған ұнайтын. 00:08:59.000 --> 00:09:01.000 Қатарымның алды болған ұнайтын. 00:09:01.000 --> 00:09:05.000 Әрдайым уақытылы келіп, сабақ орындағанды қызық көрдім. 00:09:05.000 --> 00:09:10.000 Үздік оқушы болу өмірдегі ең күшті нәрсе деп ойладым. 00:09:10.000 --> 00:09:12.000 Оқуға осындай көзқараспен қарайтын 00:09:12.000 --> 00:09:14.000 болсаңыз, тағдырыңызды өзіңіз құра аласыз. 00:09:14.000 --> 00:09:17.000 Жолыңыз ашық болып, 00:09:17.000 --> 00:09:19.000 Армандарыңызға жете аласыз. 00:09:19.000 --> 00:09:23.000 Дегендеріңізге жеткенде, 00:09:23.000 --> 00:09:27.000 ізіңізден қуып келе жатқан жастарға қолдау көрсете бастайсыз. 00:09:27.000 --> 00:09:30.000 Адам жетістікке 00:09:30.000 --> 00:09:32.000 тек қана өзіне сеніп, 00:09:32.000 --> 00:09:34.000 аянбай еңбек ету арқылы жетеді. NOTE Paragraph 00:09:34.000 --> 00:09:36.000 Шыққан жерің сіздерге 00:09:36.000 --> 00:09:39.000 еш нәрседе көмектесе алмайды. 00:09:39.000 --> 00:09:43.000 Бұған тарих куә. 00:09:43.000 --> 00:09:47.000 Шынымен қазіргі заман солай. 00:09:47.000 --> 00:09:50.000 Тағдырыңыз өзіңіздің қолыңызда. 00:09:50.000 --> 00:09:55.000 Әрине, еш нәрсе оңайлықпен келмейді. 00:09:55.000 --> 00:09:57.000 Бірақ сіздерде жетістікке жету үшін 00:09:57.000 --> 00:10:00.000 қажет заттар 00:10:00.000 --> 00:10:03.000 қолыңызда тұр. NOTE Paragraph 00:10:03.000 --> 00:10:07.000 Жолдасым бір үлкен бөлмеде жұмыс жасайды. 00:10:07.000 --> 00:10:10.000 Бәрі оны Жұмыр бөлме деп атайды. 00:10:10.000 --> 00:10:12.000 Сол жерде жолдасымның жұмыс үстелі бар. 00:10:12.000 --> 00:10:15.000 Аты Резолют үстелі деп аталады. 00:10:15.000 --> 00:10:19.000 Ол патшаның Резолют атты 00:10:19.000 --> 00:10:22.000 кемесінің сүрегінен жасалды. Виктория патшайымының сыйы еді. 00:10:22.000 --> 00:10:27.000 Ол үстел мемлекетаралық достық нышанын білдіреді. 00:10:27.000 --> 00:10:29.000 Резолют деген аты 00:10:29.000 --> 00:10:33.000 табанды, берік қасиеттер мемлекетті билеу үшін 00:10:33.000 --> 00:10:35.000 ғана емес. Мәнді өмір сүру үшін де 00:10:35.000 --> 00:10:40.000 керек екенін есімізге түсіреді. 00:10:40.000 --> 00:10:44.000 Сендер де армандарыңа берік болып, 00:10:44.000 --> 00:10:47.000 артқа шегінбей, тек ілгері жүретіндеріңе сенемін. 00:10:47.000 --> 00:10:52.000 Әрқайсыларың берілген 00:10:52.000 --> 00:10:54.000 қабілеттеріңді 00:10:54.000 --> 00:10:58.000 қолданасыңдар деп сенемін. 00:10:58.000 --> 00:11:01.000 Өйткені сіздерге сенім артып отырмыз. 00:11:01.000 --> 00:11:03.000 Өздеріңді жетілдіруде 00:11:03.000 --> 00:11:06.000 барынша тырысатындарыңа сенеміз. 00:11:06.000 --> 00:11:08.000 Себебі әлем өте үлкен 00:11:08.000 --> 00:11:10.000 және қиыншылықтарға толы. 00:11:10.000 --> 00:11:14.000 Бізге істі кемеліне жеткізетін ақылды, 00:11:14.000 --> 00:11:16.000 мықты, өздеріне сенімді қыздар керек. NOTE Paragraph 00:11:16.000 --> 00:11:20.000 Бәрі қолдарыңыздан келетініне сенімдіміз! Сіздерді жақсы көреміз. Үлкен рақмет. NOTE Paragraph 00:11:20.000 --> 00:11:27.000 (Қол соғу)