[К.Саргсян] Уильям Камкуамбаның "Армандарыңды қалай жүзеге асыруға болады?" деген баяндамасын көрген соң TEDTalks-ті аудара бастадым. Әрі бұл туралы ұлыма айттым. Ол маған сенген жоқ. "Бірақ ол мектепті тастап кетті ғой" деді. "Ағылшын тілін білмейді ғой. Ол бұны қалай істеді?" Содан, "Мен бұны аударып беремін" - дедім. Оның әр сөзін оқып білгенін қалаймын. [В.Дэвис] Тіл - жай ғана сөздер немесе грамматикалық ережелер жинағы емес. Тіл - адам жанының нұры. Тіл арқылы әрбір белгілі бір мәдениеттің рухы материалдық әлемге келеді. TED-те жасалған әр ісіміз бір мақсатқа, яғни идеяны таратуға жетелейді. Осы идеяларды таратуды мақсат тұтып, белгілі бір сәтте сіз тек қана ағылшынша сөйлей алатын жағдайдасыз. Ісіміздің түпкі мәні - қоғамдық байланыс тудыруымызда. Жарқын болашағымыздың қалыптасуына үлес қоса алатын көптеген адамдар бар. Оларды бұған қатыстырмау ағаттық болар еді. [К. Апарта] Мен естімейтін адамдар үшін баяндамаларға субтитр қою керектігін, сондай-ақ басқа елдің халықтарына аудару қеректігін айттым. Бір адам болуы тиіс, белгілі бір баяндаманы көре сала шабыттанып, өз тіліндегі субтитрін жасағысы келетін. Алғашында сіңліме арнап аудара бастадым. Ол ата-анаммен бірге менің туған жерім - Қазақстандағы шағын ғана қалада өмір сүреді. Оның әлемді зерттеуіне көп мүмкіндігі жоқ. Бірақ кейін бұның тек жанұям үшін емес екендігін түсіндім. Барша өзбек тілді азаматтар бұдан өз пайдасын таба алады. [М. Пагель] Қанаттың құстарға әуе аспанын ашқаны секілді тіл де адамдар үшін бірлесе жұмыс істеу ортасын ашты. Спикерлеріміздің барлығы өз саласының шыңына жетті, сондықтан да тілдік қордың да шыңында. Олар қолданатын көптеген терминдерді сөздіктен табу мүмкін емес. Шын мәнінде TEDTalks-ті ұқыпты аудару көбірек ізденуді қажет етеді. Техникалылығына, сөздер санына байланысты аудару үрдісі 10 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Мен спикер туралы, сондай-ақ оның кітаптарын оқимын, содан соң баяндаманың бүкіл контекстін түсінемін. Аудармашылар қауымдастығының арқасында кез келген тілдегі спикерлерден келген ең ұлы идеяларға бірден қол жеткізіп, оларды ағылшынша сөйлейтіндерге, сондай-ақ басқа тілдік орталарға тарата аламыз. ...Уау, мен жалғыз емеспін. Көңілі қалған көптеген адамдар бар. Іс жүзінде бір арманмен ортақтасқан көптеген адамдар бар. ...және оларға шекарадан асқан жұмсақ ештеңе жоқ екендігін, және идеяда шекара болмайтынын көрсету. Мен аударып жүрмін, себебі осы идеяларға көп адамның қолы жеткенін қалаймын. Жай ғана білімді жеткізу деген көптеген адамдар үшін жомарт іс. Адамдарды шабыттандырып, үміттерін жоғалтпауы үшін. Бұл әлемдегі көп жайтты өзгертеді.