1 00:00:08,380 --> 00:00:09,561 Рахмет. 2 00:00:16,260 --> 00:00:19,255 Бірде Үндістан патшасы - махараджа, өзінің туған күнінде 3 00:00:21,200 --> 00:00:24,200 жарлық шығарыпты: барлық көсемдер патшаға сыйлық әкелуі тиіс. 4 00:00:24,400 --> 00:00:28,370 Біреулер сапалы жібек сыйласа, енді біреуі керемет қылыш, 5 00:00:28,370 --> 00:00:29,490 ал кейбіреуі алтын әкелген. 6 00:00:29,490 --> 00:00:32,659 Ең соңғы болып беті әжімге толы қария келеді, 7 00:00:32,659 --> 00:00:36,630 ол өзінің ауылынан теңіз жағалап ұзақ жүрген екен. 8 00:00:36,630 --> 00:00:41,150 Ол келгенде патшаның ұлы: "Сен қандай сыйлық бересің?" деп сұрайды. 9 00:00:41,457 --> 00:00:44,750 Қарт кісі алақанын ашып, күлгін сары және қызыл-көк түсті 10 00:00:44,750 --> 00:00:49,600 бұйра еспелері бар әдемі ұлу қабыршағын көрсетеді. 11 00:00:50,160 --> 00:00:51,380 Сонда патшаның ұлы: 12 00:00:51,460 --> 00:00:54,400 "Бұл патшаға лайық емес! Бұл қандай сыйлық өзі?"- дейді. 13 00:00:54,600 --> 00:00:57,400 Әлгі кісі оған жай ғана қарап, былай деді: 14 00:00:57,590 --> 00:01:00,750 "Ұзақ жол... сыйлықтың бір бөлігі." 15 00:01:01,060 --> 00:01:02,560 (Күлкі) 16 00:01:02,900 --> 00:01:05,970 Бірнеше минуттан соң мен сіздерге сыйлық ұсынбақпын, 17 00:01:05,970 --> 00:01:08,270 және бұл сыйдың таратуға тұрарлық екеніне сенемін. 18 00:01:08,290 --> 00:01:09,550 Бірақ одан бұрын, сіздерді 19 00:01:10,050 --> 00:01:11,960 өзімнің ұзақ жолыммен таныстырғым келеді. 20 00:01:12,160 --> 00:01:13,740 Көпшілігіңіз секілді мен де 21 00:01:13,740 --> 00:01:15,320 өмірімді балалық шақтан бастадым. 22 00:01:15,320 --> 00:01:17,460 Қаншауыңыз кішкентай болып бастадыңыздар? 23 00:01:17,460 --> 00:01:18,510 Дүниеге іңгәлап келдіңіз бе? 24 00:01:18,740 --> 00:01:20,500 Шамамен жартысы... Жарайды... 25 00:01:20,570 --> 00:01:21,590 (Күлкі) 26 00:01:21,820 --> 00:01:24,910 Ал қалғандарыңыз ше? Ересек болып тудыңыздар ма? 27 00:01:25,060 --> 00:01:27,640 Сіздердің аналарыңызды көргім келіп тұр! 28 00:01:27,820 --> 00:01:29,460 Мүмкін емес жайлы сөйлесейік. 29 00:01:30,560 --> 00:01:34,740 Кішкене кезімнен бері мүмкін емес нәрсе жасауға құмарым бар. 30 00:01:35,620 --> 00:01:38,880 Осы күнді бірнеше жыл бойы асыға күттім, 31 00:01:38,880 --> 00:01:41,000 өйткені бүгін мен дәл сіздердің алдарыңызда 32 00:01:41,020 --> 00:01:43,620 мүмкін емес нәрсені орындайын деп тұрмын, 33 00:01:43,620 --> 00:01:45,460 тура осы жерде, TEDxMaastricht-те. 34 00:01:45,800 --> 00:01:48,160 Ең алдымен, мен 35 00:01:48,760 --> 00:01:50,880 сөз соңын ашып айтайын: 36 00:01:51,220 --> 00:01:52,640 Мен сіздерге "мүмкін еместің" 37 00:01:52,640 --> 00:01:54,940 мүмкін екендігін дәлелдемекшімін. 38 00:01:55,300 --> 00:01:58,210 Және аяғында бөлісуге лайық сый ұсынбақпын: 39 00:01:58,210 --> 00:02:01,350 Сіздерге мүмкін емес нәрсені жасай алатындарыңызды көрсетемін. 40 00:02:02,660 --> 00:02:05,420 Мүмкін емес жайт жасау барысында, 41 00:02:05,420 --> 00:02:08,230 мен жалпы әлемдегі адамзатқа ортақ екі қасиетті анықтадым. 42 00:02:08,230 --> 00:02:09,870 Әрбір адамның қорқынышы бар, 43 00:02:09,870 --> 00:02:11,640 және әркімнің де арманы бар. 44 00:02:12,900 --> 00:02:17,560 Мүмкін емес жайт жасау әрекетімде, өзім үшін 45 00:02:17,560 --> 00:02:20,100 өмірімдегі мүмкін еместі 46 00:02:20,110 --> 00:02:23,290 жасауға ұмтылдырған үш нәрсені анықтадым. 47 00:02:24,200 --> 00:02:26,900 "Ұр да жық" ойыны, 48 00:02:27,290 --> 00:02:28,360 Супермен, 49 00:02:28,460 --> 00:02:29,460 және маса. 50 00:02:29,460 --> 00:02:30,810 Осы үш кілт сөз. 51 00:02:30,810 --> 00:02:33,500 Енді сіздер де неге мүмкін емес нәрсе жасайтынымды білесіздер. 52 00:02:33,610 --> 00:02:36,220 Сонымен, сіздерді өзімнің ұзақ саяхатым, ұзын жолыма ерітемін: 53 00:02:36,320 --> 00:02:38,680 қорқыныштан арманыма дейін, 54 00:02:38,740 --> 00:02:40,980 жай сөзден өткір қылыштай сөздерге дейін, 55 00:02:41,160 --> 00:02:42,740 "Ұр да жық" ойынынан 56 00:02:42,850 --> 00:02:44,020 Супермен және 57 00:02:44,020 --> 00:02:45,340 Масаға дейін. 58 00:02:45,800 --> 00:02:47,360 Және сіздерге мүмкін еместі 59 00:02:47,360 --> 00:02:49,900 жасай алатындықтарыңызды дәлелдеймін деген үміттемін. 60 00:02:52,480 --> 00:02:54,934 4-ші Қазан, 2007 жыл. 61 00:02:55,840 --> 00:02:58,120 Жүрегім дүрсілдеп, тізем дірілдеп 62 00:02:58,120 --> 00:02:59,340 Сандерс театры 63 00:02:59,340 --> 00:03:00,930 сахнасына аяқ бастым. 64 00:03:01,040 --> 00:03:03,240 Гарвард университетінде 65 00:03:03,240 --> 00:03:06,160 2007 жылы Медицина саласы бойынша бірлесіп жазған 66 00:03:06,160 --> 00:03:08,660 "Қылыш жұту ... 67 00:03:08,660 --> 00:03:10,270 және оның жанама әсерлері" атты 68 00:03:10,420 --> 00:03:11,740 дәрігерлік зерттеуім үшін Нобель сыйлығын алу сәті еді. 69 00:03:11,870 --> 00:03:13,275 (Күлкі) 70 00:03:13,840 --> 00:03:17,880 Зерттеу жұмысым, мен мүлдем естіп көрмеген шағын 71 00:03:18,460 --> 00:03:20,419 Ұлыбританиялық Медицина журналында жарияланды. 72 00:03:21,360 --> 00:03:24,740 Және бұл мүмкін емес арманымның орындалуы болатын, 73 00:03:24,900 --> 00:03:28,120 мен сияқты адам үшін бұл үлкен тосын сый, 74 00:03:28,130 --> 00:03:31,459 ешқашан ұмытылмайтын мәртебе болды. 75 00:03:31,459 --> 00:03:34,539 Бірақ бұл өмірімдегі ең есте қаларлық сәт емес еді. 76 00:03:35,540 --> 00:03:37,640 1967 жылғы 4-ші қазанда 77 00:03:38,020 --> 00:03:40,260 осы үрейленген, ұяң, арық келген, әлсіз баланың 78 00:03:41,100 --> 00:03:43,120 шамадан тыс қорқыныштары болған. 79 00:03:43,460 --> 00:03:45,579 Сахнаға шықпас бұрын 80 00:03:45,579 --> 00:03:47,234 оның жүрегі алқынып, 81 00:03:47,500 --> 00:03:49,162 тізесі дірілдеп тұрған еді. 82 00:03:49,780 --> 00:03:52,120 Ол сөйлеуге тырысты, бірақ 83 00:03:56,490 --> 00:03:58,130 аузынан бір сөз шықпай қойды. 84 00:03:58,130 --> 00:04:00,040 Көз жасы ағып тұра берді. 85 00:04:00,630 --> 00:04:02,360 Ол қатты үрейленіп, 86 00:04:02,360 --> 00:04:03,760 қорқынышқа қамалды. 87 00:04:03,960 --> 00:04:06,130 Осы үрейленген, ұяң, арық әлсіз баланың 88 00:04:06,130 --> 00:04:08,142 шамадан тыс қорқынышы болды. 89 00:04:08,649 --> 00:04:10,330 Ол қараңғыдан қорықты, 90 00:04:10,520 --> 00:04:11,640 биіктіктен, 91 00:04:11,640 --> 00:04:13,040 өрмекші мен жыланнан қорықты. 92 00:04:13,040 --> 00:04:15,140 Қайсыңыз жылан мен өрмекшіден қорқасыз? 93 00:04:15,280 --> 00:04:16,660 Иә, кейбіреуіңіз ғана... 94 00:04:16,660 --> 00:04:19,079 Оның су мен акулалардан қорқынышы болды. 95 00:04:19,079 --> 00:04:21,939 Дәрігерлер мен медбике, тіс дәрігерлерінен, 96 00:04:21,939 --> 00:04:24,680 ине мен бұрғылар, оған қоса үшкір заттардан қорықты. 97 00:04:24,680 --> 00:04:27,380 Алайда ең қатты қорқынышы 98 00:04:27,470 --> 00:04:28,470 - адамдар еді. 99 00:04:29,380 --> 00:04:31,530 Сол үрейленген, ұяң, әлсіз бала 100 00:04:31,540 --> 00:04:32,570 мен едім. 101 00:04:33,320 --> 00:04:35,997 Мен сәтсіздік пен бас тартудан қорықтым, 102 00:04:37,300 --> 00:04:39,520 өзін-өзі төмен бағалау, кемсіту, 103 00:04:39,520 --> 00:04:42,840 тіпті біз білмейтін қасиеттер де пайда болды: 104 00:04:42,840 --> 00:04:44,660 әлеуметтік мазасыздықтың бұзылуы секілді. 105 00:04:44,955 --> 00:04:48,610 Менің қорқынышым көп болды, сондықтан мені бұзық балалар соққыға алатын еді. 106 00:04:48,610 --> 00:04:52,240 Олар артымнан күліп, атымды келеке ететін. Өз ойындарына 107 00:04:52,300 --> 00:04:54,260 ешқашан қоспайтын. 108 00:04:55,020 --> 00:04:58,056 Иә, менімен ойнайтын бір ойын бар еді: 109 00:04:58,100 --> 00:04:59,427 ұрдажық. 110 00:04:59,500 --> 00:05:01,443 Әрі мен жақсы ойыншы емес едім. 111 00:05:01,760 --> 00:05:03,500 Олар атымды мазақ етіп атағанда, 112 00:05:03,500 --> 00:05:05,970 мен қарап қалсам, қызыл доптың менің бетіме 113 00:05:05,970 --> 00:05:08,200 үлкен жылдамдықпен ұмтылатынын көретінмін. 114 00:05:08,210 --> 00:05:09,950 бам, бам, бам! 115 00:05:10,580 --> 00:05:13,220 Көп күндері үйден мектепке қарай 116 00:05:13,300 --> 00:05:18,180 бетім қызыл, әрі дірілдеп, құлағым қып- қызыл, әрі сылдырлап келетінім есімде. 117 00:05:18,180 --> 00:05:21,140 Көздерім жасаурап, 118 00:05:21,180 --> 00:05:23,515 олардың сөздері менің құлағымда шыңылдайтын еді. 119 00:05:23,740 --> 00:05:25,000 Әлдекімдер: 120 00:05:25,020 --> 00:05:28,660 "Тас пен таяқ сүйегімді сындырса да, сөздер ешқашан жараламас" деп жатады. 121 00:05:28,880 --> 00:05:30,131 Бұл жалған. 122 00:05:30,310 --> 00:05:31,980 Сөз сүйектен өтеді. 123 00:05:31,980 --> 00:05:34,030 Сөз қылыштай өткір. 124 00:05:34,210 --> 00:05:36,040 Сөздер терең жаралар тудырады 125 00:05:36,040 --> 00:05:37,780 және олар көрінбейді. 126 00:05:38,150 --> 00:05:41,070 Мен үрейленген едім. Қандай сөз болсын жауыма айналды. 127 00:05:41,260 --> 00:05:42,491 Әлі де солай. 128 00:05:43,355 --> 00:05:45,300 Бірақ менің армандарым да бар еді. 129 00:05:45,300 --> 00:05:47,980 Үйге барып,Супермен қаһарманына айналып, 130 00:05:47,980 --> 00:05:49,774 Супермен комикстерін оқитынмын, 131 00:05:49,774 --> 00:05:53,440 және Супермен секілді нағыз батыр болғым келетін. 132 00:05:53,480 --> 00:05:56,240 Әділдік пен шындық үшін күресіп, 133 00:05:56,240 --> 00:05:58,680 жауыздар мен залымдарға қарсы әрекет еткім келді. 134 00:05:58,680 --> 00:06:02,895 Әлемді шарлап ұшып, Суперменге еліктеп, басқалардың өмірін құтқарғым келді. 135 00:06:03,400 --> 00:06:05,850 Сонымен қатар шынайы заттарға қызығушылығым болды. 136 00:06:05,860 --> 00:06:09,460 Гиннестің Рекордтары мен Риплидің "Саған өтірік, маған шын" атты кітабын оқыдым. 137 00:06:09,460 --> 00:06:13,080 Гиннестің рекордтар кітабы не Риплидің кітабын оқыдыңыздар ма? 138 00:06:13,100 --> 00:06:14,390 Сол кітаптарды жақсы көрем. 139 00:06:14,390 --> 00:06:16,270 Мен шын ерлік жасаған адамдарды көрдім. 140 00:06:16,270 --> 00:06:17,890 Сол ерлікті менің де жасағым келеді дейтінмін. 141 00:06:17,890 --> 00:06:19,330 Егер бұзық балалар мені 142 00:06:19,330 --> 00:06:21,030 спорт ойындарына қоспаса, 143 00:06:21,030 --> 00:06:23,335 мен шынайы ғажайып ерлік жасаймын. 144 00:06:23,335 --> 00:06:26,659 Мен сол бұзықтар жасай алмайтын бір керемет іс жасағым келеді. 145 00:06:26,659 --> 00:06:28,609 Мен өз мақсатым мен атымды тапқым келеді, 146 00:06:28,609 --> 00:06:30,729 өз өмірімнің мәнін анықтағым келеді. 147 00:06:30,729 --> 00:06:33,320 Әлемді өзгертетін бір мүмкін емес іс жасағым келеді. 148 00:06:33,320 --> 00:06:36,960 Мүмкін еместің мүмкін екендігін дәлелдегім келеді. 149 00:06:38,340 --> 00:06:40,240 Одан кейінгі 10 жыл 150 00:06:40,240 --> 00:06:42,706 Жиырма бірінші туған күніме бір апта қалған еді. 151 00:06:42,819 --> 00:06:46,799 Менің өмірімді өзгерткен екі жайт бір күнде орын алды. 152 00:06:47,040 --> 00:06:49,391 Мен Оңтүстік Үндістан, Тамиль Надуда тұратынмын. 153 00:06:49,540 --> 00:06:51,020 Мен онда миссионер едім, 154 00:06:51,020 --> 00:06:53,090 бірде менен ақылшым әрі досым: 155 00:06:53,090 --> 00:06:54,720 "Даниель, сенде Тром бар ма?"-деп сұрады. 156 00:06:54,720 --> 00:06:57,440 Мен: "Тром? Ол не?"- дедім. 157 00:06:57,440 --> 00:07:00,490 Ол : "Тром деген өмірлік мақсатың" деді. 158 00:07:00,490 --> 00:07:04,630 Бұл арман мен мақсаттардың қосындысы, 159 00:07:04,630 --> 00:07:07,370 мысалы, өзің қалаған істі жасап, кез келген жерге барып, 160 00:07:07,370 --> 00:07:08,479 қалаған адам бола алсаң, 161 00:07:08,479 --> 00:07:10,356 қайда барар едің? Не істер едің? 162 00:07:10,356 --> 00:07:11,280 Кім болар едің? 163 00:07:11,280 --> 00:07:14,500 Мен: "Мен олай істей алмаймын! Қорқамын! Тым көп қорқынышым бар!" дедім. 164 00:07:14,500 --> 00:07:17,800 Сол түні мен күріш салынған тостағаныммен үйдің шатырында 165 00:07:17,810 --> 00:07:19,259 жұлдызды аспан астында жатып, 166 00:07:19,259 --> 00:07:21,869 жарқанаттардың масаға тап беріп жатқанын тамашаладым. 167 00:07:21,869 --> 00:07:26,200 Менің бар ойым тек Тром, арман мен мақсаттар, 168 00:07:26,200 --> 00:07:28,360 және әлгі бұзық балалар жайлы болды. 169 00:07:28,760 --> 00:07:30,730 Бірнеше сағаттан соң ояндым. 170 00:07:31,220 --> 00:07:33,940 Жүрегім дүрсілдеп, тізем дірілдеп тұрды. 171 00:07:34,080 --> 00:07:36,020 Бұл жолы қорқыныштан емес еді. 172 00:07:36,420 --> 00:07:38,395 Тұла бойым дірілдеп тұрды. 173 00:07:38,500 --> 00:07:40,180 Және келесі 5 күн бойы 174 00:07:40,330 --> 00:07:44,199 есімді бір жоғалтып, бір тауып, өмірім үшін күрестім. 175 00:07:44,199 --> 00:07:48,239 Менің миым 105 градуста малярия қызбасымен балқыды. 176 00:07:48,390 --> 00:07:51,600 Есімді жиған сәттерде тек Тромдар жайлы ойлай бердім. 177 00:07:51,600 --> 00:07:53,820 "Өз өміріммен не істегім келеді?" - деп ойладым. 178 00:07:53,950 --> 00:07:56,380 Ақырында, 21-ші туған күнімнен бір күн бұрын, 179 00:07:56,380 --> 00:07:58,030 бар нәрсе айдан анық болған сәтте, 180 00:07:58,030 --> 00:07:59,639 мен түсіндім: 181 00:07:59,639 --> 00:08:02,100 сол кішкентай, 182 00:08:02,620 --> 00:08:05,020 молярлық маса, 183 00:08:05,280 --> 00:08:06,610 сол бір кішкене ғана маса 184 00:08:06,610 --> 00:08:08,390 5 микрограммнан да аз салмақтағы, 185 00:08:08,390 --> 00:08:09,810 тұз түйіршігінен де кішкентай масаның 186 00:08:09,810 --> 00:08:12,780 170 фунттық, салмағы 80 килограмм адамды жеңе алады ма деп ойладым, 187 00:08:12,780 --> 00:08:14,860 Бұл менің әлсіз тұсым екенін түсіндім. 188 00:08:14,860 --> 00:08:17,150 Содан кейін білдім: жо-жоқ, ол маса емес, 189 00:08:17,150 --> 00:08:19,480 жыл сайын миллиондаған адамның өліміне себеп болатын 190 00:08:19,480 --> 00:08:23,160 масаның денесіндегі кішкене паразит, Плазмодиум Фальсипарум. 191 00:08:23,509 --> 00:08:25,999 Кейін тіпті, одан да кішкентай екенін ұқтым, 192 00:08:25,999 --> 00:08:28,550 бірақ мен үшін ол үлкенірек болып көрінді. 193 00:08:28,550 --> 00:08:29,640 Менің түсінгенім, 194 00:08:29,640 --> 00:08:31,270 қорқыныш-менің әлсіз тұсым еді, 195 00:08:31,270 --> 00:08:32,140 менің паразитім 196 00:08:32,140 --> 00:08:34,990 өмір бойы мені мүгедек еткен сол еді. 197 00:08:35,200 --> 00:08:38,080 Қорқыныш пен қауіптің арасындағы айырмашылықты бәріміз білеміз. 198 00:08:38,109 --> 00:08:39,699 Қауіп -ол шындық. 199 00:08:39,990 --> 00:08:42,010 Қорқыныш- бұл таңдау. 200 00:08:42,080 --> 00:08:44,309 Сонда менің таңдауым бар екенін ұқтым: 201 00:08:44,309 --> 00:08:48,180 Мен сол түні қорқынышпен өмір сүріп, сәтсіздікпен өлуге шақ қалып едім, 202 00:08:49,070 --> 00:08:52,080 немесе өз қорқынышымды жоюға және 203 00:08:52,080 --> 00:08:56,060 өз армандарыма жете алар едім, өмір сүре алар едім. 204 00:08:56,680 --> 00:08:59,560 Және, білесіз, өмір мен өлім арасында болудың бір құдіреті бар, 205 00:08:59,560 --> 00:09:04,080 өліммен бетпе-бет келу өмірді расымен де сүргің келетінін ұғындырады. 206 00:09:04,180 --> 00:09:07,480 Түсінгенім, әр адам өлім құшады, бірақ барлығы нағыз өмір сүре бермейді. 207 00:09:08,040 --> 00:09:09,890 Біздің өмір сүруіміздің астары өлімде. 208 00:09:09,890 --> 00:09:11,580 Яғни, сіз өлімді білгенде, 209 00:09:11,580 --> 00:09:13,070 өмір сүруді де үйренесіз. 210 00:09:13,070 --> 00:09:15,140 Сонымен мен өз тағдырымды өзгерту 211 00:09:15,140 --> 00:09:16,420 жайлы шешім қабылдадым. 212 00:09:16,915 --> 00:09:18,230 Менің өлгім келмеді. 213 00:09:18,230 --> 00:09:20,010 Мен жалбарынып, 214 00:09:20,010 --> 00:09:22,230 "Құдайым, 21-ші туған күніме дейін өмір сүрсем, 215 00:09:22,230 --> 00:09:24,544 енді үрейдің өмірімді жаулауына рұқсат бермеймін. 216 00:09:24,670 --> 00:09:26,520 Мен өз қорқынышымды өлтіремін. 217 00:09:26,520 --> 00:09:29,530 Мен өз арманыма жетемін, 218 00:09:29,530 --> 00:09:31,270 өз көзқарасымды өзгертемін, 219 00:09:31,270 --> 00:09:33,540 мен мүмкін емес іс жасағым келеді, 220 00:09:33,540 --> 00:09:35,550 өз мақсатым мен атымды тапқым келеді, 221 00:09:35,550 --> 00:09:38,632 мен мүмкін еместің мүмкін екендігін анықтағым келеді" дедім. 222 00:09:38,780 --> 00:09:42,820 Сол түні аман қала білдім бе, ол жағын айтпаймын: оны өздеріңіз табыңыздар. 223 00:09:42,850 --> 00:09:43,978 (Күлкі) 224 00:09:43,978 --> 00:09:47,100 Алайда сол түні мен 10 Тром тізімін жасадым: 225 00:09:47,100 --> 00:09:50,210 үлкен құрлықтарға саяхаттап, 226 00:09:50,210 --> 00:09:51,820 әлемнің 7 кереметін тамашалып, 227 00:09:51,820 --> 00:09:53,410 бірнеше тіл үйренііп, 228 00:09:53,410 --> 00:09:54,940 шөлді аралда өмір сүріп, 229 00:09:54,940 --> 00:09:56,480 мұхиттағы кемеде тұрып, 230 00:09:56,480 --> 00:09:58,650 Амазондағы үндістер тайпасында өмір сүріп, 231 00:09:58,650 --> 00:10:01,210 Швециядағы ең биік тау шыңына өрмелеп, 232 00:10:01,210 --> 00:10:03,180 Эверест шыңын таң атқанда көркім келді, 233 00:10:03,190 --> 00:10:05,390 Нэшвиллде музыка саласында жұмыс жасап, 234 00:10:05,400 --> 00:10:07,060 циркте жұмыс істегім келді, 235 00:10:07,080 --> 00:10:09,120 ұшақтан секіргім келді. 236 00:10:09,120 --> 00:10:12,380 Кейінгі 20 жыл ішінде мен осы Тромдардың көпшілігін орындадым. 237 00:10:12,410 --> 00:10:14,650 Әрдайым тізімдегі Тромдарды өшіріп тастап, 238 00:10:14,650 --> 00:10:18,190 5 не 10 жаңа Тром енгіздім және осылай ол тізім ұлғая берді. 239 00:10:18,800 --> 00:10:23,280 Одан кейінгі 7 жыл бойы Багамның кішкене аралында өмір сүрдім. 240 00:10:23,320 --> 00:10:25,360 7 жыл бойы 241 00:10:25,370 --> 00:10:27,274 сабан лашықта 242 00:10:29,480 --> 00:10:33,820 жыртқыш акула мен скат балығын қорек етіп, аралда жалғыз тұрдым, 243 00:10:33,820 --> 00:10:36,249 жәшіктермен, 244 00:10:36,680 --> 00:10:39,160 акулалармен жүзуді үйрендім. 245 00:10:39,160 --> 00:10:40,980 Содан кейін, Мексикаға көштім, 246 00:10:40,980 --> 00:10:45,000 кейінірек, Эквадорда Амазон өзеніне көштім, 247 00:10:45,241 --> 00:10:48,100 Эквадордағы Пужо Понгода тайпамен өмір кештім, 248 00:10:48,100 --> 00:10:52,180 және Тромдарым арқылы бойымда аз-аздап сенімділік туындай бастады. 249 00:10:52,180 --> 00:10:55,100 Нэшвиллдегі музыка бизнесіне бардым, кейін Швецияға, 250 00:10:55,110 --> 00:10:57,870 Стокгольмге көшіп барып, музыка саласында жұмыс жасадым, 251 00:10:57,870 --> 00:11:01,920 сонда мен Артиктік шеңберден биік Кебнекайсе тауына шықтым. 252 00:11:03,300 --> 00:11:04,750 Клоун, 253 00:11:04,750 --> 00:11:05,860 жонглер болуды, 254 00:11:05,860 --> 00:11:07,480 және ұзын ағаштарда жүруді, 255 00:11:07,480 --> 00:11:10,440 бір дөңгелекті теуіп, от өнері мен шыны жеуді үйрендім. 256 00:11:10,450 --> 00:11:13,620 1997 жылы қылыш жұтатын адамдардан санаулы-ақ қалғанын естідім және 257 00:11:13,620 --> 00:11:15,410 "Мен соны үйренуім керек!" -дедім. 258 00:11:15,420 --> 00:11:18,290 Қылыш жұтушыны кездестіріп, одан кеңес сұрадым. 259 00:11:18,290 --> 00:11:20,190 Ол: "Менің берер екі кеңесім бар: 260 00:11:20,190 --> 00:11:21,926 Бірінші: Бұл өте қауіпті, 261 00:11:21,926 --> 00:11:23,948 тіпті өлім құшқан адамдар да бар. 262 00:11:23,948 --> 00:11:24,953 Екінші: 263 00:11:24,953 --> 00:11:26,206 Мұны жасап көрме!" 264 00:11:26,206 --> 00:11:27,520 (Күлкі) 265 00:11:27,540 --> 00:11:29,540 Сонымен мұны да Тромдар тізіміне қостым. 266 00:11:30,440 --> 00:11:33,320 Күніне 10-12 сағат жаттықтым, күн сайын 267 00:11:33,660 --> 00:11:35,160 4 жыл бойы. 268 00:11:35,209 --> 00:11:36,709 Сол күндерді есептеп көрейін... 269 00:11:36,709 --> 00:11:40,020 4x 365 [x 12] 270 00:11:40,020 --> 00:11:42,660 13000-ға жуық сәтсіз әрекет болды, 271 00:11:42,660 --> 00:11:45,420 2001 жылы алғаш өз көмейіме қылышты жақындатқанға дейін. 272 00:11:46,002 --> 00:11:47,630 Сол кездерде мен мақсат қойдым, 273 00:11:47,630 --> 00:11:50,940 қылыш жұту бойынша әлемдегі үздік эксперт болу арманы. 274 00:11:50,970 --> 00:11:53,820 Мен әрбір кітап, журнал, газет мақаласын ізденіп, 275 00:11:53,820 --> 00:11:57,670 әр медициналық жаңалықты, психология, анатомияны оқыдым, 276 00:11:57,676 --> 00:11:59,719 дәрігер және медбикелермен сөйлестім, 277 00:11:59,719 --> 00:12:01,760 қылыш жұтушылармен бірлестім 278 00:12:01,760 --> 00:12:04,250 Халықаралық Қылыш Жұтушылар Ассоциациясында, 279 00:12:04,250 --> 00:12:06,450 "Қылыш жұту мен оның жанама әсерлерін" деген 280 00:12:06,450 --> 00:12:08,580 2 жылдық дәрігерлік ғылыми зерттеу жүргіздім. 281 00:12:08,580 --> 00:12:10,980 Ол Ұлыбритания Медициналық журналында жарық көрді. 282 00:12:10,980 --> 00:12:11,840 (Күлкі) 283 00:12:11,840 --> 00:12:12,940 Рахмет 284 00:12:12,960 --> 00:12:17,748 (Қошемет) 285 00:12:18,200 --> 00:12:21,181 Қылыш жұту жайлы таңғажайып нәрселер үйрендім. 286 00:12:21,181 --> 00:12:25,360 Кейбірі, тіпті, түсіңізге кіргемеген, бірақ бүгіннен бастап ойыңызда болады. 287 00:12:25,360 --> 00:12:28,550 Келесі жолы үйге барып, стейкті пышақпен, 288 00:12:28,550 --> 00:12:31,759 қылышпен, не "Bestek"-пен кескенде осы жайлы ойланатын боласыздар... 289 00:12:33,577 --> 00:12:36,589 Мен қылыш жұтудың Үндістанда пайда болғанын білдім, 290 00:12:36,589 --> 00:12:39,889 сонда ең алғаш рет 20 жастағы бала ретінде көрер болсам- 291 00:12:39,889 --> 00:12:42,290 400 жылдай бұрын, б.з.б. 2000 жылы. 292 00:12:42,290 --> 00:12:45,580 Соңғы 150 жыл төңірегінде қылыш жұтушылар 293 00:12:45,590 --> 00:12:47,400 ғылым мен мецинада қолданылып келеді- 294 00:12:47,480 --> 00:12:51,160 1868 жылы доктор Адольф Кусмауль Германиядағы Фрайбургте 295 00:12:51,160 --> 00:12:53,820 эндоскопияны дамыту үшін қолданылған. 296 00:12:53,880 --> 00:12:56,639 1906 жылы Уэльсте электрокардиограмма 297 00:12:56,639 --> 00:13:00,240 жұтыну аурулары мен ас қорытуды зерттеу мақсатында 298 00:13:00,240 --> 00:13:01,860 бронхоскоп және сол секілді заттар қолданылған. 299 00:13:01,860 --> 00:13:03,840 Бірақ соңғы 150 жыл бойы 300 00:13:03,840 --> 00:13:07,860 біз 100-ден астам жарақат пен бірнеше өлімнің болғанын білеміз... 301 00:13:07,880 --> 00:13:14,560 Міне осы доктор Адольф Кусмауль эндоскопиясының жаңалығы. 302 00:13:14,740 --> 00:13:18,679 Бірақ біз 150 жылда 29 өлімнің болғанын анықтадық, 303 00:13:18,679 --> 00:13:22,462 оның қатарына Лондондағы қылышпен жүрегін шаншып алған қылыш жұтушы да кіреді. 304 00:13:23,142 --> 00:13:25,340 Сонымен қатар біз әр жылы 3-тен 8-ге дейін 305 00:13:25,340 --> 00:13:27,780 ауыр жарақат болатынын білдік. 306 00:13:27,780 --> 00:13:29,880 Мұны өзіме келетін қоңыраулардан білемін. 307 00:13:29,880 --> 00:13:31,150 Соңғы бірнеше аптада 308 00:13:31,150 --> 00:13:34,320 екі қоңырау алдым: бірі Швецияда, екіншісі Орландода 309 00:13:34,320 --> 00:13:37,019 жарақаттардан ауруханада жатқан қылыш жұтушылардан. 310 00:13:37,019 --> 00:13:38,769 Яғни бұл өте қауіпті. 311 00:13:38,769 --> 00:13:41,629 Мен түсінген тағы бір нәрсе бұл- қылыш жұтуды үйрену 312 00:13:41,629 --> 00:13:44,320 көп адамдар үшін 2-ден 10 жылға дейін 313 00:13:44,320 --> 00:13:45,610 уақыт алатындығы. 314 00:13:45,610 --> 00:13:48,020 Бірақ ең таңғаларлық жаңалық бұл- 315 00:13:48,020 --> 00:13:51,360 қылыш жұтушылардың мүмкін емес істі жасауды үйренетіндігі. 316 00:13:51,460 --> 00:13:53,460 Осы тұста мен кішкене құпияны ашпақпын: 317 00:13:53,520 --> 00:13:57,580 Әрекеттің 99,9% мүмкін емес бөлігіне емес, 318 00:13:57,580 --> 00:14:02,030 мүмкін болатын 0,1%-на көңіл бөлу керек және соны мүмкін ету жолын табу қажет. 319 00:14:02,817 --> 00:14:06,140 Енді қылыш жұтушының санасына саяхат жасайық. 320 00:14:06,140 --> 00:14:09,479 Қылышты жұту үшін медитация керек, 321 00:14:09,479 --> 00:14:12,270 өткір концентрация мен аса дәлдік 322 00:14:12,270 --> 00:14:15,670 ішкі дене мүшелерін оқшаулап, автоматты дене рефлекстеріне төтеп береді 323 00:14:15,710 --> 00:14:20,370 ол ми синопсисін күшейту мен қайталанбалы бұлшық ет жады арқылы 324 00:14:20,450 --> 00:14:23,720 10000 рет жаттығудан кейін іске асады. 325 00:14:24,020 --> 00:14:28,090 Ал қазір қылыш жұтушының денесіне кішкене шолу жасайық. 326 00:14:28,310 --> 00:14:30,130 Қылыш жұту үшін 327 00:14:30,130 --> 00:14:32,250 қылыш жүзін тілімнің үстінен өткізіп, 328 00:14:32,250 --> 00:14:34,780 өңештегі тығын рефлексін тежеп, 329 00:14:34,780 --> 00:14:37,740 көмекейден төмен қарай 90 градустық бұрылыс жасау керек те, 330 00:14:38,240 --> 00:14:41,040 өңеш сфинктерінің жоғарғы жағындағы көмей арқылы өткізіп, 331 00:14:41,060 --> 00:14:42,600 перистальти рефлексін басып, 332 00:14:42,600 --> 00:14:44,380 оны өкпелер арасындағы кеуде қуысына 333 00:14:44,380 --> 00:14:45,960 сырғату керек. 334 00:14:46,080 --> 00:14:48,349 Осы тұста, 335 00:14:48,399 --> 00:14:50,389 мен жүрегімді сәл жылжыту керекпін. 336 00:14:50,389 --> 00:14:51,720 Аса назар салып қарасақ, 337 00:14:51,720 --> 00:14:53,860 қылышпен бірге жүрек соғысын көре аламыз, 338 00:14:53,860 --> 00:14:55,859 өйткені ол көмей ұлпасымен 8 дюйм 339 00:14:55,859 --> 00:14:58,809 арақашықтық жасап жүрекке қарсы сүйеніп тұрады. 340 00:14:58,809 --> 00:15:00,580 Бұл жай орындай салатын жалған іс емес. 341 00:15:00,580 --> 00:15:02,710 Оны кеуде сүйегінен өткізіп, 342 00:15:02,710 --> 00:15:05,540 төменгі көмей сфинктерінен төмен қарай асқазанға өткізіп, 343 00:15:05,540 --> 00:15:09,020 асқазандағы рефлексті тоқтатып, ұлтабарға итермелеу керек. 344 00:15:09,020 --> 00:15:09,750 Оп-оңай. 345 00:15:09,750 --> 00:15:10,930 (Күлкі) 346 00:15:10,930 --> 00:15:12,880 Одан ары қарай апарсам, 347 00:15:12,880 --> 00:15:17,720 Фаллопиялық түтіктерге жетеді. Фаллопиялық түтіктерге! 348 00:15:17,720 --> 00:15:20,980 Жігіттер, сіздер бұл түтік жайлы әйелдеріңізден сұрай жатарсыздар... 349 00:15:22,160 --> 00:15:23,900 Адамдар маған былай дейді: 350 00:15:23,900 --> 00:15:26,740 "Өз өміріңді қатерге тігу үлкен батылдықты қажет 351 00:15:26,740 --> 00:15:28,800 ететін болар: жүректі итермелеп, қылышты жұту..." 352 00:15:28,800 --> 00:15:30,500 Жоқ. Батылдықты талап ететін нәрсе- 353 00:15:30,500 --> 00:15:33,020 сол үрейлі, ұяң әрі әлсіз баланың 354 00:15:33,080 --> 00:15:35,620 сәтсіздік пен беті қайтып қалу сезіміне тәуекел жасап, 355 00:15:35,620 --> 00:15:37,040 жүрегін айқара ашып, 356 00:15:37,040 --> 00:15:38,240 намысын қолдан бермеуі 357 00:15:38,240 --> 00:15:41,060 және бейтаныс кісілердің алдында тұрып 358 00:15:41,060 --> 00:15:43,670 өз қорқынышы мен армандары жайлы оқиғасын бөлісуі еді, 359 00:15:43,680 --> 00:15:47,580 тура және ауыспалы мағынада айтқанда: өз ішкі сырын төгу. 360 00:15:48,280 --> 00:15:49,450 Мені түсіндіңіздер, Рахмет. 361 00:15:49,450 --> 00:15:53,720 (Қошемет) 362 00:15:53,850 --> 00:15:56,250 Көрдіңіз бе, ең кереметі- 363 00:15:56,250 --> 00:15:58,650 мен үнемі өмірімде ерекше әсерлі іс жасағым келген, 364 00:15:58,650 --> 00:15:59,780 ал қазір ол орындалды. 365 00:15:59,780 --> 00:16:02,880 Бірақ мен үшін маңыздысы 366 00:16:02,880 --> 00:16:05,170 21 қылышты бірден жұта алатыным емес, 367 00:16:07,640 --> 00:16:10,500 20 фут тереңдікте 88 акула мен жайын арасында жүзетінім емес, 368 00:16:10,500 --> 00:16:12,307 Риплидің "Саған өтірік, маған шыны" үшін 369 00:16:13,840 --> 00:16:17,600 не Стэн Лидің Суперадамдары үшін 1500 градусқа қыздырылып, 370 00:16:17,610 --> 00:16:19,470 "Болат адам" атануым үшін де емес, 371 00:16:19,520 --> 00:16:21,574 ол кезде өте ыстық болды! 372 00:16:22,460 --> 00:16:24,920 Рипли немесе Гиннес үшін көлікті қылышпен 373 00:16:24,930 --> 00:16:26,290 итеру де емес, 374 00:16:26,290 --> 00:16:28,760 не оны Америка Талант шоуының финалы үшін емес, 375 00:16:28,820 --> 00:16:31,540 не 2007 жылы Медицина бойынша Нобель сыйлығын алуым емес, 376 00:16:31,550 --> 00:16:33,900 Жоқ, ол менің ең керемет жетістігім емес. 377 00:16:33,900 --> 00:16:36,350 Басқалар солай ойлайды. Жо-жоқ. Олай емес. 378 00:16:36,350 --> 00:16:37,800 Ең атап айтарлық жайт, 379 00:16:37,800 --> 00:16:40,660 Құдай сол баяғы қорқақ, арық, әлсіз баланы 380 00:16:40,660 --> 00:16:42,200 биіктіктен қорыққан, 381 00:16:42,200 --> 00:16:43,890 су менен акуладан, 382 00:16:43,890 --> 00:16:46,370 дәрігерлер мен медбикелерден, ине мен үшкір заттардан 383 00:16:46,370 --> 00:16:47,640 және көпшіліте сөйлеуден 384 00:16:47,640 --> 00:16:49,870 қорыққан баланы қазір әлемді 30000 фут биікті 385 00:16:49,870 --> 00:16:51,320 шарлап, акула арасында үшкір 386 00:16:51,320 --> 00:16:53,900 затты жұтып, дәрігерлер мен медбикелерге, сіздерге 387 00:16:53,900 --> 00:16:57,430 еркін сөйлеп жүрген балаға айналдырды. 388 00:16:57,430 --> 00:16:59,580 Осыны мен нағыз кереметке теңеймін. 389 00:16:59,580 --> 00:17:01,450 Әрқашан мүмкін емес іс атқарғым келген. 390 00:17:01,450 --> 00:17:02,380 Рахмет. 391 00:17:02,380 --> 00:17:03,760 (Қошемет) 392 00:17:03,760 --> 00:17:05,220 Рахмет. 393 00:17:05,660 --> 00:17:09,040 (Қошемет) 394 00:17:09,700 --> 00:17:12,569 Әрқашан мүмкін емес іс жасағым келетін. 395 00:17:12,569 --> 00:17:15,858 Менің ерекше әсерлі іс атқарғым келген және 396 00:17:15,858 --> 00:17:16,899 қазір солай. 397 00:17:16,899 --> 00:17:19,819 Суперадам ерліктерін жасап, әлем бойынша ұшып, 398 00:17:19,819 --> 00:17:21,379 басқаларының өмірін құтқарғым келді, ал ол орындалды. 399 00:17:21,379 --> 00:17:22,720 Және білесіз бе? 400 00:17:22,720 --> 00:17:25,569 Сол бір кішкене баланың үлкен арманының кішкентай бір бөлігі 401 00:17:25,569 --> 00:17:27,291 әлі тереңде жатыр. 402 00:17:30,320 --> 00:17:36,197 (Күлкі) (Қошемет) 403 00:17:37,000 --> 00:17:40,240 Әрқашан өз мақсатым мен орнымды тапқым келген 404 00:17:40,270 --> 00:17:41,530 және қазір оны анықтадым. 405 00:17:41,540 --> 00:17:42,920 Не екенін таба аласыз ба? 406 00:17:42,920 --> 00:17:46,230 Оның қылышқа қатысы жоқ, сіз ойлағандай, менің артықшылықтарыммен емес 407 00:17:46,230 --> 00:17:48,510 әлсіз тұстарыммен, сөзіммен байланысты. 408 00:17:48,510 --> 00:17:51,090 Менің мұратым мен мақсатым- 409 00:17:51,090 --> 00:17:52,670 үрейді жеңе отырып әлемді өзгерту, 410 00:17:52,670 --> 00:17:54,910 бір уақытта бір қылыш, бір сөз, 411 00:17:55,070 --> 00:17:57,450 бір пышақ, бір өмір, 412 00:17:57,540 --> 00:17:59,700 адамдарды супер қаһарман болуға ынталандыру 413 00:17:59,700 --> 00:18:01,860 және мүмкін емес іс жасауға итермелеу. 414 00:18:02,060 --> 00:18:04,680 Менің мақсатым -басқаларының өз мақсатын табуға көмектесу. 415 00:18:04,680 --> 00:18:05,680 Сіздікі ше? 416 00:18:05,680 --> 00:18:06,960 Сіздің мақсатыңыз қандай? 417 00:18:06,960 --> 00:18:08,960 Сіздің не істеуіңіз керек? 418 00:18:09,260 --> 00:18:11,590 Мен бәріміздің супер қаһарман екенімізге сенемін. 419 00:18:12,160 --> 00:18:14,260 Сіздің суперкүшіңіз қандай? 420 00:18:14,560 --> 00:18:17,990 Әлемдегі 7 миллиард адамның арасынан 421 00:18:17,990 --> 00:18:20,250 санаулы-ақ қылыш жұтушылар 422 00:18:20,250 --> 00:18:21,661 қалды, 423 00:18:21,661 --> 00:18:22,940 бірақ сіз жалғызсыз. 424 00:18:22,940 --> 00:18:24,070 Сіз ерекшесіз. 425 00:18:24,070 --> 00:18:25,540 Сіздің оқиғаңыз қандай? 426 00:18:25,540 --> 00:18:27,760 Сізді ерекшелейтін не? 427 00:18:27,760 --> 00:18:29,180 Өз оқиғаңызбен бөлісіңіз, 428 00:18:29,180 --> 00:18:31,721 дауысыңыз жай және дірілдеп тұрса да. 429 00:18:31,900 --> 00:18:33,340 Сіздің Тромдарыңыз қандай? 430 00:18:33,340 --> 00:18:35,850 Кез келген іс жасап, әлдекім бола алып, саяхаттасаңыз 431 00:18:35,850 --> 00:18:37,430 Не істер едіңіз? Қайда барар едіңіз? 432 00:18:37,430 --> 00:18:38,480 Не істер едіңіз? 433 00:18:38,480 --> 00:18:40,340 Өз өміріңізбен не істегіңіз келеді? 434 00:18:40,340 --> 00:18:41,760 Үлкен армандарыңыз қандай? 435 00:18:41,760 --> 00:18:44,450 Кішкене кезіңізде арманыңыз қандай еді? Өткенге оралыңыз. 436 00:18:44,450 --> 00:18:46,240 Мен білемін, бұл қазіргідей емес. 437 00:18:46,483 --> 00:18:48,220 Өзіңіз ақылға қонымсыз санаған 438 00:18:48,220 --> 00:18:50,450 ең күшті арманыңыз қандай? 439 00:18:50,450 --> 00:18:54,040 Бұдан кейін енді олар біртүрлі болып көрінбейді, солай емес пе? 440 00:18:55,370 --> 00:18:57,050 Сіздің қылышыңыз не? 441 00:18:57,050 --> 00:18:58,650 Әрбіріңіздің қылышыңыз бар, 442 00:18:58,650 --> 00:19:00,600 екі жақты қорқыныш пен армандар қылышы. 443 00:19:00,600 --> 00:19:03,520 Өз қылышыңызды не болса да, жұтып көріңіз. 444 00:19:03,890 --> 00:19:05,870 Арман қуыңыздар, ханымдар мен мырзалар. 445 00:19:05,870 --> 00:19:08,900 Өзің қалаған адам болуға ешқашан да кеш емес. 446 00:19:09,720 --> 00:19:12,920 Әлгі бұзық балаларға, мені ешқашан мүмкін емес іс жасайды деп 447 00:19:12,920 --> 00:19:14,916 сенбеген балаларға, 448 00:19:15,060 --> 00:19:17,645 айтарым жалғыз: 449 00:19:17,645 --> 00:19:18,841 Рахмет. 450 00:19:18,940 --> 00:19:22,220 Себебі зұлымдар болмаса, қаһармандар да болмайды. 451 00:19:23,020 --> 00:19:27,237 Мен осында мүмкін еместің мүмкін екенін дәлелдеуге келдім. 452 00:19:28,300 --> 00:19:32,310 Ол өте қауіпті, тіпті менің өліміме себеп болу мүмкін. 453 00:19:32,340 --> 00:19:33,980 Сізге ұнады деген үміттемін. 454 00:19:33,980 --> 00:19:35,260 (Күлкі) 455 00:19:36,350 --> 00:19:38,700 Маған сіздердің көмектеріңіз керек. 456 00:19:46,731 --> 00:19:48,405 Көрермендер: Екі, үш. 457 00:19:48,405 --> 00:19:52,100 Дэн Мэйер: Жо-жоқ. Барлығымыз бірге санайық, жарайды ма? 458 00:19:52,100 --> 00:19:53,210 (Күлкі) 459 00:19:53,210 --> 00:19:55,840 Сөздерді білсеңіздер, менімен санаңыздар. Дайынбыз ба? 460 00:19:55,870 --> 00:19:56,964 Бір. 461 00:19:56,964 --> 00:19:58,150 Екі. 462 00:19:58,170 --> 00:19:58,980 Үш. 463 00:19:58,980 --> 00:20:00,920 Жоқ, бұл 2.Сіздер түсіндіңіздер. 464 00:20:06,760 --> 00:20:07,780 Көрермендер: Бір. 465 00:20:07,840 --> 00:20:08,750 Екі. 466 00:20:08,800 --> 00:20:10,010 Үш. 467 00:20:11,260 --> 00:20:13,280 (Таң қалу) 468 00:20:14,360 --> 00:20:15,940 (Қошемет) 469 00:20:16,251 --> 00:20:17,450 DM: Иә! 470 00:20:17,450 --> 00:20:23,100 (Қошемет) (Қолдау) 471 00:20:23,100 --> 00:20:24,820 Көп рахмет. 472 00:20:25,450 --> 00:20:28,800 Рахмет, рахмет. Шын жүректен алғысым шексіз. 473 00:20:28,800 --> 00:20:31,290 Негізі, мен асқазанымның түбінен рахмет айтамын. 474 00:20:31,880 --> 00:20:35,020 Мен сіздерге мүмкін емес іс атқаруға келдім дедім, енді жасадым. 475 00:20:35,030 --> 00:20:37,730 Бірақ бұл қазір мүмкін емес болмай қалды. Мен оны күнде жасаймын. 476 00:20:37,800 --> 00:20:42,960 Қорқақ, арық, ұяң әлсіз бала үшін өз үрейімен бетпе-бет тұру мүмкін емес еді, 477 00:20:42,960 --> 00:20:44,600 осында TEDx сахнасында тұрып, 478 00:20:44,600 --> 00:20:47,100 әлемді өзгерту мүмкін емес еді, бір уақытта бір сөз, 479 00:20:47,100 --> 00:20:49,080 бір қылыш пен бір өмір 480 00:20:49,080 --> 00:20:52,060 Егер мен сіздерді жаңаша ойлануға итермелеп, мүмкін емес 481 00:20:52,060 --> 00:20:54,460 істің мүмкін екеніне сендірсем, 482 00:20:54,460 --> 00:20:57,960 егер сізді өміріңізде мүмкін емес ғажапты жасай алатыныңызға сендірсем, 483 00:20:58,120 --> 00:21:01,020 онда менің міндетім орындалды, ал сіздікі енді ғана басталды. 484 00:21:01,020 --> 00:21:04,100 Ешқашан армандауды тоқтатпаңыздар. Ешқашан сенімді жоғалпаңыздар. 485 00:21:04,820 --> 00:21:06,350 Маған сенгендеріңізге, 486 00:21:06,350 --> 00:21:08,250 арманымның бір бөлігі болғандарыңызға рахмет. 487 00:21:08,250 --> 00:21:09,550 Менің сіздерге сыйым осы: 488 00:21:09,550 --> 00:21:11,486 Мүмкін емес нәрсе 489 00:21:11,486 --> 00:21:12,920 Көрермендер: мүмкін емес. 490 00:21:12,920 --> 00:21:15,010 Ұзақ жол сыйлықтың бір бөлігі. 491 00:21:15,100 --> 00:21:19,560 (Қошемет) 492 00:21:19,560 --> 00:21:21,020 Рахмет! 493 00:21:21,060 --> 00:21:25,360 (Қошемет) 494 00:21:25,580 --> 00:21:27,560 (Қолдау көрсету) 495 00:21:27,780 --> 00:21:30,240 Жүргізуші: Рахмет, Дэн Мэйер, тамаша!