Return to Video

Денеңіздің "тілі" жеке тұлғаңызды қалыптастырады

  • 0:01 - 0:04
    Мен сізге орындалуы оңай
  • 0:04 - 0:06
    өмірлік әдісті таныстырудан
    бастағым келіп тұр,
  • 0:06 - 0:09
    Ол үшін сіз екі минутқа
  • 0:09 - 0:13
    дене-тұрысыңызды өзгертуіңіз керек.
  • 0:13 - 0:16
    Бірақ бұны айтпастан бұрын
    сіздерден денеңізге
  • 0:16 - 0:20
    кішігірім тексеріс жасап, онымен
    не істейтініңізді сұрағым келеді.
  • 0:20 - 0:22
    Қайсыңыз денеңізді
    қусырып кішірейткендей боласыз?
  • 0:22 - 0:25
    Бәлкім сіздер бүкірейіп,
    аяғыңызды айқастырып,
  • 0:25 - 0:26
    оны орап алған боларсыз.
  • 0:26 - 0:30
    Кейде қолдарымызды осылай
    кеудемізде ұстаймыз.
  • 0:30 - 0:33
    Кейде қолымызды жайып жібереміз. (Күлкі)
  • 0:33 - 0:36
    Сізді көріп тұрмын. (Күлкі)
  • 0:36 - 0:38
    Дәл қазір қылықтарыңызға
    назар аудартқым келіп тұр.
  • 0:38 - 0:40
    Біз оған бірер минуттан соң ораламыз,
  • 0:40 - 0:44
    Аз да болсын, қылықтарыңызды түзетуді
    үйренесіздер деп үміттенемін,
  • 0:44 - 0:47
    әрі бұл өміріңізді біраз
    өзгертуге септігін тигізер.
  • 0:47 - 0:52
    Біз дене "тіліне" өте қайран қаламыз,
  • 0:52 - 0:54
    әсіресе өзге адамдардың
  • 0:54 - 0:56
    "дене тіліне" қызығамыз.
  • 0:56 - 1:00
    Өздеріңіз білесіздер, бізді біраз
    нәрсе қызықтырады (Күлкі):
  • 1:00 - 1:05
    епсіз жанасу немесе күлкілер,
  • 1:05 - 1:09
    тәкаппар көз салу немесе епсіз көз қысу,
  • 1:09 - 1:12
    тіпті қол алысу секілді
    қылықтар да болуы мүмкін.
  • 1:12 - 1:15
    Диктор: Олар 10-шы үйге келе жатыр,
    қараңыздар,
  • 1:15 - 1:17
    мына полицияға АҚШ Президентімен
  • 1:17 - 1:20
    қол алысу сәті бұйырды, ізінен
  • 1:20 - 1:25
    Премьер Министр де...? Жоқ.
    (Күлкі) (Қошемет)
  • 1:25 - 1:27
    (Күлкі) (Қошемет)
  • 1:27 - 1:31
    Эми Кадди: Қол алысу немесе оның жоқтығы
  • 1:31 - 1:34
    біз үшін бірнеше апта бойы
    әңгімеге азық болады.
  • 1:34 - 1:36
    Тіпті BBC мен New York Times үшін де.
  • 1:36 - 1:40
    Біздер бейвербалды әрекеттер немесе
    дене тілі туралы ойлаған кезде —
  • 1:40 - 1:43
    біздер социология ғалымдары ретінде
    оны бейвербалика деп атаймыз —
  • 1:43 - 1:46
    яғни тіл мен коммуникация
    туралы ойлаймыз.
  • 1:46 - 1:48
    Коммуникацияны ойлаған кезде
    өзара әректтесу туралы ойлаймыз.
  • 1:49 - 1:51
    Сіздің денеңіздің тілі маған не айтып тұр?
  • 1:51 - 1:54
    Ал менікі не айтып тұр?
  • 1:54 - 1:58
    Бұл идеяның қисындылығын растайтын
  • 1:58 - 2:00
    көптеген ғылыми дәлелдер бар.
    Социологтар біздегі
  • 2:00 - 2:04
    немесе өзгелердегі дене тілінің
    пайымдамаларға
  • 2:04 - 2:06
    әсерін зерттеу үшін көп уақыт жұмсады.
  • 2:06 - 2:10
    Содан біз дене тілінен ауқымды
    пайымдамалар мен қорытындыға келеміз.
  • 2:10 - 2:14
    Әрі бұл пайымдамалар кімді жалдап,
    кімді көтереміз, кімді кездесуге шақырамыз
  • 2:14 - 2:17
    деген секілді аса маңызды
    өмірлік оқиғаларды болжай алады.
  • 2:17 - 2:22
    Мысалы, Туфтс университетінің
    зерттеушісі Налини Амбади
  • 2:22 - 2:27
    адамдардың дәрігер мен емделуші арасындағы
    қатынасты көрсететін 30 секундтық
  • 2:27 - 2:30
    дыбыссыз роликті қарау
    кезіндегі пайымдамаларын көрсетті,
  • 2:30 - 2:32
    яғни бұл дәрігердің сыпайылығы
    туралы пайымдамасы
  • 2:32 - 2:35
    дәрігердің сотталатынын немесе
    сотталмайтынын болжайды.
  • 2:35 - 2:37
    Бұл пайымдама дәрігердің біліктілігінен
  • 2:37 - 2:39
    туындаған жоқ, бізге дәрігердің және
  • 2:39 - 2:42
    қарым-қатынасының ұнауынан туындады.
  • 2:42 - 2:45
    Сонымен қатар одан да зоры
    Принстондағы Алекс Тодоров
  • 2:45 - 2:49
    саяси үміткерлердің жүздеріне
    бір секунд қарағаннан кейін
  • 2:49 - 2:53
    туындаған пайымдамалардың АҚШ сенатындағы
  • 2:53 - 2:57
    және губернаторлық орнын
    70%-ға болжап бертінін дәлелдеді,
  • 2:57 - 2:59
    тіпті виртуал кеңістіктегі
  • 2:59 - 3:03
    онлайн келіссөздерде
    орынды қолданылған күлегештер
  • 3:03 - 3:06
    біз үшін бұл келіссөздерді одан да
    маңыздырақ ете алады.
  • 3:06 - 3:09
    Егер оларды нашар қолдансаңыздар,
    жаман идея. Солай емес пе?
  • 3:09 - 3:12
    Бейвербаликаны ойлағанда
    басқаларды қалай бағалайтынымызды,
  • 3:12 - 3:15
    олар бізді қалай бағалайтынын және
    қандай нәтиже шығатынын ойлаймыз.
  • 3:15 - 3:17
    Алайда біз бейвербаликамыздың
    басқа адамдарға
  • 3:17 - 3:21
    әсер етіп қана қоймай, өзімізге де
    ықпал ететінін ұмытуға бейімбіз.
  • 3:21 - 3:24
    Бевербаликамыз өзімізге, яғни ойларымызға,
  • 3:24 - 3:26
    сезімдерімізге, психологиямызға
    ықпал етеді.
  • 3:26 - 3:29
    Сөйтіп қай бейвербалика
    жөнінде айтып тұрмын?
  • 3:29 - 3:32
    Мен әлеуметтік психологпын.
    Соқыр сенімдерді зерттеймін,
  • 3:32 - 3:35
    әрі бәсекеге мықты бизнес
    мектебінде сабақ беремін,
  • 3:35 - 3:39
    сондықтан билік серпініне
    қызыға бастайтыным сөзсіз белгілі болды.
  • 3:39 - 3:43
    Әсіресе билік пен үстемдіктің
    бейвербалды әлпетіне
  • 3:43 - 3:45
    қызыға бастадым.
  • 3:45 - 3:48
    Билік пен үстемдіктің
    бейвербалды әлпеттері деген не?
  • 3:48 - 3:50
    Бұл дегеніміз мінеки.
  • 3:50 - 3:53
    Жануарлар патшалығында
    ұлғаюды айтады.
  • 3:53 - 3:56
    Сөйтіп, сіз өзіңізді үлкейтесіз,
    сіз созыласыз,
  • 3:56 - 3:59
    көбірек орын ала бастайсыз,
    яғни сіздер ашыласыз.
  • 3:59 - 4:02
    Иә, бұл ашылу туралы.
    Әрі бұл жануарлар әлеміндегі
  • 4:02 - 4:06
    барлығына қатысты рас зат,
    жалғыз приматтарға емес.
  • 4:06 - 4:09
    Бұны адамдар да қайталайды. (Күлкі)
  • 4:09 - 4:13
    Олар бұл қылықты
    бірыңғай билікті сезінгенде,
  • 4:13 - 4:16
    сонымен қатар бір сәтте
    күшті сезінгенде жасайды.
  • 4:16 - 4:19
    Әсіресе мына қылық қызық,
    себебі ол бізге шынында
  • 4:19 - 4:23
    мына сенімділік әлпетінің қандай
    әмбебап, әрі ежелгі екенін көрсетеді.
  • 4:23 - 4:25
    Мақтаныш ретінде белгілі мына қимылды
  • 4:25 - 4:28
    Джессика Трейси зерттеп,
  • 4:28 - 4:31
    сау көздерімен туған адамдар да,
  • 4:31 - 4:33
    туғаннан зағип адамдар да
    спорт жарысында
  • 4:33 - 4:36
    жеңіске жеткен кезде осы
    қимылды жасайтынын дәлелдеді.
  • 4:36 - 4:38
    Олар мәре сызығын кесіп өтіп,
    жеңген кезде
  • 4:38 - 4:40
    бұл қимылды ешқашан
    көрмегеніне қарамастан
  • 4:40 - 4:41
    жасай береді.
  • 4:41 - 4:44
    Қолдары жоғарыда, иегі сәл көтеріңкі.
  • 4:44 - 4:47
    Ал өзімізді әлсіз сезінгенде не істеміз?
    Біз дәл солай
  • 4:47 - 4:51
    керісінше істейміз. Тасаланамыз.
    Өзімізді қолмен орай бастаймыз.
  • 4:51 - 4:54
    Өзімізді кішірейтеміз. Қасымыздағы
    адаммен соқтығысқымыз келмейді.
  • 4:54 - 4:57
    Дәл солай жануарлар да,
    адамдар да осы бір қимылды жасайды.
  • 4:57 - 5:01
    Ал күшті адам мен әлсіз адамның
  • 5:01 - 5:03
    кездесуі мынадай болады. Сөйтіп,
  • 5:03 - 5:07
    іс күшке тірелгенде біз басқалардың
    қимылын толықтыруға бейімбіз.
  • 5:07 - 5:10
    Егер біреу шынымен күштірек көрінсе,
  • 5:10 - 5:12
    өздерімізді кішірейтуге бейім боламыз.
  • 5:12 - 5:14
    Оларды қайталамаймыз, керісінше істейміз.
  • 5:14 - 5:17
    Сабақтарымда осы қылықты
  • 5:17 - 5:22
    бақылай жүріп, нені байқадым?
  • 5:22 - 5:27
    МБА студенттерінің алуан түрлі
    билік қимылдарын көрсететінін байқадым.
  • 5:27 - 5:29
    Альфа-арландар сияқты адамдар бар,
  • 5:29 - 5:32
    бөлмеге кіріп, тіпті сабақ
    басталмастан дәл бөлменің
  • 5:32 - 5:36
    ортасына отырып алады,
    мекенді басып алуға ниеттенгендей,
  • 5:36 - 5:38
    отырған кезде кең жайғасқандай болады.
  • 5:38 - 5:40
    Қолдарын осылай жоғары көтереді.
  • 5:40 - 5:43
    Жаңағылар кіргенде солып қалардай
    болатын адамдар бар.
  • 5:43 - 5:45
    Бұны жаңағылар кірген бойда байқайсыз.
  • 5:45 - 5:48
    Бұны олардың өңдерінен,
    денелерінен байқайсыз,
  • 5:48 - 5:50
    орындығына отырғанда
    олар өздерін кішірейтеді,
  • 5:50 - 5:53
    әрі олар қолдарын осылайша көтереді.
  • 5:53 - 5:55
    Осындай қылықтардың бірнешеуін байқадым.
  • 5:55 - 5:57
    Біріншісінің, сіздер таң қала қоймайсыз,
  • 5:57 - 5:59
    жынысқа қатысы бар сияқты.
  • 5:59 - 6:04
    Әйелдер осы тектес қылықтарды
    ерлерге қарағанда көбірек жасайды.
  • 6:04 - 6:07
    Әйелдер әрдайым өздерін
    ерлерден әлсіз сезінеді,
  • 6:07 - 6:11
    бұның таң қалатыны жоқ.
    Бірақ байқаған екінші нәрсем,
  • 6:11 - 6:14
    бұндай қылықтың
    студенттер белсенділігі
  • 6:14 - 6:17
    мен үлгеріміне де қатысы бар секілді.
  • 6:17 - 6:20
    Әрі бұл МБА сабақтарында өте маңызды,
  • 6:20 - 6:23
    себебі бағаның жартысын
    оқу белсенділігіе қарап есептейді.
  • 6:23 - 6:27
    Бизнес мектептері гендерлік көзқарастағы
    қайшылықпен көптен күресіп келеді.
  • 6:27 - 6:30
    Бірдей дайындықтан өткен
    әйелдер мен ерлер жүре келе
  • 6:30 - 6:32
    әр түрлі баға алатынын түсінесіз,
  • 6:32 - 6:36
    әрі бұның бір жағынан олардың
    оқу белсенділігіне қатысы бар.
  • 6:36 - 6:39
    Ойлана бастадым.
  • 6:39 - 6:42
    Бірдей дайындалған адамдар
    келеді де, сабаққа қатысады.
  • 6:42 - 6:45
    Адамдарды жалған кейіп танытып,
    олардың сабаққа көбірек
  • 6:45 - 6:47
    қатысуына әсер ете алуымыз мүмкін бе?
  • 6:47 - 6:51
    Берклидегі серіктес авторым
    Дана Карни екеуміз
  • 6:51 - 6:55
    жалған кейіп таныта
    аласыз ба, соны қатты білгіміз келді.
  • 6:55 - 6:58
    Азғантай уақытқа жалған кейіп танытып,
  • 6:58 - 7:02
    сенімділік пен күш беретіндей
    нәтижеге қол жеткізе аласыз ба?
  • 7:02 - 7:05
    Сөйтіп, бейвербаликаларымыз
    адамдардың біз туралы қалай ойлайтынына
  • 7:05 - 7:07
    әсер ететінін білеміз. Оған дәлел көп.
  • 7:07 - 7:10
    Бірақ негізгі сұрағымыз бейвербаликамыздың
  • 7:10 - 7:13
    өзіміз туралы қалай ойлайтынымызға
    қалай әсер етуі болды.
  • 7:13 - 7:16
    Оның қалай әсер ететінің дәлелдері бар.
  • 7:16 - 7:21
    Мысалы, өзімізді бақытты
    сезінгенде күлеміз.
  • 7:21 - 7:23
    Сонымен қатар қаламды осылай тіске қойып,
  • 7:23 - 7:27
    өзімізді күштеп жымитсақ, ол өзімізді
    бақытты сезінуге мәжбүрлейді.
  • 7:27 - 7:30
    Сөйтіп, бұл құбылыс
    қос бағытқа да әсер етеді.
  • 7:30 - 7:35
    Күшке де қатысты солай.
    Билікті сезінген кезіңізде
  • 7:35 - 7:39
    сіз көбірек осылай істеуге бейімсіз, бірақ
  • 7:39 - 7:44
    сіз күшті адамның кейпін танытқан
    кезде де шын мәнінде өзіңізді
  • 7:44 - 7:47
    күштірек сезінуге бейім болуыңыз мүмкін.
  • 7:47 - 7:50
    Екінші қызықтырған сұрақ: санамыздың
  • 7:50 - 7:53
    іс-қимылымызды
    өзгертетінін бәріміз білеміз,
  • 7:53 - 7:57
    бірақ іс-қимылымыз
    санамызды өзгерте ала ма?
  • 7:57 - 8:00
    Сана дегенде сенімділік сезімі жағдайында
  • 8:00 - 8:01
    не туралы айтып тұрмын?
  • 8:01 - 8:04
    Мен ой мен сезім туралы,
    сондай-ақ ойымыз бен сезімдерімізді
  • 8:04 - 8:07
    туғызатын физиологиялық
    құбылыстар туралы айтып тұрмын.
  • 8:07 - 8:10
    Менің жағдайымда бұлар – гормондар.
    Мен гормондарды зерттеймін.
  • 8:10 - 8:13
    Күштілердің саналары
    әлсіздердікімен салыстырғанда
  • 8:13 - 8:14
    неге ұқсайды?
  • 8:14 - 8:19
    Күшті адамдар өте қайсар,
    әрі өзіне өте сенімді,
  • 8:19 - 8:23
    оптимист екені таңқаларлық емес.
  • 8:23 - 8:26
    Олар тіпті құмар ойында
    жеңемін деп ойлайды.
  • 8:26 - 8:30
    Сондай-ақ олар көбірек
    абстрактілі ойлауға бейім.
  • 8:30 - 8:33
    Сондықтан көп айырмашылығы бар.
    Олар көп тәуекелшіл.
  • 8:33 - 8:35
    Күшті мен әлсіздердің
    арасында айырмашылық көп.
  • 8:35 - 8:39
    Олардың физиологиялық жағынан
    да айырмашылығы бар,
  • 8:39 - 8:43
    яғни гормондары: тестостерон –
    үстемшілдік гормоны,
  • 8:43 - 8:46
    кортизол – күйзеліс гормоны.
  • 8:46 - 8:49
    Приматтардың иерархиясындағы
  • 8:49 - 8:52
    ең күшті альфа-еркектің бойында
  • 8:52 - 8:57
    тестостерон мөлшері көптігін,
    кортизолы аз екендігін анықтадық.
  • 8:57 - 9:00
    Күшті, әрі ықпалды басшылардың да
  • 9:00 - 9:03
    тестостероны көп, кортизолы
    аз болады екен.
  • 9:03 - 9:05
    Бұл нені білдіреді?
    Күш туралы ойлаған кезде
  • 9:05 - 9:07
    адамдар тек тестостерон
    туралы ойлауға бейім болған,
  • 9:07 - 9:09
    себебі ол үстемдікті білдірген.
  • 9:09 - 9:13
    Бірақ шынында күш біздің күйзеліске
    қалай үн қататынымызға әсер етеді.
  • 9:13 - 9:16
    Сөйтіп, сіздер ықпалды, үстемшіл,
    тестостероны көп,
  • 9:16 - 9:18
    бірақ күйзеліске тұрақсыз
    басшыны қалар ма едіңіз?
  • 9:18 - 9:21
    Қаламайсыз ғой? Сіз ықпалды,
  • 9:21 - 9:23
    сенімді, әрі үстемшіл, сондай-ақ байсалды
  • 9:23 - 9:27
    адамды қалайсыз ғой,
    күйзеліске тұрақсыз адамды емес.
  • 9:27 - 9:33
    Егер альфа-еркек
    немесе қатардағы примат
  • 9:33 - 9:37
    күтпеген жерден басшылықты
    басып алғысы келсе,
  • 9:37 - 9:39
    бұдан біраз күн бұрын оның бойындағы
  • 9:39 - 9:42
    тестостерон мөлшері айтарлықтай өсіп,
  • 9:42 - 9:46
    кортизол мөлшері түсіп кетеді.
  • 9:46 - 9:49
    Бұның бізде дәлелі бар, яғни тән сананы,
  • 9:49 - 9:51
    кем дегенде әлпетін қалыптастыра алады.
  • 9:51 - 9:55
    Сондай-ақ рөлдің өзгеруі де
    сананы қалыптастырады.
  • 9:55 - 9:58
    Сөйтіп, рөлімізді өзгерттік делік,
  • 9:58 - 10:01
    яғни қылықтарымызға,
    іс-қимылдарымызға сәл-пәл
  • 10:01 - 10:03
    осылай өзгертулер
    енгізген кезде не болар екен?
  • 10:03 - 10:06
    Былай дейсіз: «Екі минутқа осылай тұрсам,
  • 10:06 - 10:09
    бұл мені бұрынғыдан да сенімдірек етеді».
  • 10:09 - 10:13
    Былай істедік. Адамдарды
    лабораторияға шақыртып,
  • 10:13 - 10:16
    шағын ғылыми тәжірибе жасауға бел будық.
  • 10:16 - 10:20
    Бұл адамдар екі минутқа не сенімді кейіп,
  • 10:20 - 10:24
    не сенімсіз кейіп танытуы тиіс болатын.
    Сізге бес кейіп түрін
  • 10:24 - 10:27
    көрсетпекпін, алайда қатысушылар
    олардың тек екеуін ғана істеді.
  • 10:27 - 10:29
    Бұл – біріншісі.
  • 10:29 - 10:31
    Тағы екеуі.
  • 10:31 - 10:34
    Бұны «Ғажайып әйел» деп атап кеткен
  • 10:34 - 10:37
    БАҚ өкілдері.
  • 10:37 - 10:38
    Мінеки, тағы бірнешеуі.
  • 10:38 - 10:40
    Не отырған күйде,
    не тұрған күйде бола аласыз.
  • 10:40 - 10:42
    Ал мыналар – әлсіздің кейіптері.
  • 10:42 - 10:46
    Бүрісіп, өзіңізді кішірейтіп тұрсыз.
  • 10:46 - 10:48
    Мынау – өте әлсіздердің кейпі.
  • 10:48 - 10:50
    Мойныңызды осылай
    қолмен ұстаған кезде
  • 10:50 - 10:52
    өзіңізді шынында қорғап
    тұрғандай боласыз.
  • 10:52 - 10:55
    Не болатынын көріңіз. Олар кіреді де,
  • 10:55 - 10:56
    тексеру үшін
    арнайы ыдысқа түкіреді.
  • 10:56 - 10:59
    Екі минутқа қандай да
    бір кейіпті танытуын сұраймыз.
  • 10:59 - 11:02
    Олар бұл кейіп суреттерін
    көрмейді. Олардың күш
  • 11:02 - 11:05
    бейнесін алдын ала білгенін қаламаймыз.
    Күшті сезінгенін қалаймыз.
  • 11:05 - 11:07
    Олар бұны екі минут бойы жасайды.
  • 11:07 - 11:10
    Сосын біз оларға күшті қалай сезінгендері
    туралы бірнеше сұрақ қоямыз,
  • 11:10 - 11:13
    әрі құмар ойын ойнатамыз.
  • 11:13 - 11:16
    Сосын тағы да сілекей үлгілерін аламыз.
  • 11:16 - 11:17
    Болды. Ғылыми тәжірибеміз осындай.
  • 11:17 - 11:21
    Мынаны анықтадық: сенімді
    кейіптегі адамдардың
  • 11:21 - 11:24
    86 пайызы тәуекелшіл болады екен,
  • 11:24 - 11:27
    яғни құмар ойындарын
    ойнауға бейім келеді екен.
  • 11:27 - 11:29
    Ал әлсіз кейіптегілердің
  • 11:29 - 11:33
    60 пайызы ғана сондай болады,
    бұл дегенің әжептәуір үлкен айырмашылық.
  • 11:33 - 11:36
    Мынау – тестостерон
    талдауының қорытындысы.
  • 11:36 - 11:39
    Сенімді кейіп танытқандардың
    тестостерон мөлшері
  • 11:39 - 11:42
    әдеттегіден шамамен 20 пайызға өсіп,
  • 11:42 - 11:46
    әлсіз кейіп танытқандардың тестостероны
    шамамен 10 пайызға түскен.
  • 11:46 - 11:49
    Екі-ақ минутта осындай
    өзгерістерге қол жеткіздіңіз.
  • 11:49 - 11:52
    Ал мынау кортизолдың өзгерісі:
    сенімді кейіптегілердің
  • 11:52 - 11:55
    кортизолы шамамен 25 пайызға түсіп,
  • 11:55 - 11:59
    әлсіз кейіптегілердікі
    шамамен 15 пайызға өскен.
  • 11:59 - 12:02
    Екі-ақ минут миыңыздағы қайсар,
  • 12:02 - 12:07
    сенімділік, ыңғайлылық сезімін немесе
  • 12:07 - 12:09
    сабырсыздық, тұйықтану сезімін тудыратын
  • 12:09 - 12:12
    гормондық өзгерістерге алып келеді.
  • 12:12 - 12:16
    Бәрімізге таныс жағдай емес пе?
  • 12:16 - 12:19
    Сөйтіп, бейвербаликаларымыз
    біздің өзіміз туралы
  • 12:19 - 12:21
    ойлау мен сезіну салтын белгілейді.
  • 12:21 - 12:23
    Олар тек өзгелерге тәуелді
    болып қана, өзімізге де тәуелді.
  • 12:23 - 12:26
    Сонымен қатар денеміз
    санымызды да өзгертеді.
  • 12:26 - 12:28
    Бірақ әрине мынадай сұрақ туындайды:
  • 12:28 - 12:30
    бірнеше минуттық сенімді кейіп таныту
  • 12:30 - 12:32
    өміріңізді мағыналы түрде өзгерте ала ма?
  • 12:32 - 12:35
    Мынау – лабораторияның іші.
    Екі минутқа созылған
  • 12:35 - 12:37
    бұл тапсырмамен сіздер
    таныссыздар. Бұны біз шынында
  • 12:37 - 12:40
    қай жерде қолдана аламыз?
    Әрине, маңызды жағдайда.
  • 12:40 - 12:44
    Менің ойымша бұл әдісті
    әлеуметтік қорқыныш
  • 12:44 - 12:47
    секілді жағдайларда қолдана аласыз,
  • 12:47 - 12:50
    яғни сізді мысалға достарыңыз
    бағалайтын жағдайда.
  • 12:50 - 12:54
    Бұндай жағдай жасөспірімдер арасында
    асхана үстелінде кездесіп жатады.
  • 12:54 - 12:56
    Бұл кейбір адамдар үшін
    мектеп жиналыстарында
  • 12:56 - 12:59
    халық алдында сөз айтатын
    кезінде керек болуы мүмкін.
  • 12:59 - 13:02
    Ол тіпті бәлкім жұмысқа кіру
  • 13:02 - 13:05
    үшін сұхбат жүргізгенде керек болар.
  • 13:05 - 13:07
    Көптеген адамдарды осы
    қызықтырады деген ойға келдік,
  • 13:07 - 13:08
    себебі бұндай жағдай
  • 13:08 - 13:10
    бәрінің басынан өткен.
  • 13:10 - 13:14
    Осы анықталған деректерді жариялай
    салысымен барлық БАҚ өкілдері
  • 13:14 - 13:16
    бұны қызу талқылай бастады.
    Яғни олар: «Жұмыс сұхбатына
  • 13:16 - 13:20
    барған кезде осылай
    істейсіз бе?» деді. (Күлкі)
  • 13:20 - 13:22
    Содан біз, әлбетте, шошып кетіп:
  • 13:22 - 13:24
    «Құдайым-ай, жоқ, жоқ, біздің
    айтқымыз келгені ол емес,
  • 13:24 - 13:27
    бірнеше себептерге орай
    олай істемеңдер» дедік.
  • 13:27 - 13:29
    Әңгіме сіздің адамдармен
    қалай сөйлесуіңізде емес.
  • 13:29 - 13:31
    Әңгіме сіздің өзіңізбен
    қалай сөйлесуіңізде.
  • 13:31 - 13:34
    Сұхбаттаспас бұрын не істейсіз?
    Осылай істейсіз,
  • 13:34 - 13:37
    солай емес пе? Отырасыз да, ешнәрсені
    ұмытпауға тырысып айфоныңызға
  • 13:37 - 13:39
    немесе андройдыңызға үңілесіз.
  • 13:39 - 13:41
    Естеліктеріңізге қарап,
  • 13:41 - 13:43
    бүкірейіп, өзіңізді кішірейте бастайсыз,
  • 13:43 - 13:45
    шын мәнінде шомылатын
    бөлмеде осылай істеудің
  • 13:45 - 13:48
    орнына, солай ма? Солай істеңіз.
    Екі минутыңызды бөліңіз.
  • 13:48 - 13:50
    Біз осыны талдадық.
  • 13:50 - 13:52
    Лабораторияға адамдарды шақырдық та,
  • 13:52 - 13:55
    олар қайтадан не сенімді,
    не сенімсіз кейіп танытып,
  • 13:55 - 13:58
    ауыр жұмыс сұхбатынан өтті.
  • 13:58 - 14:02
    Сұхбаттың ұзақтығы – бес минут,
    әрі олар жазылып алынды.
  • 14:02 - 14:04
    Олар сондай-ақ қазылар
    тарапынан бағаланып отырды,
  • 14:04 - 14:08
    қазылар ешқандай бейвербалика
    көрсетпеуге машықтанған,
  • 14:08 - 14:09
    әрі түрлері осындай.
  • 14:09 - 14:12
    Осындай адам сізбен сұхбаттасып
    тұрғанын елестетіп көріңіз.
  • 14:12 - 14:17
    Бес минут осылай, ешқандай эмоция жоқ, бұл
    дегенің шытырман сұрақтар қойғаннан бетер.
  • 14:17 - 14:20
    Адамдар бұны жек көреді.
    Марианна ЛаФранс бұны
  • 14:20 - 14:22
    «әлеуметтік батпаққа бату» деп атайды.
  • 14:22 - 14:24
    Кортизолды өсіретін дәл осы жағдай.
  • 14:24 - 14:26
    Мынау олар өткен жұмысқа тұру сұхбаты,
  • 14:26 - 14:28
    біз не болатынын қатты көргіміз келді.
  • 14:28 - 14:32
    Сосын мамандарға осы
    төрт видеожазбаны көрсетеміз.
  • 14:32 - 14:35
    Олардың ешқандай тәжірибе гипотезасынан,
    шарттарынан хабары жоқ.
  • 14:35 - 14:38
    Ешқайсысы кімнің қандай
    кейіпте болғанын білмейді.
  • 14:38 - 14:41
    Олар видеоларды көріп болып,
  • 14:41 - 14:44
    сенімді кейіп танытқандарды меңзей отырып:
  • 14:44 - 14:48
    «Осы адамдарды жұмысқа алғымыз келеді»
    дейді, «мына адамдарды алғымыз келмейді.
  • 14:48 - 14:51
    Алдыңғы адамдар көбірек позитивті болды.»
  • 14:51 - 14:56
    Бірақ бұған не әсер етті?
    Ол әңгіменің мазмұнында емес.
  • 14:56 - 14:59
    Үміткерлердің әңгіме кезінде
    өздерін қалай сезінуінде.
  • 14:59 - 15:01
    Сондай-ақ олардың
    біліктілігін бағаладық.
  • 15:01 - 15:04
    Олар әңгімесін қалай,
    қаншалықты жақсы құрастырады.
  • 15:04 - 15:06
    Біліктілігі қалай?
  • 15:06 - 15:09
    Бұл көрсеткіштер ешқандай әсер берген жоқ.
  • 15:09 - 15:13
    Жұмыс берушілердің ойына адамдардың
    өздерін қалай көрсетуі әсер етті.
  • 15:13 - 15:15
    Өздерін көрсету керек қой.
  • 15:15 - 15:17
    Олар идеяларын береді, бірақ идеясына
  • 15:17 - 15:19
    өздері қызықпайды, құмартпайды.
  • 15:19 - 15:24
    Дәл осы көрсеткіштер жұмыс
    берушінің шешіміне әсер етеді.
  • 15:24 - 15:28
    Адамдарға осы туралы айтқанымда,
  • 15:28 - 15:30
    яғни тәніміз санамызды,
    санамыз қылықтарымызды,
  • 15:30 - 15:34
    қылықтарымыз оқиға нәтижесін
    өзгертетінін айтқан кезде олар маған:
  • 15:34 - 15:35
    «Сеніңкіремеймін, жалған көрінеді» дейді.
  • 15:35 - 15:39
    Содан мен: «қолыңнан келгенше кейіп таныт»
    дедім. «Жоқ, бұл мен емес қой,
  • 15:39 - 15:42
    Ол жаққа барып, өзімді
    алаяқ сезінгім келмейді.
  • 15:42 - 15:44
    жалған болғым келмейді,
  • 15:44 - 15:48
    өзімді сол жерде болмауым тиіс деп сезіну
    үшін ғана ол жерге барғым келмейді».
  • 15:48 - 15:50
    Менде бұл соған үндес ой туғызды,
  • 15:50 - 15:53
    сіздерге жалған болуым туралы, сол жерде
  • 15:53 - 15:56
    болмауым тиіс деп сезінуім туралы
    шағын оқиға айтып бермекпін.
  • 15:56 - 15:59
    19 жасымда мен өте ауыр
    көлік апатына ұшырадым.
  • 15:59 - 16:02
    Көліктен ұшып түсіп,
    бірнеше рет аударылдым.
  • 16:02 - 16:06
    Мені көліктен ұшып түстім.
    Бас сүйек зақымы палатасында
  • 16:06 - 16:09
    ояндым, колледжден кетуге мәжбүр болдым.
  • 16:09 - 16:15
    IQ-імнің екі стандартты ауытқуға
    төмендегенін білдім.
  • 16:15 - 16:18
    Бұл маған өте ауыр соққы болды.
  • 16:18 - 16:21
    IQ-ім жоғары болатұғын, себебі
    мені кішкентайымнан ақылды,
  • 16:21 - 16:23
    әрі дарынды деп есептеген.
  • 16:23 - 16:26
    Мені колледжден шығарып жіберді,
    қайтып келуге тырыстым.
  • 16:26 - 16:28
    Олар: «Колледжді бітіре алмайсың.
  • 16:28 - 16:30
    Айналысуға болатын
    басқа істер таба аласың,
  • 16:30 - 16:32
    ал бұл сенің қолыңнан келмейді» - деді.
  • 16:32 - 16:36
    Мен осымен қатты күрестім. Айтуым тиіс:
  • 16:36 - 16:39
    Адам өз тұлғасының өзегінен айрылса,
  • 16:39 - 16:41
    яғни мен үшін бұл – ақыл-ойым,
  • 16:41 - 16:45
    ол өзінің күш нәрінен айрылады да,
    ең әлсіз адамға айналады.
  • 16:45 - 16:48
    Мен өзімді тұтастай әлсіз сезіндім,
    бірақ тынбастан жұмыстандым.
  • 16:48 - 16:51
    Жұмыстандым да, дегеніме қол жеткіздім.
  • 16:51 - 16:53
    Ақырында колледжді бітіріп шықтым.
  • 16:53 - 16:55
    Қатарластарымнан 4 жыл көп оқыппын,
  • 16:55 - 17:00
    әрі біреуді мені Пристонға
    алуын көндірдім.
  • 17:00 - 17:03
    Ол менің кеңесші періштем –
    Сюзан Фиске болатын.
  • 17:03 - 17:05
    Бірақ мен бұл менің жерім емес,
  • 17:05 - 17:07
    мен өтірікшімін деп ойлай бердім.
  • 17:07 - 17:08
    Ең алғаш сөз сөйлеу алды түні,
  • 17:08 - 17:11
    Принстонда 20 адамның алдында 20 минуттық
  • 17:11 - 17:13
    сөз сөйлеу алды түні
  • 17:13 - 17:16
    ұсталып қалам деп қорыққаным сонша,
  • 17:16 - 17:19
    Сюзанға телефон соғып:
    «Университеттен кетемін», - дедім.
  • 17:19 - 17:21
    Ол: «Кетпейсің,
  • 17:21 - 17:23
    себебі бұл сенің қолыңнан
    келетініне бәс тіктім.
  • 17:23 - 17:25
    Сен қаласың да, былай істейсің:
  • 17:25 - 17:27
    жалған кейіп танытасың.
  • 17:27 - 17:31
    Олар сұраған әрбір
    баяндаманы айтып бересің.
  • 17:31 - 17:32
    Тіпті қорқып, тұлай бойың өзіңе
  • 17:32 - 17:35
    бағынбаса да, айтқандарын істей бересің.
  • 17:35 - 17:38
    «Құдай-ай, қолымнан келіп жатыр,
  • 17:38 - 17:41
    соған айналып барам, шынымен
    қолымнан келіп жатыр»
  • 17:41 - 17:44
    демейінше солай істей бересің», - деді.
  • 17:44 - 17:46
    Айтқаныдай жасадым.
    Бес жыл аспирантура дегенің
  • 17:46 - 17:48
    Солтүстік-батыс университеті үшін аз.
  • 17:48 - 17:51
    Содан Гарвардқа түстім.
    Мен Гарвардтамын. Бұдан былай
  • 17:51 - 17:54
    жаман ойлауды қойдым, бірақ бұған
    дейін: «Бұл менің жерім емес,
  • 17:54 - 17:56
    бұл жерде болмауым тиіс»
    деп ойлай беретінмін.
  • 17:56 - 17:59
    Гарвардтағы алғашқы жылымның аяғында
  • 17:59 - 18:03
    бүкіл семестр бойы сөз сөйлемеген
    студент қыз кабинетіме келді.
  • 18:03 - 18:07
    Оған бұрын «Сабақта белсендірек болуың
    тиіс, әйтпесе оқудан шығарып жібереді»
  • 18:07 - 18:09
    дегенмін. Оны мүлдем танымайтынмын.
  • 18:09 - 18:13
    Ол маған қайғы басқан түрімен:
  • 18:13 - 18:19
    «Мен бұл жерде болмауым тиіс», - деді.
  • 18:19 - 18:23
    Сол сәтте менде екі нәрсе болды.
  • 18:23 - 18:25
    Біріншіден, құдайым-ай,
  • 18:25 - 18:27
    мені енді мұндай ойлар мазаламайды.
  • 18:27 - 18:31
    Менде енді мұндай сезім жоқ, ал бұл қызда
    бар, әрі мен оның жағдайын түсінемі.
  • 18:31 - 18:33
    Екіншіден, ол бұл жерде болуы тиіс!
  • 18:33 - 18:35
    Ол қолынан келгенше
    кейіп таныта алады ғой.
  • 18:35 - 18:39
    Мен: «Жоқ, бұл сенің жерің, Қалуың тиіс.
  • 18:39 - 18:40
    Ертең барасың да, сенімді кейіп
  • 18:40 - 18:43
    танытып, өзіңе сенімді боласың.
  • 18:43 - 18:47
    Сен...» (Қошемет)
  • 18:47 - 18:49
    (Қошемет)
  • 18:49 - 18:53
    «Аудиторияға кіресің де,
  • 18:53 - 18:55
    тамаша сөз сөйлеп шығасың» дедім.
  • 18:55 - 18:58
    Білесіздер ме? Ол тамаша сөйлеп шықты.
  • 18:58 - 19:00
    Адамдар бұрылып қарады да:
  • 19:00 - 19:03
    «Мәссаған, оның осы жерде отыратынын
    еш байқамаппыз» деді. (Күлкі)
  • 19:03 - 19:06
    Ол айлар өткен соң маған келді,
    мен түсіндім:
  • 19:06 - 19:08
    ол жай ғана қолынан келгенше
    кейіп танытқан жоқ,
  • 19:08 - 19:11
    ол соған айналғанша кейіп танытты.
  • 19:11 - 19:12
    Ол өзгерді.
  • 19:12 - 19:17
    Сол үшін мен сіздерге қолыңыздан
    келгенше кейіп танытпаңыздар,
  • 19:17 - 19:19
    соған айналғанша кейіп
    танытыңыздар дегім келеді.
  • 19:19 - 19:23
    Бұл өзгерістер кәдімгідей бөлшегіңізге
    айналғанша істей беріңіздер.
  • 19:23 - 19:26
    Соңғы айтарым бар.
  • 19:26 - 19:30
    Кішкентай қулықтар үлкен
    өзгерістерге алып келе алады.
  • 19:30 - 19:33
    Жаңағы екі минут.
  • 19:33 - 19:34
    Екі минут, екі минут, екі минут.
  • 19:34 - 19:38
    Бағаланатын, әрі күйзелтетін
    жағдаймен бетпе-бет келмес бұрын
  • 19:38 - 19:40
    екі минут осылай
    жасауға тырысыңыздар:
  • 19:40 - 19:44
    лифтте, жуынатын бөлме кабинасында, жабық
    есік артындағы үстеліңіздің жанында.
  • 19:44 - 19:45
    Осылай істеулеріңіз тиіс:
  • 19:45 - 19:48
    миыңызға жақсы нәрсе болуын үгіттеңіз.
  • 19:48 - 19:51
    Тестестероныңызды өсіріп,
    кортизолыңызды түсіріңіз.
  • 19:51 - 19:55
    "Өз-өзімді еш көрсете алмадым"
    деген кірбің ойлар қалмасын.
  • 19:55 - 19:56
    Өзіңізге "қазір барамын да,
  • 19:56 - 19:59
    өзімнің кім екенімді көрсетемін"
    деп үгіттеңіз.
  • 19:59 - 20:01
    Сөйтіп, мен сізден біріншіден сенімді
  • 20:01 - 20:05
    кейіп танытуыңыздан бөлек
  • 20:05 - 20:07
    осы тәжірибелеріңізбен
  • 20:07 - 20:10
    бөлісе отыруларыңызды сұраймын,
    өйткені бұл қиын емес қой.
  • 20:10 - 20:12
    Бұл эгома тиіп кетпейді. (Күлкі)
  • 20:12 - 20:14
    Адамдармен бөлісіңіздер, себебі
  • 20:14 - 20:16
    бұны қажет ететін көптеген адамдар бар,
  • 20:16 - 20:20
    олардың құралы, технологиясы, әрі статусы
  • 20:20 - 20:23
    мен билігі болмауы мүмкін.
    Оларға осы мүмкіндікті беріңіздер,
  • 20:23 - 20:25
    себебі олар екі минутқа
  • 20:25 - 20:27
    денесімен жалғыз қалуы керек.
  • 20:27 - 20:30
    сонда өмірін айтарлықтай өзгерте алады.
  • 20:30 - 20:35
    Рақмет. (Қошемет)
  • 20:35 - 20:42
    (Қошемет)
Title:
Денеңіздің "тілі" жеке тұлғаңызды қалыптастырады
Speaker:
Эми Кадди
Description:

Дене "тілі" басқалардың біз туралы ойына әсер етеді, алайда ол сондай-ақ өзіміз туралы көзқарасымызды да өзгертуі мүмкін. Әлеуметтік психолог Эми Кадди "билік позасы", яғни тіпті сенімсіздік сезімі кезінде де сенімді келбеттегі тұрыстың мидағы тестестерон мен кортизолдың деңгейіне қалай әсер ететінін, тіпті жетістігімізге түрткі бола алатынын көрсетеді.

more » « less
Video Language:
English
Team:
closed TED
Project:
TEDTalks
Duration:
21:02

Kazakh subtitles

Revisions