0:00:00.707,0:00:03.505 Мен сізге орындалуы оңай 0:00:03.505,0:00:06.129 өмірлік әдісті таныстырудан[br]бастағым келіп тұр, 0:00:06.129,0:00:08.750 Ол үшін сіз екі минутқа 0:00:08.750,0:00:12.937 дене-тұрысыңызды өзгертуіңіз керек. 0:00:12.937,0:00:16.361 Бірақ бұны айтпастан бұрын[br]сіздерден денеңізге 0:00:16.361,0:00:19.954 кішігірім тексеріс жасап, онымен[br]не істейтініңізді сұрағым келеді. 0:00:19.954,0:00:22.369 Қайсыңыз денеңізді[br]қусырып кішірейткендей боласыз? 0:00:22.369,0:00:24.680 Бәлкім сіздер бүкірейіп,[br]аяғыңызды айқастырып, 0:00:24.680,0:00:26.014 оны орап алған боларсыз. 0:00:26.014,0:00:29.753 Кейде қолдарымызды осылай[br]кеудемізде ұстаймыз. 0:00:29.753,0:00:33.424 Кейде қолымызды жайып жібереміз. (Күлкі) 0:00:33.424,0:00:35.696 Сізді көріп тұрмын. (Күлкі) 0:00:35.696,0:00:38.211 Дәл қазір қылықтарыңызға[br]назар аудартқым келіп тұр. 0:00:38.211,0:00:40.425 Біз оған бірер минуттан соң ораламыз, 0:00:40.425,0:00:43.817 Аз да болсын, қылықтарыңызды түзетуді[br]үйренесіздер деп үміттенемін, 0:00:43.817,0:00:47.453 әрі бұл өміріңізді біраз[br]өзгертуге септігін тигізер. 0:00:47.453,0:00:51.977 Біз дене "тіліне" өте қайран қаламыз, 0:00:51.977,0:00:53.936 әсіресе өзге адамдардың 0:00:53.936,0:00:55.900 "дене тіліне" қызығамыз. 0:00:55.900,0:01:00.121 Өздеріңіз білесіздер, бізді біраз[br]нәрсе қызықтырады (Күлкі): 0:01:00.121,0:01:04.519 епсіз жанасу немесе күлкілер, 0:01:04.519,0:01:08.751 тәкаппар көз салу немесе епсіз көз қысу, 0:01:08.751,0:01:11.989 тіпті қол алысу секілді [br]қылықтар да болуы мүмкін. 0:01:11.989,0:01:14.667 Диктор: Олар 10-шы үйге келе жатыр,[br]қараңыздар, 0:01:14.667,0:01:17.343 мына полицияға АҚШ Президентімен 0:01:17.343,0:01:19.831 қол алысу сәті бұйырды, ізінен 0:01:19.831,0:01:24.758 Премьер Министр де...? Жоқ.[br](Күлкі) (Қошемет) 0:01:24.758,0:01:26.846 (Күлкі) (Қошемет) 0:01:26.846,0:01:31.140 Эми Кадди: Қол алысу немесе оның жоқтығы 0:01:31.140,0:01:33.664 біз үшін бірнеше апта бойы[br]әңгімеге азық болады. 0:01:33.664,0:01:35.804 Тіпті BBC мен New York Times үшін де. 0:01:35.804,0:01:39.755 Біздер бейвербалды әрекеттер немесе[br]дене тілі туралы ойлаған кезде — 0:01:39.755,0:01:43.143 біздер социология ғалымдары ретінде[br]оны бейвербалика деп атаймыз — 0:01:43.143,0:01:45.573 яғни тіл мен коммуникация[br]туралы ойлаймыз. 0:01:45.573,0:01:48.450 Коммуникацияны ойлаған кезде[br]өзара әректтесу туралы ойлаймыз. 0:01:48.928,0:01:51.289 Сіздің денеңіздің тілі маған не айтып тұр? 0:01:51.289,0:01:53.555 Ал менікі не айтып тұр? 0:01:53.555,0:01:57.773 Бұл идеяның қисындылығын растайтын 0:01:57.773,0:02:00.308 көптеген ғылыми дәлелдер бар.[br]Социологтар біздегі 0:02:00.308,0:02:03.700 немесе өзгелердегі дене тілінің[br]пайымдамаларға 0:02:03.700,0:02:06.209 әсерін зерттеу үшін көп уақыт жұмсады. 0:02:06.209,0:02:09.648 Содан біз дене тілінен ауқымды[br]пайымдамалар мен қорытындыға келеміз. 0:02:09.648,0:02:13.638 Әрі бұл пайымдамалар кімді жалдап,[br]кімді көтереміз, кімді кездесуге шақырамыз 0:02:13.638,0:02:17.431 деген секілді аса маңызды[br]өмірлік оқиғаларды болжай алады. 0:02:17.431,0:02:22.116 Мысалы, Туфтс университетінің[br]зерттеушісі Налини Амбади 0:02:22.116,0:02:26.588 адамдардың дәрігер мен емделуші арасындағы[br]қатынасты көрсететін 30 секундтық 0:02:26.588,0:02:29.612 дыбыссыз роликті қарау[br]кезіндегі пайымдамаларын көрсетті, 0:02:29.612,0:02:32.445 яғни бұл дәрігердің сыпайылығы[br]туралы пайымдамасы 0:02:32.445,0:02:35.082 дәрігердің сотталатынын немесе[br]сотталмайтынын болжайды. 0:02:35.082,0:02:37.276 Бұл пайымдама дәрігердің біліктілігінен 0:02:37.276,0:02:39.421 туындаған жоқ, бізге дәрігердің және 0:02:39.421,0:02:42.117 қарым-қатынасының ұнауынан туындады. 0:02:42.117,0:02:45.052 Сонымен қатар одан да зоры[br]Принстондағы Алекс Тодоров 0:02:45.052,0:02:48.729 саяси үміткерлердің жүздеріне[br]бір секунд қарағаннан кейін 0:02:48.729,0:02:53.316 туындаған пайымдамалардың АҚШ сенатындағы 0:02:53.316,0:02:56.547 және губернаторлық орнын[br]70%-ға болжап бертінін дәлелдеді, 0:02:56.547,0:02:58.769 тіпті виртуал кеңістіктегі 0:02:58.769,0:03:02.914 онлайн келіссөздерде[br]орынды қолданылған күлегештер 0:03:02.914,0:03:05.746 біз үшін бұл келіссөздерді одан да[br]маңыздырақ ете алады. 0:03:05.746,0:03:08.969 Егер оларды нашар қолдансаңыздар,[br]жаман идея. Солай емес пе? 0:03:08.969,0:03:11.746 Бейвербаликаны ойлағанда[br]басқаларды қалай бағалайтынымызды, 0:03:11.746,0:03:14.968 олар бізді қалай бағалайтынын және[br]қандай нәтиже шығатынын ойлаймыз. 0:03:14.968,0:03:17.168 Алайда біз бейвербаликамыздың[br]басқа адамдарға 0:03:17.168,0:03:20.523 әсер етіп қана қоймай, өзімізге де[br]ықпал ететінін ұмытуға бейімбіз. 0:03:20.523,0:03:23.736 Бевербаликамыз өзімізге, яғни ойларымызға, 0:03:23.736,0:03:26.099 сезімдерімізге, психологиямызға[br]ықпал етеді. 0:03:26.099,0:03:29.162 Сөйтіп қай бейвербалика[br]жөнінде айтып тұрмын? 0:03:29.162,0:03:32.105 Мен әлеуметтік психологпын.[br]Соқыр сенімдерді зерттеймін, 0:03:32.105,0:03:34.832 әрі бәсекеге мықты бизнес[br]мектебінде сабақ беремін, 0:03:34.832,0:03:39.316 сондықтан билік серпініне[br]қызыға бастайтыным сөзсіз белгілі болды. 0:03:39.316,0:03:43.128 Әсіресе билік пен үстемдіктің[br]бейвербалды әлпетіне 0:03:43.128,0:03:45.131 қызыға бастадым. 0:03:45.131,0:03:47.789 Билік пен үстемдіктің[br]бейвербалды әлпеттері деген не? 0:03:47.789,0:03:49.953 Бұл дегеніміз мінеки. 0:03:49.953,0:03:52.831 Жануарлар патшалығында[br]ұлғаюды айтады. 0:03:52.831,0:03:55.841 Сөйтіп, сіз өзіңізді үлкейтесіз,[br]сіз созыласыз, 0:03:55.841,0:03:58.782 көбірек орын ала бастайсыз,[br]яғни сіздер ашыласыз. 0:03:58.782,0:04:01.772 Иә, бұл ашылу туралы.[br]Әрі бұл жануарлар әлеміндегі 0:04:01.772,0:04:05.532 барлығына қатысты рас зат,[br]жалғыз приматтарға емес. 0:04:05.532,0:04:08.952 Бұны адамдар да қайталайды. (Күлкі) 0:04:08.952,0:04:12.663 Олар бұл қылықты[br]бірыңғай билікті сезінгенде, 0:04:12.663,0:04:15.664 сонымен қатар бір сәтте[br]күшті сезінгенде жасайды. 0:04:15.664,0:04:18.569 Әсіресе мына қылық қызық,[br]себебі ол бізге шынында 0:04:18.569,0:04:22.758 мына сенімділік әлпетінің қандай[br]әмбебап, әрі ежелгі екенін көрсетеді. 0:04:22.758,0:04:25.357 Мақтаныш ретінде белгілі мына қимылды 0:04:25.357,0:04:28.405 Джессика Трейси зерттеп, 0:04:28.405,0:04:30.517 сау көздерімен туған адамдар да, 0:04:30.517,0:04:33.068 туғаннан зағип адамдар да[br]спорт жарысында 0:04:33.068,0:04:35.772 жеңіске жеткен кезде осы[br]қимылды жасайтынын дәлелдеді. 0:04:35.772,0:04:37.745 Олар мәре сызығын кесіп өтіп,[br]жеңген кезде 0:04:37.745,0:04:39.861 бұл қимылды ешқашан[br]көрмегеніне қарамастан 0:04:39.861,0:04:40.947 жасай береді. 0:04:40.947,0:04:44.390 Қолдары жоғарыда, иегі сәл көтеріңкі. 0:04:44.390,0:04:47.314 Ал өзімізді әлсіз сезінгенде не істеміз?[br]Біз дәл солай 0:04:47.314,0:04:50.984 керісінше істейміз. Тасаланамыз.[br]Өзімізді қолмен орай бастаймыз. 0:04:50.984,0:04:54.448 Өзімізді кішірейтеміз. Қасымыздағы[br]адаммен соқтығысқымыз келмейді. 0:04:54.448,0:04:57.489 Дәл солай жануарлар да,[br]адамдар да осы бір қимылды жасайды. 0:04:57.489,0:05:00.569 Ал күшті адам мен әлсіз адамның 0:05:00.569,0:05:02.880 кездесуі мынадай болады. Сөйтіп, 0:05:02.880,0:05:07.248 іс күшке тірелгенде біз басқалардың[br]қимылын толықтыруға бейімбіз. 0:05:07.248,0:05:09.679 Егер біреу шынымен күштірек көрінсе, 0:05:09.679,0:05:11.504 өздерімізді кішірейтуге бейім боламыз. 0:05:11.504,0:05:13.937 Оларды қайталамаймыз, керісінше істейміз. 0:05:13.937,0:05:17.136 Сабақтарымда осы қылықты 0:05:17.136,0:05:22.222 бақылай жүріп, нені байқадым? 0:05:22.222,0:05:26.926 МБА студенттерінің алуан түрлі[br]билік қимылдарын көрсететінін байқадым. 0:05:26.926,0:05:29.394 Альфа-арландар сияқты адамдар бар, 0:05:29.394,0:05:32.384 бөлмеге кіріп, тіпті сабақ[br]басталмастан дәл бөлменің 0:05:32.384,0:05:36.316 ортасына отырып алады,[br]мекенді басып алуға ниеттенгендей, 0:05:36.316,0:05:38.205 отырған кезде кең жайғасқандай болады. 0:05:38.205,0:05:40.337 Қолдарын осылай жоғары көтереді. 0:05:40.337,0:05:42.972 Жаңағылар кіргенде солып қалардай[br]болатын адамдар бар. 0:05:42.972,0:05:45.296 Бұны жаңағылар кірген бойда байқайсыз. 0:05:45.296,0:05:47.644 Бұны олардың өңдерінен,[br]денелерінен байқайсыз, 0:05:47.644,0:05:49.860 орындығына отырғанда[br]олар өздерін кішірейтеді, 0:05:49.860,0:05:52.759 әрі олар қолдарын осылайша көтереді. 0:05:52.759,0:05:54.716 Осындай қылықтардың бірнешеуін байқадым. 0:05:54.716,0:05:56.623 Біріншісінің, сіздер таң қала қоймайсыз, 0:05:56.623,0:05:58.727 жынысқа қатысы бар сияқты. 0:05:58.727,0:06:04.192 Әйелдер осы тектес қылықтарды[br]ерлерге қарағанда көбірек жасайды. 0:06:04.192,0:06:06.778 Әйелдер әрдайым өздерін[br]ерлерден әлсіз сезінеді, 0:06:06.778,0:06:10.733 бұның таң қалатыны жоқ.[br]Бірақ байқаған екінші нәрсем, 0:06:10.733,0:06:13.578 бұндай қылықтың[br]студенттер белсенділігі 0:06:13.578,0:06:17.259 мен үлгеріміне де қатысы бар секілді. 0:06:17.259,0:06:19.811 Әрі бұл МБА сабақтарында өте маңызды, 0:06:19.811,0:06:22.522 себебі бағаның жартысын[br]оқу белсенділігіе қарап есептейді. 0:06:22.522,0:06:26.995 Бизнес мектептері гендерлік көзқарастағы[br]қайшылықпен көптен күресіп келеді. 0:06:26.995,0:06:30.267 Бірдей дайындықтан өткен[br]әйелдер мен ерлер жүре келе 0:06:30.267,0:06:32.163 әр түрлі баға алатынын түсінесіз, 0:06:32.163,0:06:35.523 әрі бұның бір жағынан олардың[br]оқу белсенділігіне қатысы бар. 0:06:35.523,0:06:38.546 Ойлана бастадым. 0:06:38.546,0:06:41.700 Бірдей дайындалған адамдар[br]келеді де, сабаққа қатысады. 0:06:41.700,0:06:44.741 Адамдарды жалған кейіп танытып,[br]олардың сабаққа көбірек 0:06:44.741,0:06:46.713 қатысуына әсер ете алуымыз мүмкін бе? 0:06:46.713,0:06:50.908 Берклидегі серіктес авторым[br]Дана Карни екеуміз 0:06:50.908,0:06:54.933 жалған кейіп таныта[br]аласыз ба, соны қатты білгіміз келді. 0:06:54.933,0:06:57.963 Азғантай уақытқа жалған кейіп танытып, 0:06:57.963,0:07:01.786 сенімділік пен күш беретіндей[br]нәтижеге қол жеткізе аласыз ба? 0:07:01.786,0:07:05.188 Сөйтіп, бейвербаликаларымыз[br]адамдардың біз туралы қалай ойлайтынына 0:07:05.188,0:07:07.031 әсер ететінін білеміз. Оған дәлел көп. 0:07:07.031,0:07:10.143 Бірақ негізгі сұрағымыз бейвербаликамыздың 0:07:10.143,0:07:13.253 өзіміз туралы қалай ойлайтынымызға[br]қалай әсер етуі болды. 0:07:13.253,0:07:15.943 Оның қалай әсер ететінің дәлелдері бар. 0:07:15.943,0:07:20.579 Мысалы, өзімізді бақытты[br]сезінгенде күлеміз. 0:07:20.579,0:07:22.757 Сонымен қатар қаламды осылай тіске қойып, 0:07:22.757,0:07:27.172 өзімізді күштеп жымитсақ, ол өзімізді[br]бақытты сезінуге мәжбүрлейді. 0:07:27.172,0:07:30.253 Сөйтіп, бұл құбылыс[br]қос бағытқа да әсер етеді. 0:07:30.253,0:07:35.468 Күшке де қатысты солай.[br]Билікті сезінген кезіңізде 0:07:35.468,0:07:38.854 сіз көбірек осылай істеуге бейімсіз, бірақ 0:07:38.854,0:07:44.460 сіз күшті адамның кейпін танытқан[br]кезде де шын мәнінде өзіңізді 0:07:44.460,0:07:46.888 күштірек сезінуге бейім болуыңыз мүмкін. 0:07:46.888,0:07:49.948 Екінші қызықтырған сұрақ: санамыздың 0:07:49.948,0:07:52.531 іс-қимылымызды[br]өзгертетінін бәріміз білеміз, 0:07:52.531,0:07:56.948 бірақ іс-қимылымыз[br]санамызды өзгерте ала ма? 0:07:56.948,0:07:59.675 Сана дегенде сенімділік сезімі жағдайында 0:07:59.675,0:08:01.047 не туралы айтып тұрмын? 0:08:01.047,0:08:03.983 Мен ой мен сезім туралы,[br]сондай-ақ ойымыз бен сезімдерімізді 0:08:03.983,0:08:06.668 туғызатын физиологиялық[br]құбылыстар туралы айтып тұрмын. 0:08:06.668,0:08:09.876 Менің жағдайымда бұлар – гормондар.[br]Мен гормондарды зерттеймін. 0:08:09.876,0:08:12.979 Күштілердің саналары[br]әлсіздердікімен салыстырғанда 0:08:12.979,0:08:14.210 неге ұқсайды? 0:08:14.210,0:08:18.506 Күшті адамдар өте қайсар, [br]әрі өзіне өте сенімді, 0:08:18.506,0:08:22.730 оптимист екені таңқаларлық емес. 0:08:22.730,0:08:25.729 Олар тіпті құмар ойында[br]жеңемін деп ойлайды. 0:08:25.729,0:08:29.908 Сондай-ақ олар көбірек[br]абстрактілі ойлауға бейім. 0:08:29.908,0:08:32.514 Сондықтан көп айырмашылығы бар.[br]Олар көп тәуекелшіл. 0:08:32.514,0:08:35.367 Күшті мен әлсіздердің[br]арасында айырмашылық көп. 0:08:35.367,0:08:38.659 Олардың физиологиялық жағынан[br]да айырмашылығы бар, 0:08:38.659,0:08:42.724 яғни гормондары: тестостерон –[br]үстемшілдік гормоны, 0:08:42.724,0:08:46.387 кортизол – күйзеліс гормоны. 0:08:46.387,0:08:49.074 Приматтардың иерархиясындағы 0:08:49.074,0:08:52.123 ең күшті альфа-еркектің бойында 0:08:52.123,0:08:56.761 тестостерон мөлшері көптігін,[br]кортизолы аз екендігін анықтадық. 0:08:56.761,0:09:00.287 Күшті, әрі ықпалды басшылардың да 0:09:00.287,0:09:02.542 тестостероны көп, кортизолы[br]аз болады екен. 0:09:02.542,0:09:04.845 Бұл нені білдіреді?[br]Күш туралы ойлаған кезде 0:09:04.845,0:09:07.270 адамдар тек тестостерон[br]туралы ойлауға бейім болған, 0:09:07.270,0:09:09.058 себебі ол үстемдікті білдірген. 0:09:09.058,0:09:12.528 Бірақ шынында күш біздің күйзеліске[br]қалай үн қататынымызға әсер етеді. 0:09:12.528,0:09:15.657 Сөйтіп, сіздер ықпалды, үстемшіл,[br]тестостероны көп, 0:09:15.657,0:09:18.399 бірақ күйзеліске тұрақсыз[br]басшыны қалар ма едіңіз? 0:09:18.399,0:09:20.734 Қаламайсыз ғой? Сіз ықпалды, 0:09:20.734,0:09:23.018 сенімді, әрі үстемшіл, сондай-ақ байсалды 0:09:23.018,0:09:26.706 адамды қалайсыз ғой,[br]күйзеліске тұрақсыз адамды емес. 0:09:26.706,0:09:32.938 Егер альфа-еркек[br]немесе қатардағы примат 0:09:32.938,0:09:36.629 күтпеген жерден басшылықты[br]басып алғысы келсе, 0:09:36.629,0:09:39.186 бұдан біраз күн бұрын оның бойындағы 0:09:39.186,0:09:42.297 тестостерон мөлшері айтарлықтай өсіп, 0:09:42.297,0:09:45.802 кортизол мөлшері түсіп кетеді. 0:09:45.802,0:09:48.843 Бұның бізде дәлелі бар, яғни тән сананы, 0:09:48.843,0:09:51.209 кем дегенде әлпетін қалыптастыра алады. 0:09:51.209,0:09:55.338 Сондай-ақ рөлдің өзгеруі де[br]сананы қалыптастырады. 0:09:55.338,0:09:58.120 Сөйтіп, рөлімізді өзгерттік делік, 0:09:58.120,0:10:00.704 яғни қылықтарымызға,[br]іс-қимылдарымызға сәл-пәл 0:10:00.704,0:10:03.117 осылай өзгертулер[br]енгізген кезде не болар екен? 0:10:03.117,0:10:05.768 Былай дейсіз: «Екі минутқа осылай тұрсам, 0:10:05.768,0:10:08.551 бұл мені бұрынғыдан да сенімдірек етеді». 0:10:08.551,0:10:13.026 Былай істедік. Адамдарды[br]лабораторияға шақыртып, 0:10:13.026,0:10:16.039 шағын ғылыми тәжірибе жасауға бел будық. 0:10:16.039,0:10:20.078 Бұл адамдар екі минутқа не сенімді кейіп, 0:10:20.078,0:10:23.587 не сенімсіз кейіп танытуы тиіс болатын.[br]Сізге бес кейіп түрін 0:10:23.587,0:10:26.879 көрсетпекпін, алайда қатысушылар[br]олардың тек екеуін ғана істеді. 0:10:26.879,0:10:29.359 Бұл – біріншісі. 0:10:29.359,0:10:31.453 Тағы екеуі. 0:10:31.453,0:10:34.271 Бұны «Ғажайып әйел» деп атап кеткен 0:10:34.271,0:10:36.646 БАҚ өкілдері. 0:10:36.646,0:10:37.968 Мінеки, тағы бірнешеуі. 0:10:37.968,0:10:40.322 Не отырған күйде,[br]не тұрған күйде бола аласыз. 0:10:40.322,0:10:42.307 Ал мыналар – әлсіздің кейіптері. 0:10:42.307,0:10:46.370 Бүрісіп, өзіңізді кішірейтіп тұрсыз. 0:10:46.370,0:10:48.109 Мынау – өте әлсіздердің кейпі. 0:10:48.109,0:10:49.976 Мойныңызды осылай[br]қолмен ұстаған кезде 0:10:49.976,0:10:52.092 өзіңізді шынында қорғап[br]тұрғандай боласыз. 0:10:52.092,0:10:54.677 Не болатынын көріңіз. Олар кіреді де, 0:10:54.677,0:10:56.437 тексеру үшін[br]арнайы ыдысқа түкіреді. 0:10:56.437,0:10:59.410 Екі минутқа қандай да[br]бір кейіпті танытуын сұраймыз. 0:10:59.410,0:11:01.613 Олар бұл кейіп суреттерін[br]көрмейді. Олардың күш 0:11:01.613,0:11:04.783 бейнесін алдын ала білгенін қаламаймыз.[br]Күшті сезінгенін қалаймыз. 0:11:04.783,0:11:06.842 Олар бұны екі минут бойы жасайды. 0:11:06.842,0:11:10.151 Сосын біз оларға күшті қалай сезінгендері[br]туралы бірнеше сұрақ қоямыз, 0:11:10.151,0:11:12.818 әрі құмар ойын ойнатамыз. 0:11:12.818,0:11:15.523 Сосын тағы да сілекей үлгілерін аламыз. 0:11:15.523,0:11:17.148 Болды. Ғылыми тәжірибеміз осындай. 0:11:17.148,0:11:20.854 Мынаны анықтадық: сенімді[br]кейіптегі адамдардың 0:11:20.854,0:11:23.752 86 пайызы тәуекелшіл болады екен, 0:11:23.752,0:11:27.250 яғни құмар ойындарын[br]ойнауға бейім келеді екен. 0:11:27.250,0:11:29.195 Ал әлсіз кейіптегілердің 0:11:29.195,0:11:33.370 60 пайызы ғана сондай болады,[br]бұл дегенің әжептәуір үлкен айырмашылық. 0:11:33.370,0:11:35.850 Мынау – тестостерон[br]талдауының қорытындысы. 0:11:35.850,0:11:39.355 Сенімді кейіп танытқандардың[br]тестостерон мөлшері 0:11:39.355,0:11:41.717 әдеттегіден шамамен 20 пайызға өсіп, 0:11:41.717,0:11:46.338 әлсіз кейіп танытқандардың тестостероны[br]шамамен 10 пайызға түскен. 0:11:46.338,0:11:49.155 Екі-ақ минутта осындай[br]өзгерістерге қол жеткіздіңіз. 0:11:49.155,0:11:51.907 Ал мынау кортизолдың өзгерісі:[br]сенімді кейіптегілердің 0:11:51.907,0:11:54.954 кортизолы шамамен 25 пайызға түсіп, 0:11:54.954,0:11:59.086 әлсіз кейіптегілердікі[br]шамамен 15 пайызға өскен. 0:11:59.086,0:12:02.328 Екі-ақ минут миыңыздағы қайсар, 0:12:02.328,0:12:06.515 сенімділік, ыңғайлылық сезімін немесе 0:12:06.515,0:12:09.383 сабырсыздық, тұйықтану сезімін тудыратын 0:12:09.383,0:12:12.361 гормондық өзгерістерге алып келеді. 0:12:12.361,0:12:15.627 Бәрімізге таныс жағдай емес пе? 0:12:15.627,0:12:18.514 Сөйтіп, бейвербаликаларымыз[br]біздің өзіміз туралы 0:12:18.514,0:12:20.505 ойлау мен сезіну салтын белгілейді. 0:12:20.505,0:12:23.291 Олар тек өзгелерге тәуелді[br]болып қана, өзімізге де тәуелді. 0:12:23.291,0:12:25.718 Сонымен қатар денеміз[br]санымызды да өзгертеді. 0:12:25.718,0:12:28.124 Бірақ әрине мынадай сұрақ туындайды: 0:12:28.124,0:12:29.898 бірнеше минуттық сенімді кейіп таныту 0:12:29.898,0:12:31.929 өміріңізді мағыналы түрде өзгерте ала ма? 0:12:31.929,0:12:34.575 Мынау – лабораторияның іші.[br]Екі минутқа созылған 0:12:34.575,0:12:37.171 бұл тапсырмамен сіздер[br]таныссыздар. Бұны біз шынында 0:12:37.171,0:12:39.946 қай жерде қолдана аламыз?[br]Әрине, маңызды жағдайда. 0:12:39.946,0:12:44.123 Менің ойымша бұл әдісті[br]әлеуметтік қорқыныш 0:12:44.123,0:12:46.711 секілді жағдайларда қолдана аласыз, 0:12:46.711,0:12:50.164 яғни сізді мысалға достарыңыз[br]бағалайтын жағдайда. 0:12:50.164,0:12:53.848 Бұндай жағдай жасөспірімдер арасында[br]асхана үстелінде кездесіп жатады. 0:12:53.848,0:12:56.053 Бұл кейбір адамдар үшін[br]мектеп жиналыстарында 0:12:56.053,0:12:59.077 халық алдында сөз айтатын[br]кезінде керек болуы мүмкін. 0:12:59.077,0:13:01.934 Ол тіпті бәлкім жұмысқа кіру 0:13:01.934,0:13:04.732 үшін сұхбат жүргізгенде керек болар. 0:13:04.732,0:13:07.224 Көптеген адамдарды осы[br]қызықтырады деген ойға келдік, 0:13:07.224,0:13:08.461 себебі бұндай жағдай 0:13:08.461,0:13:09.843 бәрінің басынан өткен. 0:13:09.843,0:13:13.796 Осы анықталған деректерді жариялай[br]салысымен барлық БАҚ өкілдері 0:13:13.796,0:13:16.390 бұны қызу талқылай бастады.[br]Яғни олар: «Жұмыс сұхбатына 0:13:16.390,0:13:19.590 барған кезде осылай[br]істейсіз бе?» деді. (Күлкі) 0:13:19.590,0:13:21.541 Содан біз, әлбетте, шошып кетіп: 0:13:21.541,0:13:24.326 «Құдайым-ай, жоқ, жоқ, біздің[br]айтқымыз келгені ол емес, 0:13:24.326,0:13:26.941 бірнеше себептерге орай[br]олай істемеңдер» дедік. 0:13:26.941,0:13:29.342 Әңгіме сіздің адамдармен[br]қалай сөйлесуіңізде емес. 0:13:29.342,0:13:31.391 Әңгіме сіздің өзіңізбен[br]қалай сөйлесуіңізде. 0:13:31.391,0:13:33.730 Сұхбаттаспас бұрын не істейсіз?[br]Осылай істейсіз, 0:13:33.730,0:13:36.896 солай емес пе? Отырасыз да, ешнәрсені[br]ұмытпауға тырысып айфоныңызға 0:13:36.896,0:13:38.752 немесе андройдыңызға үңілесіз. 0:13:38.752,0:13:40.946 Естеліктеріңізге қарап, 0:13:40.946,0:13:42.866 бүкірейіп, өзіңізді кішірейте бастайсыз, 0:13:42.866,0:13:45.068 шын мәнінде шомылатын[br]бөлмеде осылай істеудің 0:13:45.068,0:13:48.484 орнына, солай ма? Солай істеңіз.[br]Екі минутыңызды бөліңіз. 0:13:48.484,0:13:49.904 Біз осыны талдадық. 0:13:49.904,0:13:52.088 Лабораторияға адамдарды шақырдық та, 0:13:52.088,0:13:55.465 олар қайтадан не сенімді,[br]не сенімсіз кейіп танытып, 0:13:55.465,0:13:58.097 ауыр жұмыс сұхбатынан өтті. 0:13:58.097,0:14:01.713 Сұхбаттың ұзақтығы – бес минут,[br]әрі олар жазылып алынды. 0:14:01.713,0:14:04.224 Олар сондай-ақ қазылар[br]тарапынан бағаланып отырды, 0:14:04.224,0:14:08.199 қазылар ешқандай бейвербалика [br]көрсетпеуге машықтанған, 0:14:08.199,0:14:09.326 әрі түрлері осындай. 0:14:09.326,0:14:12.090 Осындай адам сізбен сұхбаттасып[br]тұрғанын елестетіп көріңіз. 0:14:12.090,0:14:16.713 Бес минут осылай, ешқандай эмоция жоқ, бұл[br]дегенің шытырман сұрақтар қойғаннан бетер. 0:14:16.713,0:14:20.026 Адамдар бұны жек көреді.[br]Марианна ЛаФранс бұны 0:14:20.026,0:14:22.117 «әлеуметтік батпаққа бату» деп атайды. 0:14:22.117,0:14:23.926 Кортизолды өсіретін дәл осы жағдай. 0:14:23.926,0:14:25.838 Мынау олар өткен жұмысқа тұру сұхбаты, 0:14:25.838,0:14:28.457 біз не болатынын қатты көргіміз келді. 0:14:28.457,0:14:31.564 Сосын мамандарға осы[br]төрт видеожазбаны көрсетеміз. 0:14:31.564,0:14:34.736 Олардың ешқандай тәжірибе гипотезасынан,[br]шарттарынан хабары жоқ. 0:14:34.736,0:14:37.521 Ешқайсысы кімнің қандай[br]кейіпте болғанын білмейді. 0:14:37.521,0:14:41.051 Олар видеоларды көріп болып, 0:14:41.051,0:14:44.313 сенімді кейіп танытқандарды меңзей отырып: 0:14:44.313,0:14:48.105 «Осы адамдарды жұмысқа алғымыз келеді»[br]дейді, «мына адамдарды алғымыз келмейді. 0:14:48.105,0:14:50.890 Алдыңғы адамдар көбірек позитивті болды.» 0:14:50.890,0:14:55.626 Бірақ бұған не әсер етті?[br]Ол әңгіменің мазмұнында емес. 0:14:55.626,0:14:58.502 Үміткерлердің әңгіме кезінде[br]өздерін қалай сезінуінде. 0:14:58.502,0:15:00.981 Сондай-ақ олардың[br]біліктілігін бағаладық. 0:15:00.981,0:15:04.312 Олар әңгімесін қалай,[br]қаншалықты жақсы құрастырады. 0:15:04.312,0:15:06.418 Біліктілігі қалай? 0:15:06.418,0:15:09.274 Бұл көрсеткіштер ешқандай әсер берген жоқ.[br] 0:15:09.274,0:15:12.753 Жұмыс берушілердің ойына адамдардың[br]өздерін қалай көрсетуі әсер етті. 0:15:12.753,0:15:14.626 Өздерін көрсету керек қой. 0:15:14.626,0:15:16.849 Олар идеяларын береді, бірақ идеясына 0:15:16.849,0:15:19.385 өздері қызықпайды, құмартпайды. 0:15:19.385,0:15:24.316 Дәл осы көрсеткіштер жұмыс[br]берушінің шешіміне әсер етеді. 0:15:24.316,0:15:27.684 Адамдарға осы туралы айтқанымда, 0:15:27.684,0:15:30.433 яғни тәніміз санамызды,[br]санамыз қылықтарымызды, 0:15:30.433,0:15:33.539 қылықтарымыз оқиға нәтижесін[br]өзгертетінін айтқан кезде олар маған: 0:15:33.539,0:15:35.496 «Сеніңкіремеймін, жалған көрінеді» дейді. 0:15:35.496,0:15:39.185 Содан мен: «қолыңнан келгенше кейіп таныт»[br]дедім. «Жоқ, бұл мен емес қой, 0:15:39.185,0:15:42.360 Ол жаққа барып, өзімді[br]алаяқ сезінгім келмейді. 0:15:42.360,0:15:43.879 жалған болғым келмейді, 0:15:43.879,0:15:48.291 өзімді сол жерде болмауым тиіс деп сезіну [br]үшін ғана ол жерге барғым келмейді». 0:15:48.291,0:15:50.478 Менде бұл соған үндес ой туғызды, 0:15:50.478,0:15:52.536 сіздерге жалған болуым туралы, сол жерде 0:15:52.536,0:15:55.946 болмауым тиіс деп сезінуім туралы[br]шағын оқиға айтып бермекпін. 0:15:55.946,0:15:58.887 19 жасымда мен өте ауыр[br]көлік апатына ұшырадым. 0:15:58.887,0:16:02.292 Көліктен ұшып түсіп,[br]бірнеше рет аударылдым. 0:16:02.292,0:16:05.803 Мені көліктен ұшып түстім. [br]Бас сүйек зақымы палатасында 0:16:05.803,0:16:09.395 ояндым, колледжден кетуге мәжбүр болдым. 0:16:09.395,0:16:15.107 IQ-імнің екі стандартты ауытқуға[br]төмендегенін білдім. 0:16:15.107,0:16:17.695 Бұл маған өте ауыр соққы болды. 0:16:17.695,0:16:20.566 IQ-ім жоғары болатұғын, себебі[br]мені кішкентайымнан ақылды, 0:16:20.566,0:16:22.578 әрі дарынды деп есептеген. 0:16:22.578,0:16:25.778 Мені колледжден шығарып жіберді,[br]қайтып келуге тырыстым. 0:16:25.778,0:16:27.502 Олар: «Колледжді бітіре алмайсың. 0:16:27.502,0:16:30.379 Айналысуға болатын[br]басқа істер таба аласың, 0:16:30.379,0:16:32.277 ал бұл сенің қолыңнан келмейді» - деді. 0:16:32.277,0:16:36.161 Мен осымен қатты күрестім. Айтуым тиіс: 0:16:36.161,0:16:38.935 Адам өз тұлғасының өзегінен айрылса, 0:16:38.935,0:16:40.794 яғни мен үшін бұл – ақыл-ойым, 0:16:40.794,0:16:45.203 ол өзінің күш нәрінен айрылады да,[br]ең әлсіз адамға айналады. 0:16:45.203,0:16:48.245 Мен өзімді тұтастай әлсіз сезіндім,[br]бірақ тынбастан жұмыстандым. 0:16:48.245,0:16:50.939 Жұмыстандым да, дегеніме қол жеткіздім. 0:16:50.939,0:16:53.391 Ақырында колледжді бітіріп шықтым. 0:16:53.391,0:16:55.198 Қатарластарымнан 4 жыл көп оқыппын, 0:16:55.198,0:16:59.756 әрі біреуді мені Пристонға[br]алуын көндірдім. 0:16:59.756,0:17:02.700 Ол менің кеңесші періштем –[br]Сюзан Фиске болатын. 0:17:02.700,0:17:05.171 Бірақ мен бұл менің жерім емес, 0:17:05.171,0:17:06.845 мен өтірікшімін деп ойлай бердім. 0:17:06.845,0:17:08.426 Ең алғаш сөз сөйлеу алды түні, 0:17:08.426,0:17:11.064 Принстонда 20 адамның алдында 20 минуттық 0:17:11.064,0:17:13.099 сөз сөйлеу алды түні 0:17:13.099,0:17:15.986 ұсталып қалам деп қорыққаным сонша, 0:17:15.986,0:17:18.799 Сюзанға телефон соғып:[br]«Университеттен кетемін», - дедім. 0:17:18.799,0:17:20.655 Ол: «Кетпейсің, 0:17:20.655,0:17:23.213 себебі бұл сенің қолыңнан[br]келетініне бәс тіктім. 0:17:23.213,0:17:25.404 Сен қаласың да, былай істейсің: 0:17:25.404,0:17:26.761 жалған кейіп танытасың. 0:17:26.761,0:17:30.541 Олар сұраған әрбір[br]баяндаманы айтып бересің. 0:17:30.541,0:17:32.280 Тіпті қорқып, тұлай бойың өзіңе 0:17:32.280,0:17:35.249 бағынбаса да, айтқандарын істей бересің. 0:17:35.249,0:17:37.827 «Құдай-ай, қолымнан келіп жатыр, 0:17:37.827,0:17:40.992 соған айналып барам, шынымен[br]қолымнан келіп жатыр» 0:17:40.992,0:17:43.958 демейінше солай істей бересің», - деді. 0:17:43.958,0:17:46.178 Айтқаныдай жасадым.[br]Бес жыл аспирантура дегенің 0:17:46.178,0:17:48.139 Солтүстік-батыс университеті үшін аз. 0:17:48.139,0:17:50.696 Содан Гарвардқа түстім.[br]Мен Гарвардтамын. Бұдан былай 0:17:50.696,0:17:54.196 жаман ойлауды қойдым, бірақ бұған[br]дейін: «Бұл менің жерім емес, 0:17:54.196,0:17:56.500 бұл жерде болмауым тиіс»[br]деп ойлай беретінмін. 0:17:56.500,0:17:58.978 Гарвардтағы алғашқы жылымның аяғында 0:17:58.978,0:18:03.264 бүкіл семестр бойы сөз сөйлемеген[br]студент қыз кабинетіме келді. 0:18:03.264,0:18:06.891 Оған бұрын «Сабақта белсендірек болуың[br]тиіс, әйтпесе оқудан шығарып жібереді» 0:18:06.891,0:18:09.253 дегенмін. Оны мүлдем танымайтынмын. 0:18:09.253,0:18:13.235 Ол маған қайғы басқан түрімен: 0:18:13.235,0:18:19.280 «Мен бұл жерде болмауым тиіс», - деді. 0:18:19.280,0:18:23.408 Сол сәтте менде екі нәрсе болды. 0:18:23.408,0:18:24.902 Біріншіден, құдайым-ай, 0:18:24.902,0:18:27.146 мені енді мұндай ойлар мазаламайды. 0:18:27.146,0:18:30.888 Менде енді мұндай сезім жоқ, ал бұл қызда[br]бар, әрі мен оның жағдайын түсінемі. 0:18:30.888,0:18:33.245 Екіншіден, ол бұл жерде болуы тиіс! 0:18:33.245,0:18:35.259 Ол қолынан келгенше[br]кейіп таныта алады ғой. 0:18:35.259,0:18:38.999 Мен: «Жоқ, бұл сенің жерің, Қалуың тиіс. 0:18:38.999,0:18:40.434 Ертең барасың да, сенімді кейіп 0:18:40.434,0:18:43.498 танытып, өзіңе сенімді боласың. 0:18:43.498,0:18:46.521 Сен...» (Қошемет) 0:18:46.521,0:18:48.560 (Қошемет) 0:18:48.560,0:18:52.993 «Аудиторияға кіресің де, 0:18:52.993,0:18:55.417 тамаша сөз сөйлеп шығасың» дедім. 0:18:55.417,0:18:58.422 Білесіздер ме? Ол тамаша сөйлеп шықты. 0:18:58.422,0:18:59.665 Адамдар бұрылып қарады да: 0:18:59.665,0:19:02.919 «Мәссаған, оның осы жерде отыратынын[br]еш байқамаппыз» деді. (Күлкі) 0:19:02.919,0:19:05.600 Ол айлар өткен соң маған келді,[br]мен түсіндім: 0:19:05.600,0:19:07.884 ол жай ғана қолынан келгенше[br]кейіп танытқан жоқ, 0:19:07.884,0:19:10.608 ол соған айналғанша кейіп танытты. 0:19:10.608,0:19:12.431 Ол өзгерді. 0:19:12.431,0:19:16.515 Сол үшін мен сіздерге қолыңыздан[br]келгенше кейіп танытпаңыздар, 0:19:16.515,0:19:19.312 соған айналғанша кейіп[br]танытыңыздар дегім келеді. 0:19:19.312,0:19:22.953 Бұл өзгерістер кәдімгідей бөлшегіңізге[br]айналғанша істей беріңіздер. 0:19:22.953,0:19:25.608 Соңғы айтарым бар. 0:19:25.608,0:19:30.080 Кішкентай қулықтар үлкен[br]өзгерістерге алып келе алады. 0:19:30.080,0:19:32.577 Жаңағы екі минут. 0:19:32.577,0:19:34.313 Екі минут, екі минут, екі минут. 0:19:34.313,0:19:37.559 Бағаланатын, әрі күйзелтетін[br]жағдаймен бетпе-бет келмес бұрын 0:19:37.559,0:19:39.785 екі минут осылай[br]жасауға тырысыңыздар: 0:19:39.785,0:19:43.504 лифтте, жуынатын бөлме кабинасында, жабық[br]есік артындағы үстеліңіздің жанында. 0:19:43.504,0:19:45.404 Осылай істеулеріңіз тиіс: 0:19:45.404,0:19:47.766 миыңызға жақсы нәрсе болуын үгіттеңіз. 0:19:47.766,0:19:50.731 Тестестероныңызды өсіріп,[br]кортизолыңызды түсіріңіз. 0:19:50.731,0:19:54.697 "Өз-өзімді еш көрсете алмадым"[br]деген кірбің ойлар қалмасын. 0:19:54.697,0:19:56.359 Өзіңізге "қазір барамын да, 0:19:56.359,0:19:58.885 өзімнің кім екенімді көрсетемін"[br]деп үгіттеңіз. 0:19:58.885,0:20:01.427 Сөйтіп, мен сізден біріншіден сенімді 0:20:01.427,0:20:05.208 кейіп танытуыңыздан бөлек 0:20:05.208,0:20:07.094 осы тәжірибелеріңізбен 0:20:07.094,0:20:10.322 бөлісе отыруларыңызды сұраймын,[br]өйткені бұл қиын емес қой. 0:20:10.322,0:20:12.199 Бұл эгома тиіп кетпейді. (Күлкі) 0:20:12.199,0:20:13.896 Адамдармен бөлісіңіздер, себебі 0:20:13.896,0:20:15.947 бұны қажет ететін көптеген адамдар бар, 0:20:15.947,0:20:20.105 олардың құралы, технологиясы, әрі статусы 0:20:20.105,0:20:23.231 мен билігі болмауы мүмкін.[br]Оларға осы мүмкіндікті беріңіздер, 0:20:23.231,0:20:24.514 себебі олар екі минутқа 0:20:24.514,0:20:27.343 денесімен жалғыз қалуы керек. 0:20:27.343,0:20:30.493 сонда өмірін айтарлықтай өзгерте алады. 0:20:30.493,0:20:34.679 Рақмет. (Қошемет) 0:20:34.679,0:20:41.569 (Қошемет)